3. геотектоникалық ТҰжырымдамалар геологияның парадигмалары ретінде ォ



бет5/5
Дата21.06.2016
өлшемі257.5 Kb.
#151378
1   2   3   4   5
рифтілер жүйесімен сипатталады, тақталардың дивергенттік

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

94

шекаралары деп аталатын бұл жүйелер өңіріне созылу, яғни

жыртылу деформациялары тəн (3.15-сурет). Жылжымалы

тақталардың бір-бірімен соқтығысу шекаралары, керісінше,

тақталардың конвергенттік шекаралары деген атауға ие;

«субдукция» жəне «коллизия__________» деп аталатын процестер көрініс

беретін бұл аймақтар ғаламат қарқынды сығымдалу

деформацияларымен сипатталады (3.15-суретке қараңыз).

Қазіргі таңда ЛТТ идеялары басты төрт қағиданы

біріктіреді, олар «континенттер дрейфі», «мұхит түбінің

спредингі», «мұхиттық литосфераның континенттік литосфера

астына субдукциясы» жəне «коллизия» деп аталады.

Континенттер дрейфі – тұтас континенттердің

(материктердің) немесе олардың ірі бөліктерінің көлбеу

(горизонталь) бағытта алыс қашықтықтарға жылжып кетуіін

қамтамасыз ететін жалпыпланеталық тектоникалық

қозғалыстар екендігі жоғарыда айтылды (3.13-суретке қараңыз).

Соңғы 30–40 жыл ішінде жүргізілген арнаулы зерттеу

қорытындылары континенттер дрейфін қамтамасыз ететін

қозғаушы күші астеносфера қимасындағы конвекциялық

ағымдар деп шамалауға мүмкіндік береді. Континенттер

дрейфінің расынан да жүзеге асатындығын, яғни

континенттердің ұдайы көлбеу (горизонталь) бағытта жылжып

отыратындығын біржақты дəлелдеуде Жердің жəне жер

қыртысын құрайтын таужыныстардың палеомагниттік

қасиеттерін зерттеу шешуші рөл атқарды. Арнаулы зерттеу

нəтижелері жекелеген континенттердің немесе олардың ірі

бөліктерінің көлбеу (горизонталь) бағытта жылжу жылдамдығы

жылына бірнеше мм-ден 15-18 см-ге дейін жететіндігін

дəлелдеді.

Геотектоника жəне геодинамика

95

3.14-сурет. Жердің литосфералық тақталары:

Шағын тақталар мен микротақталар: Х – Хуан-де Фука; Ко – Кокос;

К – Кариб; А – Араб; Кт – Қытай; И – Үндістан; О – Охот;

Ф – Филиппин

(В.Е.Хаин мен М.Г. Ломизенің «Геотектоника с основами

геодинамики» оқулығынан алынды. Москва, 2005).

Шартты белгілер: 1– дивергенттік шекаралар (спрединг өстері);

2 – конвергенттік шекаралар (субдукция белдемдері, сирегірек

коллизия белдемдері); 3 – трансформалық жарылымдар жəне өзге де

шекаралар; 4 – литосфералық тақталардың «абсолюттік» жылдам-

дықтарының нұсқамалары (векторлары) (ыстық ноқаттардың

координаттарымен белгіленген), Дж.Министер, Т.Джордан (1978)

мəліметтері бойынша, толықтырылған; ең жоғарғы жылдамдық 10

см⁄жыл. шамасында

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

96

3.15-сурет. Қазіргі континенттік жəне мұхиттық рифтілердің жаһандық

жүйесі, субдукция мен коллизияның негізгі белдемдері, салғырт

(тақтаіштік) континенттік жағалаулар (В.Е.Хаин мен М.Г. Ломизенің

«Геотектоника с основами геодинамики» оқулығынан алынды.

Москва, 2005).

Шартты белгілер: Рифтілік белдемдер: Орталық Атлант (ОА),

Америка-Антарктика (А-А), Африка-Антарктика (Аф-А), Оңтүстік-

батыс Үнді мұхиты (ОБҮ), Араб-Үнді (А-Ү), Шығыс Африка (ША),

Қызыл теңіз (Қт), Оңтүстік-шығыс Үнді мұхиты (ОШҮ), Австралия-

Антарктика (Ав-А), Оңтүстік Тынық мұхит (ОТ), Шығыс Тынық

мұхит (ШТ), Чили (Ч), Глапагос (Г), Калифорния (К), Рио-Гранде-

Алаптары мен Жоталары (АЖ), Горда-Хуан-де-Фука (ХФ), Нансен-

Геккель (НГ), Мом (М), Байкал (Б), Рейн (Р). Субдукция белдемдері;

1– Тонга-Кермадек, 2 – Жаңагербид, 3 – Соломон, 4 – Жаңа Британия,

5 – Зонд, 6 – Манила, 7 – Филиппин, 8 – Рюкю, 9 – Мариан,

10 – Идзу-Бонин, 11 – Жапон, 12 – Курль-Камчатка, 13 – Алеут,

14 – Каскадты таулар, 15 – Орталық Амерка, 16 – Кіші Антил,

17 – Анд, 18 – Оңтүстік Антил (Скотил), 19 – Гибралтар, 20 – Калабри

(Эолдық), 21 – Эгей (Крит), 22 – Мекран а – мұхиттық рифтілер

(спрединг белдемдері) жəне трансформалық жарылымдар;

б – континенттік рифтілер; в – субдукция белдемдері: аралдоғалық

жəне жағалаулық-материктік (қосарланған сызықтар); г – коллизия

Геотектоника жəне геодинамика

97

белдемдері; д – салғырт континенттік жағалаулар; е – трансформалық

континенттік жағалаулар (соның ішінде салғырт жағалаулар);

ж – литосфералық тақталардың салыстырмалы қозғалым мегземелері

(векторлары), азды-көпті толықтырылған Дж.Министер, Т.Джолдан

(1978) жəне К.Чейз мəліметтері келтірілді. Қозғалыс жылдамдығы –

спрединг белдемдерінде екі жақ қапталдарға қарай жылына 15-18 см,

субдукция белдемдерінде жылына 12 см-ге дейін.

Бүгінгі таңда ЛТТ-ның бұл қағидасы (континенттер дрейфі)

ешбір дау туғызбайтын қағида екендігі толық дəлелденіп отыр.

Спрединг – Əлемдік мұхит алабының Орталық-мұхиттық

жоталар деп аталатын аймақтарында жаңадан қалыптасқан

мұхиттық литосфераның континент жағалауларына қарай

көлбеу (горизонталь) бағытта ұдайы жылжып отыруымен

сипатталатын тектоникалық қозғалыс нəтижесінде туындайтын

геологиялық процесс (3.2-суретке қараңыз). Екінші сөзбен

айтқанда, көлбеу (горизонталь) бағытта континенттер ғана

жылжымайды, Əлемдік мұхит түбі де ұдайы көлбеу бағытта

жылжып отырады. Бұл процесс біршама күрделі сипатта өтеді

деп есептеледі: а) Мұхит алаптарының нақ орта тұсын «тілгілей

отырып», ұзынынан-ұзақ созыла сағаланатын Орталық-

мұхиттық жоталардың (жалпы ұзындығы 80 мың км-ден

астам) нақ орта тұсы «мұхиттық рифтілер» деп аталатын терең

шатқалдармен тілгіленген (3.16-сурет); ə) мұхиттық ____________рифтілер

мұхиттық литосфераны түгел тілгілеп өтетін жарықтар

(жыртылыстар) болып табылады, яғни рифтілер кез келген

созылу аймағында ұшырасатын терең-терең шатқалдар түрінде

көрініс береді; б) осы рифтілер мұхиттық литосфераның

астында орналасқан астеносфера заттарының декомпрессорлық

балқуы (қысымның күрт азайып кетуі салдарынан заттың

балқуы) нəтижесінде қалыптасқан магмалық таужыныстардың

мұхит түбіне көтерілуіне жағдай жасайды (3.17-сурет); в)

осылайша жаңадан қалыптасқан мұхиттық литосфера рифтінің

қарама-қарсы жақ қапталдарына қарай көлбеу (горизонталь)

бағытта үнемі жылжып кетуге мəжбүр, себебі астеносфера

қимасындағы конвекциялық ағымдар жаңадан қалыптасқан

литосфераны ұдайы «өз арқасына отырғызып алып сүйрелеп

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

98

отырады». Спрединг процесін кейде «мұхит түбінің

базальттармен жаппай көмкерілуі» деп те атайды. Бұл

қозғалыстардың да негізгі қозғаушы күші астеносфера

қимасындағы конвекциялық ағымдар деп есептелінеді. 3.18-

суретте Атлант мұхиты түбінің спрединг процесіне ұшырау

реттілігін көрсететін сұлба келтірілген. Ал 3.19-суретте

Əлемдік мұхит алабы түбінің геологиялық картасының сұлбасы

келтірілген. Бұл сұлба екі мəселені анық аңғартады, олар: 1)

спрединг процесінің шындыққа сəйкес екендігін; 2) бүгінгі

мұхиттар түбінде юра түзілімдерінен көнерек түзілімдерінің жоқ

екендігі, яғни Жер тарихындағы соңғы спрединг процесі юра

кезеңінде ғана көрініс бере бастағандығын.

3.16-сурет. Əлемдік мұхит алабы түбінде Орталық-мұхиттық жоталар

(ОМЖ) жүйесінің орналасу сұлбасы; ОМЖ-ның орта тұсын мұхиттық

рифтілер «тілгілей созылады»; стрелкалар спрединг бағытын көрсетеді

Субдукция – спрединг процесі нəтижесінде континент

жағалауларына жылжып жеткен мұхиттық литосфераның

қарсы қозғалған немесе тыныш тұрған континенттік

литосфераның (мұхит жағалауларының) астына қарай

Геотектоника жəне геодинамика

99

сұғынуын қамтамасыз ететін геологиялық процесс, аттас

тектоникалық қозғалыстардың нəтижесі (3.3-суретке қараңыз).

Субдукция нəтижесінде, яғни мұхиттық литосфераның

континенттік литосферамен өзара əрекеттесуі (бірінің астына

бірінің сұғынуы) нəтижесінде «Беньофф–Заварицкий–Вадати

белдемі» деп аталатын, тектоникалық жəне магмалық

белсенділікпен сипатталатын арнаулы белдем қалыптасады.

Мұхиттық литосфера континенттік жағалау астына шамамен

60° бұрыш жасай отырып сұғынады, Беньофф–Заварицкий–

Вадати белдемінің ені сұғыну аймағының жер бетіндегі

проекциясымен анықталады. Спрединг жəне субдукция

процестерінің бір-бірімен ұштасу сұлбасы жəне бұл процестер

барысында туындайтын кернеулер (күштер) табиғаты мен

олардың көрініс беру бағыттары 3.20-суретте көрсетілген.

3.17-сурет. Əлемдік мұхит алабы түбіндегі Орталық-мұхиттық

жоталар (ОМЖ) жүйесін «тілгілей созылған» мұхиттық рифт

аймағында астеносфера заттарының (пиролиттің) балқымалары

есебінен «жаңа мұхиттық литосфераның» қалыптасуы жəне оның

спредингке ұшырауы (қима); стрелкалар астеносферадағы

конвекциялық ағымдар мен сол ағымдармен «сүйреленген» спрединг

процесінің бағыттарын кескіндейді

Коллизия – бұрынғы мұхит алабының континенттік

жағалауларының қарама-қарсы бағытта дрейфке ұшырауының

нəтижесінде бір-бірімен соқтығысуын қамтамасыз ететін

тектоникалық процесс. Субдукция процесіне ұштаса өрбитін

коллизия процесі таужыныс қабаттарының жаппай

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

100

қатпарлануын жəне жыртылуын қамтамасыз етеді, себебі бұл

аймақ ғаламат күшті бүйірлік сығымдалу аймағы болып

табылады (3.21-сурет). Бұл процестің нəтижесінде биік тау

жоталары қалыптасатын болады.

3.18-сурет. Атлант мұхитының спрединг процесі нəтижесінде ашылу

реттілігі (В.Е.Хаин бойынша, (2003). Əрбір сегменттің ашылу уақыты

индекспен, спрединг проградациясының бағыты стрелкамен

көрсетілген.

(В.Е.Хаин мен М.Г. Ломизенің «Геотектоника с основами

геодинамики» оқулығынан алынды. Москва, 2005).

Шартты белгілер: 1 – құрлықтар ауқымындағы континенттік

қыртыс; 2 – сол қыртыс қайраң ауқымында; 3 – мұхиттық қыртыс;

4 – спрединг өстері; 5 – басты-басты трансформалық жарылымдар;

6 – субдукция белдемдері

Геотектоника жəне геодинамика

101

3.19-сурет. Əлемдік мұхит алабы түбінің геологиялық картасы –

спрединг процесінің шындыққа сəйкестігінің дəлелі ретінде

3.20-сурет. Мұхит түбі мен оның белсенді континенттік

жағалауларына тəн құрылымдардың жалпылама сұлбасы жəне осы

өңірлерде көрініс беретін күштердің (кернеулердің) атаулары мен

стрелкамен көрсетілген бағдарлары (С.Уеда бойынша, 1980).

Шартты белгілер: FDF – мұхиттық тақтаның астеносферамен

ілінісу күші; FCD – континенттік ілінісу күші; FRP – мұхиттық жотаның

сығымдау күші; FSP – субдукцияға ұшыраған мұхиттық тақтаның өзін-

өзі төмен тарту күші; FSR – _____мұхиттық тақтаның төмен сұғынуына

қарсылық көрсететін күш; FCR – тақталардың соқтығысуынан

туындайтын күш; FTF – трансформалық жарылымдардың қарсылық

көрсету күші; FSU – сорғылау күші (Эльзассер күші)

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

102

3.21-сурет. Еуразия (ЕА) жəне Австралия (А) литосфералық

тақталарының конвергенттік шекараларында субдукцияның

тəмамдалып, коллизияның басталу болмысы, Н.Прайс пен

М.Одули-Чарльз (1987) мəліметтеріне сəйкес

(В.Е.Хаин мен М.Г. Ломизенің «Геотектоника с основами

геодинамики» оқулығынан алынды. Москва, 2005).

Шартты белгілер: 1 – континенттік литосфера; 2 – мұхиттық

литосфера; 3 –сейсмикалық ошақтар

ЛТТ тұжырымдамасына сəйкес, тектоникалық

құрылымдардың геологиялық даму процесі, шартты түрде

алғанда, бес сатыға жіктеле отырып, төмендегі ретпен өтеді.

1) Рифтогендік саты. Тектоникалық тұрғыдан мейлінше

салғырт қозғалыстармен сипатталатын континенттік

литосфера ауқымындағы бұрынғы платформа тектоникалық

Геотектоника жəне геодинамика

103

белсенділікті иелене бастайды. Бұл белсенділік платформаның

нақтылы өңірінде созылу кернеулері туындатқан жыртылыс

құрылымының, яғни континенттік рифтілердің қалыптасуын

қамтамасыз етеді. Рифтілер аймағы мейлінше белсенді

тектоникалық жəне магмалық əрекеттермен сипатталатын

болады, мұның нəтижесінде сол аймақта алуан түрлі

эффузиялық магмалық таужыныстар мен шөгінді

таужыныстардан тұратын арнаулы геологиялық формациялар

жиынтығы түзілетін болады. Мұндай формациялар жиынтығын

«рифтогендік формациялар» деп атайды.

2) Мұхиттық саты. Жыртылыс құрылымы болып

табылатын континенттік рифтінің қарама-қарсы жақтаулары

бір-бірінен бірте-бірте қашықтауы, яғни континенттер

дрейфіне ұшырауы нəтижесінде континенттік литосфера

толығымен «жыртылады», сөйтіп континенттік рифт енді

мұхиттық рифтімен алмасатын болады. Мұхиттық рифт

аймағында астеносфера заттарының балқымаларының есебінен

жаңа мұхиттық литосфера қалыптасатын болады. Жаңадан

қалыптасқан мұхиттық литосфера мұхиттық рифтінің қарама-

қарсы жақтауларына қарай спрединг процесінің нəтижесінде

жылжи береді, осылайша мұхиттың түбі де дрейфке ұшырауы

нəтижесінде қарама-қарсы бағытта жылжып бара жатқан

континенттік жағалауларға бағыттас бағытта жылжып отыратын

болады. Осылайша «бірте-бірте ашылып келе жатқан»

мұхиттардың жағалаулары «салғырт континенттік

жағалаулар» деп аталады, мұндай жағалаулар тектоникалық

жəне магмалық тұрғыдан расынан да мейлінше салғырт болып

келеді (мысалы, Атлант мұхитының жағалаулары). Мұның

салдарынан мұхит алабы бірте-бірте кеңи береді, спрединг

процесі осы мұхит түбін мұхиттық литосфераның беткі

қабаты болып табылатын базальттармен жаппай көмкереді.

Кейінірек базальттардың бетін тереңсулық шөгінділер

көмкеретін болады. Мұхит түбіндегі аталған таужыныс

қабаттары ешбір деформацияға ұшырамайды, яғни мұхиттық

литосфераның қимасы кəдімгі қат-қабатталған пирог сияқты

көлбеу бағытта көсіле төселеді. Қимасының астыңғы өңірі

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

104

ультрабазит-базит интрузияларынан, беткі бөлігі базальттар мен

тереңсулық шөгінділерден тұратын мұхит түбіндегі

геологиялық формация «офиолитті формация» деп аталады.

3) Аралдоғалық саты. Континенттік жағалауларының

бірте-бірте бір-бірінен қашықтауы нəтижесінде бірте-бірте кеңи

берген мұхит алабы енді «қайтадан жабыла бастайды», яғни

мұхиттың континенттік жағалаулары енді бір-біріне қарама-

қарсы бағытта жылжитын болады. Мұның нəтижесінде беткі

деңгейі континенттің беткі деңгейінен біршама төмен

орналасқан мұхиттық литосфера ендігі жерде өз бағытына

қарама-қарсы қозғалған немесе «тыныш тұрған» континенттік

литосфераның астына қарай сұғынуға мəжбүр болады.

Осылайша субдукция процесі жүзеге асады. Бірінің астына

екіншісі сұғынып кетуі нəтижесінде туындаған ғаламат

тектоникалық кернеулер мен жоғары температуралар

нəтижесінде «жабылып келе жатқан мұхит» жағалауларында

«тереңсулы науалар», «аралды доғалар», «шеткі теңіздер» деп

аталатын арнаулы тектоникалық құрылымдар қалыптасады.

Бұл құрылымдар жиынтығы «Беньофф-Заварицкий-Вадати

белдемі» деп аталатын арнаулы белдем құрайтын болады.

Мұхиттардың мұндай жағалауларын «белсенді континенттік

жағалаулар» деп атайды (мысалы, Тынық мұхит жағалаулары).

Белсенді континенттік жағалауларға тиесілі жоғарыда аталған

тектоникалық құрылымдар ауқымында алуан түрлі

геологиялық формациялар қалыптасады, бұлардың көрнекті

өкілдері ретінде аралдоғалық формациялар жиынтығын

(Аралды доғаларда) жəне флишті формацияны (Шеткі

теңіздерде) атауға болады.

4) Коллизиялық сатысы. Бір-біріне қарама-қарсы қозғалған

континенттік жағалаулар бір-бірімен соқтығысады, яғни

бұрынғы мұхит алабы толығымен «жабылады». Мұның

нəтижесінде бұрын жыртылған континенттік литосфера енді

қайтадан қиюласады, яғни континент өз тұтастығын қайтадан

иеленеді. Енді бұл аймақта құрлықтық жағдай қалыптасады,

яғни мұхит алабы енді кəдімгі құрлыққа айналады. Бұған дейін

қалыптасқан бүкіл геологиялық формациялар жиынтығы

Геотектоника жəне геодинамика

105

континенттік жағалаулар арасында сығымдалуы нəтижесінде

қарқынды деформацияларға ұшырайды, яғни қарқынды

қатпарланады, жыртылады. Осының салдарынан кешегі

мұхиттың жабылу аймағында биік тау жоталары қалыптасатын

болады. Бұл аймақ ғаламат тектоникалық белсенділікпен

сипатталады. Бүйірлік сығымдау кернеулері өздерінің шарықтау

шегіне жетеді, осылайша таужыныс қабаттарының қатпарлану

жəне жыртылу қарқыны да күшейе түседі. Тауаралық

ойыстарда «моласса формациялары» деп аталатын арнаулы

геологиялық формациялар қалыптасады.

5) Платформалық саты. Тектоникалық белсенділік мүлдем

саябырсиды, тіпті тоқтайды. Қалыптасқан таулар денудацияға

ұшырайды, сөйтіп бірте-бірте аласара береді. Енді бұрынғы

таулардың орнында жазық, яғни ұсақшоқылы жербедер

қалыптасады. Таулардың денудацияға ұшырауы сол аймақтың

массасының азаюымен орайлас өтеді, бұл жайт осы аймақтың

изостазиялық тепе-теңдіктің сақталу заңдылығына сəйкес

жоғары көтерілуін қамтамасыз етеді. Мұның нəтижесінде

«таулардың тамырлары» жер бетіне шығып қалатын болады.

Аймақ енді тектоникалық жəне магмалық салғырттықпен

сипатталатын, өз ауқымында тек қана эпейорогендік, яғни

тербелмелі тектоникалық қозғалыстар көрініс беруі мүмкін

платформаға айналады.

Тектоникалық құрылымдардың жоғарыда аталған даму

сатылары геологиялық əдебиетте Уилсон циклі деген

атаумен оқшауланады. «Уилсон циклі» мұхит алабының

қалыптаса бастау сəтінен оның қайтадан толықтай «жабылуы»

аралығындағы процестер жиынтығын алты даму сатысына

бөліп қарастырады. 1). Уилсонның «эмбриондық даму сатысы»

континенттің екіге бөлінуімен, осы бөліктер арасында рифтілер

жүйесінің қалыптасуымен сипатталады. Уилсонның бұл даму

сатысы өзінің тектоникалық табиғаты тұрғысынан жоғарыда

аталған «рифтогендік сатыға» сəйкес келеді. 2-3). Уилсонның

келесі екі сатысы құрылым дамуының «жасөспірімдік саты

(стадия юности) жəне «кемелдену сатысы» (стадия зрелости)

деп аталады. Алғашқысының мысалы ретінде Уилсон Қызыл

теңізді, ал екіншісінің мысалы ретінде Атлант мұхитын атайды.

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

106

Уилсонның бұл екі даму сатысы жоғарыда сипатталған

«мұхиттық сатыға» сəйкеседі, себебі бұл сатылардың негізгі

көрсеткіштері терең теңіз (мұхит) алабының қалыптасуы жəне

олардың түбінде толеиттік базальттардың жаппай төселуі болып

табылады. 4). Уилсонның төртінші даму сатысы «сылбырлану

сатысы» (стадия упадка) деп аталады. Уилсонның пікірінше,

бұл даму сатысы барысында мұхит алабының бірте-бірте

«тарылуы», сөйтіп мұхиттық литосфераның тереңсулы

науалар өңірінде континенттің астына қарай сұғынуы

(субдукция процесі) жүзеге асады. Субдукция нəтижесінде

мұхиттың континенттік жағалауларында негізінен андезитті

құраммен сипатталатын жанартаулар əрекеті кеңінен етек алып,

байырғы аралдық доғалар қалыптасады. Уилсон бұл даму

сатысының мысалы ретінде Тынық мұхит жағалауларын атайды.

5) Уилсонның келесі сатысы «ақырғы саты» (конечная стадия)

деп аталады. Бұл сатының мысалы ретінде Уилсон Жерорта

теңізін атайды. Аталған ғалымның пікірі бойынша, бұл даму

сатысының өзіндік ерекшелігі – мұхит жағалауларының бір-

біріне жақындай түсуі, сөйтіп аталған жағалаулардың тоғысу

аймағында тау жүйелерінің қалыптаса бастауы. Уилсонның

соңғы екі даму сатылары, яғни «сылбырлану сатысы» мен

«ақырғы сатысы» өздерінің тектоникалық табиғаты тұрғысынан

жалпы түсініктегі «аралдоғалық сатыға» сəйкес келетіндігін

ұғыну қиын емес. 6). Уилсонның ең соңғы даму сатысы

«қиюласқан тыртық» (реликтовый рубец) деп аталады.

Уилсонның пікірі бойынша, бұл даму сатысында мұхит алабы

толығымен «жабылады», жабылу аймағында сығымдалу жəне

тау жаралу процестері жүзеге асады, мұның нəтижесінде биік-

биік тау жүйелері қалыптасады, кейінірек бұл таулар

денудацияға ұшырап, оның орнында байырғы үстірттер

қалыптасатын болады. Уилсонның бұл даму сатысы жалпы

түсініктегі «коллизиялық саты» мен «платформалық саты»

екеуіне сəйкес келеді. Бұл сатылардың алғашқысы ғаламат

сығымдаулар нəтижесінде геологиялық формациялардың

деформацияға ұшырау қарқынының (қатпарлануының,

жыртылуының) шарықтау шегіне жетуімен, ал екіншісі

Геотектоника жəне геодинамика

107

тектоникалық жəне магмалық белсенділіктің мүлдем

саябырлауымен сипатталады.

Қозғалмалы тектоникалық құрылымдардың ЛТТ

тұжырымдарына сəйкес даму сатыларының жоғарыда

келтірілген тізбегі 4-дəріс ауқымында сөз болған

«Геосинклиндер туралы ілім» тұжырымдамасымен

түсіндірілетін геосинклиндердің қалыптасу сатыларына өте

ұқсас екендігін байқау қиын емес. Мəселен, «нақты

геосинклиндік саты» «рифтогендік сатыға» жəне мұхиттық

сатыға» сəйкес келеді; «инверсиялық саты» «аралдоғалық

сатымен» орайласады; «орогендік сатының» мазмұны

«коллизиялық саты» мазмұнына тұп-тура сəйкес келеді; екі

тұжырымдама тұрғысынан да «платформалық саты» деп

аталатын процестер жиынтығының бір-бірінен мүлдем

айырмашылығы жоқ. Алайда ЛТТ идеялары қозғалмалы

аймақтарда тектоникалық құрылымдардың қалыптасуы мен

даму процестері негізінен көлбеу (горизонталь) бағытталған

тектоникалық қозғалыстарға тəуелді деп есептесе,

«Геосинклиндер туралы ілім» тұжырымдамасы бұл

процестердегі басты рөлді негізінен тік (жоғары-төмен)

бағытталған тектоникалық қозғалыстарға береді.

ЛТТ идеялары өзінің өміршеңдігін дəлелдеді, сондықтан да

ол қазіргі таңдағы ең соны, ең прогрестік парадигма болып

табылады. Олай болса, континенттер өңіріндегі бұрынғы

қозғалмалы аймақтар ауқымында қалыптасқан тектоникалық

құрылымдардың жаралу, даму жəне тұрақтану процестерін ЛТТ

қағидалары тұрғысынан түсіндіруге тырысу орынды. Екінші

сөзбен айтқанда, қазіргі кезде платформа жағдайына ауысқан

қатпарлы құрылымдар көне платформалардың «ойысуы мен

көтерілуі» нəтижесінде емес, «жыртылуы мен қайтадан

қиюласуы» нəтижесінде пайда болған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет