138
шауып, таң атқанша тарс-тарс мылтық атып, жұрттың үре-
йін алып бітті.
«Бұл жағдайдан қандай жол табу керек?» деген мәселе -
мен ауыл активтері колхоз бастығы Ормантайдың кеңсесін де
мә жі ліс құрып отырған беті еді…
– Ал не деп кеңес бересіңдер сонда? –
деді Ормантай шара-
сыз кейіппен…
Қазақтағы «кімді айтсаң – сол келеді» деген мақалдың та-
за өмірден алынғанын іс жүзінде дәлелдегісі келгендей, дәл
осы сәтте есік айқара ашылып, қолында
дорбасы бар Де ме сін
кі ріп келді. Әркім тұрған-тұрған орнында қатып қалды…
Ормантай орнынан тұрып, оның қасына жақындады.
– Мынау не? – деді ол оның дорбасын ұстап.
– Оқ, – деді ол солдаттарша сарт жауап беріп.
– Көп қой өзі. Мұның бәрін қайтесің?
– Атам!
– Кімді, батыр-ау?
– Соғысты!
– Ей, батырекесі! Болды, болды! Жұрттың зәресін алма.
Мылтық ататын жер – бұл емес, ана жақта, –
деді Ормантай
алысқа қолын сілтеп. Демесін оған төніп келді де:
– Иә, сол жақта. Мені соғысқа жібер. Мен соғысқа ба-
рам, – деді жау қуғандай аптыға сөйлеп.
– Жоқ, саған баруға болмайды, – деді Ормантай күрсініп.
– Неге болмайды деймін? Айт, неге болмайды?
Ормантай ойланып, әрі-бері жүрді де, оның иығына қо-
лын салып тұрып:
–
Сен мұнда керексің, – деді.
Демесін түкке түсінбей тұрып қалды.
– Сен біздің тыныштығымызды күзетесің. Түсіндің бе?
Енді Демесін ойланып қалды. Сәлден соң жүзіне шырай
кіре бастады.
– Мен… мен керекпін бе?
– Иә, керексің, ауылға фашистер мен ұры-қарыларды жі-
бер меуді саған тапсырамыз. Сен тыныштық күзетшісі бола сың.
– Мен – тыныштық күзетшісі?! Мына мен?
Жарайсың,
бас тық! Сен дүниедегі ең ақылды адамсың! Мен тыныштық
кү зет шісі боламын! Иә, тыныштық күзетшісі!..
(Дулат Исабеков)