Бірінші бөлім бойынша тұжырым
Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру жолдарының теориялық және эмпирикалық әдебиеттерін талдай отырып келесі тұжырымды жасауға болады. Кәсіби құзыреттілік – бірқатар ғылымдар, атап айтқанда педагогика, философия, психологияны зерттейтін күрделі құбылыс болып табылады. Педагог – ғалымдардың әдістемелік талдауларына сүйене отырып, кәсіби құзыреттілік ұғымын мемлекеттік білім беру стандарттарының мазмұнын ескере отырып, жалпы білім, білік және қабілеттер жиынтығы деп қарастыруға болады.
Қазақстан ғалымдарының білімгерлердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздеріне байланысты еңбектеріне жан – жақты талдау жасалды. Талдау нәтижелерінен бұл жқмыстарда жоғары оқу орнындағы болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігі, жас мамандардың кәсіби педагогикалық қызметке бейімделуі, болашақ педагогтардың әлеуметтік құзыреттілігінін қалыптасуы мен әлеуетін дамытуды, студенттердің ақпараттық мәдениетін жетілдіру, құзырлылық білім сапасының критерийі екендігі, білімгерлердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру әдістері мен мәселелері, кәсіби білім берудің педагогикалық және технологиясының танымдық дағдылары мен негіздерін қалыптастыру талқыланды. Сондай-ақ, ресейлік және шетелдік ғалымдардың жұмысында оқытушының кәсіби құзыреттілігінің құрылымдық компоненттері, кәсіби дағдыларды қажет ететін дағдылар зерттеледі және құзыреттілікті жеке – психологиялық дағдылары дербестік, тәртіптілік, коммуникабельділік және өзін – өзі дамыту деп түсіндіреді.
Болашақ биолог мамандарын кәсіби даярлауда білім беру бағдарламасының маңыздылығына байланысты 6В01509 – Биология мамандығы бойынша жалпы білім беру бағдарламасына жалпы сипаты берілді. Кәсіби құзыретті қалыптастыруда оқу нәтижесінің университеттің оқу үдерісінің құрылымына әсері, бағдарламада әр циклдегі пәндердің қалыптастыратын құзыреттілік және туындайтын құзыреттер жұмыс берушілердің түлектерге қоятын талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Оқушылардың кәсіби іс-әрекетінің міндеттеріне және пәндік құзіреттіліктің мазмұнына байланысты кәсіби қызметтің жобалық, құрылымдық, ұйымдастырушылық, коммуникативті және зерттеу компоненті анықталады. Биология мұғалімінің кәсіби қызметінің ерекшеліктері, кәсіби міндеттерін шешу кезеңдері қарастырылды.
Болашақ биолог мұғалімдердің дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін оқыту негізінде кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық – мазмұндық моделі ұсынылды. Ұсынып отырған модел ЖОО биолог мұғалімдерді даярлау талаптарына cәйкec жасалынды. Құрылымдық – мазмұндық моделде білім мазмұнымен танысу, зерттеу нәтижелерін оқу үрдісіне енгізу әдicтepi мeн тәсілдері, білім деңгейлері мен компоненттері айқындалып, жалпы жоспарланған сапалы нәтижеге жету жолдары жан – жақты көрсетілген.
«Білімгерлердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми – теориялық нeгiздepі» атты бірінші тарауда білімгерлердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың мәні мен ғылыми – педагогикалық негіздері және кәсіби қызметінің міндеттері мен пәндік құзыреттілік мазмұны, білімгерлердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру деңгейлеріне қойылатын талаптар ұсынылды.
Осылайша, кәсіби құзыреттілік – бұл кәсібилікті толық және жан – жақты сипаттайтын өлшегіш, индикатор, кәсіби деңгейдің сандық – сапалық көрсеткіші, күрделі, көп өлшемді категория деп қорытынды жасауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |