28 Жел алқабының уақыт бойынша өзгеруін анықтау негізінде атмосферадағы ауа қозғалысына әсер ететін күштердің ықпалын бағалау


) Әртүрлі ауа массаларының ауа райы жағдайларын анықтау үшін олардың түрлеріне сипаттама беру



бет4/10
Дата24.07.2022
өлшемі30.74 Kb.
#459772
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
28-41 ГОСна100

32) Әртүрлі ауа массаларының ауа райы жағдайларын анықтау үшін олардың түрлеріне сипаттама беру
Қыста континент үстінде тұрақты масса – жылы ауа массасы болады. Еуразия континенті үшін жылы масса ретінде әдетте теңіздік қоңыржай ауа табылады (ТҚА). Жылы тұрақты ауа массасы үшін қыста толық бұлттылық, сіркіреуік н/е әлсіз жауын, тегіс желдер ж/е барлық метео элементтердің тәуліктік жүрісі сай болады. Жылы тұрақты ауа массасы континент үстінде жазда да байқалуы мүмкін. Бұл стационарлы антициклон н/е жота аумағында тұрақсыз қозғалыстар бұлттылықты бұзады ж/е инверсия қабатының пайда болуына алып келеді. Бұлтсыз ауа райы ауаның қатты ысуына алып келеді, ал инверсия қабаты конвективті қозғалыстардың дамуына кедергі келтіреді. Жоғарыда айтылған себептерге байланысты тыныш, ашық, ыстық ауа райы тұрақтанады. Ауада ылғал жеткілікті ж/е айтарлықтай салқындау болған жағдайда жылы тұрақты ауа массасында адвективті тұман пайда болады. Адвективті тұман үлкен территорияда ж/е жылудың ж/е ылғалдың адвекциясы тоқталмаған кезде уақыт бойынша өте тұрақсыз болады. Жылы тұрақсыз ауа массасында будақ жауын бұлттары нөсер жауын және де найзағайдың болу мүмкіндігі күндізге қарағанда түнде жоғары. Жылы тұрақсыз ауа массасында метеорологиялық элементтердің тәуліктік жүрісі суық тұрақсыз массаға қарағанда әлсіз болады. күндіз ыстық қапырық,ашық әлсіз желдер мен және нашар көріну қашықтықты ауа райы болады. Ал түнде ауа райы жылы, жиі қоңыржай желдер кезінде нөсер және найзағай болады. Кейбір желдердің ұлғаюы найзағай мен нөсер кезінде болуы мүмкін. Бірақ, штормдық жағдайға дейін жетпейді. Жылы тұрақсыз ауа массасында тұмандар бақыланбайды.
Суық тұрақсыз және тұрақты ауа массасындағы ауа райы жағдайлары. Қыста типтік суық тұрақты масса болып стационарлы антициклон жағдайында кеңестің Азиялық территориясы аудандарында құрылатын контенинталды қоңыржай ауа (КҚА) болып табылады. Аз энергия ағыны, үлкен шағылдыру, сәуле шашу жерге жақын ауа қабатының қатты салқындауына алып келеді. Биіктеген сайын бұл салқындау әлсірейді. Сондықтан, температураның инверциясы құрылады. Инверциялар биіктік бойынша өте қуатты және уақыт бойынша тұрақты. Температураның көтерілуі жер бетінен 2-3км биіктікке дейін болуы мүмкін. Континент үстінде қыста суық тұрақты ауа массасында тыныш,ашық,қатты аяздармен ауа райы бақыланады. Қатты аяздар кезінде және биіктік бойынша ылғалдылықтың көбеюіне байланысты тұрақты массада радиационды тұмандар бақыланады. Өте төмен температурада аязды тұмандар бақыланады. Олар су буының сублимациясы нәтижесінде пайда болады. аязды тұмандардың күшейіне қатты қоспалар әсер етеді. Жазда континент үстінде тұрақсыз ауа массасы болып суық ауа массасы табылады. Кеңестік Еуропалық территорияда және Батыс Сібірде тұрақсыз болып теңіздік Арктикалық ауа (ТАА) және теңіздік қоңыржай ауа (ТҚА) табылады. Вертикалды градиент ұлғаяды. Осының әсерінен ауаның күйі тұрақсызданып конвективті вертикалды қозғалыстар туындайды. Үлкен ылғалдылық кезінде вертикалды қозғалыстар будақ және будақ жауын бұлттарының дамуына әкеледі. Бірақ, ылғалдылықтың аз болуына байланысты олар тек жақсы ауа райындағы будақ бұлттардың дамуына әкеледі. Тұрақсыз ауа массасында барлық метеорологиялық элементтердің тәуліктік жүрісі көрсетілген. Жылудың арқасында күндіз температураның максимумға дейін көтерілуі байқалады. 14-15 сағаттарда температура төмендейді. Температураның тәуліктік амплитудасы 10°С құрайды. Бұлттылық тал түсте және күннің екінші жартысында қатты дамиды. Түнге қарай бұлттылық таралады. Жел күндіз жоғары болады, ал түнде төмендейді. Кейде штильге дейін болады. Нөсер жауындар күндіз қатты жылыну уақытында және тұрақсыз жағдайда түседі. Түнде штиль жағдайда радиационды салқындаудың нәтижесінде жер беті инверсиясы дамиды. түнде радиационды салқындау нәтижесінде тұман болуы мүмкін. Бұл тұмандар вертикал бойынша күшті емес, ал горизонтал бойынша біртекті емес және уақыт бойынша тұрақты емес. Күндіз күн шыққанда олар тез таралады. Тұрақсыз ауа массасында белгілі бір жағдайларда нөсермен қатар найзағай бақыланады.
33) Әртүрлі вертикалды қозғалыстардың кеңістік–уақыттық масштабтарын анықтау үшін олардың түрлерін сипаттау. Реттелген вертикалды қозғалыстардың таңбасы мен қарқындылығын сапалы бағалау үшін барикалық алқап құрылымын талдау
Бұл қозғалыстар атм-а тігінен ауаның физикалық қасиеттерін ж/е әр түрлі қоспаларды тасымалдайды. Бұл процестерден бұлтылықтың ж/е жауын-шашын пайда болады, найзағай, бұршақ ж/е метеор-қ шамалардың тәуліктік жүрісі байланысты. Вертикалды қозғалыстар өлшенбейді. Олар өлшенген метеор-қ шамаларга негізделген формуланың көмегімен есептелінеді. Ауа қозғалысының турбулентті үйкеліс күшінің әсерінен, ауа қозғалысының тұрақсыздығынан ж/е орографияның әсерінен пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет