3 деңгейлі смк құжаты поәК поәК 042-18-38


Зертханалық жұмысты қорғау бойынша бақылау сұрақтары



бет25/25
Дата09.07.2016
өлшемі2.77 Mb.
#186758
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Зертханалық жұмысты қорғау бойынша бақылау сұрақтары:

1.Жылу алмасу ұғымына анықтама беріңдер.

2.Меншікті жылу сыйымдылық дегеніміз не?

3.Калориметр деген не?



«Металдардың молярлық жылусыйымдылығын салыстыру»

Зертханалық жұмысты орындауға жіберу бойынша бақылау сұрақтары:

1.Молярлық жылусыйымдылық дегеніміз не?

2.Металдардың молярлық жылу сыйымдылығын қандай формуланың көмегімен анықтайды?

Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау

1.Таразының көмегімен калориметрдің және мыс, темір, алюминий денелердің массаларын өлшеңдер. Өлшеу нәтижелерін есеп беру кестесіне (1-кесте) енгізіңдер.

2.Денені ыдыстағы қайнап жатқан суға батырыңдар.

3.Калориметрге бөлме температурасындағы 100 см3 суды құйып, судың, калориметрдің температурасын өлшеңдер.

4.Калориметрге 1000С-қа дейін қыздырылған мыс денені салып, жылулық тепе-теңдік орнағаннан кейінгі температураны өлшеңдер.

5.Калориметрдегі суды алмастырып, осы тәсілмен алюминий және темір денелермен тәжірибені қайталаңдар.

6.Жылу баланысының теңдеуін пайдаланып, үш дененің әрқайсысының су мен калориметрге берген жылуларының мөлшерін есептеңдер:

мұндағы -калориметр массасы, -калориметр дайындалған заттың меншікті жылусыйымдылығы, -калориметрдегі судың массасы, -судың меншікті жылусыйымдылығы, мен -су мен калориметрдің бастапқы және соңғы температуралары.

7.өрнегін пайдаланып мыстың, темірдің, алюминийдің молярлық жылусыйымдылығын есептеңдер.

8.Жүргізілген өлшеулердің қатесін бағалаңдар (17-кесте).


17-кесте

Зат

Дененің массасы m, кг

Калориметрдің массасы mк, кг

Су мен калориметрдің бастапқы температурасы t1

Жылулық тепе-теңдік-тің орнығуы кезіндегі температура Ө, 0С

Дене температурасы-ның өзгерісі Δt=1000-Ө

Дененің берген жылу мөлшері ΔQ, Дж

Заттың молдік массасы, М, кг*кмоль-1

Заттың жылусыйымдылығы С=ΔQM/mΔT,Дж*град-1*кмоль-1

Мыс

























Темір

























Алюминий



























Зертханалық жұмысты қорғау бойынша бақылау сұрақтары:

1.Жылу мөлшеріне анықтама беріңдер.

2.Меншікті жылусыйымдылық дегеніміз не?

3.Молярлық жылусыйымдылықты есептеу формуласын көрсетіңдер.


ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ № 10-11

ТАҚЫРЫБЫ: «Электродинамика бойынша лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (2 с.)

Мақсаты: Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Тізбек бөлігі үшін Ом заңын тексеру», «Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау», «Электр тізбегін жинау және оның әртүрлі бөлігіндегі ток күшін, кернеуді өлшеу»

Зертханалық жұмысты орындауға жіберу бойынша бақылау сұрақтары:

1.Өткізгіштерді параллель жалғағанда ток күші неге тең болады?

2.Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда кернеу неге тең болады?

3.Өткізгіштерді параллель жалғағанда эквивалентті кедергі неге тең болады?

4. Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда эквивалентті кедергі неге тең болады?

Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау

1. Кедергісі 20 Ом резисторды пайдаланып, 25-суретте көрсетілген сызбаны жинаңдар.




25-сурет
2.Реостаттың тетігін ортасына қойыңдар.

3.Ток күші мен кернеуді өлшеп, кестеге жазыңдар.

4.Кедергі шамасын есептеңдер.

5.Реостаттың қалпын өзгертіп, ток күші мен кернеуді өлшеңдер.

6.Тәжірибені бірнеше рет қайталаңдар.

7.50 Ом және 100 Ом кедергілі резисторлармен алмастырып, тәжірибені қайталаңдар.



26-сурет
18-кесте


«Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау»

8.Кедергілері және резисторларды пайдаланып, 27-суретте көрсетілген сызбаны жинаңдар.




27-сурет
9.Ток күшін және А және В нүктелері арасындағы кернеуді өлшеңдер.

10.Эквивалентті кедергінің мәнін есептеңдер

11. Кедергілері және резисторларды пайдаланып, 28-суретте көрсетілген сызбаны жинаңдар.


28-сурет

12. Ток күшін және А және В нүктелері арасындағы кернеуді өлшеңдер.

13. Эквивалентті кедергінің мәнін есептеңдер

Зертханалық жұмысты қорғау бойынша бақылау сұрақтары:

1.Егер кедергілері 100 Ом екі резисторды тізбектей жалғасақ, эквивалентті кедергі неге тең болады?



2.Егер осы резисторларды параллель жалғасақ, онда эквивалентті кедергі неге тең болады?




ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ № 12-13

ТАҚЫРЫБЫ: «Электр және магнетизм бойынша виртуалды лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (2 с.)

Мақсаты: Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Электр тогының қуаты мен жұмысын өлшеу», «Ток көзінің ЭҚК және ішкі кедергісін анықтау», «Электромагниттік индукция құбылысын зерттеу», «Электромагнитті жинау және оның әсерін тексеру»

Зертханалық жұмысты орындауға жіберу бойынша бақылау сұрақтары:

1.Электр тогының қуатын қандай формуламен есептеуге болады?

2.Қуаттың өлшем бірлігі қандай?

3.Электр тогының жұмысы қалай есептеледі?



Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау

1.Амперметр мен вольтметр шкалаларын қарап, бір бөліктің құнын есептеңдер.

2.Электр тізбегін сұлба бойынша жинаңдар. (29- сурет ).

3.Тізбекті тұйықтап, қыздыру шамының қосылу уақытын белгілеңдер.

4.Вольтметрдің көрсетуін жазыңдар.

29-сурет 30-сурет


5.Тізбекті ажыратыңдар да, қыздыру шамының сөну уақытын белгілеңдер.

6.Қуатты P=I∙U формуласы бойынша есептеңдер.

7.А=P∙t формуласы бойынша жұмысты есептеңдер, мұндағы t қыздыру шамының жану уақыты.

8.Барлық өлшеулер мен есептеулерді кестеге жазыңдар.

18-кесте

I, А

U, B

t,с

P, Вт

A, Дж

Тұтынушы
















Эл.шамасы

...


Вт

9.Қорытынды жасаңдар.



Зертханалық жұмысты қорғау бойынша бақылау сұрақтары:

1.Амперметр тізбекке қалай жалғанады?

2. Ток күшінің өлшем бірлігі?

3.Электр тогының қуатын қандай формуланың көмегімен есептейді?


ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ № 14-15

ТАҚЫРЫБЫ: «Оптика. Кванттық физика бойынша виртуалды лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (2 с.)

Мақсаты: Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Жинағыш линзаның оптикалық күші мен фокус қашықтығын анықтау», «Судың сыну көрсеткішін анықтау», «Жазық пластиналардың көмегімен шынының сыну көрсеткішін анықтау», «Жарықтың интерференциясы мен дифракциясын бақылау», «Дифракциялық тордың көмегімен жарық толқынының ұзындығын анықтау».

Зертханалық жұмысты орындауға жіберу бойынша бақылау сұрақтары:

1.фокус аралығы ұғымына түсініктеме беріңдер.


Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау

1.Фокустық қашықтығы 5 см линзаны алыңдар.

2.Линзаны экраннан 10 см қашықтыққа орналастырыңдар.

3.Жарық көзін экраннан 5 см қашықтықта орналастырыңдар.

4.Экранда анық кескін пайда болғанда жарық көзін қозғаңдар.

5.Алынған мәліметтерді кестеге жазыңдар.



31-сурет
19-кесте


6.Фокустық қашықтығы 3 см линзаны алыңдар.

7. Жарық көзін экраннан 30 см қашықтықта орналастырыңдар.

8.Линзаны экраннан 15 см қашықтыққа орналастырыңдар.

9.Экранда анық кескін пайда болғанда линзаны қозғаңдар.

10.Алынған мәліметтерді кестеге жазыңдар.

Зертханалық жұмысты қорғау бойынша бақылау сұрақтары:

1.Жарық көзі линзадан 20 см қашықтықта орналасқан, линзаның фокустық қашықтығы 7 см тең. Кескін анық болуы үшін линзаны экраннан қандай қашықтықта орнаастыру керек?

2.Жарық көзін экраннан 50 см қашықтыққа жылжытуға болады. Жоғарыда көрсетілген әдіспен қандай максимальды фокустық қаштықты өлшеуге болады?
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

5.1. Физикадан 7-9 сыныптардың күнтізбелік жоспарын жасау.

5.2 Физикадан 10-11 сыныптардың күнтізбелік жоспарын жасау.

5.3. Өз қалауымен алынған сынып бойынша бір сабақтың жоспарын жасау (7-11 сынып).

5.4. Физика есептерін шығару (сапалық, сандық, графиктік, эксперименттік) сабағының жоспарын жасау.

5.5 Есеп шығару сабақтарында электронды-оқытушы бағдарламаларды қолдану.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет