Ғаламдық мәселе-шөлейттену.Қазақстандағы шөлейттенген аймақтар
шөлейттену – қазіргі уақытта әлемнің барлық елдерінің жер өнімділігіне және азық-түлік қауіпсіздігіне бірінші дәрежеде әсерін тигізетін адамзаттың ең маңызды жаһандық проблемаларының бірі. Шөлейттену салдарынан болатын ауыл шаруашылығы өндірушілері табысының жыл сайынғы шығыны миллиардтаған долларға бағаланады. Айта кеткен жөн, алғаш рет шөлейттену мәселесіне жұртшылық назары 1968-1973 жылдары ауған еді. Ол кездері Сахара шөлінің оңтүстік аймақтары апатты құрғақшылыққа ұрынып, салдарынан халықтың едәуір бөлігі қырылып, ауыл шаруашылығы толықтай құлдырады.
Қазақстандағы шөлейттену мәселесін шешудің маңызын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында айтты. Онда әлемде су ресурстарының жеткіліксіздігіне байланысты елімізде су үнем-
ділігін жаңа технологиялар мен цифрландырудың көмегімен арттыру қажет екені аталып өтілді. Су тапшылығы шөлейттенуге жол ашады. Бұл – аксиома.Әлемнің саяси картасында Қазақстан аумағы Орталық Азия құрлығының тереңінде орналасқандығы, 2 млн 725 мың шаршы шақырымды алып жатқаны, айқын аридті климатпен сипатталатыны, әлсіз ылғалдылығымен және республиканың едәуір бөлігінде шөл және шөлейт аймақтардың таралуымен ерекшеленетіні мәлім.өкінішке қарай, Қазақстанның барлық өңірінде шөлейттену үрдістері өршіп отыр. Тіпті оның жеделдеу үрдісі байқалады. Мемлекет аумағының 66%-ы шөлейттенуге ұшыраған. Шөлейттенудің даму қарқыны мен ауқымы ең алдымен климаттық өзгерістерге және адамның шаруашылық қызметіне байланысты.
Елдегі климаттық өзгерістердің үрдісі көңілді жұбатпайды. Егер әлем бойынша соңғы 50 жылда ауа температурасының орташа өзгеруі шамамен +1,70 С құраса, Қазақстанда бұл көрсеткіш – +2,40 С. Әрбір 10 жылда шектен асу шамамен 0,480 С құрайтыны анықталды, мұның өзі аумақ ылғалдылығының төмендеуіне алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |