3 алгоритмдеу негіздері


-сурет. Қадамдық цикл  алгоритмі 22



Pdf көрінісі
бет12/13
Дата08.09.2023
өлшемі357.47 Kb.
#476892
түріПрограмма
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Дәріс №1. Даму ортасы, тіл негіздері және мәліметтер типтері

1.7-суретҚадамдық цикл 
алгоритмі


22
алгоритмдік тілдер Бейсик, Паскаль, Фортран, СИ, т.б. кеңінен 
қолданылады. Алгоритмдік немесе программалау тілі – жазу 
ережелері қарапайым жасанды тіл. Оның машина тілдерінен 
айырмашылығы – табиғи ағылшын тілі негізге алынып, кең 
тараған математикалық таңбалармен толықтырылып жасалған. 
Сондықтан алгоритмдік тілдерде программа жасау адамдарға əрі 
жеңіл, əрі ыңғайлы болып келеді. Алгоритмдік тілдер автомат-
ты түрде ЭЕМ-нің көмегімен аудармашы программалар арқылы 
машиналық тілге көшіріледі. Алгоритмдік тілді машина тіліне 
тікелей аударатын үлкен программаларды транслятор деп атай-
ды. Алгоритмдік тілдерді пайдалану программалауды жеңілдете 
отырып, ЭЕМ-де есеп шығару процесін оңайлатады, алайда онда 
есеп шығару уақыты аздап көбейеді.
Алгоритмдік тілдер машинаға жəне проблемаға бағытталған 
болып екіге бөлінеді. Машинаға бағытталған тілдердің машина 
тілінен айырма 
шылығы, олар ЭЕМ-нің ерекшеліктерін есепке 
ала отырып əріптерді де пайдаланады. Қазіргі кезде машинаға 
бағытталған тілдерде маман прог рам малаушылар жұмыс істейді. 
Оларға – автокод, макроассемблер, ассемблер тəрізді тілдер жа-
тады.
Проблемаға бағытталған тілдер шығарылатын есептердің 
ерек шеліктерін еске ала отырып, есептің математикада жазылу 
тіліне жақындастырылады. Бұларға – Бейсик, Фортран, Паскаль, 
Си, т.с.с. тілдер жатады.
Негізінде ЭЕМ-де кез келген программалау тілінде жазылған 
есеп машина тіліне аударылып барып орындалады. Есептің орын-
далу кезеңдерін 1.8-суретте көрсетілген схема түрінде көрсетуге 
болады. 
1.8-сурет. Есепті шығару кезеңдері
Қазіргі кезде бес жүзге жуық алгоритмдік тілдер тараған. 
Олардың əрқайсысы белгілі бір мақсаттарда қолданылады. Мы-
салы, Фортран – ғылыми-техникалық (инженерлік) есептерді 
шығару үшін, Паскаль – оқып үйренуде, ал Бейсик – дербес ком-
пьютерлерде диалог режимінде жұмыс істеуде қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет