30) Атмосфера күйiнiң өзгерiсiн және ондағы энергиялардың бiр түрден екiншi түрге ауысуы заңдылықтарын зерттеу барысында термодинамиканың бірінші бастамасын талдау.
Белгiлi бiр жылулық теңдiкте болатын атмосфера күйiнiң өзгерiсiн және ондағы энергиялардың бiр түрден екiншi түрге ауысуы заңдылықтарын зерттейтiн метеорологияның бiр бөлiмiн атмосфера термодинамикасы деп атайды. Термодинамиканың бiрiншi бастамасы энергияның сақталу заңының бiр түсiндiрмесi болып табылады. Термодинамиканың бiрiншi бастамасының теңдеуi кез-келген бөлек жүйеге (газ көлемiне) берiлген жылу мөлшерi, оның iшкi энергиясының мөлшерiн өзгертуге және сыртқы күштерге қарсы жасалатын жұмысқа жұмсалатынын анықтайды.
Атмосферадағы құрғақ немесе су буына қанықпаған ауаның қасиеттерi идеальдi газ қасиеттерiне жақын деп есептеп, ондай ауаға арналған термодинамиканың бiрiншi бастамасы теңдеуiн анықтайық. Сонда идеальдi газ үшiн термодинамиканың бiрiншi бастамасы теңдеуi былай жазылады:
dq = CV dTI + pdVI(5.4)
31) Ауа массалары туралы түсінікті алу үшін олардың терминологиясын және қалыптасу жағдайларын анықтау
Ауа массалары туралы ең алғашқы түсінікті 1928 жылы Бержерон берген болатын.С.П.Хромовтың анықтамасы бойынша ауа массасы д/з – бұл материктер мен мұхиттардың үлкен көлемді бөліктерімен өлшенетін, атмосф-ң жалпы циркуляциясының ағындарының бірімен алмасатын тропосферадағы ауа көлемі. Бір ауа массасының ішінде темп ж/е т.б. метеоэлементтер горизонтальды бағытта жай өзгереді, ал бір ауа массасы екініші ауа массасына өткенде барлық құраушылардың күрт өзгерісі байқалады. Ауа массасының құрамын ауа райы анықтайды, ал оның өзгерісі барлық метео элементтердің периодты емес өзгерісіне әкеледі. Сондықтан ауа массаларының физикалық ерекшеліктерін, қозғалыс процессерінде олардың өзгерісін анықтау син-қ метеор-ң негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Онсыз ауа райы болжамын жасау мүмкін емес. Ауа массаларының горизонтальды өлшемі миллиондаған шаршы шақырымды құрайды, ал вертикальды өлшемі 1-80 км2-қа дейін, кейде одан да үлкен болуы мүмкін. Ауа массаларының құрылуы қозғалыс процесінде ж/е стационарлы процесте де жүреді. Ауа массаларының қасиеттері бойынша құрылу аймағы – құрылу ошағы д.а.
Құрылу ошағы – белгелі бір жылу ж/е радиациялық баланс, циркуляция формасы, ауа райы шарттарының типі ж/е төселме беткейдің түрі болатын географиялық аймақ. Ауа массасының құрылуы үшін біршама уақыт керек (5-7 күн). Ауа массасының белгілі бір аумақ үстінде болу ұзақтығы циркуляция формасымен анықталады. Ауа массасының типті құрылу ошағы болып келесілер табылады:
1.Антициклондық циркуляция байқалған кезде Шығыс Сібірдің үлкен аймағы; 2.Полярлы антициклон дамыған кездегі Арктика аймағы;
3.Стационарлы антициклон даму кезіндегі Атлантиканың оңт бөлігі; 4.Орталық циклонның циркуляциясының даму кезіндегі Атлантиканың қоңыржай ендіктері;
5.Жазғы уақытта термикалық депрессия даму кезіндегі Орталық Азия ж/е Қазақстан жері. Циркуляция формасы ж/е қарқындылығы өзгерген кезде құрылу ошағы басқа аудандарға көшеді.
Ауа массаларының екі түрі бар:
1.Термикалық;
2.Географиялық.
Термикалық классификация бойынша жылы, суық ж/е жергілікті болып бөлінеді. Хромов бойынша, жылы масса – суық ортада қозғалатын масса, ал суық масса – жылы ортада қозғалатын масса, жергілікті масса – құрылу ошағындағы масса. Зверев бойынша, жылы масса – берілген ауданда күннен күнге суитын, суық масса – күннен күнге жылитын масса.
Географиялық классификация бойынша келеілерге бөлінеді: арктикалық, қоңыржай, тропиктік, экваториалдық ауа массалары. Аркиткалық ауа массасы поляр шеңберінің сыртында құрылады. Қоңыржай – қоңыржай ендіктің үстінде құрылады. Тропиктік – қыста субтропикалық ендік үстінде құрылады, ал жазда қоңыржай ендіктің оңт аудандарында құрылады. Экваториалды – экватор зонасының үстінде құрылады. Аталған массалардың әрқайсысы құрылу ошағында ж/е ауа массаныңы жүру жолында төселме беткейге байланысты теңіздік ж/е континентальдық деп бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |