3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042-14-4-02-01-20\26


Гальванизация – бағыты, кернеуі, күші тұрақты болып келген тоқпен организмге әсер ету. Қолданылатын құрал АГН 1, АГН-2



бет5/5
Дата09.06.2016
өлшемі471 Kb.
#124682
1   2   3   4   5
Гальванизациябағыты, кернеуі, күші тұрақты болып келген тоқпен организмге әсер ету. Қолданылатын құрал АГН 1, АГН-2.

Электрофорез – дәрілерді ион түрінде теріге зақым келтірмей денеге енгізу.

Фарадей – тоғымен емдеу - жиілігі төмен айнымалы тоқпен емдеу. АСМ-2 құралы қолданылады.
Дарсонваль – тоғымен емдеу- өте жоғары жиілікті және жоғары кернеулі, күші әлсіз тоқпен әсер ету. Қолданылатын аппарат «Искра -2».

Диатермия – организмнің ұлпаларымен мүшелерін жоғары жиіліктегі тоқ арқылы қоздыру.

Хирургиялық диатермия – жоғары жиіліктегі тоқты қолдану арқылы ұлпаларды қосу. Электродесикация, электротомия кезінде қолданады.

Ультрожоғары жиіліктегі тоқпен емдеу – ұлпаларға УЖЖ тоқтың элетромагниттік өрісімен әсер ету тәсілін айтады.

Қолданылатын құралдар УВЧ – 66 және УВЧ-300.



Ультра дыбыспен емдеу – 20000 ГЦ жоғары дыбысты пайдалануды айтады. Қолданылатын құралдар – УПП, ВУД.

Жарық сәулесіменжәне электр тоғымен емдеу.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді хирургиялық ауруларды емдеу кезінде жарық және электротерапия құралдарын таныстыру қолдануға үйрету.
Жарық сәулесімен емдеу үшін табиғи және қолдан жасалған аппараттар арқылы алынатын жарық сәулелерінің энергиясы қолданылады.

Жарық энергиясы дегеніміз ауасыз кеңістікте 300 000 км/сек жылдамдықпен тарайтын сәуленің энергиясы. Оның негізінде тербелу жиілігі мен ұзындығы әртүрлі электромагниттік толқын жатыр. Толқын ұзындығын өлшеу үшін колданылатын өлшемдер:



  • микрон = 0,001 мм;

  • m/микрон = 0,001 микрон;

  • ангстрем = 0,1 m/микрон.

Жарықтың негізін түсіну үшін Нъютонның корпускулярлық теориясын (бөлшектердің ағымы), Гюгенстің теориясын (толқын ағыны), жарықтың түзу сызықпен таралу заңын, жарықтың дифракциялық қасиетін (қарсы кедергіден айналып өтуі), интерференциясын (сәулелер қабаттасқанда оның күшеюі, не әлсіреуі), фотоэффект құбылысын (заттардан электрондардың жұлынып алынуы), квант теорияларын жақсы білу керек.

Міне осыларды ескерсек, онда жарық дегеніміз кеңістікте электромагниттік толқын заңымен тарайтын бөлшектердің ағымы.

Толқын ұзындығы 759 m/микрон мен 400 m/микрон аралығындағы жарық көзге көрінетін сәуле деп аталады. Егер күн сәулесін призма арқылы өткізсек, онда экранда тоқын ұзындығы әртүрлі 7 түсті спектрді байқаймыз. қызыл – 759 m/микрон, қызғылт – 650, сары – 590, жасыл – 527, көгілдір – 486, көк – 434 және күлгін – 400 m/микрон.

Жарық организмге тері және көру аппараты арқылы әсер етеді. Оның биологиялық әсері терімен, оның астындағы тіндермен және нерв талшықтарымен сіңірілгенде ғана білінеді. Әсіресе белсенді әсер ететін – ультракүлгін сәулесі.

Ветеринарияда алғашқы көмек көрсеткенде қолданылатын дәрілік заттар

Залалсыздандырғыш және паразиттерге қарсы қолданылатын – дәрілік заттар: кальции хлориді, калии перманганаты, формалин, этакридин, пиоктанин, креолин, карбол қышқылы және т.б.

Тапсырма №1 Сутегі қос тотығының теріге әсерін бақылау.

Тапсырма №2 К перманганаты ертіндісін (1 : 1000) дайындау.

Сульфаниламид препараттары – стрептоцид, стрептомицинифталозол, норсульфазол, сульфадемитоксин және т.б.

Тапсырма № 1. Препараттармен танысу.

Антибиотиктер – пенициллин, стрептомицин, биомицин және т.б.

Тапсырма №1. Пенициллин мен новокаин ертіндісін дайындау.

Тітіркендіргіш заттар – скипидар, аммиак, қызыл және сары сынап, қыша және т.б.

Тапсырма №. Белок пен танинді тұндыру.

Тұтқырлағыш және адсорбциялық заттар – танин, емен қабығы, ағаш көмірі және мал көмірі, т.б.

Ас қорытуды жақсартатын заттар- ермен, түймедақ шөбі, тұз қышқылы және т.б.

Іш жұмсартқыш заттар – натрий сульфаты, магний сульфаты, пилокарпин.

Антигельминтиктер – пиперазин, фенитиозин, камала және т.б.

Дене қызуын төмендететін және ревматизмге қарсы қолданылатын дәрілік заттар – амидопирин, фенацетин, ацетилсалицил қышқылы және т.б.

Ауырсынуды басатын дәрілік заттар – опии, новокаин, анальгин, және т.б.

Тапсырма № 1. Новокаиннің әсерін бақылау.

Наркотикалық эәне ұйықтатқыш дәрілік заттар – хлоралгидрат, этанол т.б.

Жүрекке – арналған дәрілік заттар – ландыш, кофеин, камфора, горицвет және т.б.

Дәрілік заттардың түрлерін дайындау жолдары


  1. Ертінділер – стерильді ерітінді дайындау.

  2. Эмульсия.

  3. Микстура – анықтама беріңіз.

  4. Тұнба – түймедақтың (20 г) және су )200 мл) тұнбасын дайындаңыз.

  5. Майлар – бор қышқылы және вазелиннен май түрін дайындаңыз.

6. Линимент – сұйық немесе іркілдек тәрізді, жануарлардың дене температурасында еритін, сыртқы ағзаларға қолдануға арналған дәрілік зат формасы.

7. Ұнтақтар – құрғақ, сусымалы дәрілік зат формасы.

8. Болюстер және пилюлялар – қатты және сұйық заттардан дайындалады.

ТАҚЫРЫБЫ: Жұқпалы емес аурулар кезінде алғашқы ветеринариялық көмек көрсету

Сабақтың мақсаты: Студенттерді ауруларымен таныстыру, тиімді емдеу түрін қолдануға үйрету.

Диспансеризация – дені сау, сапалы өнімді, конституциясы қолайлы, организмдегі зат алмасу деңгейі жоғары малдар тобын құру үшін жүргізілетін диагностикалық, емдік және сақтық шараларының жоспарлы жүйесі.

Диспансеризацияның теориялық негізі – организм мен сыртқы ортаның біртұтастығын қағидалайтын жалпы биологиялық заң болып табылады. Ол заң бойынша топырақтағы, онда өсетін өсімдіктегі және ол өсімдікпен қоректенетін мал организміндегі зат алмасу процестерінің өзара байланысы келтірілген.

Малдәрігерлік тәжірибеде диспансеризация алғаш рет Қызыл әскер бөлімдерінің малдәрігерлерінің жылқы малдарын күнделікті клиникалық тексеруден өткізуінен басталады (И.Г.Шарабрин және басқалар).

Ал диспансеризацияны мал шаруашылығына еңгізу сол кездегі ауылшаруашылық министірінің ғылыми-техникалық кеңесінің шешімі бойынша, Қазан ветеринарлық институтының ғалымы Х.Г.Гизатуллиннің ұсынысымен, 1957 жылы басталды. Ол ұсынысқа сәйкес диспансеризация негізгі және негізаралық болып екіге бөлінеді. Негізгі диспансеризация жылына екі рет: жазғытұрым - мал жайылымға шығарда және күзде – мал қыстаққа қойыларда, ал негізаралық – жыл тоқсанында бір рет жүргізіледі.

Диспансеризация үш этаптан тұрады:



  1. Диагностикалық;

  2. Емдеу;

  3. Аурудан сақтандыру.

Диагностикалық этапта қаралатын мәселелер:

  1. Шаруашылықтағы малдарды пайдалану жөнінде анализ (тұқымы, өнімі, жасы және т.б.);

  2. Малдарды азықтандырудың анализі (азықтың сапасы, азықтандыру деңгейі, берілетін уақыттары);

  3. Малдарды күтіп-бағу тәртібі (қоражайы, желдеткіштің бар-жоғы, еденінің жағдайы, серуендетуді ұйымдастыру, ультракүлгін сәулесі, жарықтың мөлшері және т.б.);

  4. Нақтылы деректерге сүйене отырып малдардың организміндегі зат алмасу процесінің деңгейін анықтау;

  5. Табындағы малдың синдроматикасын анықтау. Оны бақылау тобындағы малдарды жан-жақты клиникалық-биохимиялық зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып жүргізеді.



Жануардың диспансерлық картасы

Лақап аты, ені, таңбасы, реттік саны___________________ Жасы ________

Жынысы__________________ тұқымы ________________ Түсі мен ерекшеліктері _______________



Зерттеудің күні

күлілігі

Клиникалық зерттеудің қортындылары























































Бақылау сұрақтары


  1. Күйіс қайыратын малдардың ас қорыту жүйесіндегі ерекшеліктер қандай?

  2. Стоматит кезінде қандай алғашқы малдәрігерлік көмек көрсетесіз?

  3. Тимпания дегеніміз не? Емдеу жолдары қандай?

  4. Шаншулар кезінде қандай малдәрігерлік көмек көрсетесіз?

  5. Атония, гипотония дегеніміз не?

  6. Өңештің бітелуі кезінде қолданылатын зондтардың түрлерін атаңыз?

  7. Гастроэнтериттің шығу себептерін, емдеу жолдарын атаңыз?

  8. Диспепсия дегеніміз не, емдеу жолдары қалай?

  9. Травматикалық ретикулит кезіндегі алғашқы малдәрігерлік көмек көрсету жолын атаңыз? Аурудың барысы қандай?

  10. Ас қорыту жүйесі ауруларының алдын алу шаралары.

ТАҚЫРЫБЫ: Тыныс алу жолдарының аурулары бар малдарға алғашқы мал дәрігерлік көмек көрсету.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді тыныс алу жолдарының ауруларымен таныстыру, тиімді емдеу түрін қолдануға үйрету.
Жұқпалы емес аурулар ішінде тыныс алу жолдарының аурулары жиі кездеседі. Ауруға негізгі себеп болып, малдың азықтануы мен күтімінің дұрыс болмауы, сыртқы ортаның факторлары, микрофлораның әсері табылады.

Бақылау сұрақтары


  1. Тыныс алу жолдарының қандай ауру түрлерін білесіз?

  2. Этиологиясы.

  3. Тыныс алу жолдары аурулары кезінде қандай алдын алу шараларын жүргізуге болады?

  4. Ринит дененіміз не? Сипаттама беріңіз.

  5. Тыныс алу жүйесі қызметінің жеткіліксіздігі қандай белгілермен сипатталады?

  6. Бронхопневмония кезінде қандай алғашқы мал дәрігерлік көмек көрсетесіз?

  7. Тыныс алу жолдарының ауруларын емдеген кезде қандай дәрілік препараттар қолданасыз?

  8. Эмфизема кезіндегі алғашқы мал дәрігерлік көмек қандай?

  9. Өкпе ателектазы дегеніңіз не?

  10. Крупозды пневмония қай мал түрінде кездеседі?

ТАҚЫРЫБЫ: Инфекциялық ауруларда алғашқы ветеринариялық көмек көрсету

Сабақтың мақсаты: Студенттерді індетті ауруларды анықтауға, алдын-алуға үйрету және жүргізілетін мал дәрігірлік шаралармен таныстыру.

Құралдармен жабықталуы: биопрепараттар (туберкулин, бруцеллин), қайшы, шприц, ине, йод, ерітіндісі және т.б.

Сабақтың жүргізілу: студенттерді биопрепараттармен таныстырып, індетті ауруларды анықтау әдістемелерін оқытушы көрсетеді.

Ауруды дұрыс анықтау үшін көптеген диагностикалық зерттеулер жүргізіледі: оны білу әр бір маманның міндетті. Індетті ауруларды анықтау барынында сол аймақта кездесетін індетті ауруларды білген жөн.

Бруцеллезді аллергиялық жолмен анықтау спецификалық аллергенді енгізу кезіндегі ауру мал организмінің оған жауап беруіне негізделген.

Бруцеллинді енгізгеннен кейін нәтіжесін 42-48 сағат соң анықтайды.

Аллергенді қолдану арқылы туберкулездің кез келген формасын, клиникалық белгілерінің бар- жоқтығына қарамастан анықтауға болады. Ауыл шаруашылық малдарына аллерген ретінде туберкулинді қолданады. Туберкулиндеуге 2 айлық жастағы барлық малдардың төлдерін жібереді

Індетті ауруларды анықтауда зертханалық әдістемелердің, атап айтқанда бактериалогиялық, серологиялық, биологиялық зертеулердің маңызы өте зор.

Ауру қоздырғышын анықтау үшін зертханаға патологиялық материал- қан, әр түрлі ақпалар, мүшелер, өлексе жіберіледі.

Бактериалогиялық әдіс дайындалған препаратты микроскоп арқылы тексеру және қөректік ортаға материалды себу арқылы жүргізіледі.

Серологиялық әдіс қан сары суындағы спецификалық қарсы денелерді немесе спецификалық қан сары суы арқылы антигенді анықтауға негізделген.

Биологиялық әдіспен зерттеу кезінде зерттелетін материалды сезімтал жануарға енгізеді.


Тақырыбы: Уланған малдарға алғашқы ветеринариялық көмек куөрсету

Азықпен улануды анықтауда төмендегі кестеге көңіл бөлген жөн:

1.Аурудың аяқ астынан,кенеттен пайда болуы және бірден көп бас малды қамтуы.

2.Аурудың малды тамақтандырғаннан кейін немесе жайылымда пайда болуы.

3.Аурудың пайда болған уақыты.

4.Аурудың азықтың ауысуымен сәйкес келуі.

5.Ұқсас аурудың басқа шаруашылыққа бар жоғы.

6.Азық пен судың сапасы.

7.Малдардың улы заттарға бару,оларды жеу мүмкіншілігі.

Мал азықпен уланғанда:



  1. Удың консентрациясын азайту;

  2. Уды сыртқа шығару;

  3. Уды организмде ісінуін тоқтату;

  4. Антидоттарды қолдану;

Удың концентрациясын азайту үшін су береді, сүт береді, адсорбциялық заттарды береді.

Уды сыртқа шығару үшін іш өткізгіш заттарды, құстырғыш заттарды, зонд арқылы уды сыртқа шығару.

Удың организмде ісінуін тоқтату үшін кілегей заттарды, жұмыртқа, сүт, айран, активті көмір.

Антидот дегеніміз уға қарсы дәрілік заттар. Олар удың химиялық бұзылысын бұзып, сыртқа шығарады және интотоксиннің әсерін азайтып улылығын төмендетеді.

Ішектерді тазарту үшін іш өткізгіш заттар корбалин тұзы, фенофталин, магний сульфат береді. Майлы заттар бермейді.

Адсорбциялық заттарды ағаш көмір, суға езіп, дозасы 20 грам 1л 1-2 сағаттан соң іш өткізгіш заттарды береді.

Гипертоникалық натрий хлорид су керек болғанда береді, зат алмасу процесін жақсарту үшін.

Жүрек қан тамыр орталықтарын, жұмысын жақсарту үшін кофейін, камфора береді. Гастроэнтеритті жақсарту үшін пепсин фермент береді. Орталық нерв жүйесін жақсарту үшін тыныштандыратын препараттар береді.

Күре тамырға изотоникалық ерітіндісін береді.

Бауыр жұмысын, ұйқы безінің гормонын жақсарту үшін инсулин береді.

Организмде өте көп токсин болады, шығару үшін кальций хлорид 40 %-і, глюкоза 10 % - і береді бауыр қызметін жақсарту үшін.

Антибиотиктерді береді бүйрек жұмысын жақсарту үшін.

1.Организмге улы заттың түсуін тоқтату күдікті азықты бермеу,малды ашықтыру диетасына көшіру,суды ішкенінше беру.Су организмдегі удың концентрациясын азайтып,тезірек сіңуіне әсер етеді.Сондықтан жылы суға көмір араластырып(1 литр суға малдың 100 кг салмағына есептегенде 40-50г көмір) бергеннің нәтижесі жақсы.

2.Асқазанды (алдыңғы қарыншақтарды)удан тазалау.Шошқаларды,иттерді құстыру (тері астына вератрин 0,01-0,03г 5мл спиртте,апоморфин); зонд арқылы жылы сумен жуу,уды қайтаратын дәрілер (антидоттар),сіңіргіш заттар (танин,белсендірілген көмір,сүт,белокты су-1стақан суға тауықтың бір жұмыртқасының белогын ерітеді,кілегейлі қайнатынды,емен қабығының,жапырағының,шалфей шөбінің және т.б.)

3.Ішектерді улардан тазалау іш өткізетін тұздар беру (жасанды карловар тұзы,күкірт қышқыл магний тұзы англия тұзы және т.б.) кілегейлі тұнбалар беру,клизма арқылы тазалау,уды сіңіргіш дәрілер ақ балшық,күйдірілген магнезий және т.б.

4.Қанға сіңген улардан организмді тазалау несеп шығаратын (меркузал,диуретин,йодты калий препараттары),тер шығаратын дәрілер беру,қан ағызу.

5.Уланудың даму сатысына байланысты қолданылатын емдер организмнің резистенттік қабілеттілігін арттыру,нерв, дем алу,қан айналу,зат алмасу процестерін реттейтін емдеу әдістерін қолдану.

6.Уланудың белгілеріне қарсы күрес.

Уланулардың аяқ астынан,кенеттен болуына және бірден көп бас малдың ауруына байланысты шаруашылықтардағы емдеу дәріханаларында улануға қарсы қолданылатын аспаптар мен дәрі дәрмектердің қорлары жеткілікті болулары керек.Ондай керекті дәрі дәрмектерді әр жердің де жағдайына байланысты мал дәрігерлері күні бұрын анықтап қояды.Айына бір рет оларды тексеріп,толықтырып отырады.

«Ауруды емдеуден гөрі,оның алдын алу әлдеқайда тиімді» деген қағида улану ауруларына дәл айтылған ба дейсің.Шынында да алдын ала барлық жағдайды ескергенде,улануды болдырмауға малдәрігерлердің толық мүмкіншіліктері бар.Ол қандай шаралар,соған тоқталайық.

1.Малдардың азықтарын дайындау және оларды дұрыс сақтау техналогиясын қадағалау.

2.Малдарды дұрыс азықтандыру.Улы химикаттармен ластанған азықтарды

3.Жайылым мен суаттардың жағдайларын үнемі тексеріп отыру.Әрбір шаруашылықтың жайылымы жөнінде карта кестенің болуы.

4.Жайылымдағы,жалпы шаруашылық шекарасындағы улы өсімдіктерді жоюды ұйымдастыру.

5.Малшылардың,бақташылардың,жалпы мал күтіміне қатасты адамдардың арасында улы өсімдіктер,жалпы уланудың ерекшеліктері және олардан сақтандыру шаралары туралы үгіт насихат жұмыстарын жүргізу.

6.Улы химикаттарды,тыңайтқыштарды сақтау жөнінде агрономдармен байланыста болу.Олардың дұрыс сақталуын қадағалау.

7.Улы заттар сақталған ыдыстармен,тасылған көліктермен малдардың азығын тасымалдамау.

8.Малдәрігерлердің өсімдік қорғау станциясымен,қоғамдарымен тығыз байланыста болуы.

9.Әсіресе тұқымдарды өңдегенде өте сақ болу,уландырылған тұқымның мал азығына кетіп қалмауын қадағалау.

10.Жаңадан алынған мал азығын мұқият тексеруден өткізу (ГОСТқа сәйкестігі,паспопттың болуы).Күдікті азықты бақылау тобындағы малдарға аздап беріп тексеру.

11.Малдардың минералды,витаминді,азықтармен толық қамтамасыз етілуін қадағалау.

12.Малдәрігерлері өздеріне қарасты малдар жайылатын жерлердің өсімдіктерінің құрамын, азықтардың ботаникалық сипаттамасын тексеріп,біліп отыруға міндетті.Улы өсімдіктердің гербарийлерін дайындап,оларды көрнекті жерде ұстаулары керек.Олардың қысқаша сипаттамасы болғаны дұрыс.

Құнарсыз,бұзылған,көгерген,жағымсыз иісті,түсі өзгерген тамақтарды малдарға беруге болмайды.Оларды мұқият тексеруден өткізіп өңдегеннен кейін,малдәрігерлерінің рұқсатымен ғана малдардың рационына кіргізуге болады.

Қолданылған әдебиеттер

8 ӘДЕБИЕТТЕР
НЕГІЗГІ:


  1. Б.К. Ілиясов. Алғашқы ветеринариялық жәрдем. (Оқу құралы). Алматы. 2011 жыл.

ҚОСЫМША:

  1. К.Н. Қожанов., Г.Н. Тойкина «Малдың азықтан уланулары». (Оқу құралы). Семей. 2011 жыл.

3. К.Н. Қожанов «Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары» (Оқу құралы). Семей. 2005 жыл

4. К.Н. Қожанов. «Ветеринариялық фармакология» (Оқу құралы). Алматы. 21008 жыл.

5. Б.К Ілиясов. «Ветеринариялық хирургия». (Оқу құралы). Алматы. 2008 жыл.

6. Мағаш Аятқанұлы. Мал акушерлігі және көбею биотехнологиясы. (оқу құралы). Павлодар. 2006. 253 бет.


7. С.В. Тимофеев. «Общая хирургия животных». (Учебник для ВУЗ). Москва. «Зоомедлит». 2007 г.

8. К.Н. Қожанов., С. К. Қожанова «Фитотерапия». (Оқу құралы). Алматы. 2007 жыл.

9. М. Сабаншиев. «Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары. (Оқулық). Астана. 2011 жыл.
10. Журнал «Ветеринария» Россия. Мерзімді басылым.(Университет кітапханасының оқу залы)
11. Журнал «Ветеринария» Қазақстан. Мерзімді басылым.(Университет кітапханасының оқу залы)
12. Журнал «Ветеринар» Россия. Мерзімді басылым.(Университет кітапханасының оқу залы)
13. Журнал «Ветеринария газеті» Қазақстан, Россия Мерзімді басылымдар.(Университет кітапханасының оқу залы)
АЛҒАШҚЫ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ КӨМЕК ПӘНІНІН БАҚЫЛАУСҰРАҚТАРЫ
1. Ветеринариялық реаниматология туралы түсінік.

2. Көмекей мен кеңірдекке бөге зат тұрып қалғанда алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсету

3. Алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсеткенде судың қолданылуы.

4. Алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсеткенде сиырды және жылқыны бекемдеу тәсілдері.

5. Пневмоторакс, алғашқы ветеринарлық жәрдем

6. Алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсеткенде оттегін қолдану.

7. Алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсеткенде итті, қоянды және тауықты бекемдеу тәсілдері.

8. Жұтқыншақ пен өңешке бөге зат тұрып қалғанда алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсету

9. Алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсеткенде клизма қою.

10.Әртүрлі жануарларға алғашқы ветеринариялық жәрдем көрсетудің техника қауіпсіздігі

11. Тимпания (іш кебу), алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсету.

12. Алғашқы ветеринариялық жәрдем көрсеткенде компресс қою

13. Жануарларды клиникалық әдіспен зерттеу

14. Күйіс қайыратын малдардың қарнының гипотониясы мен атониясы, емі.

15. Алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсеткенде банкі қою.

16. Алғашқы ветеринариялық жәрдем көрсеткенде қолданылатын құралдар

17. Плевросинтез, қолданылуы, техникасы

18. Алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсеткенде суық басып емдеу

19. Ветеринариялық құралдарды залалсызандыру

20. Қынаптың түсуі, емі

21. Алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсеткенде ыстық басып емдеу.

22. Жарақаттар түрлері, себептері

23. Жатырдың түсуі, емі

24. Алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсеткенде қышамен емдеу.

25. Ашық механикалық жарақаттар, емдеу

26.Төлдеу (туу) уақыты созылғанда алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсету

27. Алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсеткенде балшықтармен емдеу


  1. Тесілген жарақат, емдеу ерекшеліктері

  2. Төлдің туу жолына дұрыс келмеу себебінен мал туа алмағанда алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсету.

  3. Алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсеткенде парафинмен емдеу.

31. Жарақаттан қан ағу, түрлері

32. Туғаннан кейінгі парез және оны емдеу

33. Алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсеткенде жылқының асқазанына зонд енгізіп емдеу


  1. Қан ағуды тоқтату әдістері

  2. Шудың уақытында түспеуі және алғашқы ветеринарлық жәрдем

  3. Алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсеткенде сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу

  4. Қансырау және коллапс кезінде алғашқы ветеринариялық жәрдем көрсету

  5. Зәр шығару жүйесі аурулары кезіндегі алғашқы ветеринарлық жәрдем (нефрит, пиелонефрит)

  6. Алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсеткенде құстың жемсауына зонд енгізіп емдеу.

  7. Алғашқы ветеринариялық жәрдем көрсеткенде қолданылатын дәрілер

  8. Уроцистит, алғашқы ветеринарлық жәрдем

  9. Алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсеткенде қуыққа катетр енгізіп емдеу.

43. Алғашқы ветеринариялық жәрдем көрсеткенде дәрілерді қолдану тәсілдері.

44. Қуық спазмасы (тұтылуы), алғашқы ветеринарлық жәрдем

45. Күйген малға көрсетілетін алғашқы ветеринарлық жәрдем


  1. Қабыну және оны емдеу.

  2. Жануарлардың ас тұзымен улануы, емі

  3. Операция жасағанда дәрігердің қолын дайындау.

  4. Жарақаттарды емдеуде новокаин блокадасын қолдану

  5. Сауынды сиырлардың мочевинамен улануы, алғашқы ветеринарлық жәрдем

  6. Операция жасайтын аймақты дайындау

  7. Жабық механикалық жарақаттар және оларды емдеу.

  8. Малдардың құрамында нитраттар мен нитриттер бар азықтармен улануы, алғашқы ветеринарлық жәрдем

  9. Малдарды операцияға дайындау.

  10. Хирургиялық инфекциялық аурулар, емдеу

  11. Малдар мен құстардың зең саңырауқұлақтармен залалданған азықтармен улануы, алғашқы ветеринарлық жәрдем

  12. Пішуден кейінгі асқынуларда алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсету.

  13. Электр тогымен зақымдалғанда алғашқы ветеринариялық жәрдем көрсету.

  14. Малдардың өсімдіктерді техникалық өңдеу барысында алынған азықтардан улануы, алғашқы ветеринарлық жәрдем

  15. Жануарларға оқ тигенде алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсету

  16. Жануарларды ыстық соққанда, күн өткенде алғашқы ветеринариялық жәрдем көрсету

  17. Малдардың улы өсімдіктермен улануы және оған алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсету

  18. Алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсеткенде қолданылатын таңу материалдары

  19. Алғашқы ветеринариялық жәрдем көрсеткенде жансыздандыру жасау

  20. Инфекциялық ауруға шалдыққан жануарларға алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсету

66. Алғашқы ветеринариялық жәрдем көрсеткенде наркоз беру
67. Инвазиялық ауруларға шалдыққан малдарға алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсету

68. Сынықты емдеу



69. Уақытша қан тоқтату әдістері.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет