3 дәріс Ландшафттың динамикасы және дамуы Мақсаты



Дата18.04.2024
өлшемі142.5 Kb.
#499203
3 лекция


3 дәріс Ландшафттың динамикасы және дамуы


Мақсаты: Ландшафттың қалай және неге өзгеретінін анықтау.


Геожүйелер бөліктері арасындағы өзара байланысулар мен өзара әрекеттесулер мәні бұнда болып жатқан заттық – энергиялық алмасуда жүреді, бұнда сонымен қатар энергия, хат пен ақпараттардың трансформациясымен қатар жүреді. Ландшафт өзгереді, яғни антропогендік нәтижелердің әсерлерінен бұрынғы құрылымын жоғалтады немесе өзіндік даму процесі әсерінен жаңадан құралады. Ландшафттың өзгеруі өзіне келесіні қосады: ландшафттың іске асуы – ландшафттың жаңа сапасы пайда болмай өзгеруі (мезгілдік процесс); ландшафттың динамикасы – ландшафттың жеке компоненттерінің өзгеруі, оның құрылымының өзгеруінсіз (сукцесияның ауысуы); ландшафттың дамуы – ландшафт құрамының өзгеруі ғана емес, оның құрылымы ландшафттың бір түрінен екінші түріне ауысуы. Функциялау (іске асу) – орын ауыстыру процесінің жиынтығы, заттардың ауысуы және трансформациясы, геожүйедегі энергия және ақпарат (А.Г.Исаченко, 1991). Ландшафттың функциялау (іске асу) әртүрлі ағады және ландшафтқа түсетін күн сәулесінің энергиясы және ылғалға тәуелді, кеңістікте және уақытта өзгереді. Ландшафттың функциялау (іске асу) энергияның босауы, жинақталуы, өзгеруі, сіңуімен бірге жүреді. Негізгі энергия көзі - күн энергиясы. Энергия алмасудан басқа ландшафтатағы негізгі функционалдық тізбектері болып - ылғал айналымы, биогеохимиялық айналым, ауа алмасу, гравигендік ағымдар болып саналады. Ландшафттың динамикасы уақыт және кеңістікте көрінеді. А.Г.Исаченко бойынша ландшафттың динамикасы - барлық қайтарылатын өзгерістерінің жиынтығы. Ландшафттың динамикасы оның табиғи компоненттері арқылы көрсетіледі. Ландшафттың динамикасы оның тұрақтылығымен байланысты. Ландшафттың тұрақтылығын оның әр тұрлі әсерлерден құрылымды сақтау қасиетін немесе немесе бұзылғаннан соң бұрынғы қалпына келуін түсінеді. 14 Ландшафттың тұрақтылығы және геожүйе мәселесі 20 ғасырдың 60-70 жылдары антропогендік қызметіндегі нәтижесінде геожүйенің бұзылу салдарынан пайда болды; Сочава В.Б., Крауклис А.А., Арманд А.Д., Дончев А.В., Звонков Т.В., Глазовский М.А., Пузачено Ю.Г., Емельянов А.Т. және т.б. ғылыми еңбектерінде қарастырылды. Ландшафттың тұрақтылығының қамтамасыздыруында жеке компонентердің рөлі бірдей емес. Бұл қайтарылмайтын өзгертулермен бірге жүреді, бұл ландшафт құрылымының ауысуына әкеледі. Ландшафттың дамуы сыртқы (ғарыштық, тектоникалық, антропотехногендік, эволюциондық) және ішкі (абиотикалық және биотикалық компоненттердің бір-біріне әсер етуі) факторларға байланысты. Өзіндік даму – бұл ландшафттың прогрессивті өзгеруі, ішкі қарсыласушылықтармен анықталады. Негізгі қарсыласушылық биотикалық және абиотикалық факторлардың арасында болады. Даму процесінде ландшафт 3 кезеңнен өтеді: құрылу, тқрақтану және жаңару (Г.С.Макунин,1987). Ландшафттың даму механизмі жаңа құрылымдағы элементтерінің жиналу санынан құралады. Құрылымның өзгеру кезінде уақыт геожүйе рангісіне байланысты. Табиғи кешен қазіргі заманға жақын құрылымға ие болғанда және сол уақыттан бастап бұл құрылымда іске асатын уақыт - ландшафттың жасы деп атайды (В.А.Николаев, 1976). Жастың орнатылуы және ландшафттың құрылған уақыты күрделі процесс. А.Г.Исаченконың бойынша, ландшафттың жасы оның зональді типі пайда болғаннан бастап саналады. Ендік және қалыпты ландшафттармен салыстырғанда қазіргі кездегі субэкваториалдық және экваториалдық ландшафттар үлкен жаспен ерекшеленеді. Ландшафттың даму және құрылу тарихын, оның жастарын білу, бұлардың даму заңдылықтары мен қазіргі замандағы тенденцияларды анықтауға және ландшафттық болжауды дайындауға мүмкіндік береді.

Өзін өзі тексеруге тапсырмалар:


1. Ландшафтағы негізгі өзгеру түрлерін атап, оларға қысқаша мінездеме беріңіз.


2. Қандай геожүйе тұрақтылығының көрсеткіштері бар?
3. Қандай ландшафттар үлкен жасымен ерекшеленеді?
4. Не үшін ландшафттың құрылған тарихын және дамуын білу керек?


Әдебиеттер: 2,7.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет