Терең жарылымдар – жер қыртысының ірі
блоктарының бір-бірімен жапсарласу өңірінен көрініс бере
отырып, оларды бір-бірінен дербестейтін, сөйтіп __________жер
қыртысының көлденең қимасын, кейде тіпті оның табанымен
астаса дəнекерленген литосфералық мантия қабатын тілгілеп
өтетін арнаулы белдем. Жалпы алғанда, терең жарылым
байырғы жыртылу жігі болып табылады, сондықтан осы жік
бойымен дараланған (дербестелген) қапталдардың қозғалыс
бағытына қарай оларды ығыспаларға, қаусырмаларға,
лықсымаларға, бастырмаларға т.с.с. жатқызуға болады. Алайда
терең жарылым бір ғана сызықпен белгіленетін жəй ғана
жарық емес, ол ұзақ қашықтықтарға созылатын, тереңдігі де
айтарлықтай жəне ені жүздеген м-мен, тіпті бірнеше немесе
ондаған км-мен өлшенетін шын мəніндегі белдем болып
табылады. Терең жарылымдардың жоғарыда аталған өлшемдері
кең аралықта өзгереді жəне олар көбінесе нақ осы өлшемдік
көрсеткіштеріне қарай жіктемеленеді.
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
80
Терең жарылымдардың негізгі жіктемесі олардың тереңдік
көрсеткіші тұрғысынан жасақталған. Бұл көрсеткіші
тұрғысынан терең жарылымдар үш типке жіктеледі, олар –
«аса терең жарылымдар» (бүкіл литосфера қимасын тілгілей
отырып, 400-700 км тереңдіктерге кетеді), «байырғы терең
жарылымдар» (100-300 км) жəне «қыртыстық жарылымдар»
(жер қыртысының қимасын ғана тілгілеп өтеді, яғни тереңдік
көрсеткіші 40-75 км-ден аспайды). Терең жарылымдардың
екінші жіктемесі олардың қандай құрылымдық элементтерді
бір-бірінен оқшаулайтындығы тұрғысынан жасақталған. Бұл
тұрғыдан алғанда, терең жарылымдар «перимұхиттық
жарылымдарға» (континенттер мен мұхиттарды бір-бірінен
оқшаулайтын жарылымдар, мысалы – «Тынық мұхиттың отты
шығыры»), «перикратондық жарылымдарға» немесе «шеткі
тыртықтарға» (краевые швы) (кратондар мен қатпарлы
белдеулерді бір-бірінен оқшаулайды), «белдеуіштік
оқшаулаушы жарылымдарға» (жекелеген ойысымдарды
орталық массивтерден немесе жекелеген құрылымдық-
формациялық белдемдерді бір-бірінен оқшаулайды) жəне
«тасжақпараралық жарылымдарға» (төмен дəрежелі
тектоникалық құрылымдар ауқымында жиі ұшырасатын
шағын жарылымдар) жіктеледі. Бұл жіктеме де, сайып
келгенде, терең жарылымның өлшемдері тұрғысынан
жасақталған, яғни «перимұхиттық жарылымдар»
жалпыпланеталық масштабты иелене отырып, жүздеген км
тереңдіктерге кететін болса, «тасжақпарлық жарылымдар»
ондаған, əрі кеткенде жүздеген км-ге созыла отырып, тек қана
жер қыртысының қимасын немесе оның беткі бөлігін ғана
«тілгілейді».
Жекелеген терең жарылымдар, əсіресе олардың ірілері
көп жағдайда біршама анық танымалданады, себебі олар жер
қыртысының «жыртылып босаңсыған» белдемдері ретінде бір
топ арнаулы белгілермен сипатталады. Терең жарылымдарды
геологиялық зерттеулер мен картаға түсіру жұмыстары
барысында жазбай тануға мүмкіндік беретін белгілер ретінде
төмендегі белгілерді атауға болады: а) «құрылымдық белгілер»
Геотектоника жəне геодинамика
81
– жарылым бойында байырғы жарықтардың жиілей түсуі жəне
сол өңірдегі қатпарлық дəрежесінің арта түсуі;
ə) «геофизикалық белгілер» – терең жарылымның қарама-қарсы
қапталдарына тиесілі литосфера қимасындағы тіректі
геофизикалық горизонттардың немесе жер қыртысы
қимасындағы танымал горизонттардың, мəселен, Конрад
шекарасы мен Мохоровичич шекарасының əртүрлі
тереңдіктерде орналасуы; б) «геоморфологиялық белгілер» –
терең жарылымдардың таулар ойпаттардың шекараларына
сəйкес келуі, оның екі жақ қапталындағы тегістелу бетінің
əртүрлі биіктіктерден көрініс беруі, өзен аңғарларының немесе
шағын көл тізбектерінің терең жарылым бойын қуалай
созылуы; в) «седименттік белгілер» – терең жарылымның екі
жақ қапталындағы таужыныстар кешенінің литологиялық
құрамы мен таскелбеттік (фациялық) сипатының өте анық
ерекшеленуі; г) «магмалық белгілер» – терең жарылымдар
бойына негізді жəне ультранегізді интрузиялық массивтердің,
гранитоид интрузияларының, көне жанартау орталықтарының,
гидротермалық өзгеріс белгілерінің көптеп шоғырлануы;
ғ) «гидрогеологиялық белгілер» – əлі де өз белсенділігін
тоқтатпаған терең жарылымдар бойына термалды су көздерінің
молынан шоғырлануы.
Терең жарылымдар жекелеген «жыртық» ретінде сирек
ұшырасады, əдетте əрбір терең жарылым бір-біріне бойлас
(параллель) созылған жарылымдар жүйесін құрайды. Ұзақ
қашықтықтарға сағаланатын осындай жүйелерді бүкіл планета
тұрғысынан саралау нəтижесінде геологиялық əдебиетте
«линеаменттер» деген термин қалыптасты. Линеаменттер –
дегеніміз жыртылыстармен, қатпарлықпен, жербедер
ерекшелігімен, жанартаулар əрекетімен т.с.с. сипаттала отырып,
ұзақ қашықтықтарға созыла сағаланатын жəне бүкіл планета
ауқымында жиі көрініс беретін терең жарылымдар жүйесі.
Мұндай жүйелерді бүкіл планета тұрғысынан саралау
барысында линеаменттердің негізінен төрт бағытта
созылатындығы анықталған, олар – ендік бағыт, меридиандық
бағыт, солтүстік-батыс–оңтүстік-шығыс бағыт жəне солтүстік-
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
82
шығыс–оңтүстік-батыс бағыт, яғни ендік жəне меридиандық
бағыттар, сол сияқты бұл бағыттарға ортогондық бағыттар.
Терең жарылымдар өздерінің тектоникалық табиғаты
тұрғысынан жыртылыс құрылымы болғандықтан олар
негізінен созылу аймағын белгілейтіндігі түсінікті. Олай болса,
континенттік литосфераның алғаш жыртылу орны, сөйтіп
«рифт» деп аталатын арнаулы тектоникалық құрылымның
қалыптасу орны нақ осы терең жарылымдар жүйесінің
қалыптасуынан, кейінірек терең жарылым енінің бірте-бірте
«кеңеюінен» басталады. Рифт (ағылшынның «шатқал» деген
сөзінен) – қалыптасу себебі жер қойнауларындағы кернеулермен
байланысты, сырт пішіні байырғы оларға, яғни шатқалдарға
ұқсайтын, енсіз, бірақ ұзынынан-ұзақ созыла сағаланатын
(ұзындығы, кем дегенде, жүздеген км, тіпті мыңдаған км)
тектоникалық құрылым. Континенттерді «жыртатын»
континенттік рифтілер осылайша «жыртылып оқшауланған»
қапталдарының бір-бірінен __________қашықтауы нəтижесінде
(континенттер дрейфі) аралық өңірде мұхиттық құрылым
қалыптасатын болады, сөйтіп континенттік рифт бірте-бірте
мұхиттық рифтіге айналады. Мұхиттық рифтінің одан əрі
жалғасқан əрекеті мұхит алабын бірте-бірте «кеңіте түседі», бұл
процесс спрединг процесімен орайлас өтеді. Континенттік
рифтілердің орташа ендік көрсеткіші əдетте 30-70 км
аралығында, кейде бұдан енсіздеу (мысалы, Өлі теңіз рифтісінің
ені 5-20 км аралығында). Континенттік рифтінің мұхиттық
рифтіге ауысу мысалы ретінде Қызыл теңіз түбіндегі рифтілік
құрылымды атауға болады, оның ендік көрсеткіші 200-400 км
аралығында.
Рифтілер жүйесінің қалыптасу ауқымында «горстлар»
жəне «грабендер» деп аталатын арнаулы құрылымдар
қалыптасады. Горст (немістің «қырат» деген сөзінен) – жер
қыртысының екі жағынан қаусырмалар (взброс) мен
лықсымалар (сброс) арқылы шектелген, өзін қоршаған
жазықтықпен салыстырғанда біршама көтеріңкі (жоғары)
орналасқан аудандары. Грабен – (немістің «ор» деген сөзінен) –
жер қыртысының екі жағынан лықсымалар (сброс), сирегірек
Геотектоника жəне геодинамика
83
қаусырмалар (взброс) арқылы шектелген, өзін қоршаған
жазықтықпен салыстырғанда біршама түсіңкі (төмен)
орналасқан аудандары. Горстлар мен грабендер көлденең
бағытта бір-бірін алмастырып отырады, олардың қимасының
сырт көрінісі кəдімгі баспалдақтарды еске салады (іркіс-тіркіс
сипатты иеленген). Əрбір горст мен грабен бір-бірімен тік
төмен кететін терең жарылымдар арқылы жапсарласады,
олардың баспалдақтарға ұқсау себебі сондықтан.
Рифтілер – созылу құрылымы, сондықтан олар литосфералық
тақталардың бір-бірінен ажырау өңірі ретінде аталған
тақталардың «дивергенттік шекаралары» рөлін атқарады.
Алайда құрылымның алғашқы даму сатыларында бір-бірінен
ажырап кеткен литосфералық тақталар кейінгі даму
сатыларында «қайтадан табысатындығы», яғни бір-бірімен
соқтығысатындығы белгілі, мұның нəтижесінде тақталардың
«конвергенттік шекаралары» пайда болады. Алайда бұл
шекаралар рифтілер сияқты жай ғана созылу аймақтары емес,
керісінше, ғаламат сығымдалу аймақтары болып табылады.
Сондықтан да ірі литосфералық тақталардың «конвергенттік
шекаралары» құрылысы өте күрделі, құрылымның бүкіл дамуы
барысында жаралып үлгерген бүкіл геологиялық формация-
лардың өте қарқынды қатпарлы-жамылғылы ____________деформацияға
ұшырап дербестелген жекелеген фрагменттерін (шет-
пұшпақтарын) «өз бойына жинақтаған» тұтас белдем
ретінде көрініс береді. Қатпарлы белдеулер ауқымында өзге де
формациялармен бірге офиолитті формацияның фрагменттерін
(шет-пұшпақтарын) көптеп кіріктіретін мұндай құрылымдық-
формациялық белдемдер «жапсаршорлы белдемдер» (шовные
зоны) немесе «сутуралар» деп аталады.
Жоғарыда қатпарлы деформация мен жыртылыс
деформациялары бір-бірімен тығыз байланысты екендігі
айтылды. Бұл екеуін де туындататын, сайып келгенде,
тектоникалық қозғалыстар, алайда жыртылыс
деформациялары, омырылмалы деформация өкілдері ретінде,
негізінен жер қыртысының беткі бөліктерінде кеңінен дамыса,
қатпарлы деформация, иілмелі деформация өкілі ретінде, жер
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
84
қойнауларының терең деңгейлерінде кеңінен етек алады.
Таужыныстардың қатпарлыққа ұшырауы осы процесс өтетін
деңгейлердің термодинамикалық көрсеткіштеріне (температура
мен қысым көрсеткіштеріне) жəне таужыныстың литологиялық
құрам ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Температура мен
қысымның жоғары мөлшерлері жағдайында таужыныстардың
риологиялық қасиеті (аққыштық қабілеті) артады, бұл олардың
жыртылуға емес, иілуге деген қабілетін арттырады. Осы
тұрғыдан алғанда, яғни жер қыртысының қимасында
термодинамикалық көрсеткіштердің жоғарыдан төмен қарай
бірте-бірте артуы тұрғысынан сол жер қыртысының қимасы
шартты түрде үш белдемге жіктелген, олар «эпибелдем»,
«мезобелдем» жəне «катабелдем» деп аталады.
Эпибелдем – жер қыртысы қимасының беткі бөлігін
қамтиды, оның төменгі жапсары шамамен 100° изотермаға
сəйкес келеді. Бұл белдем қимасындағы таужыныстар кешенінің
қатпарлану дəрежесі бірінші кезекте олардың литологиялық
құрам ерекшеліктерімен байланысты, термодинамикалық
жағдай əзірше шешуші рөл атқармайды. Бұл белдем қимасы
көбінесе метаморфтық өзгерістерге мүлдем ұшырамаған
платформалық тыс қабатынан, əртүрлі ойысымдар мен
аймақтық ойыстарды толтырған шөгінділерден, қалқандар
мен қатпарлы белдеулерге тиесілі тектоникалық
құрылымдардың беткі бөлігінен тұрады. Эпибелдемде
орналасқан таужыныстар кешенінің қимасында жыртылыс
деформациялары кеңінен етек алған, ал қатпарлық түрлерінен
негізінен «жамылғы қатпарлығының» түрлері мен «экзогендік
қатпарлық» өкілдері, сирегірек «созылымдық иілу қатпарлығы»
мен «көлденең иілу қатпарлығы» тəн.
Мезобелдем жер қыртысы қимасының температура
көрсеткіштері 100°-550° аралығындағы деңгейлерді қамтиды.
Эпибелдемнің мезобелдемге ауысу деңгейі кливаж процесінің
етек ала бастауымен белгіленеді. Кливаж (ағылшынның
«жарылу» деген сөзінен) – таужыныстардың бір-біріне бойлас
(параллель) бағытта кеңінен етек алған жарықтар бойымен
жүйелі түрде жаппай жарыла отырып, жеке-жеке тақташалар
Геотектоника жəне геодинамика
85
мен призмаларға даралану процесі. Сөз болған жарықтардың
кеңінен етек алуы тектоникалық кернеулердің таужыныстарға
тигізген біржақты əсерінен туындайды. Кливаждың көрініс
бере бастау деңгейі қатпарлы облыстар қимасында шамамен
6-9 км тереңдіктерде басталады. Мезобелдем қимасына тиесілі
таужыныстар кешені төмен дəрежелі метаморфизммен
(цеолиттік жəне жасылтасты фациялар) сипатталады, бұл
белдем қимасында омырылмалы жарылымдар тұтқыр
жарылымдарға ауысады. Мезобелдем деңгейлерінде белгілі бір
бағытқа созыла сағаланатын, еңістену бұрышы да бір бағытта
бағытталған қатпарлар ұшырасады, олардың __________ішінде
«созылымдық иілу қатпарлығы» шешуші рөл атқарады.
Катабелдем метаморфизмнің амфиболитті жəне
гранулитті фациялары жағдайында өзгерген таужыныстардан
тұрады. Бұл белдем деңгейіндегі температура мөлшері 550°-тан
жоғары болуы тиіс. Бұл деңгейге тиесілі таужыныстар кешеніне
тек қана «ағымдану қатпарлығы» тəн, себебі жоғары
температуралар мен қысымдар жағдайында таужыныстардың
тұтқырлығы айтарлықтай кеміп кетеді. Катабелдем деңгейінде
кливаж жаппай «кристалдық тақтатастану» процесімен
алмасады, жарылымдар түгелдей тұтқыр жарылымдар түрінде
көрініс береді.
3.4. Фиксизм жəне мобилизм, олардың ұқсастықтары
мен айырмашылықтары
Фиксизм – ұзақ уақыттар бойына геология ғылымындағы
басты парадигма рөлін атқарған геотектоникалық зерттеулер
бағыты. Фиксизмнің негізгі қағидасы кез келген геологиялық
зерттеу нысанының қазіргі таңдағы орналасу орны оның алғаш
түзілу (қалыптасу) орнына сəйкес келеді деп есептейді, яғни,
бұл тұжырымдамалар жиынтығына сəйкес, геологиялық
нысандар көлбеу бағытта жылжымаған, өздерінің қазіргі
орнында ұдайы сақталған, олар тек қана кезінде төмен қарай
ойысу нəтижесінде түзілген, кейінірек жоғары көтерілуі
нəтижесінде қатпарлы құрылымдарға айналған. Фиксизмнің
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
86
теориялық негізі ретінде «Геосинклиндер туралы ілім» аталады
(Геосинклиндер дамуының төрт сатысы тек қана жоғары-төмен,
яғни тік бағыттағы қозғалыстармен сипатталатындығы 4 дəріс
ауқымында айтылды).
«Геосинклиндер туралы ілімнің» талай геологиялық
процестердің туындау механизмін түсіндіріп бере
алмайтындығы (жоғары-төмен қозғалыстар табиғатын,
қатпарлықтың қалыптасу табиғатын, т.с.с.), сондықтан бұл
парадигма екінші планға ысырылып, геология ғылымына жаңа
парадигма келгендігі де жоғарыда сөз болды. Бұл парадигма
«Литосфералық тақталар тектоникасы (ЛТТ)» деп аталады, ал
осы тұжырымдаманың негізгі қағидаларын дəріптейтін
геотектоникалық зерттеулер бағыты мобилизм деген атауға ие.
Мобилизмнің фиксизмен басты айырмашылығы – бұл
геотектоникалық бағыт тектоникалық құрылымдарды
қалыптастырудағы негізгі рөлді көлбеу (горизонталь)
бағытталған тектоникалық қозғалыстар атқарады деп
есептейді, ал «Геосинклиндер туралы ілім» негізінен тік
бағытталған (жоғары-төмен бағытталған) қозғалыстарды
дəріптейтіндігі белгілі.
Геотектоникадағы __________мобилистік бағыттың негізін салушы –
неміс географы (метеорологы) Альфред Вегенер. Өзінің қысқа
ғана өмірін Гренландияның ауа райын зерттеуге арнаған
А.Вегенер 1910 жылы əлемнің физикалық картасына қарап
отырып, Атлант мұхитының қарама-қарсы жағалауларындағы
континенттер жиегінің (əсіресе Африка мен Оңтүстік
Американың) бір-біріне өте ұқсас екендігіне назар аударған.
Осы жайт аталған континенттердің көне геологиялық эралар
мен кезеңдерде тұтас материк құрағандығының, кейінірек олар
«быт-шыт боп жарылып», əртүрлі бағытқа көлбеу (горизонталь)
бағытта жылжып кетуінің нəтижесі болуы мүмкін-ау деген ой
А.Вегенрге осы мəселені одан əрі тиянақты түрде зерттей түсуге
түрткі болған. Мұндай зерттеулер Вегенрдің негізгі идеясы,
яғни континенттердің көлбеу бағытта жылжу идеясы шындыққа
расынан да жақын екендігін дəлелдеуге мүмкіндік берді.
А.Вегенер өз идеясының дұрыстығын дəлелдеу үшін төрт түрлі
Геотектоника жəне геодинамика
87
фактілер жиынтығын пайдаланды, олар: 1) жоғарыда
айтылғандай, Атлант мұхиты жағалауларындағы континенттер
жиегінің бір-біріне ұқсастығы, яғни оларды «қайтадан
жылжытып əкеліп» бір-бірімен қиюластырғанда расынан да
тұтас материк шығатындығы (3.10-суретке қараңыз);
3.10-сурет. Атлант мұхитының соңғы мезозой–кайнозой эраларында
ашылуы нəтижесінде ажырап кеткен континент бірліктерінің
жымдасуы, Э.Буллард ж.б., (1965) бойынша (В.Е.Хаин мен
М.Г. Ломизенің «Геотектоника с основами геодинамики»
оқулығынан алынды. Москва, 2005).
2) Атлант мұхитының жағалауларында орналасқан
Бразилия мен Африканың палеозойлық таужыныстарынан
табылған көне жəндіктердің бір-біріне түрлік ұқсастығы, мұның
өзі осы елдер орналасқан континенттер арасында палеозой
эрасында құрлықтық байланыс болғандығын, яғни олардың
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
88
палеозой эрасында мұхит алабымен дараланып жатпағандығын
дəлелдейтіндігі; 3) Африканың батыс жағалауында ендік
бағытта созыла сағаланатын Капа тауларының шығыс жақ бөлігі
Оңтүстік Американың шығыс жақ жағалауларында өз жалғасын
табатындығы; 4) бүгінгі таңда əртүрлі континенттер мен
аралдарда (Оңтүстік-шығыс Америкада, Африканың
оңтүстігінде, Мадагаскарда, Үндістанның оңтүстігінде,
Австралияның оңтүстік-батыс жиегінде, Антарктидада)
шашыранды түрде орналасқан көне (карбон-пермь
кезеңдерінің) мұзбасу «іздері__________» болып табылатын «мореналар»
деп аталатын арнаулы таужыныс түрлерінің аталған
континенттерді өзара қиюластырған жағдайда жып-жинақы
түрде оңтүстік полюс маңына «жинақтала қалатындығы»
(3.11-сурет).
3.11-сурет. Қазіргі кезде Жер шарының əртүрлі аймақтарында
шашыранды түрде орналасқан карбон-пермь кезеңдерінде болып өткен
мұзбасу іздері континенттерді Э.Буллард сұлбасына сəйкес
жымдастырған (қиюластырған) жағдайда оңтүстік полюс өңірінде
«жинақтала қалады». Бұл континенттер дрейфінің шындыққа
сəйкестігін дəлелдейді (А.Вегенер жорамалының 4- дəлелі)
Геотектоника жəне геодинамика
89
Аталған фактілерді жинақтай келе А.Вегенер өзінің əйгілі
болжамының негіздерін «Материктер мен мұхиттардың жаралу
тегі» деп аталатын тамаша еңбегінде жариялады (1915). Бұл
болжам кейінірек геологиялық əдебиетте «Вегенер болжамы
немесе «Континенттер дрейфінің болжамы» деген атауларды
иеленді.
Вегенер болжамының негізгі қағидалары мынадай.
Осыдан шамамен 250-300 млн жыл бұрын, яғни палеозой
эрасының аяқ шенінде Жер шарында жалғыз ғана алып материк
болған. Бұл материкті Вегенер «Пангея» деп атады. Пангея
материгінің жағалауларын жалғыз ғана көне мұхит сулары
шайып жатқан, бұл мұхит «Панталасса» деген атауды иеленді.
Палеозойдың карбон кезеңінің аяқ шеніне дейін өз тұтастығын
сақтаған осы алып материк кейінірек «быт-шыт боп жарыла
отырып», əртүрлі континенттерге дараланған. Осылайша
дараланған континенттер батыс бағытта немесе экваторға қарай
көлбеу (горизонталь) бағытта жылжуы нəтижесінде бір-бірінен
ажырай бастаған. Мəселен, тұрқы қазіргіден гөрі ұзынырақ
Үндістан түбегі Африка мен Австралия аралығынан «бөлініп
шығып», солтүстікке қарай «сапар шексе», бор кезеңінде
Африкадан «ажырасқан» Оңтүстік Американың батысқа қарай
жылжуы нəтижесінде Атлант мұхиты пайда болған. Гренландия
мен Норвегия өз тұтастығын «күні кешеге» дейін сақтаған,
бұлардың бөлінуі кайнозой эрасының төрттік кезеңінің басында
ғана жүзеге асқан, т.с.с. Қорыта айтқанда, Жер шарындағы
континенттердің бүгінгі орналасу реті олардың негізінен
мезозой жəне кайнозой эраларында көлбеу (горизонталь)
бағытта жылжуының нəтижесі. Бұл процестердің сұлбасы 3.12-
жəне 3.13-суреттерде көрсетілген.
А.Вегенердің «Континенттер дрейфі» идеясы 1915-1930
жылдар арасында кеңінен талқыланған, ол кездерде бұл идеяны
жақтаушылар да, оны қатаң сынға алушылар да көп болған.
Алайда аталған идея ресми геологиялық ғылым тарапынан
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
90
біржақты қолдау таппаған, оған себеп – Вегенер идеясына тəн
кейбір кемшіліктер болатын. Вегенер болжамының басты
кемшілігі екеу, олар: 1) Вегенер алып континенттерді мыңдаған км
қашықтықтарға «жылжытып жіберетін» күш табиғатын
түсіндіріп бере алмады, яғни континенттер дрейфінің көрініс
беру механизмі жауапсыз қалды; 2) Вегенер континенттердің
көлбеу (горизонталь) бағытта жылжу деңгейі Мохоровичич
шекарасына немесе Конрад шекарасына сəйкес келеді деп
мəлімдеді; бұл екі шекараның екеуі де қатты таужыныстардың
бір-бірімен жапсарласу шекаралары екендігін ескерсек
(литосфералық мантияға тиесілі ультрабазиттер мен
базальттардың шекарасы немесе базальттар мен граниттердің
шекарасы), қатты заттың бетімен екінші қатты денелердің
мыңдаған км қашықтықтарға жылжып кету мүмкіндігі жоққа
тəн екендігін түсіну қиын емес.
Осылайша ХХ ғасырдың 40 жылдарында мүлдем ұмыт
бола бастаған «мобилизм» идеялары сол ғасырдың 60 жылдары
қайтадан жанданып, арнаулы зерттеулер нəтижесінде
геологиядағы жаңа мобилистік парадигма – Литосфералық
тақталар тектоникасы (ЛТТ) тұжырымдамасы қалыптасты.
ЛТТ идеяларының туындауына ХХ ғасырдың 40-60
жылдары жаппай жүргізілген арнаулы геологиялық зерттеулер
түрткі болды. Мұндай зерттеулердің ішіндегі ең бастылары
екеу, олар – Əлемдік мұхит түбінің геологиялық жəне
геоморфологиялық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу жəне
таужыныстардың палеомагниттік қасиеттерін зерттеу. Осындай
зерттеулердің нəтижелері ЛТТ-ның ғылыми тұжырымдама
ретінде толық қалыптасуына жағдай жасады.
Геотектоника жəне геодинамика
91
3.12-сурет (Суреттің бас жағы, соңы жəне суретасты мəтін келесі
бетте)
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
92
3.12-сурет. К,Скотиз ж.б. бойынша (1988) алынып, азды-көпті
өзгертулер енгізілген соңғы палеозойлық Пангеяның бірте-бірте
ыдырау ретін көрсететін сұлба (суреттің соңы, бас жағы алдыңғы бетте)
(В.Е.Хаин мен М.Г. Ломизенің «Геотектоника с основами
геодинамики» оқулығынан алынды. Москва, 2005).
Шартты белгілер: 1 – Пангеяның континенттік литосферасы; бүгінгі
таңдағы градустық сетканың мөлшерлері келтірілген (əрбір 10º
сайын); 2 – Пангея суперматеригі ыдырауы барысында жаңадан
қалыптасқан мұхиттық литосфера; 3 – спрединг өстері; 4 – субдукция
белдемдері
Геотектоника жəне геодинамика
93
3.13-сурет. Жер шары келбетінің континенттер дрейфі нəтижесінде
өзгерістерге ұшырау көрінісі (мезозой эрасының юра кезеңінен бергі
уақыт аралығында)
ЛТТ қағидаларына сəйкес, Жер шарының литосфералық
қабаты он бес жекелеген литосфералық тақталарға дараланады,
олардың жетеуі – ірі тақталар, сегізі – шағын тақталар (3.14-
сурет). Ірі тақталар таза мұхиттық литосферадан тұруы да
(мəселен, Тынық мұхит тақтасы), аралас құрамды болуы да
(жартысы – мұхиттық, қалған жартысы – континенттік)
(мəселен, Африка немесе Оңтүстік Америка тақталары) мүмкін.
Бұл тақталардың əрбіреуі көлбеу (горизонталь) бағытта үнемі
жылжып отырады деп есептеледі. Литосфералық тақталардың
көлбеу бағытта жылжу жылдамдығы – жылына бірнеше мм-ден
15-18 см-ге дейін. Тақталардың бір-бірінен ажырау шекаралары
Достарыңызбен бөлісу: |