УІ тарау: Астрономия негіздері
1.Аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі:
А) жұлдызды аспан Б) шоқжұлдыз В) күнтізбе Г) аспан сферасы
2. Аспанда барлығы ... шоқжұлдыз бар
А) 89 Б) 90 В) 87 Г) 88
3. Радиусы анықталмаған жорамал сфера
А) жұлдызды аспан Б) шоқжұлдыз В) күнтізбе Г) аспан сферасы
4. Аспан шырағының орны екі бұрышпен анықталады, оның бірі – көкжиек сызығы бойымен өлшенетін шырақ вертикаліне дейінгі бұрыш - ...
А) зенит Б) надир В) азимут Г) шырақ
5. Жер бетіндегі географиялық ендік сияқты, аспан шырағының аспан экваторынан бұрыштық қашықтығын көрсететін координата
А) зенит Б) еңістік В) азимут Г) надир
6. Уақыттың негізгі бірліктері:
А) сағат, мин, секунд Б) кун, сағ, секунд В) күн, ай, жыл Г)ай, апта, күн
7. Жердің аспандағы белгілі бір санақ денесіне қатысты өз осінен толық бір айналым жасауға кететін уақыт аралығы:
А) тәулік Б) ай В) жыл Г) апта
8. Орташа күн тәулігі қанша уақытқа созылады?
А) 365 күн Б) 24 сағат В) 30 күн Г) 1 ай
9. Күн мен түннің теңелу нүктесінің қатарынан екі рет жоғары шарықтауына қажет уақыт мөлщері:
А) жұлдыздық уақыт Б) тәуліктік уақыт В) бір ай Г) жергілікті уақыт
10. Ұзақ уақыт аралығын есептеудің санақ жүйесі:
А) уақыттық Б) жергіліктік В) санақ таяқшасы Г) күнтізбе
11. Ең көне күнтізбе:
А) жыл күнтізбесі Б) сағат күнтізбесі В) ай күнтізбесі Г) апта күнтізбесі
12. Қазіргі кезде біздің дәуірімізге дейінгі қолданалыпы келген күнтізбе?
А) ай күнтізбесі Б)Юлиан күнтізбесі В) Соғды күнтізбесі Г) Күн күнтізбесі
13. Күн жүйесінің гелиоцентрлік моделін ұсынған ғалым:
А) Коперник Б) Кеплер В) Браге Г) Хайям
14. 1619 жылы планеталар қозғалысының үш негізгі заңын кім ашты?
А) Коперник Б) Кеплер В) Браге Г) Хайям
15. Кеплердің үшінші заңын пайдаланып есепті шеш. Марс орбитасының үлкен жартыосі 1,5 а.б. оның Күнді айналу периодын есептеп шығарыңдар.
А) 1,5жыл Б) 2,9 жыл В) 1,9 жыл Г) 3 жыл
16. Күнді толық айналып шығу үшін Уранға 84 жыл қажет. Ол Күннен Жермен салыстырғанда неше есе алыс орналасқан?
А)15 есе Б) 13есе В) 10есе Г) 19 есе
17. Бақылау нүктесінің орны ауыстырылған кезде қарастырылатын дененің орнының өзгеруі ... деп аталады.
А) параллакс тәсіл Б) параллакстық ығысу В) параллакстық итеру
Г) параллакстық бұрыш
18. Юпитердің үлкен жартыосі 5а.б. Оның Күнді айналу периоды неше жыл?
А) 11,5 Б) 12,5 В) 13,5 Г) 12
19. Кеплердің бірінші заңы қалай тұжырымдалады?
А) екі планетаның Күнді айналу периодтарының квадраттарының қатынасынасы оларлың үлкен жарты осьтерінің кубтарының қатынасына тең
Б) барлық планеталар радиус вектордары бірдей аудандар сызып шығады
В) барлық планеталар Күнді эллипстар бойымен айналады
Г) А,Б,В жауаптарының ішінде дұрысы жоқ
20. Кеплепдің екінші заңы қалай тұжырымдалады?
А) екі планетаның Күнді айналу периодтарының квадраттарының қатынасынасы оларлың үлкен жарты осьтерінің кубтарының қатынасына тең
Б) барлық планеталар радиус вектордары бірдей аудандар сызып шығады
В) барлық планеталар Күнді эллипстар бойымен айналады
Г) А,Б,В жауаптарының ішінде дұрысы жоқ
Достарыңызбен бөлісу: |