3 Дәріс Тіл – таңбалық жүйе. Жалпы семиотика және лингвосемиотика. Табиғи және жасанды тілдер



бет2/4
Дата26.09.2022
өлшемі191.56 Kb.
#461348
1   2   3   4
3 Дәріс 3

Жалпы лингвистикадағы көптеген шығармаларда айқын немесе жасырын түрде қабылданған тілдік таңба туралы ілім өз бастауын Ф. де Соссюрден алады. Сондай ­ақ, Ф. де Соссюрдің таңба табиғаты кездейсоқ деген қағидасының айқын көрінісі болмаса да, ол ешкімнің тарапынан дау туғызбайтын қарапайым ақиқат ретінде қабылданды. Бұл тұжырым тез арада мойындалды. Таңбаның табиғаты немесе тілдің қасиеттері жөніндегі кез келген әңгіме тілдік таңбаның кездейсоқ сипаты туралы мәлімдеме жасаудан басталады. Бұл ұстанымның маңызды болуы соншалықты, лингвистиканың қай қырын сараласақ та ол алдымыздан шығады да отырады. Осы ұстанымға барлығының сілтеме жасауы фактісі және оның әрдайым көзге ұрып тұрған факт ретінде қабылдануы – Соссюрдің өзі оны қай мәнде ұғынғанын және дәлел ретінде келтірген деректерінің табиғатын түсінуге итермелейді.

  • Жалпы лингвистикадағы көптеген шығармаларда айқын немесе жасырын түрде қабылданған тілдік таңба туралы ілім өз бастауын Ф. де Соссюрден алады. Сондай ­ақ, Ф. де Соссюрдің таңба табиғаты кездейсоқ деген қағидасының айқын көрінісі болмаса да, ол ешкімнің тарапынан дау туғызбайтын қарапайым ақиқат ретінде қабылданды. Бұл тұжырым тез арада мойындалды. Таңбаның табиғаты немесе тілдің қасиеттері жөніндегі кез келген әңгіме тілдік таңбаның кездейсоқ сипаты туралы мәлімдеме жасаудан басталады. Бұл ұстанымның маңызды болуы соншалықты, лингвистиканың қай қырын сараласақ та ол алдымыздан шығады да отырады. Осы ұстанымға барлығының сілтеме жасауы фактісі және оның әрдайым көзге ұрып тұрған факт ретінде қабылдануы – Соссюрдің өзі оны қай мәнде ұғынғанын және дәлел ретінде келтірген деректерінің табиғатын түсінуге итермелейді.

Таңба және тілдік таңба ілімінің тарихына қысқаша шолу


Таңба терминін алғаш рет философ Джон Локк қолданды.
XX ғ. Басында таңбалық жүйені зерттеудің 3 аспектісін көрсеткен алғашқы ғалым Ф.де Соссюр болды.
XIX ғ. В.фон Гумбольдтың «Тіл философиясы» пәні пайда болғанға дейін таңбалық жүйелер туралы әртүрлі пікірлер болды.
Ал кез келген таңбалық жүйені зерттейтін ғылымды «семиотика» деп алғаш атаған американ математигі – Чарльз Пирс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет