№3 дәріс тақырыбы: Заманауи дене шынықтыру және спорт саласындағы маманның қызметіне қойылатын талаптар Жалпы «мамандық»



бет5/6
Дата02.11.2022
өлшемі0.82 Mb.
#463881
1   2   3   4   5   6
3-дәріс

БІЛУІ КЕРЕК:
  • - ақпаратты компьютерлік әдіспен жинау, сақтау және өңдей отырып, бұл біліктіліктерді өзінің кәсіби қызметінде пайдалану;
  • - шет тілдердің бірінен лексикалық минимумды меңгере отырып, диалог, әңгімені жалпы және кәсіптік сипатта жүргізуі, дене шынықтыру мен спорт саласындағы әдебиеттерді аудара алуы;
  • - дене шынықтырудың жалпы және ерекшелік қызметтері, дене шынықтырудың қоғамдағы әртүрлілігі мен құрылымы, дене тәрбиесінің негізгі жақтарының мақсатқа бағытталуы;
  • - дене шынықтырудың бала тәрбиесі жүйесіндегі мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалар, жастар, орта және егде жастағы адамдарды тәрбиелеудегі рөлі;
  • - спорттың мәні, оның қызметі, түрлері, қоғамдағы қызмет ету жағдайлары, даму бағыттыры, спорттық дайындық және жарыстар жүйесінің негіздері, спортшыларды көпжылдық дайындаудың негізгі сатылары мен кезеңдері;
  • - дене шынықтыру мен спорт туралы теориялық зерттеулерді қорытындылау логикасын, ғылыми - зерттеулерге деген жалпы ғылыми және бірлескен көзқарасын ;
  • - дене шынықтыру сабақтарының медициналық - биологиялық және психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері, мектептердегі көпшілік және базалық спорт түрлерін жетілдіру;
  • - дене шынықтыру мен спортты басқарудың жүйелері, қызметтері, теориялық, эономикалық, құқықтық және ұйымдастыру негіздері, дене шынықтыру мен спортты ғылыми тұрғыда басқару мектептері және оның қазіргі модельдері;
  • - спорт түрлеріне арналған кешендер мен дене шынықтыру қондырғыларын құру ұстанымдары, теориялық негіздері, жоспарлауды есептеу және орналастыру туралы;
  • - қазіргі кәсіби спорттық құқықтық негіздері мен даму ерекшеліктерін;
  • - қазақ халқы мен басқа халықтардың этнопедагогикасы мен этнопсихологиясын;

ІСКЕРЛІГІ БОЛУЫ КЕРЕК:
- әр түрлі жастағы және жыныстағы тұлғалардың денсаулығын ғылыми әдістемелік тұрғыдан негіздеу, жоспарлауң бақылау және дене тәрбиесі процесін, спорттық дайындық деігейін (дене, әдәс, тәсілдік, психологиялық және қызметтік) басқару, сыртқы ортаның түрлі жағдайларындағы спорттық біліктіліктерін байқау;
- жоғары спорттық нәтижелерді, дененің жоғары жұмыс қабілеті мен денсаулыққа зиянсыз және спортшылар ағзасын үйрету тетіктерін бұзбай, ағзаның қор мүмкіндіктерін жетілдіруге қол жеткізу;
- дене шынықтыру қозғалысының түрлі буындарында ұйымдастыру - көпшілік жұмыстарын іске асыру;
- дене шынықтыру мен спорт бойынша ғылыми және бағдарламалық - әдістемелік қамтамасыздықтың дамуына басшылық жасау;
- салауатты өмір салты мен дене шынықтыру және спортпен шұңылдануды насихаттау;
- дене шынықтыру мен спортты басқарудың түрлі деңгейінде менеджмент пен маркетингті ғылыми тұрғыда ұйымдастыру;
- педагогикалық ғылыми зерттеулер жүргізу, кешендік бақылау көрсеткіштерін бағалау, математикалық статистикалық педагогикалық -психологиялық және медициналық биологиялық зерттеу әдістері арқылы өлшем нәтижелеріне талдау жасау;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет