3. геотектоникалық ТҰжырымдамалар геологияның парадигмалары ретінде ォ


Тектоникалық қозғалыс типтері. Қазіргі замандағы



бет2/5
Дата21.06.2016
өлшемі257.5 Kb.
#151378
1   2   3   4   5
3.2. Тектоникалық қозғалыс типтері. Қазіргі замандағы

тектоникалық қозғалыстар, оларды зерттеу əдістері

«Тектоникалық қозғалыстар» – дегеніміз литосфераның,

оның ішінде жер қыртысының қимасындағы геологиялық

денелердің құрылымын өзгертетін, Жердің астеносфера жəне

литосфера деңгейлерінен бастау алатын механикалық

қозғалыстар жиынтығы. Ол Жер планетасының əртүрлі деңгей-

лерінде болып жататын физикалық-химиялық процестермен

байланысты туындайтын болса керек. Тектоникалық

қозғалыстарды туындатушы кернеулер (күштер) ретінде

негізінен жер қойнауынан бөлінетін жылу энергиясы аталады;

планетаға тəн гравитациялық энергия да өз үлесін қосуы

мүмкін; Күн мен Айдың Жерге тигізер əсерін, өзге де ғарыштық

энергия көздерін де естен шығаруға болмайды.

Тектоникалық қозғалыстар бірнеше типтерге (түрлерге)

бөлінеді, олардың негізгілерін қысқаша ғана сипаттап өтелік.

1. Эпейрогендік тектоникалық қозғалыстар – өте жай жəне

ұзақ уақыттар бойына етек ала отырып, ірі-ірі аймақтардың

жоғары көтерілуін немесе төмен жылжуын (тік бағытталған)

қамтамасыз ететін, бірақ сол аймақтардың ішкі құрылымын

өзгертпейтін қозғалыстар. Мұндай қозғалыстар нəтижесінде тұтас

континенттер, мұхиттық жəне континенттік үстірттер қалыптасады

деп есептеледі. Орогендік, яғни қатпарлы тектоникалық

қозғалыстармен салыстырғанда эпейрогендік тектоникалық

қозғалыстар өзі қамтыған аймақтың ішкі құрылысын өзгертпейді,

яғни мұндай қозғалыстар нəтижесінде аймақтың қимасын

құрайтын таужыныс қабаттары қатпарланбайды жəне

жыртылмайды. Эпейрогендік тектоникалық қозғалыстардың

синонимі – тербелмелі қозғалыстар.

2. Орогендік тектоникалық қозғалыстар – тау жүйелерін

қалыптастыратын тектоникалық қозғалыстар. Бұл

Геотектоника жəне геодинамика

57

қозғалыстардың өздеріне тəн сипаттары олардың қысқа

мерзімділігі (геологиялық уақыт тұрғысынан алғанда), бір сəттілігі,

өте жоғары қарқындылығы жəне орогендік белдеулер мен жүйелер

(таулар) ауқымында ғана көрініс беруі. Эпейоргендік, яғни

тербелмей тектоникалық қозғалыстармен салыстырғанда

орогендік тектоникалық қозғалыстар өздері қамтыған аймақ

қимасын құрылымдық өзгерістерге ұшыратады, яғни қиманы

құрайтын таужыныс қабаттары қарқынды түрде қатпарланады

жəне əртүрлі дəрежедегі жыртылыстармен бөлшектенеді.

Қатпарлар мен жыртылыстарды қалыптастыруда тік

бағытталған кернеулер де, көлбеу (горизонталь) бағытталған

кернеулер де атсалысатын болса керек орогендік тектоникалық

қозғалыстар терминінің синонимі – қатпарлы қозғалыстар.

3. Континенттер дрейфі – тұтас континенттердің

(материктердің) немесе олардың ірі-ірі бөліктерінің көлбеу

(горизонталь) бағытта алыс қашықтықтарға жылжып кетуін

қамтамасыз ететін жалпыпланеталық тектоникалық қозғалыстар.

континенттер дрейфінің қозғаушы күші астеносфера қимасындағы

конвекциялық ағымдар деп есептеледі.

4. Спрединг – Əлемдік мұхит алабының Орталық-

мұхиттық жоталар деп аталатын аймақтарында жаңадан

қалыптасқан мұхиттық литосфераның континент

жағалауларына қарай көлбеу (горизонталь) бағытта ұдайы

жылжып отыруымен сипатталатын процесс жəне тектоникалық

қозғалыс түрі. С. процесін кейде «мұхит түбінің базальттармен

жаппай көмкерілуі» деп те атайды (3.2-сурет). Бұл

қозғалыстардың да негізгі қозғаушы күші астеносфера

қимасындағы конвекциялық ағымдар деп есептелінеді.

5. Субдукция – спрединг процесі нəтижесінде континент

жағалауларына жылжып жеткен мұхиттық литосфераның

қарсы қозғалған немесе тыныш тұрған континенттік

литосфераның астына қарай сұғынуын қамтамасыз ететін

тектоникалық қозғалыс түрі. С. нəтижесінде, яғни мұхиттық

литосфераның континенттік литосферамен өзара əрекеттесуі

(бірінің астына бірінің сұғынуы) нəтижесінде «Беньофф–

Заварицкий–Вадати белдемі» деп аталатын арнаулы белдем

қалыптасады (3.3-сурет).

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

58

3.2-сурет. Орталық Атлантиканың Орталық мұхиттық жотасының

өстік бөлігі арқылы жүргізілген кескінде баяу жылдамдықты

спредингтің магмалық жəне құрылымдық тұрғыдан көрініс беру

варияциялары, Дж.Карсон ж.б. бойынша (1987). Кескіндер базальтты

вулканизм рөлінің бірте-бірте бəсеңдеу жəне созылу нəтижесінде

жыртылу құрылымдары рөлінің бірте-бірте арту бағытына сəйкес

кезек-кезек орналастырылған. Тік бағыттағы масштаб үш есе

арттырылған. Кескіндердің тереңсулық геологиялық карталау

полигонына байламдану сұлбасы: I – MARKI; II – FAMOUS;

III – TAG; IV – MARK5; V – MARK4; VI – AMAR; VII – MARK3

(В.Е.Хаин мен М.Г. Ломизенің «Геотектоника с основами

геодинамики» оқулығынан алынды. Москва, 2005).

Шартты белгілер:1 – жаңадан төгілген базальттар; 2 – шөгінділердің

жұқа желегімен көмілген базальттар; 3 – шөгінділердің біршама қалың

қабаттарымен көмілген көне базальттар; 4 – метагаббро;

5 – серпентинидтенген перидотиттер; 6 – жарылымдар

Геотектоника жəне геодинамика

59

Жоғарыда келтірілген тектоникалық қозғалыс типтерінің

алдыңғы екеуі негізінен тік бағытталған қозғалыстар деп

танылса, соңғы үшеуі негізінен көлбеу (горизонталь)

бағытталған қозғалыс типтеріне жатады. Сондықтан да олардың

алғашқылары «Геосинклиндер туралы ілім» аясында қаралса,

қалған үшеуі ХХ ғасырдың 60 жылдары жаңа парадигма ретінде

қалыптасқан «Литосфералық тақталар тектоникасы (ЛТТ)»

тұжырымдамасы ауқымында сөз болады. Соңғыларына біз

кейінірек толығырақ тоқталатын боламыз.

3.3-сурет. Белсенді мұхит жағалауының субдукция процесін

кескіндейтін принциптік қимасы

Тектоникалық қозғалыстар табиғатын түсіну үшін оларды

арнаулы əдістер көмегімен зерттеу қажеттігі түсінікті. Алайда

жоғарыда аталған қозғалыс типтерін қолма-қол зерттеп,

олардың табиғатын анықтау тіпті де мүмкін емес десе де

болғандай. Мұның басты себебі – геологиялық процестердің өте

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

60

ұзақ уақыттар бойы мейлінше баяу өтетіндігінде жəне көлбеу

бағытталған қозғалыстардың тік бағытталған қозғалыстармен

ұдайы ұштасып жататындығында. Мəселен, орогендік

(қатпарлы) тектоникалық қозғалыстар табиғатын тіпті

сезімтал приборлар көмегімен де анықтай алмайсыз, себебі

миллиондаған жылдар бұрын болып өткен қозғалыстар

нəтижесінде бұрын көсіле төселген таужыныс қабаттары қазіргі

кезде «жиырыла жинақталған», яғни көлбеу кернеулер

нəтижесінде «тік бағытталған» қатпарлар қалыптасқан

(антиклиндер мен синклиндердің өсі тік бағытталған ғой).

Мұхиттың орталық бөлігінде жаңадан қалыптасқан

мұхиттық литосфера спрединг процесіне ұшырай отырып,

жағалауларға қарай жылжиды; континенттік жағалау қарсы

бағытта жылжыған (дрейф) немесе тыныш тұрған жағдайда

субдукция процесі жүзеге асады, яғни жұқа мұхиттық литосфера

қалың континенттік литосфераның астына қарай сұғынады;

осылайша «Беньофф-Заварицкий-Вадати белдемі» деп аталатын

«шұңғыл науаларды», «аралды доғаларды» жəне «шеткі

теңіздерді» біріктіретін бірегей белдем қалыптасады (соңғы

құрылымдар қиманың сол жақ бөлігінде кескінделген).

Тектоникалық қозғалыстарды туындататын негізгі энергия

көзі Жер планетасының қойнауларында жинақталған жылу

энергиясы деп есептеледі. Экзогендік күштердің, яғни Ғарыш

кеңістігінен бағытталған күштердің тектоникалық

қозғалыстарды қалыптастыруда айтарлықтай рөлі жоқ десе де

болады. Ал ішкі энергия көздерінен туындаған кернеулердің

бағыт-бағдары тік болуы да, көлбеу (горизонталь) болуы да

ықтимал. Бұл кернеулердің жəне солардың əсерінен туындайтын

тектоникалық қозғалыстардың жер қыртысына (литосфераға)

тиесілі тектоникалық құрылымдарды қалыптастырудағы жəне

дамытудағы рөлі жоғары мантиядағы қозғалыс бағыттарына

тəуелді.

Тектоникалық қозғалыстардың көзбе-көз зерттеуге

болатын жалғыз-ақ түрі бар, ол адамзат өмір сүріп отырған

қазіргі заманда болып жатқан қозғлыстарды арнаулы əдістер

көмегімен зерттеу. Мұндай зерттеулермен «жалпы

Геотектоника жəне геодинамика

61

геотектоника» ауқымында жеке-дара отау тіккен

«жаңатектоника» деп аталатын ғылыми пəн айналысатындығы

1-дəрісте айтылды.

Қазіргі заманғы тектоникалық ____________қозғалыстарды зерттеудің

бірнеше əдісі бар, енді соларға қысқаша ғана тоқталып өтелік.

1. Тарихи (тарихи-археологиялық) əдіс. Қазіргі заманда да

тербелмелі тектоникалық қозғалыстар болып тұратындығы

теңіз жағалауларына салынған ғимараттардың бір аймақтарда

бірте-бірте суға батқандығын, ал екінші аймақтарда, керісінше,

жоғары көтерілгендігін анықтау нəтижесінде белгілі болған.

Мəселен, Қара теңіз, Азов теңізі жəне Каспий теңізі

жағалауларында аталған өзгерістер болып өткендігі бірнеше

аймақтарда байқалған: Сухуми мүйісінде ежелгі гректің

Диоскури колониясының ғимараттары суға батып кеткендігі

белгілі болған; Азов теңізінің солтүстік жағалауларында су

астынан ежелгі гректердің ыдыс-аяқтары, яғни амфоралары

табылған; Николаев қаласының маңында ежелгі скифтердің

қорғандары су астына батып кеткендігі белгілі. Осындай жайттар

Жерорта теңізі жағалауларында да байқалған: ежелгі

римдіктердің бұрынғы көшелері қазіргі таңда су астында

қалғандығы анықталған; Марсель қаласының жанында

орналасқан Фос шығанағында 6 м тереңдіктен ежелгі

римдіктердің Ис деп аталатын қаласы табылған. Неополь

қаласының маңындағы Серапис пен Пуццуоли ғибадатханасының

орны су астында қалғандығы белгілі. Голландия елі өз

аумағының су астында қалу қаупін Х-ХІ ғасырдан бері ұдайы

сезініп келеді, сондықтан олар сол кезден бастап бөгеттер

тұрғыза бастаған да, оларды ұдайы биіктетіп отыруға мəжбүр

болған. Қазір бұл бөгеттердің биіктігі 15 м-ден астам. Осы

көрсеткіштен есептегенде, бұл аймақтың жыл сайынғы төмен

ойысу мөлшері орта есеппен 0,5-0,7 мм-ге сəйкес келеді.

Жоғарыда келтірілген деректер адамзат тарихының өзінде-

ақ аталған аймақтардың тербелмелі қозғалыстар нəтижесінде

төмен ойысқандығын дəлелдесе, екінші аймақтарда «жоғары

көтерілу» мысалдары да ұшырасады. Мəселен, Ферғана

ойысындағы Андижансай жəне Шарикансай деп аталатын

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

62

өзендердің арнасы ежелгі суландыру арнасы болып

табылатындығы анықталған; бұл өзендер қазіргі заманда

біршама жоғары көтерілген адырлы аймақты 13-14 м тереңдікке

«тілгілеп жібергендігі» байқалады. Ферғана аңғарындағы су

шаруашылығы біздің дəуіріміздің ІІ-І мыңжылдықтарында етек

алғандығы белгілі, олай болса аталған аймақтың содан бергі

уақытта «жоғары көтерілу» жылдамдығы жылына 4 мм-дей

болып отырғандығын О.А.Рыжов __________деген ғалым есептеп

шығарған.

2. Су деңгейлерін бақылау əдісі. Бұл əдістің мəні – теңіз

деңгейінің өзгерістерін ұдайы бақылап отыруға саяды. Мұндай

бақылаулар жүргізу үшін су айдындарының жағалауларына

«футшток» деп аталатын шойыннан немесе ағаштан жасаған,

нақтылы өлшемдер белгіленген рейкалар немесе деңгей

өзгерістерін өздігінен жазып отыратын деңгей өлшеуіш –

«марографтар» қойылады. Осылайша 1897-1927 жылдар

аралығында жүргізілген өлшемдердің нəтижелерін өңдеу

нəтижесінде Балтық теңізінің солтүстік жағалаулары жыл

сайын 10 мм-ге көтерілгендігі, ал оңтүстік жағалаулары,

керісінше, бірте-бірте ойысып бара жатқандығы анықталған.

Футштоктар немесе марографтар көмегімен бақылаулар жүргізу

шаралары барлық теңіздер мен мұхиттардың жағалауында

жүргізіліп отырады. Тынық мұхиттың Америка жақ

жағалауында жүргізілген осындай бақылаулар аталған

мұхиттың солтүстік жағалауы жылына 4 мм-ге төмендеп бара

жатқандығын анықтаған.

3. Мезгіл өте дəл нивелирлік өлшемдер жүргізу əдісі.

Құрлықтар ауқымында темір жолдардың бойында мезгіл-мезгіл

жүргізілетін өте дəл нивелирлік өлшемдер сол құрлықтар

өңіріндегі тік бағытталған қозғалыстарды қадағалап отыруға

мүмкіндік береді. Бұрынғы КСРО ауқымында жүргізілген

осындай дəл өлшемдер құрлықтың бір аймақтары өте баяу

қарқында төмен қарай қозғалатындығын, ал екінші аймақтардың

жоғары көтерілетіндігін анықтаған. КСРО-ның Еуропалық

бөлігінде жалпы ұзақтығы 20 мың км қашықтықты қамтитын

арнаулы тор бойында жүргізілген осындай нивелирлеу

Геотектоника жəне геодинамика

63

нəтижелерін теңіз жағалауларындағы футштоктық өлшемдермен

байланыстыра саралау нəтижелері Кеңестік Еуропаның батыс

бөлігіндегі қазіргі заман қозғалыстарының картасын

құрастыруға мүмкіндік берді. Бұл аймақтағы алғашқы

нивелирлеу жұмыстары 1913–1932 жылдар аралығында, ал

қайталап нивелирлеу шаралары 1945–1950 жылдар аралығында

жүргізілген болатын. Аталған зерттеулер «Орыс платформасы»

деп аталатын алып тектоникалық құрылымның бір аймақтары

жылына 10 мм жылдамдықпен жоғары қарай көтерілетіндігін, ал

екінші аймақтары жылына 5 мм жылдамдықпен төмен қарай

қозғалатындығын анықтаған.

4. Қайталап триангуляциялау əдісі. Жоғарыда сөз болған

«нивелирлеу əдісі» жер қыртысының тік бағытталған

қозғалыстарын анықтау үшін жүргізілетін болса,

«триангуляциялау əдісі» көлбеу (горизонталь) бағытталған

қозғалыстарды анықтау үшін жүргізіледі. Бұл əдіс

триангуляциялық тордың тіректі нүктелерінің орналасу

орнының белгілі бір уақыт аралығындағы өте болымсыз

қозғалыстарын бір-бірімен салыстыра отырып анықтау

шараларына саяды. Мұндай зерттеулер жер қыртысының

өлшеуге боларлық көлбеу (горизонталь бағыттағы)

қозғалыстары негізінен жоғары сейсмикалық белсенділікпен

сипатталатын аймақтарға тəн екендігін көрсеткен (Жапония,

Калифорния, Түрікменстан, т.б.).

5. Географиялық координаттарды қайталап анықтау

əдісі. Бұл əдіс те көлбеу (горизонталь) бағытталған

қозғалыстарды анықтау мақсатында қолданылады. Əдістің мəні

жер бетіндегі нақтылы нүктенің орналасу координатындағы



өзгерістерді астрономиялық жолмен анықтау. Осы əдіс

көмегімен Атлант мұхитының қарама-қарсы жағалауларында

(Еуропада, Африкада жəне Америка континентінде) орналасқан

нүктелердің ендік бағыттағы қозғалыс мөлшерлерін анықтау

үшін 1926–1933 жылдар аралығында өлшеулер жүргізілген.

Мұның нəтижесінде көрсетілген уақыт аралығындағы аталған

континенттердің «бір-бірінен қашықтау ұзындығы» 2,28 м-ге

сəйкес келетіндігі анықталған.

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

64

6. Қашықтықтарды лазерлік өлшеу əдісі. Адамзаттың

ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктеріне байланысты сол

ғарыштық аппараттар көмегімен жер бетінің көлбеу

(горизонталь) бағыттағы қозғалыс мөлшерлерін өте дəл анықтау

мүмкіндігі жүзеге асып отыр. Осындай зерттеулердің бірі ғарыш

аппараттарынан лазер сəулелерін пайдалана отырып өлшемдер

жүргізу əдісі. Памир таулары мен Тянь-Шань тауларының бір-

бірімен жапсарласу аймағында орналасқан «Гарм полигоны»

деп аталатын зерттеу полигонында жүргізілген осындай

зерттеулер соңғы 40 жыл ішінде Памирдің Тянь-Шанге қарай

жылжу жылдамдығы орта есеппен жылына 2 см-ден келетіндігін

анықтаған. Атлант мұхиты мен Тынық мұхит түптерінің көлбеу

(горизонталь) бағытта жылжу жылдамдығы (бұл процесс

«спрединг» деп аталатындығы жоғарыда айтылды) жылына 4-12

см аралығында болатындығы да соңғы жылдарғы зерттеу

нəтижелерімен анықталды.

7. Геоморфологиялық əдістер. Тектоникалық қозғалыстардың

жербедерді қалыптастырудағы рөлі орасан зор екендігі белгілі.

Алайда осы қозғалыстардың жербедер ерекшеліктеріндегі

белгілері аталған қозғалыстар ұзақ уақыттар бойына бір бағытта

көрініс бергенде ғана мейлінше айқын айшықталады. Зерттеу

аймағының жоғары көтерілуі мен төмен лықсуы бір-бірімен

үнемі алмасып отырған жағдайда мұндай қозғалыстар жербедер

ерекшеліктерінде байқала бермейді. Арнаулы зерттеу

нəтижелері бірте-бірте жоғары көтеріліп келе жатқан аймақты

«кесіп өтетін» өзендер өздерінің түбін үнемі тереңдетіп «қазып»

отыратындығы, мұндай аймақтардағы өзендер түбінде

аллювийлік шөгінділер түзіліп жарымайтындығы анықталған.

Керісінше, бірте-бірте төмен лықсып жатқан аймақ өзендерінің

түбінде аллювий молынан түзілейтіндігі, мұндай аллювийлер

негізінен нашар іріктелген жəне ірі кесекті болып келетіндігі

белгілі болған.

Жоғарыда сөз болған зерттеу əдістерінің алғашқы үшеуі

жер қыртысы бетінде негізінен тік бағытталған жəне баяу

өрбитін, яғни тербелмелі тектоникалық қозғалыстардың

мөлшерлерін анықтау мақсатын көздейді. 4, 5 жəне 6-əдістер

Геотектоника жəне геодинамика

65

жер бетінің көлбеу (горизонталь) бағытта жылжу қарқынын

анықтаумен айналысады. 7-əдіс, яғни геоморфологиялық əдіс,

бір қарағанда, тек қана тік бағытталған қозғалыс сипатын

анықтауға көмектесетін сияқты болып көрінеді, алайда бұл бір

қарағанда ғана. Себебі жер бетіндегі геоморфологиялық

процестерді, яғни жербедердің қалыптасу процесін жүзеге

асыруда тік жəне көлбеу бағытталған қозғалыстардың екеуі де

атсалысады.

Қорыта айтқанда, жоғарыда сөз болған зерттеу əдістерінің

барлығы да аталған қозғалыстардың туындау себептерін

(механизмін) ашып бере алмайды, тек қана осындай

қозғалыстардың жер қыртысында ұдайы болып жататындығын

ғана көрсетеді.

Жер қыртысында өте қарқынды сипатта өтетін

тектоникалық қозғалыстар да болатындығын жерсілкіну

аймақтарында жүргізілген зерттеулер көрсетеді. Мəселен,

Монғолия жеріндегі Гобий Алтайы өңірінде 1957 жылы болып

өткен жойқын сілкініс кезінде жалпы ұзақтығы 700 км-ге

жететін жыртылыстар қалыптасқан. Осы жыртылыс

бойындағы тік бағытталған қозғалыс мөлшері 9,2 м-ге, ал

көлбеу (горизонталь) бағыттағы қозғалыс мөлшері 8,85 м-ге

жеткендігі арнаулы зерттеулер нəтижесінде анықталған.

Мұндай қозғалыстар ұзақ уақыттар бойына емес, жерсілкініс

туындаған қас-қағым сəтте жүзеге асқандығы планетамыздың,

көбіміз ойлағандай, марғау да салғырт нысан емес, мейлінше

қозғалмалы нысан екендігін дəлелдейді.

3.3. Геологиялық формациялар жəне олардың

деформациялары

Кез келген тектоникалық құрылым бір топ геологиялық

формациялардың жиынтығынан тұрады жəне осы

формациялардың көпшілігі деформацияға ұшыраған түрде

ұшырасады. Геотектоника ғылымының басты мақсаты –

аталған формациялардың қашан жəне қандай геодинамикалық

жағдайда қалыптасқандығын, сол сияқты формациялардың

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

66

қашан жəне қандай жағдайда деформацияға ұшырағандығын

қадағалау, сөйтіп зерттелген тектоникалық құрылымның

жалпылама даму тарихын сатылай отырып, қалпына келтіру

болып табылады.

Геологиялық формация – түзілу жағдайының

ортақтығымен (ұқсастығымен) сипатталатын, жер қыртысының

басты тектоникалық құрылымдары (құрылымдық элементтері)

дамуының нақтылы сатыларында ғана қалыптасатын

таужыныстардың тектік түрлерінің заңды жəне тұрақты түрде

астасу бірлестіктері. Геологиялық формациялардың болмыс-

бітімі мен өзіндік ерекшеліктері олардың алғаш қалыптасу

жағдайы жайлы мағұлмат бере алады, мұның өзі əрбір

тектоникалық құрылым ауқымындағы таужыныстар кешенін

«формациялық талдау əдісі» көмегімен саралау нəтижесінде

жүзеге асады («формациялық талдау əдісінің» мəн-мағынасы 1-

дəріс ауқымында айтылды).

Геологиялық формациялардың жиынтығының алғаш

қалыптасуы – тектоникалық қозғалыстардың нəтижесі, себебі

тек қана осындай қозғалыстар нəтижесінде жер бетінің бет-

бедері (рельефі) қалыптасады. Геологиялық формациялардың

жиынтықтары негізінен осы бет-бедердің ойыс аймақтарында

(мұхит немесе теңіз түптерінде, өзге де аймақтық ойыс

құрылымдарда) алғаш рет түзіледі. Алайда осылайша

қалыптасқан формациялар көлбеу (горизонталь) бағытта жайыла

төселген қатқабаттар жиынтығы түрінде қалып қоймайды, олар

тектоникалық құрылымның одан əрі дамуы барысында міндетті

түрде деформацияға ұшырайды. Олардың деформацияға

ұшырауы да, сайып келгенде, тағы да тектоникалық

қозғалыстардың нəтижесі. Осы тұрғыдан «алғашқы

тектоника» жəне «туынды тектоника» деген түсініктер

қалыптасқан:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет