3 алгоритмдеу негіздері


Алгоритмдерді бейнелеу жолдары



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата08.09.2023
өлшемі357.47 Kb.
#476892
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Дәріс №1. Даму ортасы, тіл негіздері және мәліметтер типтері

1.3. Алгоритмдерді бейнелеу жолдары
Алгоритмдерді ЭЕМ-де орындау үшін оларды алдын ала 
жазып алу керек, яғни ол белгілі бір заңдылықпен өрнектелуі 
тиіс. Жалпы алго ритмді жазып өрнектеу, яғни оларды бейнелеу 
түрлеріне төмендегі тəсілдер жатады:
• 
табиғи тіл сөздері арқылы
• 
формулалық-сөздік тəсіл арқылы; 
• 
графикалық түрде бейнелейтін блок-схемалар арқылы; 
• 
псевдокодтар арқылы; 
• 
құрылымдық диаграммалар арқылы; 
• 
программалау тілі арқылы. 
Алгоритмдерді табиғи тіл сөздері арқылы бейнелеуде – 
есептеу кезеңдері мазмұны кез келген түрде табиғи тілде жазы-
лады.
Осы тəсілмен келесі мысалдың алгоритмін жазып шығайық. 
Сандар жиымы (массиві) берілген делік. Осы жиым сандарының 
көрсетілген аралықта, яғни интервалда толығынан жататынын/
жатпайтынын тексеру керек. Интервал өзінің шекаралық А жəне 
В мəндерімен берілген. 


8
1.
Бірінші санды аламыз. 
2.
Осы сан интервалға кіретінін салыстыру жолымен тексереміз; 
егер жауабы «Иə» болса, онда 3-пунктке көшу, əйтпесе (жау-
абы – «Жоқ» болса) – 6-пунктке көшу.
3.
Жиымның барлық элементтері қарастырылды ма? Егер жауа-
бы «Иə» болса, онда 5-пунктке көшу, жауабы «Жоқ» болса, 
– 4-пунктке көшу.
4.
Келесі элементті қарастырамыз. 2-пунктке көшу.
5.
Мынадай хабарлама шығару: барлық элементтер осы интер-
валға кіреді. 7-пунктке көшу.
6.
Мынадай хабарлама шығару: элементтер интервалға толы-
ғынан кірмейді. 
7.
Соңы.
Бұл тəсілде көрнекілік жоқ, яғни толық формальдау мүмкін-
дігі жоқ. Жалпы алгоритмді табиғи тілде өрнектеу ЭЕМ-дерде 
қолданылмайды, өйт кені онда дəлдік, нақтылық болмайды. 
Алгоритмдерді формулалық-сөздік тəсіл арқылы бейне-
ленуі – тапсырманың математикалық символдар мен өрнектер- 
дің жəне сөздердің араласуымен берілуі болып табылады.
Мысалы, үшбұрыш ауданын оның үш қабырғасының ұзын-
дығы арқылы есептеу алгоритмін құру керек болсын делік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет