3 АҚпараттық ЖҮйені жасауға кеткен шығындарды бағалау àҚпараттық Өнімнің коммерциялық ЖҮзеге асыру қорытындысын сараптау және сипаттау



бет3/10
Дата28.06.2016
өлшемі0.74 Mb.
#163711
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

№ р/с

Көрсеткіш атауы

2003ж.

2004 ж.

ауытқулар

Оптималдық мән

абс.


+,-

абс.

%

1

Өндірістік тағайындау мүлкінің коэффициенті

1,0

0,9

-0,1

90

>=0,5

2

Активтердің мобильдік коэффициенті

0,8

0,9

+0,1

112,5

<=0,5

3

Мобильдік және иммобилизацияланған қаражаттың ара қатынас коэффициенті

5,4

9,4

+4

174,1

<=0,5

4

Нақты құн коэффициенті

0,17

0,11

-0,06

64,7

<=0,5

5

Негізгі құрал-жабдықтардың белсенді бөлігінің үлесі

1,16

0,15

-0,1

93,8


Есептелген мәліметтерден көргеніміз, өндірістік тағайындаудың мүлік коэффициентінің мәні оптималдық мәннен асады, ол банктің өндірістік потенциалын жақсы жағынан сипаттайды.

Активтердің мобильдік коэффицентінің мәні 2003 жылғы 0,8-ден 2004 жылғы 0,9-ға дейін ұлғайған, ол банк активтерінің жалпы құнындағы ағымдағы активтер үлесінің жоғарылауын білдіреді, дәлірек айтсақ, қарыздарды өтеу үшін қаражаттың ұлғаюы.

Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер арасындағы ара қатынас мобилдік және иммобилизацияланған қаражаттың ара қатынас коэффициентімен сипатталады. Банктің мәліметтері бойынша ол ұлғаю тенденциясына бейім және 2004 жылдың аяғына 9,4 құрайды, 0,5-тен кем емес мәндегі оптималдылылық талаптарын қанағаттандырады.

Банктің материалдық-техникалық базасын сипаттайтын негізгі құрал-жабдықтардың нақты құнының коэффициенті активтердің жалпы құнындағы негізгі құрал-жабдықтарының төменгі үлесін көрсетеді. Банк өндірістік кәсіпорын болмағандықтан, ол үшін негізгі құрал-жабдықтардың белсенді бөлігінің үлесінің төмендеуі аса маңызды емес.



1.3.2. Ұйымның қаржылық ресурстарын талдау
4-кестенің мәліметтерінен көрініп тұрғандай, банктің жеке капиталының өлшемі 2003 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 120,8% өскен, ал 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 145,3% өскен, ол жарғылық капиталдың, өткен жылдардағы таратылмаған таза кірістің және таратылмаған табыстың өсуімен байланысты.
4-кесте

2003-2004 жылдардағы “Тұран Әлем Банкі” ААҚ-ның жеке капиталының динамикасы


Көрсеткіш атауы

2002 ж.

2003 ж.

2004 ж.

Ауытқулар

2003/2002

2004/2003

абс.




абс.




Жарғылық капитал

325500


629036

913305

+303536

193.3

+284269

142.2

Қосымша капитал

2333

2333

2333

-

-

-

-

Резервтік қор

23244

60834

0

+37610

262.0

-

-

өткен жылдардың таратылмаған таза табысы

6034

6035

158525

+1

100.0

+152490

2626.8

Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалаудан түскен таратылмаған кірісі

611

2073

0

+14621

339.3

-

-

Қайта бағалау резервтері

0

499

0

+499

-

-

-

Таратылмаған табыс

27957

150592

162895

+122635

538.7

+12303

108.2

Жеке капиталдың барлығы

385659

851402

1237058

+465743

220.8

+385656

145.3

“Тұран Әлем Банкі” ААҚ-ның жұмыс уақытында банк акцияларының бес эмиссиясын тіркеді және төледі: 1995 жылғы наурыз – 10 миллион теңге; 1995 жылғы қазан – 90 миллион теңге, 1997 жылғы наурыз – 86 миллион, 1999 жылғы қараша – 214 милион теңге, 2002 жылғы маусым – 600 миллион теңге.

01.01.2005 ж. Жағдай бойынша нақты төленген жарғылық капитал тіркелген 1 000 000 мың теңгеге 913305 мың теңгені құрады. Жарғылық капиталдың ұлғаюы 2003 жылғы 4 тоқсандағы қаржы-шаруашылық іс-әрекетінің қорытындылары бойынша банктің таза кірісінің бөлігі 11279 мың теңге сомасында - әрбір акционердің үлесіне тең болуына, сондай-ақ банк акционерлерінің 720 мың теңге сомасында акцияларды сатып алу есебінен болды. Банк өз акцияларын сатып алған жоқ. 01.01.2005 жылға сатылмаған акциялардың қалдығы 86695 дананы құрады.

2004 жыллы қосымша капитал бойынша қозғалыстар (акциялар бойынша сыйлықақылар) болған жоқ. Банктің резервтік капиталы бойынша қозғалыс жүргізілген жоқ. 01.01.2005 жылға шот бойынша қалдық 150000 мың теңгені құрады. Резервтік капитал белгіленген нормаларға – жалпы жарияланған капиталдың 15% сәйкеседі.

Егер “Тұран Әлем Банкі” ААҚ-ның жеке капиталының құрылым динамикасын қарастырсақ, онда 1-сүреттен көрініп тұрғандай, жарғылық капиталдың үлесі 2004 жылы 89%-дан 2004 жылы 74%-ға дейін азайған, таратылмаған таза табыстың үлесі 7%-дан 13%-ға дейін ұлғайды.

Осылайша, банктің жеткілікті жеке капиталының мөлшері мен кредиторлар мен дебиторлардың мүдделерін қорғауға арналған резервтік қоры бар.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 3 маусымдағы № 213 Қаулымен бекітілген, екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтерге сәйкес, коммерциялық банктер жеке капиталының жеткіліктілігінің оптималдық коэффициенттерін ұстануға тиісті. Мұндайда берінші деңгейдің капиталы: төленген жарғылық капитал; қосымша капитал; таратылмаған таза кіріс (оның ішінде өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптасқан қорлар, резервтер) сомасы ретінде есептеледі; материалдық емес активтерді; өткен жылдардың залалы; ағымдағы жылдағы шығыстан ағымдағы жылдағы кірістің асуын алып тастағанда. Екінші деңгейдің капиталы: ағымдағы жылдың шығысынан ағымдағы жылдың кірісінің асу мөлшері; негізгі құрал-жабдықтардың және бағалы қағаздардың қайта бағалау мөлшері; тәуекел есебімен өлшенген активтер сомасының 1,25% аспайтын сомадағы ортақ резервтердің (провизиялардың) мөлшері, бірінші деңгейдегі капиталдың сомасынан 50% аспайтын сомада жеке капиталға қосылатын субординирленген банктің борышы сомасы ретінде есептеледі.

Банктің субординирленген борышы – бұл банктің қамтамасыз етілмеген міндеттемесі, мынадай талаптарға сәкеседі:



  1. ұсынушыға депозит не міндеттеме болып табылмайды;

  2. банк талаптары бойынша, онымен бірге аффилиирленген тұлғаларға кепілдік қамыздандыру болып табылмайды;

  3. мерзімінен бұрын (толық немесе ішінара) өтеуге жатпайды;

  4. банк жойылған кезде соңғы кезекте қанағаттандырылады (акционерлер арасында қалған мүлікті тарату алдында).

Жеке капиталға қосылатын субординирленген банктің борышы, өтеуге

дейін тарту мерзімі 5 жылдан асатын, субординирленген борыш.

Көрсетілген пруденциалдық нормативтерге сай банктің жеке

капиталының жеткіліктілігі екі коэффициенттермен сипатталады:



  • бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомадағы бірінші деңгейдегі капитал үлесінің шегінде алынған банк инвестицияларын шегергендегі және бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасында бірінші деңгейдегі капитал үлесінің шегінде алынған банк инвестицияларын шегергендегі банк активтер мөлшеріне екінщі деңгейдегі капитал бөлігінің жеке капитал есебіне қосылатын және екінші деңгейдегі капиталдың бөлігін жеке капитал есебіне қосылатын бірінші деңгейдегі капитал қатынасымен (k1);

  • арнайы резервтер (провизиялар) сомасына азайтылған, тәуекел деңгейі бойынша өлшенген, шартты және мүмкін міндеттемелер, сондай-ақ екінші деңгейдегі капитал есебіне қосылмаған, жинақталған ортақ резервтер бөлігінде және банктің жеке капиталының есбіне қосылмаған, екінші деңгейдегі капиталдың бөлігі, жеке капиталдың активтер сомасына қатынасымен (k2).


5-кесте

2004 жылы “Тұран Әлем Банкі” ААҚ жеке капиталының жеткіліктілігінің талдауы


Көрсеткіштер

2002 ж.

2003 ж.

2004 ж.

норматив

Капиталдың жеткіліктілігі, оның ішінде













-1-деңгейдегі жеке капиталдың жиынтық активтерге қатынасы

0.54


0.35

0.5

Min 0.06

- банктің жеке капиталының тәуекел деңгейі бойынша өлшенген активтерге қатынасы

1.02

0.81

0.89

Min 0.12

Бір заем алушыға тәуекелдің ең үлкен мөлшері, оның ішінде













-банкпен ерекше қатынастағы тұлғалар үшін

0.01

0

0

Max 0.10

-байланыспаған тұлғалар үшін

0.18

0.17

0.20

Max 0.30

Банктің ағымдағы өтімділік коэффициенті (банктің өтімді

активтерінің талап еткенге

дейінгі міндеттемелерге

қатынасы)



1.48

1.09

1.11

Min 0.20

Банк инвестицияларының негізгі құрал-жабдықтар мен басқа қаржылық емес активтерге ең көп мөлшері (жеке капиталына қатысты инвестициялар

мөлшерінің негізгі құрал-жабдықтар мен басқа қаржылық емес активтерге қатынасы)



0.17

0.28

0.24

Max 0.50

5-кестеден көретініміз, дербес бақылау көрсеткіштеріне сай капитал жеткіліктілігінің коэффициенттері банкпен орындалады. Жиынтық активтерінің өсу компоненттерінің бірі Банктің негізгі құрал-жабдықтарының өсімі болып табылады. 9-кестенің мәліметтерінен көретініміз, есептелген амортизация есебінсіз негізгі құрал-жабдықтардың сомасы 2004жылы 222661 мың теңгені құрады, ол 2003 жылғы 1,4%-ға көп және 2002 жылғы көрсеткіштен 3, 4 есеге көп.


1.3.3. Ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын бағалау
Кәсіпорындардың қаржылық жағдайы қысқа мерзімді перспектива позициясынан алғанда контрагенттер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша уақытылы және нақты көлемде есептеулер жүргізе алатындығын жалпы түрде сипаттайтын өтімділік пен төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерімен бағаланады. Өтімділік пен төлем қабілеттілігінің мәнін ашайық. Өтімділік - ұйымдастырушы активтердің міндеттемелерін өтеу деңгейі ретінде айқындалады, олардың ақшаға айналу мерзімі міндеттемелерді өтеу мерзіміне сәйкеседі. Мұндай айналыс қаншалықты тез жүргізілсе, соншалықты ұйымның төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігі соған тәуелді болады. Өтімділік көрсеткіштері ұйымда өтімділік немесе аса өтімділік мәселелерінің бар-жоқтығын көрсетеді және басшылар, акционерлер мен кредиторлар үшін маңызды, себебі өтімділік коэффициенттері ұйымдардың өздерінің міндеттемелерін өтеу мүмкіндігін көрсетеді.

Өтімділік деңгейін өлшеу үшін “Тұран Әлем Банкі” ААҚ-ы ағымдағы өтімділік мен қысқа мерзімдік өтімділік коэффициенттерін қолданады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті талап еткенге дейінгі міндеттемелердің орташа айлық мөлшеріне қатысты өтімділігі жоғары активтердің орташа айлық мөлшерінің қатысы ретінде. Қысқа мерзімді өтімділік коэффициенті талап еткенге дейінгі міндеттемелерді қосқанда, үш айдан аспаған тарту мерзімімен міндеттемелердің орташа айлық мөлшеріне қатысты, өтімділігі жоғары активтерді қосқандағы өтемі үш айдан артық емес бастапқы мерзімімен активтердің орташа айлық мөлшеріне қатысы ретінде есептеледі.

Іскерлік белсенділікті бағалау, өтімділікті бағалауға толықтыру болып табылады, ол оның қаражатының айналыс жылдамдылығын көрсетеді және ұйымның төлем қабілеттілігіне тікелей әсер етеді. Іскерлік белсенділікті бағалау жеке капиталдың және ағымдағы активтердің жинақталу коэффициенті арқылы білінеді, олар мынандай есептеледі:

Айналым қаражатының жылдамдығы = өнім/жеке капитал қаражатын сатудан кіріс

Ағымдағы айналым активтерінің жылдамдылығы = өнім/ағымдағы активтердің қаражатын сатудан кіріс

Төлем қабілеттілігі ұйымның қаржылық тұрақтылығының белгісі мен негізі ретінде көрінеді. Бұл талап, ұйым өзінің өндірістік қажеттіліктерін төлеу мүмкіндігі барлығын көрсету керек, сондықтан мұндай жағдайда тұрақты жағдай индикаторы ретінде ақша ағымының реттелген балансы танылады. Қазіргі уақытта шаруашылық субъектілерінің ақшалай ағымдарының реттелмегендігі, олардың тұрақсыз жағдайының негізгі себептерінің бірі болып табылады.

Осындай себептерді анықтаған және мәселені құраған кезде, өндіруші-ұйымдардың төлем қабілетсіздігі екі негізгі факторлардың нәтижесінде туындауы мүмкін екендігі байқалады - өнімді тұтынушының төлем қабілетсіздігі немесе бұл өнімді сатумен байланысты күрделі қиындықтар. Өз кезегінде факторларға әр түрлі, ішкі және сыртқы себептер әсер етеді. Негізгі сыртқы себептерге тұтас алғанда, елдегі экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, шаруашылық іс-әрекетті құқықтық қамсыздандырудың реттелмегендігі, салық саясатының жетілмегендігін жатқызуға болады.

Ұйымдардың төлем қабілетсіздігінің ішкі факторлары, әдетте олардың барлық немесе жекелеген бөліктеріндегі (маркетинг, техникалық саясат, қаржылық саясат) басшылардың біліксіздігі және менеджменттің тиімсіздігінен туындайды.

Ұйымдардың тұрақты жағдайы көбінде, қызметкерлер қоры және осы нақты ұйымның мақсаттары мен мәселелеріне сәйкестігімен айқындалады.

Бұдан басқа, шаруашылық субъектісінің тұрақты нарықтық жағдайы оның тауарлар мен қызметтер нарығындағы орны, ролі, деңгейі мен қатысуына байланысты. Өзінің тұтынушысын таппаған тауарды нарыққа ұсынған бірде бір өндіруші тұрақты әрекет етуге қабілетті бола алмайды. Ұйымның беріктік және тұрақтылыққа ұмтылысы нарықты, оның сегментациясын, ұсынылып отырған тауарға қажеттілікті айқындауды, бәсекелестерді талдау мен бағалауды (егер ондай болса), оның бәсекелесу қабілеттілігін айқындайтын тауар параметрлерін бағалауды, тауар нарығындағы тұғырлықты зерттеу мен бағалауды қажет етеді. Тауарға сұраныс пен дефициттің барлығы мен сақталуы ғана өндірісті ұйымдастыруға, оның сақталуы немесе дамуына бастама болып табылады.



Мынадай нәрсені де ескерген жөн, қазіргі уақытта көптеген ұйымдар басынан өткеріп жатқан және бір қатар көрсеткіштер (мысалы, дебиторлық және кредиторлық берешектің, олардың құрылымының және ара қатынасының бағасы) бойынша айқындалатын төлем қабілетсіздігінің дағдарысы тұрақсыз жағдайдың себебі болып табылады деп саналады. Осы көрсеткіштерді жақсартса, тұрақтылыққа қол жететін секілді. Алайда, ұйымның төлем қабілетсіздігін сақтаған кезде бақылау күніне техникалық төлем қабілеттілікке қол жеткізудің әдістері бар. Мұндай жағдайда, төлем қабілетсіздігі, ұйымның тұрақсыз жағдайының себебі емес, белгісі деп айту орынды. Ағымдағы активтердің сомасы ағымдағы міндеттемелер мөлшерінен жоғары ұйымды төлемге қабілетті деп санауға болады, осы жағынан «Банк Тұран Алем» ААҚ-ның активтері, міндеттемелерінен 1237058 мың теңгеге жоғары. Бұдан басқа, төлем қабілеттілігі ағымдағы міндеттемелердің кірістілік коэффициенттері арқылы білінеді (өнімді, (жұмыс/қызметті) сатудан кіріс/ ағымдағы міндеттемелердің орташа қалдықтары). «Банк Тұран Алем» ААҚ-ның өтімділігі мен төлем қабілеттілігін бағалайық.
6-кесте

2003-2004 жылдардағы “Тұран Әлем Банкі” ААҚ-ның өтімділігі мен төлем қабіліттілігін бағалау




Көрсеткіш атауы

2003 ж.

2004 ж.

Өсім темптері

абсолют.

+,-

шартты

+,-

1

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

0,84

0,9

-0,06

107,7

2

Қысқа мерзімдік өтімділік коэффициенті

1,18

1,12

-0,08

93,2

3

Жеке капиталдың жинақталу коэффициенті

0,33

0,36

-0,03

109,0

4

Ағымдағы активтердің жинақталу коэффициенті

0,28

0,27

-0,01

96,4

5

Ағымдағы міндеттемелердің кірістілік коэффициенті

0,67

0,73

-0,06

108,9

Есептелген коэффициенттердің талдауы мынадай пікір қалыптастыруға мүмкіндік береді:



  • ағымдағы өтімділік коэффициентінің мәні 0.84-тен 0.9-ға дейін нормасы 0.3 бола тұра 0.06 тармаққа ұлғайды, ол банкте жеңіл сатылатын активтердің барын көрсетеді;

  • қысқа мерзімді өтімділік коэффициентінің мәні 0.06 пунктке азайды және 0.4 нормасында 1.12-ні құрады. Бұл қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеудің жақсы мүмкіндігі бар екенін көрсетеді;

  • жеке капиталдың жинақталу коэффициентінің мәні 0.36 құрады және 0.33 құраған өткен жылдың коэффициентімен салыстырғанда 0.03 пунктке жылдамдығы артты. Бұл жылдамдық ұйым акционерлерінің қаражатын пайдаланудың тиімділігінің артуына көз жеткізеді.

  • Ағымдағы активтердің жинақталу коэффициентінің мәні 0.24-ден 0.28-ге дейін 0.01 пунктке өзгерген, бірақ осы коэффициенттің мәні де осында, себебі ағымдағы активтердің жинақталу коэффициенті дербес және оны оптималдық деңгейде ұстау қажет. Ағымдағы активтердің айналым жылдамдығын сипаттайды;

  • Ағымдағы міндеттемелердің кірістілік коэффициентінің мәні 0.73-тен 0.67-ге дейін 0.06 пунктіне ұлғайған. Кәсіпорынның ұзақ мерзімді төлем қабілеттілігін сипаттайды.

Осылайша, 2004 жылы “Тұран Әлем Банкі” ААҚ-ның өтімділігі мен төлем қабілеттілігінің көрсеткіші 2003 жылмен салыстырғанда ұлғайған, Банктің өскен табысымен, ағымдағы активтермен байланысты, дәлірек айтсақ Банктің жаңа қызметтерінің нәтижелілігі артты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет