3 Диофантты теңдеулерді шешу Олимпиада есептерін шығару


Сыныбы 10 Пән мұғалімі Сейілбекова С



бет3/3
Дата16.06.2016
өлшемі438.53 Kb.
#139241
1   2   3

Сыныбы 10

Пән мұғалімі Сейілбекова С


Түсінік хат
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі-оның қоғамдық өмірінде әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының , ресми құжаттардың тілі бір жүйеге келіспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет қарымы төрісін кеңейте алмайды.

Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы зор.Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын,ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпаратттың табылмас қайнар көзі болады. Құжаттар фактілерді, оқиғаларды,қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады.

Іс қағаздары – басқару қызметіндегі негізгі бір сала.Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдері, басқару істері,атқарған қызметтері іс қағаздарынан айқын көрінеді.

Сондықтан халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру, оны ұйымдастыру деңгейін котеру онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне тікелей байланысты.Іс қағаздарын жүргізу-басқару процесінің ажырамас бөлігінің түбірі болып табылады. Мекемелер арасындағы ақпарат алмасу хат, жеделхат,телефонхат сияқты құжаттар арқылы жүргізіледі. Үкіметтің басқару істері жарғы, қаулы, нұсқау,ереже арқылы іске асады.Іс

қағаздарын жүргізу - мекеме жұмысының нақты құжаттармен ,деректермен реттелген, дәйектелген жүйесі.

Құжаттау дегеніміз кез келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін құжаттарды жасау, толықтыру.Бұған дайын құжаттармен жұмыс та, сондай-ақ оларды қабылдау

тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу, орындалуын бақылау, құжаттарды қолдануға дайындау, архивке дайындау сияқты толып жатқан жұмыстар кіреді.

Адам өмірі де құжаттармен тікелей байланысты. Адам дүниеге келгенде оған алғашқы құжат- тууы туралы куәлік жазылады. 16 жасқа келгенде жеке басын растайтын құжат-жеке куәлік алады.Мектепті бітіргендігі –орта білім туралы аттестатпен расталады. Жоғарғы оқу орнын бітірген шақта диплом береді. Жұмысқа орналасу барысында да өтініш, түйіндеме, жеке іс парағы т.б. іс қағаздарын жазады. Ал еңбек жолын бастағандығы еңбек кітапшасына жазылады..Өмірдің түрлі жағдайында сенімхат қолхат жазуға, еңбек келісімін жасауға, өмірбаян мен мінездеме жазуға, жеделхат, телефонхат,факс жіберуге тура келеді.

Іс қағаздарын қазақша жүргізу- мектепте таңдау курсы ретінде оқытыла бастады. Бұл курстың міндеті:

1.Іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екенін ұғындыру;

2. Іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екенін таныту;

3. Іс қағаздарын жүргізудің тарих, саясаттану, архив ісі, тіл білімі, педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету;

4. Мемлекетіміздің арқа сүйер болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне олардың өз септігін тигізуін қамтамасыз ету;

5. Олардың түрлері, лексикасымен таныстыру.




Курстың мақсаты:


  • Сөз мәдениетінің негіздерін таныту

  • Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру

  • Әлеуметтік- тілдік дағдыларын қалыптастыру

  • Іс қағаздарының үлгілерін сауатты жазуға дағдылану

  • Тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге үйрету, интеллектуалдық, коммуникативтік қабілеттерін арттыру.


Күтілетін нәтиже:

  • Оқушының сөз мәдениеті деңгейін көтере отырып, жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыру, іс қағаздарын сауатты толтырып, тиімді пайдалану.


Пән аралық байланыс:

  • Әдебиет, қазақ тілі, орыс тілі.


Курсты ұйымдастыру формасы:


  • Лекция, практикалық тапсырмалар, іздену, өз бетінше жұмыс.



Іс қағаздарын жүргізу Х «А» сынып

(Бағдарлы таңдау курсы аптасына 1 сағат)
І тоқсан



Сабақтың тақырыбы

Сағат

Саны


Күні

1.

Қазақ тілі- ҚР-ның мемлекеттік тілі

1




2.

Стиль және оның түрлері

1




3.

Ауызекі сөйлеу стилі

1




4.

Көркем әдебиет стилі

1




5.

Ресми іс қағаздар стилі

а) қатынас қағаздары

ә) кеңселік іс қағаздары

б) іскерлік іс қағаздары



1




6.

Қызметтік хаттар туралы

1




7.

Өмірбаян, арыз

1




8.

Сенімхат, қолхат

1




9.

Мінездеме, түсініктеме

1





ІІ тоқсан

1.

Стилистика және оның түрлері

1




2.

Резюме, визит карточкалары

1




3.

Өтініш хат, ресми хат, ұсыныс хат

1




4.

Сұраныс хат,баяндау хат,жолдама хат

1




5.

Құттықтау хат,ақпарат хат,жеделхат

1




6.

Циркулер хат,телефон хат

1




7.

Қайталау

1





ІІІ тоқсан

1.

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, байланысу тәсілдері

2




2.

Бұрыштама,бұйрық,бұйрықтан көшірме

1




3.

Хаттама, хаттамадан көшірме

1




4.

Еңбек келісімі,тізімдік есеп

1




5.

Аванстық есеп. Мәлімдеу

1




6.

Өтініш

1




7.

Шығармашылық жұмыс

1




8.

Септік, жіктік категориясы

1




9.

Қайталау

1





ІV тоқсан


1.

І сапар куәлігі

1




2.

Ішкі тізімдеме,кассалық кіріс ордері

1




3.

Сенімхат, анықтама

1




4.

Демалыс билеті, кету қағазы

1




5.

Арыз акт.

1




6.

Телефонмен сөйлесу, бұйрық түрлері

1




7.

Бұйрық түрлері

1




8.

Шығармашылық диктант

1





Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. «Іс қағаздарын қазақша жүргізу оқу құралы»

Л. Дүйсембекова. «Алматы» 2005



  1. «Ресми іскери қазақ тілі»

А. И. Алдашева, Д.Х. Ақанова, З.Қ. Ахметжанова,

Қ.Қ. Қадешова, Ә.Д. Сүлейменова.

Алматы «Арман» баспасы 2002



  1. «Қазақ тілі ІХ сынып» Р.Әмір, М. Атабаева.

«Мектеп» баспасы 2005
4. Бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары

Оқушылардың бейімін анықтау мақсатында психолог мамандармен көп жұмыстар атқарылады. Және әр түрлі тақырыпта сауалнамалар алынып,сараптама жүргізіледі. Мысалы 5-6 сыныптар бойынша оқушылардың қандай сабақтарға қызығушылығы күшті, қандай пәндерді қызыға оқитындығын анықтау мақсатында алынды.

Нәтижесінде :

5-сыныптарда 96 оқушы оқиды .Қызығушылығы жоғары пәндерді пайызға шаққанда:




6-сыныптарда 90 оқушы бар


7-8 сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін, ақыл- ой даму деңгейін, бейімділіктерін анықтау, пәндер бойынша білімдерін анықтау мақсатында тест алынды. 8 сынып бойынша барлығы 102 оқушы оқиды.Тест 20 сұрақтан қарастырылған.Тест қорытындысы бойынша балл деңгейі 20- ға дейін баруы мүмкін.Қорытынды сан жоғарылаған сайын тұлғаның ақыл – ой дамуы да жоғары деңгейде.Қатысушы 8 «А» сынып бойынша оқушылардың 72% жоғары деңгейде, 28 % орта деңгейде екенін көрсетті.8 «Ә» сынып бойынша оқушылардың 65 % жоғары деңгейде, 35 % орта деңгейде.

8 «Б» сынып бойынша оқушылардың 68 % жоғары деңгейде, 32 % орта деңгейде екеніндігін көрсетті.

9 сынып оқушыларының кәсіби бағыт-бағдарының қалыптасуын бақылау мақсатында «Мен және менің өмірлік жоспарым» атты сауалнама алынды. Сауалнама бойынша оқытудың маңыздылығы мен ұнамды тұстарын анықтау, оқу пәндерінің қажеттілігі, 10-сыныпты қай бағытта жалғастырғысы келеді атты сұрақтар ұсынылды. Сұрақтар бойынша оқушылар әрбір пунк бойынша қалауларынша белгі қойып, өздерінің бағыттарын көрсетті. 9-сыныпта оқитын 119 оқушыдан сауалнама алынды. Сауалнама 5 сұрақтан тұрады.

Сауалнама қорытындысы :



1. 9-сыныптан соң не істейсің ?


10-сынып

Өзге мектеп

Арнаулы орта

Шешілген жоқ

50

3

39

25


2. Өзіңді табу үшін қай пән маңызды ?


Ағыл.

Хим.

Физ.

Мат.

Әдеб.

Тар.

Құқ.

Инф.

Би.

Гео.

Эк

Қаз.т

25

30

24

17

16

32

19

15

23

9

7

18



3. Қай пән саған көбірек ұнайды


Ағыл.

Хим.

Физ.

Мат.

Техн.

Әдеб.

Сызу

Тар.

Құқ.

Инф.

Би.

Гео.

Эк

Қаз.т

26

23

16

12

6

22

8

30

21

17

17

14

6

27


4. Қай оқу пәнін жақсы игересің ?

Ағыл.

Хим.

Физ.

Мат.

Техн.

Әдеб.

Тар.

Құқ.

Инф.

Би.

Гео.

Эк

Қаз.т

35

16

19

12

3

27

28

11

25

6

13

8

30



Қоғамдық- гуманитарлық бағыты

Жаратылыстану-математика бағыты

54 қушы

65 оқушы
5.10- сыныпта қай бағытта оқисың?


Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыты бойынша төмендегі курстар жүргізіледі

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт






Жаратылыстану - математика






1.Әлем әдебиеті

2.Іс-қағаздарын жүргізу

3.Қазіргі заманның қазақстан тарихы

4.Тіл біліміне кешенді талдау

5.Сыр өңірінің тарихи -мәдени ескерткіштері

6.Картография негіздері

7.Экономика және қаржы

8.Выразительное чтение






  1. Олимпиада есептерін шығару(мат.)

  2. Күрделі есептерді шығару (физ)

  3. Тест есептерін шығару(мат.)

  4. Flash технологиясы

  5. Химия- тіршілік негізі

  6. Картография негізі

  7. Экономика және қаржы

  8. Лексика и фразеология (рус.яз)

Аталған курстар жоғары деңгейде жүргізіліп, оқушылардан тоқсан сайын сынақ алынып отыр.Қолданбалы және таңдау курстары бойынша оқушылардың білім деңгейі төмендегі үлгіде бағаланып, мониторингі шығарылып тұрады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет