3-7 І тарау. Сөздің морфологиялық құрылымы


II. Сөздің сөзжасамдық құрылымы



бет2/3
Дата07.07.2016
өлшемі261.5 Kb.
#183430
1   2   3

II. Сөздің сөзжасамдық құрылымы

Сөз құрамындағы тұлғаларды лексикалық мағынасы бар тұлғалар және тек грамматикалық қана мағынасы бар тұлғалар деген екі бөлікке бөліп қарауға болады. Бұл бөліктердің алғашқысы - сөздің лексика-грамматикалық бөлігі, екіншісі сөздің фамматикалық бөлігі деп аталады. Бірінші бөлікке дербес лексикалық мағынасы бар негізгі түбірлер мен сөзге жаңадан лексикалық мағына беретін сөз тудырушы жұрнақтар, демек солар арқылы жасалған туынды түбір тұлғалар жатады да, жаңадан лексикалық мағына тудыра алмайтын функциональді жұрнақтар мен жалғаулар екінші бөлікке кетеді. Сөздерді лексика-грамматикалық бөлікке бөлшектегенде, негізгі морфемалар мен қосымша морфемалардың ара жігі әуелдегідей емес, жаңаша сөз табады. Яғни қосымша морфемалар қатарында жататын сөз тудырушы жұрнақтар туынды негіздер құрамына еніп, сөздің негізгі морфемалар тобына ауысады. Мысалы, ырлавчыга (жырлаушы) деген сөзді құрамына қарай тұлғаласақ, ыр (жыр) тұлғасы негізгі морфема болып шығады да, -ла, -в, -чы тұлғалары мен -га тұлғасы қосымша морфемалар тобына жатады. Ал осы сөзді лексика-грамматикалық бөлігі тұрғысынан қарасақ, оның ырлавчы деген бөлігі үш жұрнақты (ыр-ла-в-чы) туынды түбір болып шығады да, грамматикалық бөлігіне ~га барыс септік жалғауы ғана қалады. Біздің басында қосымша- морфема деп отырған -ла, -в, -чы жұрнақтары бұл жерде сөздің негізгі морфема бөлігіне ауысып кетіп отыр. (Ибатов, 1983,48-6.). Сөйтіп сөздің негізгі морфемалар қатарына ауысушы қосымша морфемалар сөздің дара және күрделі болып келу сипатына қарай үнемі жұрнақ түрінде емес, әр түрлі болып келе береді. Мысалы, туынды түбірлі дара сөз болатын болса, оған қосылғанда негізгі морфема қатарына ауысып кететін сөз тудырушы қосымшалар екі түрде: жұрнақ және жалғау түрінде кездеседі. Мысалы, Толық денелі болса да, әлі жас әйел. Игіліктің күшігі тұрғанын көрсе де, асықпай баяу басып келеді (Ғ.Мус.) деген сөйлемдегі толық сөзін алайық. Мұнда толық сөзінде -ық жүрнағы негізгі морфема құрамына ауысып тұр. Осы сияқты кейбір қос сөздер құрамындағы негізгі морфеманың алдынан қосылатын күшейткіш тұлғалар (қып қызыл) түрінде айтылатын префикс мәндес тұлғаларда да кездеседі. Сөздің негізгі морфема құрамына ауысып кететін қосымшалардың бұлайша әр қилы (жұрнақ, жалғау, күшейткіш тұлға) болып келуіне қарамай, олардың бәрі де өзі қосылған сөзінен жаңа сөз тудыратын қосымшалар болып танылады. Осы қасиетіне байланысты олар әрқашан өзі қосылып айтылған сөзінен жаңа сөз тудырғанда, сол жаңадан пайда болған сөздің бүтін бір тұтас тұлғасына айналып, сөздің лексика-грамматикалық бөлігін, яғни туынды түбір бөлігін құрады.

Сөздің негізгі лексика-фамматикалық бөлігі, әдетте белгілі бір сөз тобына байланысты қаралады. Сөз негізінің қай сөз табына тән екендігіне қарай оның грамматпкалық бөлігінің сипаты айқындалады. Мысалы, негізгі сөз есімдер тобына жататын болса, оның грамматикалық бөлігі бір түрлі ал, етістіктер тобына жатса, екінші түрлі болып түрленеді. Сөздерді лексика-грамматикалық тұлға ретінде жеке алып таңдағанда, оның лексикалық мағынасы грамматикалық түр-тұрпатын еске ала отырып сипаттайтыны да осы себептен.

Сөздің лексикалық және грамматикалық бөлшектерге бөліп қараудың бір түрін біз Ф.А.Ганиевтің зерттеулерінен кездестіреміз. (Ганиев, 1974, 39-6.). Бірақ онда ғалым сөздің лексикалық бөлігін "слово образовательная структура слово" деп атайды да, грамматикалық бөлігін "морфологическая структура" деп атайды. Ғалым "Негізге қосылған не үстемеленген нәрсенің бәрі морфологиялық немесс формалық көрсеткіштер болып саналады, сондықтан оны морфология зерттеу қажет", - дейді. Сонда негізгі және туынды түбір сияқты сөздердің негіз тұлға морфемалары морфология саласына жатпайтын болып шығады.

Сөздің лексика-семантикалық бөлігіне әр түрлі (түпкі, негізгі, туынды) түбір морфемалар жатады да, сөздің безендіруші грамматикалық бөлігіне функциональді жұрнақтар, мен жалғаулар морфемасы жататын болады. Бұл жерде сөз тудырушы жұрнақтар жеке аталмай қалды. Оның мынадай себебі бар. Сөзді бұлайша бөлшектеуге сөз тудырушы жұрнақтар тобы, жоғарыда айтылғандай, туынды түбір деп аталатын сөздер құрамында сөздің негізгі морфемалар қатарына, сөздің лексика-грамматикалық бөлігіне ауысып кетеді. Өйткені сөз тудырушы жұрнақтар өзінің бұрынғы қосымша сорфемалар сипатынан арылып, туынды түбір морфемалардың тұтас түр тұлғасына енеді. Олар өзінің негізгі түбір морфемаларымен бірігіп, тұлғалық тұтастығын да, бір бүтін тұлғаға (туынды түбірге) айналып, оның құрамына сіңіп кетеді. Алғашқы сөз тудырушы қосымша морфема енді негізгі морфеманың тұтастық құрамына ауып, туынды түбір деген дербес лексикалық единицаның құрамына, негізгі морфемалар тобына қосылады. Бұл туынды түбірлер құрамындағы сөз тудырушы қосымшалардың бір ерекше қасиеті. Олар қосымша морфемалық сипатын тастап, негізгі морфеманың біртұтастығына айналады. (Ибатов, 1983, 51).

Сөз құрамының мағыналы және мағынасыз бөліктері дегенде, бір алғашқы топқа түбірлер мен туынды негіздерді, яғни сөздердің лексикалық дербес мағынасы бар негізгі бөлігін жатқыздық. Сол себептен сөз құрамының түбір тұлғаларын еске ала отырып, екі түрлі мәселе: 1 түбір сөздер мен негіздердің (түбір морфемалардың) құрылым жүйесі және 2 жаңадан сөз жасаушы лексика-грамматикалық жұрнақтардың құрылым жүйесі деген мәселелер талдауға алынады. Сөздің морфемалық құрылымы дегенді негізгі екі жікке бөліп, оның алғашқысын сөздің лексика-семантикалық бөлігі, екіншісін сөздің түрлендіруші (яғни грамматикалык) бөлігі деп қараған жөн.



2.1. Түбір морфема және оның түрлері (түпкі (өлі) түбірлер, негіз түбірлер, туынды түбірлер)

Морфемалық құрамына қарай сөздерді негізгі (түбір, негіз) морфема және қосымша (аффикс) морфема деген күрделі екі жікке бөлінетіні белгілі. Сөз құрамын бұлай бөлу ондағы морфемалардың мәнді не мәнсіз болып келуіне байланысты. Егер морфема дербес мағыналы болса, негізгі морфема болады да, дербес мағынасы жоқ болса қосымша морфема қатарына жатқызылады. Түбір морфема сөздің ары қарай мағынасын бөлшектеуге келмейтін түпкі негізі болып саналады да дербес лексикалық мағынаға ие болады. Сондықтан да түбір морфема сөздің құрамы мен мағынасының негізгі ұйтқысы болып табылады. Түбір морфема -мағынасы жағынан да қызметі жағынан да дербес қолданыла алатын морфема. Ал қосымша морфемада ондай дербестік жоқ, ол негізгі морфемаға қосылып айтылады да, сол арқылы лексика-грамматикалық немесе грамматикалық мағынаға ие болады. Қазақ тіліндегі морфемалар А.Қалыбаева мен Н.Оралбаеваның 1986 жылы шыққан монографиясында арнайы талданғанын және А.Ибатовтың "Сөздің морфологиялық құрылымы" атты еңбегінің орта ғасыр ескерткіштеріндегі сөздердің морфологиялық құрылымын ажыратуға арналғанын бүрын айтқанбыз. (Қалыбаева, Оралбаева, 1986; Ибатов, 1983).

Сөздің түбірі жайындағы, әсіресе олардың құрылым жүйесі жайындағы мәселе - тіл білімі ғалымдарының назарын көптен бері-ақ өзіне аударған мәселелердің бірі. Бұл мәселеде ғалымдардың әуел бастан ерекше көңіл бөліп, сөз еткен түбірлері дыбыстық құрамы жағынан дауысты-дауыссыз-дауыссыз (ГСС) және дауыссыз-дауысты-дауыссыз-дауыссыз (СГСС) түрінде болған. Әуел бастағы түбірлердің түрі СГС болған деген пікірді алғаш ұсынған ғалымдардың бірі Н.А.Баскаков екені жұртқа мәлім. Мысалы, С-Г-С: тас, кел, жүр, бар. -Г-С: ат, ал, от, ен т.б. -С-Г: же. де. -Г-: е (Баскаков, 1952, 100 )

СГС тұлғасының кейін пайда болған туынды тұлға екенін ғалымдар айтқан. В.А.Котвичтің айтуы бойынша, ең алғашқы ілкі түбірлер екі дыбыстан, дауыссыз және дауысты (ГС) дыбыстардан құралған. Ал, дауыссыз-дауысты-дауыссыз дыбыстардан құралған үш дыбысты түбірлер, туынды түбірлер, яғни екі дыбысты СГ ілкі түбірге С үшінші аффикс дыбыстың қосылуы арқылы жасалған.

В.Л.Котвич қазіргі алтай тілдерінде түбірдің 5 түрі бар екенін атап көрсетеді: Г, СГ, СГС, С, ГСС. Бірақ бұл түбірлердің ең әуелгі түрі СГ болған. (Ибатов, 1983). Әуелгі түбірлердің қандай түрде болғаны жайлы ғалымдардың пікірі 4 түрлі бағытта болды. Бірінші-әуелгі түбірлер СГС болғанда, одан СГ және ГС түбірлері жасалып, ең ақыры Г тұлғасына жеткен деген пікір. Бұл пікірді ұсынушы - Н.А.Баскаков. Екінші-керісінше Г және СГ түбірлерінен СГС формасы пайда болған деген пікір. Бұны айтушылар - Б.Котвич, Э.В.Севортян, А.Н.Кононов. Үшінші-әуелгі түбірдің негізгі түбірлері қандай формада болғанын ашып айтпаса да, СГС формасы іштей бөлшектеуге келетін тұлға деген пікір. Бұл пікір Б.М.Юнусалиев зерттеуінде кездеседі. Төртінші-әуелгі түбірлердің құрамында Г мен СГ, ГС мен СГС түбірлердің бәрі де болған деген пікір.

Бұны алғаш айтушылардың бірі Б.М.Юнусалиев болған. (Ибатов, 1983).

Әуелгі түбір тұлғалар ашық буын түрінде айтылған болу керек. (СГ)-түрінде. Олар қазіргі тілімізде дербес қолданылмайтын этимологиялық түпкі түбірлерді ғана қамтыған. Түбірлердің әуелгі түрі дегенге тек этимологиялық тұрғыдан ғана айқындалатын өлі түпкі түбірлерді жатқызамыз. Олар өз формасында дербес тұлға, дербес сөз болғанымен, қазіргі түркі тілдерінде олар дәл сол әуелгі формасындай жеке айтылып, дербес сөз дәрежесінде қолданылмайды. Әуелгі түпкі түбірлерді іштей тұлғалап бөлшектегенде ғана барып анықталатын түбірлер. Мысалы: -йан, -йаң, -йал дегеннің түпкі түбірі -йа болып табылады. Сондай-ақ иір -тұлғасының бастапқы формасы ш-болған. Оған - р әлементі қосылып, иір болып қалыптасқан. Кейіннен дыбысы і дыбысымен сіңісу нәтижесінде е пайда болған да, ер-болып айтылған. Одан ары кейіннен қосылған әлементінің түсіп қалуы нәтижесінде е- ғана қалған деген болжамдар айтылады. (Ибатов, 1983).

Мүлдай заңцылық кейде керісінше де болған. Мысалы, бол сөзінің әуелгі формасы бо-болған болу керек. Оған - л әлементінің қосылып айтылуымен бол пайда болған. Кейіннен - дыбысын түсіріп айту арқылы -ол- пайда болды. Біз дауысты дыбыстан басталатын ГС түбірлерінің басқы дауысты дыбыстармен алдына қандай да болса бір дауыссыз дыбыс болған деп ойлаймыз. Мысалы: -cm сөзі бастапқы -а- түпкі түбіріне - л -әлементінің қосылуы арқылы жасалған, -ал- етістігі ауызекі тілде -а- болып айтыла береді. Мысалы: алмасаң болмайды - деген ауызекі тілде амасаң бомайды болып айтылады. Тарихи жағынан алып қарасақ түбір формалар күрделі үш жікке бөлуге болады: а)Түпкі түбір, б) Түбір негіздер, в) Туынды негіз (туынды түбір).



А) Түпкі түбірлер.

Қ. Жұбанов бұлы "түп мүше" деп атаған. (Жұбанов, 1966, 151 б.). Түпкі түбір деп қазіргі қазақ тіліміздегі жеке айтылмайтын, дербес қолданылмайтын, түбір негізін ары қарай тарихи тү-рғыдан бөлшектеп түптегенде ғана анықталатын сөз тұлғасын айтамыз. Мысалы: онша (он-ша), ондай дегендегі - он, бұғаз, бұғау, бұған дегендегі -бұғ, -анық - алай дегендегі -а, түпкі түбірге жатады. Мұндай тұлғалар қазіргі кезде жеке қолданылмайды, мағыналық жағынан да күңгірт. Қазақ тіліндегі осындай өлі түбірлерді зерттеп, еңбек жазған академик Ә.Қайдаров олардың санын 1500-ге жуықтаған. Мысалы, оян, оят, момын, момацан, ұял, ұят т.б. (Қайдаров, 1986). Сонымен негізгі морфеманың өзін этимологиялық тұрғыдан саралай барып, түпкі түбір тұлға және негізгі түбір тұлға деп екіге бөліп қарастыруға болады. Мысалы, ойаг, ойан сияқты негізгі түбір тұлғалы морфемаларды іштей тұлғалай келіп, (ой-аг, ой-ан, ой-ит) ой деген бөлігін солардың бәріне ортақ түпкі тұлға деп анықтауға болады.

Дегенмен, олар ежелгі бір замандарда толық мағыналы, жеке қолданылатын дербес сөздер болған.

ХІҮ-ғасыр жазба ескерткіштер тілінде түпкі түбірлердің 8 түрлі формасы кездеседі. (Ибатов, 1983, 67) Мысалы; -кічі, -кічіг, (кіч) уйал, уйат (уйа), т.б. дыбыстық құрамы жағынан олар Г, ГС, ГСГ, СГС, ГССГ, ГСГС, СГСС түрінде айтылған. Бұл түпкі түбір тұлғалар қолданылу жиілігі жағынан әр түрлі болып келеді. Мысалы; Г, СГ формалы 3-4 рет қана кездессе, ГС, СГС формалы түбірлер 8-20 рет кездеседі.



Ә) Негіз түбірлер.

Негізгі морфемалардың бір түрі-түбір негіздер. Түбір негіздерге Қ.Жұбанов мынадай анықтама береді: "Сөздің түп мағынасын беретін бөлшегін түп бөлшек немесе түбір дейміз" (Жұбанов, 1966, 151). Түбір негіздер сөздің құрамында әрі түбір, әрі негіз дәрежесінде қолданылатын, бірнеше туынды негіздердің, туынды сөздердің негізгі ұйтқысы болатын түбір морфемалар. Олар сөз құрамын байытуға актив қатысатын, жаңадан сөз тудырып, туынды негіздерге ұйытқы болатын тірі тұлғалар. Мысалы, бас - деген сөзден бас-та, бас-тық, бас-шы, баспа деген төрт түрлі сөз жасалып түр. Сол сияқты бір -деген сөз бір-аз, бір-ер, бір-лік, бір-ік тәрізді туынды сөздерге негіз болып түр.

Негіз түбірлер өздеріне тән лексика-грамматикалық мағыналарына қарай әр түрлі заттар мен құбылыс, болмыс атауларының есімі: заттың алуан түрлі қасиеті, сындық, сандық белгісі түрінде және әр алуан іс-әрекет, қимыл қозғалысты білдіретін сөздер болып келеді де әр түрлі сөз таптарына тән болады. Мысалы: бар, бас, ор, өн етістік болса ақ, көк сын есім сөздер тобына жатады.

Негіз түбірлердің әр түрлі дыбыстық құрамда айтылған бірнеше түрін көрсетуге болады. СГ-екі дыбысты, ашықбуынды: су-ғар, су-са, су-сы. ГС-екі дыбысты, тұйық буынды: аз-ды, аз-ла, аз-нақ. СГС-үш дыбысты, бітеу буынды: тіз-іл, бар-лық. ГСС-үш дыбысты, түйық буынды: арт-ынша, ерт-ті. СГС-үш дыбысты, екі буынды: ара-сы, ата-сыз. ГССГ-төрт дыбысты, екі буынды: ақса-қ. СГСГС-бес дыбысты, екі буынды: боғаз, боғун, бөрік. Бес дыбысты боғаз, боғұн сөздерінің боғ-аз, боғ-ұн болып бөлшектелетіні айқын. Осындағы боғ - деген не? Біздің ойымызша, боғ -қазіргі қазақ тіліндегі "Боғын пышақтады" деген фразаның құрамында айтылатын боғын сөзінің боғ түбірімен тектес. Бұл фразалық тіркес-күнделікті өмірде жиі қолданатын өткір сөз өрнектердің бірі. І.К.Кеңесбаевтың "Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі" атты күрделі еңбегінде "Боғын пышақтады" деген фразаға "өтіп кеткен іске өкініп, қап деп, шала бүлініп қалу" (Кеңесбаев, 1974, 120) деген анықтама берілген.



Бау сөзі баулау, баулы, баулық сөздерінің жасалуына негіз болып тұр. Ал, бағыну, бағыныш дегендегі боғ-тұлғасы өлі түбір қатарына жатады.

Қазақ тілінде "Басы байлы" деген фраза мен "көз баушы" деген "байлау" ұғымымен байланысты сөз тіркесі бар. Осындағы байлы сөзінің бай-түбір тұлғасы, біздің ойымызша, жоғарыда аталған байла, байлам, байланыс сөздерінің құрамындағы бай-тұлғасымен тектес. Баушы сөзінің негізгі бау болғанымен, түпкі түбірі -ба- яғни ба түбіріне қимыл атауының жұрнағы, оған -шы зат есім тудырушы жұрнақтың жалғануы арқылы жасалған. (Ибатов, 1983, 78).

Сондай-ақ қазіргі қазақ тілінде "бармасаң-бадал" деген карғыс бар. Осындағы бадал сөз құрамы жағынан ба-да-л деген бөлшектерден тұрады. (Ибатов 1966). Мұндағы ба -түпкі өлі түбір, ал -да қосымша - қазіргі тілімізде актив қолданылатын есім түбірден етістік тудыратын -ла, -ле, -да, -de, -ma, -me жү-рнақтарының бір варианты. Сөз соңындағы ырықсыз етістігінің көрсеткіші. Мәселен, ұстамды деген туынды түбір сын есімді талдап көрейік. ¥с-та-м-ды, ұс-түпкі түбір, -та-етістік тудырушы жұрнақ, -м-етістіктен есім сөз тудырушы, -да-есім сөзден есім сөз тудырушы өнімді жұрнақ.

Б) Туынды шүбірлер

Туынды түбірлер деп сөздің негіз түбіріне әр түрлі сөз тудырушы жұрнақтар қосып айту арқылы жасалған туынды сөздерді (туынды түбірлерді) айтамыз. Туынды түбірлер құрамы жағынан әр түрлі болып келеді. Олардың әр түрлілігі, негізінде, негіз түбірлердің шүбалыңқы немесе ықшамды тұлғалы болып келуіне байланысты. Мысалы егер туынды түбірлер СГ, ГС тұлғалы негіз түбірден жасалса, туынды негіздер -й- уын (йу-ын), унда - (ун-да) деген сияқты ықшамды тұлғада болады да СГС, ГСГ сияқты негіз түбірлерден жасалса шүбалыңқы айтылады.

Туынды түбірлер негіз түбірлердің барлық түрінен бірдей актив түрде туындап жасала бермейді. Мысалы, СГС, ГСГ сияқты негіз түбірлерден көбірек жасалса, СГСГСГ, СГССГС сияқты негіз түбірден мүлде жасалмайды деуге болады.

Туынды түбірлер негіз түбірлерге әр алуан сөз тудырушы аффикстер қосып айту арқылы жасалатын болғандықтан, сол аффикстердің түбірге бір рет немесе үстемелеп бірнеше рет қосылып айтылуына байланысты бір жұрнақты, екі жұрнақты, үш жұрнақты, төрт жұрнақты болып бірнеше түрге бөлінеді. Ондай туынды түбірлердің әрқайсысының өзіне тән ерекше құрылым жүйелері бар. (Ибатов, 1983, 80).



Бір жұрнақты туынды негіздер. Бұлардың саны екі, үш, төрт жұрнақты туынды негіздерге қарағанда сан жағынан өте көп. Өйткені бір жұрнақты туынды негіздер өзінен басқа көп жұрнақты туынды негіздердің бәрінің алғашқы негізі болып келеді.

Көп жұрнақты туынды негіздердің бәрі сол бір жұрнақты туынды негіздерден тарайтын болады.

Негіз түбірлерге әр алуан жаңадан сөз тудырушы жұрнақтарды қосып айту арқылы пайда болған бір жұрнақты туынды негіздердің құрылым жүйесі негіз түбірлерге қарағанда басқаша болып келеді. Ол өзгешелік, негізінен бір жұрнақты туынды негіздердің жасалуына ұйытқы болған негіз түбірлердің тұлғасы мен оларға қосылып айтылған әр түрлі сөз тудырушы жұрнақтардың сипатымен тікелей байланысты. Бір жұрнақты туынды негіз құрамы жағынан 3,4,5,6,7,8,9, дыбысты болып келеді де, бірнеше түрлі түр-тұрпат, тұлғада айтылады.

Үш дыбысты туынды негіздер екі дыбысты СГ, ГС негіз түбірлерге жаңадан сөз тудырушы бір дыбысты С,Г жұрнақтар қосып айту арқылы жасалған. ГС + Г —а: ата, аша

Төрт дыбысты туынды негіздердің дыбыстық құрамы бір Г, екі ГС, СГ, үш СГС, ГСГ, ГСС дыбысты негіз түбірлерге дыбыстық құрамы жағынан бір Г, С екі ГС, СГ үш СГС дыбысты болып келетін жұрнақтарды қосып айту арқылы жасалған. Г + СГС о+нар ГС + ГС ар уқ, өл + уғ, ар - ық, ГС + СГ ас - ра, СГС + Г бур - а, соң - ы, СГС + С сүр - т, тар - т, ГСГ + С ары - қ, ора - м. ГСС + С орт - а, бұл сөздің түбірі.

- орын, бірақ соған қарамай, ол түбір бұдан былай - ы дыбысын қоспай айтылатындықтан, ГСС түрінде алынатындықтан, ГСС түрінде алынады.

Бес дыбысты туынды негіздер дыбыстық құрамы екі, үш, төрт дыбысты негіз түбірлерге дыбыстық құрамы жағынан бір, екі, үш дыбысты болып келетін жұрнақтарды қосып айту арқылы жасалған. Мысалы, СГ+СГС, су-ғар, су-сыз, ГС+СГС, ер-лік, ес-сіз, ор-сыз, СГ+ГС қон-ақ, сол-ақ, СГС+СГ, қал-ғу, сыр-ма, СГСС+Г қорқ-у.

Алты дыбысты туынды негіздердің де бірнеше орналасу жолы бар. Мысалы, СГС+ГСГ, күн+діз, жол+дас, жан+сыз, ГСГ+СГС, ана-сыз, оқы-мақ, СГСС+ГС: қайт-ар, бұйр-ық.

Жеті дыбысты туынды негіздер СГС+СГСГ, бол-мачы (таусылмайтын) ГСС+СГС+ арт-қару СГССГ+СГ белгі-лі. Сегіз дыбысты туынды негіз: СГССГ+СГС: қайна+мақ СГССГС+СГ: жұлдыз-шы.

Тоғыз дыбысты туынды негіздер: СГССГС+СГС: жалғыз-дық байлау-сыз.



Екі жұрнақты туынды негіздер. Екі жұрнақты туынды негіздер бір жұрнақты туынды негіздерге тағы да екінші рет сөз тудырушы жұрнақтар қосылып айтылу арқылы жасалған. Төрт дыбысты туынды негіздер. Мұндай туынды негіздер бір жұрнақты үш дыбыстық негіздерге бір дыбысты (С) жұрнақ қосып айту арқылы жасалады. Мысалы, ГАГ+С (ГА+Г+С): ата+қ, ата+н.

Бес дыбысты туынды негіздер. Мысалы, ГССГ+С (ГС+СГ+С) ал-да-н, ой-на-с.

Алты дыбысты туынды негіздер

Мысалы, СГСГ+СГ (СГ+СГ+СГ) жи-на-қы ГСС+СГС (ГС+С+СГС) ұя-л-шақ СНССГ+С (СГС+СГ+С) кұр-ға-қ. Жеті дыбысты туынды негіздер Мысалы, ҒСГС+СГС (ГС+СГ+СГС) ұр-ын-шақ.

Сегіз дыбысты туынды негіздер

Мысалы, СГ ССГ+СГС (СГС+СГ+СГС) бол-жа-ғыш СГСГС+СГС (СГС+ГС+СГС) біл-ім-паз.

Тоғыз дыбысты туынды негіздер

Мысалы, СГССГС+СГС (СГС+СГС+СГС) бой-шаң-дау ГСГСГС+СГС (ГСГ+СГС+СГС) ашу-лан-шақ.

Он бір дыбысты туынды негіздер

Мысалы, СГСГССГС+СГС (СГСГС+СГС+СГС) көңіл-сіз-дік, намыс-қой+лау

Осындай формада үш жұрнақты, төрт жұрнақты туынды негіздер де жасалады. Үш жұрнақты туынды негіздерге, мысалы, біл-ім-сіз-дік, өс-ім-тал-дық, су-ар-ма-лы деген сөздер жатады. Егер дыбыстық құрамына қарай саралай отырып үлгілесек он бес шақты түрлі жолмен жасалады. Ал төрт жұрнақты туынды негіздер тілімізде сирек кездеседі. Жасалу жолы бар-жоғы екі-ақ түрлі. Мысалы, бір жұрнақты сөздерге: а) есім түбірлі — қой/шы, құ-рал, тәрбиелі; э) етістік түбірлі - жуын, өс/ім, біл/гір, тара/н т.б. Екі жұрнақты сөздерге: а) есім түбірлі — шаруа-қор-лық, сөз-/й/-ле-уік; о) етістік түбірлі: бол-жа-ғыш, жұм-ыс-кер т.б. Үш жұрнақты. сөздерге: а) есім түбірлі - дау-рық-па-шыл: ә) етістік түбірлі -кел-іс-ім-сіз т.б. Төрт жұрнақты сөздерге: бас-қар-ма-шы-сыз т.б.

2.2. Сөзжасам қосымшаларының құрылымы мен мағынасы

Сөзжасам қосымшаларының (сөз тудырушы аффикстер) құрылымы туралы айтылған пікір онша көп емес. Мысалы, В.Котвич алтай тілдеріндегі суффикстердің алты түрін: (С, Г, СГ, СГС, ССГ, С атап көрсетеді. Бірақ автор әуелгі суффикстердің негізгі түрі түбір морфемалар сияқты СГ тұлғасында болған дегенді қолдайды.

Ал Г.И.Рамстедт қосымша тұлғаларды жұрнақ пен жалғауын қосып "окончание" деген атпен атайды. Сөйтіп олардың фонетикалық құрылымы туралы былай дейді: қосымшалар құрылысына қарай ашық та, жабық та бола береді, олардың негізгі түрлері: С, Г, СГ, ГС, СГС. Аффикстердің тарихи тұрғыдан жеке сөздердің әрі мағыналық, әрі формалық өзгеруінен келіп пайда болғаны жайында ғылыми мэліметтер өте көп. Бұл мәліметтер А.М.Щербактың зерттеулерінде әр жақты баяндалып жүр. (Щербак, 1977, 15).

Шынында, аффикстердің түр-тұрпаты әрқашан да өзінің шыққан төркіні түбір сөзбен тұлғалас болып келіп отырады. Мысалы, қазіргі түркі тілдеріндегі туынды етістік жасаушы -сын, -сін, -сы, -сі жұрнағын алып қарайық. Бұл жұрнақтардың әуел бастағы шыққан тегі дербес түбір сөздер сан-(сан-ды), са-(са-ды) дегендермен тұлғалас екенін анық көреміз. Бұл аффикстің түп негізі қазіргі тіліміздегі санады-(сана) деген сөздің түбір бөлшегі сана. Сана түбірінің ежелгі айтылу нормасы -са- болған. Осы бастапқы кезде -са түрінде айтылған түпкі түбір беретін келе -сан формасына ауысқан. Сан формасы са түбірінде өздік етістіктің жұрнағын қабылдау арқылы (са-н) жасалған. Ал, қазіргі тілде басқа дербес сөздерге қосымша мағына үстейтін көмекші морфемалар, аффикстер қатарына -сы, -сі, -сың, -сің дәрежесіне ауысқан. -са, -сы, -сі, -сан, -сын, -сін. (Ибатов, 1983, 102-6.).

Бұдан шығатын қорытынды: қазіргі қазақ тілінде күнделікті қолданылатын - босаңсыды, еркінсіді, азсынды, өзімсінді деген сияқты сөздердің құрамында айтылатын -сы, -сі, -сын, -сін аффикстері бір кездерде -са, -сан түрінде қолданылған дербес мағыналы сөздер болған.

ХІҮ жазба ескерткіштер тілінде сөз тудырушы жұрнақтар мына сияқты он бір түрлі түрінде қолданылған. Г, С, ГС, СГ, ГСГ, ГСС, СГС, ГССГ, СГСГ, ГССГС, СГСГС (Ибатов, 1983, 102). Осындай схема бойынша қазіргі қазақ тіліндегі жұрнақтарды талдап көрелік;

Г-бір дауысты дыбысты сөз тудырушы жұрнақтар: -а, ет, сын-а, от-а, ой (ы) н-а -е, ет, өрт-е, тіл-е, мін-е -у, ет, асыр-у, жылын-у, оқ-у, бая-у -у, зат, жыл-у, ас-у -у, сын, жара-у, жүле-у -и, сын, әскер-и, тарих-и, әдеб-и С-бір дауыссыз дыбысты сөз тудырушы жұрнақтар: -қ, зат, тара-қ, қайра-қ -қ, сын, құрға-қ, суы-қ -к, зат, күре-к, төсе-к, дөңгеле-к, шірі-к -р, ет, қысқа-р, ескі-р -р, зат, шұқы-р-м, зат, байла-м, тоқта-м, күзе-м -с, зат айқа-с, тала-с -т, ет, сұра-т, жина-т, оқы-т

-т, зат, сарқы-т, бөге-т

-н, ет, сұра-н, тара-н, қорға-н

-л, сын, қата-л, шикі-л

-й, ет, қара-й

-й, зат, апа-й, аға-й, шеше-й

ГС - бір дауысты, бір дауыссыз сөз тудырушы жұрнақтар:


  • ыл, зат, тарс-ыл, сыңқ-ыл

  • ыл, ет, тар-ыл, аш-ыл

- ыл, сын, бат-ыл, қыз-ыл

- іл, зат, гүр-іл, дүрс-іл

- іл, ет, бүг-іл, тір-іл

- іл, сын, жең-іл

- ым, зат, ал-ым, той-ым, жайыл-ым
- ім, зат, эн-ім, ки-ім, тіз-ім

ыс, зат, айт-ыс, ту-ыс, тын-ыс, қон-ыс

ыс, сын, тан-ыс

іс, зат, ег-іс, өр-іс, жүр-іс

іс, сын, кел-іс, кет-іс

ық, зат, тамыз-ық, жаңғыр-ық

ық, сын, тол-ық, су-ық, аш-ық

ық, ет, қам-ық, қүд-ық, жол-ық

ік, зат, күй-ік, түсін-ік

ік, сын, іл-ік, біт-ік

ік, ет, кез-ік, көз-ік

ын, ет, жу-ын

ін, ет, ки-ін, көр-ін

ін, үст, үстірт-ін

ыш, зат, қуан-ыш, қызған-ыш

іш, зат, күйін-іш, өкін-іш

ар, ет, қысқ-ар, алас-ар

ыр, зат, шұңқ-ыр, шоғ-ыр



  • ыр, сын, жылт-ыр, жалт-ыр

  • ір, зат, көм-ір, түй-ір

  • ыт, ет, оқ-ыт, шырам-ыт

  • ыт, зат, су-ыт, шаб-ыт

  • іт, зат, ки-іт, ірк-іт

СГ - бір дауыссыз, бір дауысты дыбысты сөз тудырушы жұрнақтар:

- шы, зат, мал-шы, тың-шы



  • ші, зат, тіл-ші, егін-ші, үгіт-ші

  • сы, ет, босаң-сы, қамқор-сы

  • сі, ет, үлкен-сі, өгей-сі

  • қы, зат, шап-қы, үйт-қы

  • қы, ет, жұл-қы, ат-қы

  • кі, зат, іріт-кі, түрт-кі

  • ғы, зат, бұр-ғы, шал-ғы

  • ғы, сын, қайда-ғы, қашан-ғы

  • гі, зат, сүз-гі

  • ла, ет, бай-ла, арқа-ла

  • ле, ет, тізе-ле, жеке-ле

  • да, ет, мойын-да, қол-да

  • де, ет, көз-де

  • ша, үст, батыр-ша, жаңа-ша, қүс-ша

  • ше, үст, өзін-ше, мен-ше, біздің-ше

ГСГ - үш дыбысты сөз тудырушы жұрнақтар: Бұл схемаға сәйкес келетін жұрнақтар қазақ тілінде жоқ десек те болады. СГС - үш дыбысты сөз тудырушы жұрнақтар:

  • кер, зат, айла-кер, іс-кер

  • гер, зат, бал-гер, сауда-гер

  • дақ, сын, құм-дық, жай-лақ

  • ік, зат, күй-ік, түсін-ік

  • ік, сын, іл-ік, біт-ік

  • ік, ет, кез-ік, көз-ік




  • ын, ет, жу-ын

  • ін, ет, ки-ін, көр-ін

- ін, үст, үстірт-ін

- ыш, зат, қуан-ыш, қызған-ыш

- іш, зат, күйін-іш, өкін-іш


  • ар, ет, қысқ-ар, алас-ар

  • ыр, зат, шұңқ-ыр, шоғ-ыр




  • ыр, сын, жылт-ыр, жалт-ыр

  • ір, зат, көм-ір, түй-ір

  • ыт, ет, оқ-ыт, шырам-ыт

  • ыт, зат, су-ыт, шаб-ыт

  • іт, зат, ки-іт, ірк-іт

СГ - бір дауыссыз, бір дауысты дыбысты сөз тудырушы жұрнақтар:

  • шы, зат, мал-шы, тың-шы

  • ші, зат, тіл-ші, егін-ші, үгіт-ші

  • сы, ет, босаң-сы, қамқор-сы

  • сі, ет, үлкен-сі, өгей-сі

  • қы, зат, шап-қы, ұйт-қы

  • қы, ет, жұл-қы, ат-қы

  • кі, зат, іріт-кі, түрт-кі

  • ғы, зат, бұ-р-ғы, шал-ғы

  • ғы, сын, қайда-ғы, қашан-ғы

  • ті, зат, сүз-гі

-ла, ет, бай-ла, арқа-ла

-ле, ет, тізе-ле, жеке-ле

-да, ет, мойын-да, қол-да


  • де, ет, көз-де

  • ша, үст, батыр-ша, жаңа-ша, құс-ша

  • ше, үш, өзін-ше, мен-ше, біздің-ше ,

ГСГ - үш дыбысты сөз тудырушы жұрнақтар: Бұл схемаға сәйкес келетін жұрнақтар қазақ тілінде жоқ десек те болады. СГС - үш дыбысты сөз тудырушы жұрнақтар:

  • кер, зат, айла-кер, іс-кер

  • гер, зат, бал-гер, сауда-гер




  • дақ, сын, қүм-дық, жай-лақ

  • дақ, зат, тоқыл-дақ

  • дек, сын, кеңкіл-дек

  • тек, сын, жеңіл-тек

  • кеш, зат, арба-кеш, түйе-кеш

  • паз, зат, өнер-паз, ас-паз

  • қор, зат, жем-қор, пара-қор

  • қор, сын, қам-қор, намыс-қор

  • қой, сын, әзіл-қой, сән-қой

  • ғой, сын, жәді-гөй

  • лық, зсіт, қор-лық, жақсы-лық

  • лік, зат, кісі-лік, өткір-лік

  • мақ, зат, ой-мақ, бар-мақ

  • мек, зат, іл-мек

  • мыс, зат, қыл-мыс, бол-мыс

  • шақ, сын, мақтан-шақ, үрын-шақ

  • шек, сын, ерін-шек

  • қақ, сын, ұрыс-қақ, қат-қақ

  • қыр, ет, ұш-қыр

  • ғар, ет, су-ғар, оң-ғар

  • кер, ет, ес-кер

  • лас, ет, ой-лас, сыр-лас

  • лес, ет, бір-лес, пікір-лес

  • дат, ет, боран-дат, дуыл-дат

  • лан, ет, ашу-лан, ой-лан

ГССГ - төрт дыбысты сөз тудырушы жұрнақтар:

  • ынды, зат, қорыт-ынды, сыпыр-ынды

  • інді, зат, ерт-інді

  • ымды, сын, тарт-ымды, ұт-ымды

СГСГ - төрт дыбысты сөз тудырушы жұрнақтар:

  • қары, үст, үш-қары, сырт-қары

  • кері, үст, іш-кері

  • малы, сын, жылы-малы, салыстыр-малы

  • мелі, бүр-мелі

  • палы, сын, ауыс-палы

  • пелі, сын, серіп-пелі, көш-пелі

ГССГС - бес дыбысты сөз тудырушы жұрнақтар:

  • ымтал, сын, ұғ-ымтал

  • імтал, сын, сез-імтал, өс-імтал

СГСГС - бес дыбысты сөз тудырушы жұрнақтар:

  • шалық, үст, осын-шалық, мұн-шалық

  • шылап, үст, жылқы-шылап

  • қалақ, сын, ұш-қалақ, сас-қалақ

  • ғалақ, сын, қоз-ғалақ, қан-ғалақ

Қосымшаларының құрылымы қазіргі қазақ тілінде онша көп өзгеріске түспегені анық. Көркем әдебиеттен терілген мысалдардан екі дыбысты және үш дыбысты сөзжасам қосымшаларының өнімді қолданылатыны байқалды;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет