2ис фдо дәріс кіріспе. ҒЫлыми зерттеудің негіздеріне жалпылама түсінік.Ғылымның салалары



бет29/38
Дата09.11.2022
өлшемі92.5 Kb.
#464426
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38
Тәжірибе жоспары (бағдарламасы)
Тәжірибе жоспарына (бағдарламасына) мыналар кіреді:
Тәжірибенің мақсаты және есебі;
 Түрленетін факторларды таңдау;
 Тәжірибе көлемін негіздеу;
 Тәжірибе саны;
Тәжірибені өткізу реті;
 Факторлардың өзгеру ретін анықтау;
 Факторлардың өзгеру жүрісін, болашақ тәжірибелік нүктелер арасындағы интервалды анықтау;
 Өлшеу құралдарын негіздеу;
 Тәжірибенің жүргізілуін сипаттау;
 Тәжірибе нәтижелерін таңдау және өңдеу тәсілдерін негіздеу;
Тәжірибенің математикалық теориясын қолдану белгілі бір түрде жоспарлау кезінде-ақ тәжірибелік зерттеу көлемін жақсартуға және олардың дәлдігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Тәжірибені дайындаудың негізгі сатысы оның мақсатымен есебін анықтау болып табылады. Нақты бір тәжірибе үшін есеп көлемі өте көп болмауы қажет (3-4, немесе максимал 8-10).
Сонымен қатар аппарат және машина, басқа да қондырғылар жинағын негіздеу қажет. Осыған байланысты экспериментатор елде шығарылатын өлшеуіш аппаратурасымен жақсы таныс болуы керек (жыл сайын шығатын каталогтар көмегімен).
Басқа жағдайларда қондырғы, стенд, тақырыпты өрістету үшін машиналар, құралдарды құру қажеттілігі туады. Бұл кезде құралдарды және басқа да саймандарды құрастыру мен өндіру мен теориялық есеппен және практикалық пайымдаумен мұқият негізделуі қажет.
Өлшеу әдістері өлшеудің әдіс тәсілдерін зерттейтін метрология арнайы ғылымының заңдарына негізлелуі керек.
Бір үрдісті тәжірибелік зерттеу кезінде құралдағы қайталанатын есептер, ереже бойынша бірдей болмайды. Ауытқулар әртүрлі себептермен түсіндіріледі ─зерттелетін дене қасиетінің біртексіздігі (материал, құрылысы және т.б.), құралдардың және оның кластарының дәлдігінің жетілмегендігі, экспериментатордың субъективті ерекшеліктері және т.б.. Тәжірибеге әсер ететін кездейсоқ факторлар көп болған сайын, өлшеу кезінде алынатын сандардың айыамашылығы көп, яғни жеке өлшемдердің орташа мәнінен ауытқуы көп болады. Бұл қайта өлшеуді қажет етеді, сәйкесінше олардың минимал мөлшерін білу керек. Өлшеудің қажетті минимал мөлшері ретінде берілген тәжірибеде дәлдіктің берілген деңгейін қанағаттандыратын, өлшенетін шаманың орнықты орташа мәнін қамтамасыз ететін өлшем мөлшері алынады.
Әдістемеде тәжірибені жүргізу үрдісі толық жасалады, өлшеу және бақылау операцияларының жүру реті құрастырылады, әрбір операция бөлшектеп сипатталынады, операция сапасын бақылау әдісі негізделеді. Бақылау және өлшеу нәтижелерін жазатын журналдар түрі жасалады.
Әдістеменің негізгі бөлімі тәжірибелік мәндерді талдау және өңдеу әдісін таңдау болып табылады. Мәндерді өңдеу – барлық сандарды жүйелеу, жіктеу, талдау болып табылады.
Тәжірибенің нәтижелері жазудың оқуға ыңғайлы формасында – кестелер, графиктер, формулалар, номограммалар түрінде болуы керек. Олар алынған мәнді сапалы, тез қарастыруға және талдауға мүмкіндік береді. Барлық айнымалылар физикалық шамалардың ортақ бірлік жүйесінде белгіленуі керек.
Әдістемеде тәжірибелік мәндерді талдаудың және өңдеудің математикалық әдісіне үлкен мән аудару керек, мысалы эмпирикалық тәуелділіктерді орнықтыруға түрленетін сипаттамалар арасындағы байланыстың апроксимациясына, критерий және интервалдарды орнықтыруға және т.б.. критерийлердің диапазоны тұрақтандырылуы керек.
Әдістемені өңдеп, бекіткен соң, теориялық өңдеудің тереңдігіне, қабалданған өлшеу құралдарының дәлдік дәрежесіне тәуелді тәжірибелік зерттеудің көлемі және еңбек қажет етуі орнатылады (зерттеудің теориялық бөлімі дәлірек құрастырылған сайын, тәжірибе көлемі аз болады).
Тәжірибелік жұмысты жүргізудің көлемі мен еңбек ету қажетіне тәжірибе түрі айтарлықтай әсер етеді. Мысалы, өрістік тәжірибе заң бойынша көп еңбекті қажет етеді, осыны жоспарлау кезінде есепке алған жөн. Тәжірибелік жұмыс көлемін орнатқан соң, қажетті өлшеу құралдарының, материалдар көлемі, орындаушылар тізімі, күнтізбелік жоспар және шығындар сметасының тізімі жасалады.
Тәжірибенің жоспар бағдарламасын жасау кезінде әрқашанда оны жеңілдетуге ұмтылу керек. Оған алдын ала талдау және бір параметрді әртүрлі техникалық құралдармен өлшеу нәтижелерін, сонымен қатар алынған нәтижелерді өңдеу әдісін салыстыру арқылы қол жеткізуге болады. Ғылыми зерттеуді жүргізудің ұқсастандыру жағдайындағы маңызды жағдай, тәжірибені дайындау үрдісінде оны тәжірибелік мәндерді тікелей ЭВМ-мен енгізу және тәжірибе жүрісін автоматтық басқару арқылы автоматтандыруға берілу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет