3 І. Қазақстанның сыртқы саясатының стратегиялық мақсаттары мен міндеттері



жүктеу 1.1 Mb.
бет3/5
Дата13.06.2016
өлшемі1.1 Mb.
1   2   3   4   5

ІІ. Қазақстан және Халықаралық қауіпсіздік.

2.1. Қазақстанның Халықаралық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және нығайтудағы ұстанымдары, олардың маңыздылығы.
Қазіргі кезде халықаралық қатынастардағы басты проблема халықаралық қауіпсіздікті сақтау болып табылады. 2002 жылы маусым айында Азияда өткен өзара ықпалдастық және сенімділік шаралары жөніндегі кеңестің бірінші саммитінде қабылданған Алматы актісінде былай делінген: «ядролық қару жарақтың, нақ сондай химиялық және биологиялық қару-жарақтың сақталып отырған көлемі және оның барлық жағынан таралуы күллі адамзатқа елеулі қатер төндіреді. Мүше мемлекеттер жаппай қырып жоятын қару-жарақты толығымен жоюға бағытталған күш жігерді қолдануға уағда берді»[44].

КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан Республикасы аумағында қалып қойған ядролық химиялық және биологиялық қарулардың инфрақұрылымын жою, оның азаматтық мақсаттарға қайта бағдарлау экспорттық бақылауға қайта жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар кешені жүргізілуде. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің „Бейбітшілік кешені“ деген кітабында Қазақстанда жер бетінде орналастырылған континентаралық баллистикалық Р 36 МУТТ Х зымырандары Батысты (СС-18) деп аталады, осынау әрбір зымыран онға дейін бөлініп кететін, әрқайсысы бір нысанға ұмтылатын боекоповкалармен (ұрыстұмсық) жарақталды. СС-18 зымырандары 7,6 тонна салмақ алып ұшып, радиусы 12 мың километрдей жерді тас-талқан ете алатын деп көрестті[45].

1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда «ядролық қару жөніндегі бірлескен шаралар жөніндегі келісім» сондай-ақ 1991 жылы 30 желтоқсанда Минскіде «Тәуелсіз мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен арасындағы стратегиялық күштер жөніндегі келісім» қабылданды. Алматы келісімі сол келісімді жасаушы мемлекет басшыларымен келісіп алмай тұрып, ядролық қаруды бір жақты қолданудың мүмкін еместігін көздейді. Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның ядролық мемлекет болуы үшін үш шартты ұсынды, олар ядролық қарусыз бір мемлекеттер тарапынан Қазақстанға болашақта ядролық қарумен шабуыл жасамау туралы кепілдіктің берілуі. Бұл талап орындалды. 1994 жылғы 2 жетоқсанда АҚШ, Ұлыбритания, Ресей 1995 жылғы 8 ақпанда Қытай сол жылғы мамырда Франция тарапынан Қазақстан қауіпсіздігіне берілетін кепілдіктер туралы меморандумға қол қойылды. Екінші шарт ракеталардағы уран құнының Қазақстанға қайтарылуы, 1992 жылғы мамырда ядролық ракеталық қаруды біртіндеп бұзып, Ресейге көшіріп әкету, олардың оқшантайларына салынған уранның құнын Қазақстанға ақшалай қайтару жөніндегі Лиссабон протоколына қол қойылды. АҚШ Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың тағы бір жақсы мысалы «Сапфир» бірлескен жобасы болды. Бұл жобаның мәнісі жоғары байытылған 600 кг. Уранды Үлбі металлургия зауытынан (Шығыс Қазақстан облысы) МАГАТЭ-нің бақылауымен АҚШ-қа апару еді.

Үшінші шарт Қазақстан экономикасына қаржы жұмсау жөніндегі келісімінің болуы[46] 1992 жылы 20 мамырда Президент Джордж Буш АҚШ, Қазақстанның тәуелсіздігін қолдайтындығын, оның қауіпсізхдігі бүкіл Евразия құрылығындағы жағдайдың тұрақтылығын сақтау үшін өте маңызды екенін айтып көрсетті. Өз кезегінде Н.Назарбаев Қазақстанның ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылатындығын білдірді.

Қазақстанда ядролық қаруды сынайтын Семей ракеталардың арнайы түрлері сыналатын Байқоңыр әуеден және ракетаға қарсы қорғанатын стратегиялық жүйелердегі лазерлік қаруды сынақтан өткізетін Сарышаған жауынгерлік авиация жүйесі сыналатын Владимировка полигондары бар еді. Ақмола облысындыға Державин мен Семейдің жалғызтөбе базарларында әрқайсысы 550 килограмм он оқтұмсықты алып ұшатын әлемдегі ең ауыр континентаралық ракеталар болды.

Семейдің түбіндегі аэрожромда 240 қанатты ракета мен жарақаттандырғыш «ТУ-95» Мс атты қырық стратегиялық бомбылаушы ұшақтар дайын тұрды. Ең маңызды мәселе ядролық қаруды қауіпсіз жағдайда сақтау еді.

Ядролқы қаруды таралып кету қауіпі АҚШ-та «қатерді бірлесіп қысқарту» бағдарламасының кемуіне ықпал етті. Оның авторлары сенаторлар С.Нант мен П.Лугар кейде бұл «Накн-Лугар заңы» деп аталды. Мұнда бұрынғы Кеңес Одағы аумағындағы ядролық химиялық, биологиялық қаруды жою үшін қаржы бөлу жоспарланды. 1992 жылы бағдарламаның іске асырылуына бір миллиард екі жүз миллион доллар қаржы жұмсалды, ал Қазақстан үшін төрт негізгі тармақ атап көрсетілді: олар ядролық қаруды жою, ядролық қаруды таратпауды нығайту, қорғаныс өнеркәсібінің конвенциясы Алматыда халықаралық ғылыми-техникалық орталық құру[51].

1995 жылы сәуір айында Қазақстан аумағынан континентаралық балистикалық ракеталардың 1200 ядролық оқтұмсықтарының Ресейге әкетілуі аяқталып, сол жылы 26 мамырда Семей полигонында соңғы ядролық заряд жойылды. Кейіннен сарышаған полигонында электроникамен байланыстың ұлттық орталығы құрылды, ал Курчатовта Қазақстанның ядролық зерттеу ұлттық орталығы мен атом энергиясы агенттігі жұмыс істей бастады.

1994 жылы наурызда қорғаныс конверциясы жөніндегі Қазақстан-Американ комитеті құрылды.

1995 жылы сәуірде конверцияның жоспарын жүзеге асыруға АҚШ тарапынан Қазақстанға төрт грант жалпы көлемі 37 миллион доллар берілді.

Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі металлургия зауыты қоймаларында аса жоғары байытылған 600 килограмм уран сақталған еді, одан 20 ядролық бомба жасауға болатындығы айтылды. Мұншама ұранды сақтау үшін «Сапфир» операциясы жүзеге асырылды.

Қазақстан стратегиялық қару жарақты шектеу жөніндегі келісімді бірінші болып бекіткен мемлекет. Еліміз стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақ туралы шартқа (СНВ) орта және таяу қашықтықтағы ракеталарды жою туралы Еуропалық жай қару-жарақ күштері туралы шартқа қол қойды.

1996 жылы қыркүйекте Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымында ядролық сынқтарға тыйым салу жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл бастаманы БҰҰ Бас Ассамблеясы қолдап Қазақстанның үлгісін барлық мемлекеттер қолдануға тиіс деген үндеуін жариялады [52].

Қазақстан мемлекетінің басшысы Н.Ә.Назарбаев 2002 жылы қыркүйек айында Иоханнесбургте өткен тұрақты даму жөніндегі бүкіл әлемдік саммитте сөйлеген сөзінде осыдан он жыл бұрын Рио Де Жанейро қаласында өһткізілген «ХХі ғасырдың күн тәртібі» атты конференциядан бері уақыт аралығында әлемде қандай да күрделі саяси үдерімдер бой көрсеткенін айта келіп, адам баласы толассыз ғылыми-техникалық прогресске қарасмастан, жер жаралып, су аққалы бері соңынан қалмай келе жатқан жарлы-жақыбайлылық, аштық, ауру, соғыс атаулыдан толық құтыла алмай отырғандығын атап көрсетті. Жарлылық жағдайында өмір сүріп жатқан адамдардың жалпы саны бір миллиард адамнан асады. Бір миллиардтан астам адам әлі күнге дейін таза ауыз-суға қолы жетпей отыр. Сан түрлі соғыстар мен әскери қақтығыстардың салдарынан болып жатқан, адам құрбьандығы мен матеиалдық шығындардың санын дәл өлшеп білу тіпті де мүмкін емес. Қазақстан Президенті Әлемдік саммитінің мінберінен былай деді: «Мен осыдан он жыл бұрын Біріккен ұлттар ұйымының бас Ассамблеясының барлық мемлекеттердің әскери шығындарын бір процентке қысқарту және үнемделмеген ақшаны аса кедей елдердің дамуына аудару жөнінде жасаған ұсынысымды қайтып айтқым келеді».

Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы басты проблема әлемде қауіпсіздікті сақтау болып табылады.

2002 жылғы маусым айында Азияда өткен өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бірінші саммитінде қабылданған Алматы актісінде былай деп көрсетті: «Ядролық қару-жарақтың нақ сондай хитмиялық және биологиялық қару-жарақтың сақталып отырған көлемі және оның барлық жағынан таралуы күллі адамзатқа елеулі қатер төндірді. Мүше мемлекеттер жаппай қырып-жоятын қару-жарақты (ЖҚҚ) толығымен жоюға бағытталған күш-жігерді қолдауға уағда берді.

КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан Республикасы аумағында қалып қойған ядролық, химиялық және биологиялық қарулардың инфрақұрылымын жою. Оның азаматтың мақсаттарға қайта бағдарлау жұмысын жетілдіру жөніндегі шаралар кешені жүргізілуде.

Қазақстан ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан дүниежүзіндегі бірінші мемлекет. Бұдан кейін әлемдегі төрт полигонда: АҚШ – тағы Невада, Ресейдегі – Новая Земля, Франциядағы – Муруроа, Қытайдағы – Лобнорда мораторий жариялады.

2002 жылы шілде айында «үлкен сегіздік» басшыларының бас қосуларында Ресйге және басқа елдерге өзінің жаппай қырып жоятын қарулары арсеналын жоюға көмек үшін, 20 млрд. доллар қаржы беру туралы қарар қабылданды. Ресейде 200-дей сүңгуір қайықты, 40 мың тоннадай қарулық материалды, 40 мың тонна химиялық қаруды және одан басқа биологиялық қаруды жою қажеттігін атап көрсетілді. Ядролық сынақтар жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт 1996 жылғы 10 қыркүйекте қабылданып, оған 51 мемлекет қол қойған болатын. АҚШ конгресі бұл шартты бекіткен жоқ, нәтижесінде ол әлі күнге дейін (2003 ж.) күшіне енбей отыр.

2002 жылы мамыр айында АҚШ пен Ресей арасында стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақты қысқарту жөніндегі шартқа (СНВ-3) қолй қойды, онда ядролық қаруды үш есеге жуық, қысқарту жөніндегі екі жақты келісімді бекітті. Енді биологиялық қаруды жою бағытында әлемде қандай іс-шаралар жүргізілуде сол мәселеге тоқталайық. Биологиялық (бактериялық) қаруды сақтау, өндіруді тоқтату және оларды жою конвенциясына 1972 жылы 143 мемлекет қол қойып, енді ешқашан биологиялық қару жасауға талпынбайтындықтарын білдірген болатын. Алайда, КСРО-ның Киров, Загорск, Свердловск және Қазақстанның Степногроск қалаларындағы кәсіпорындарында биологиялық қару компоненттері Сібір жарасы Оба, сүзек сияқты ауруларды қоздырушы вирустардан құралды. Тек Степногорскінің өзінде ғана «сібір жарасы» ның негізінде жыл сайын 300 тонна биологиялық бомба жасап шығару мүмкін болған.

«Аральск - 7» аталған биологиялық қаруға сынақ алаңы болған. «Возраждение» аралында 1961 жылғы қыркүйек-қараша айларында ядролық жарылыстардың салдарынан теңіздің түбіндегі балықтың қырылуы кең етек алған. Мұндай апаттар 1978 жылы болып, 300 мың киік, 1989 жылы 540 мың киік қырылғаны анықталып отыр. Соңғы он жылда олардың саны саны бір миллионнан 200 мыңға дейін қысқарды[54].

1998 жылы Ресейден Возраждениеге «Сібір жарасы» тиелген 24 вагон цистерналар әкелінген. Қазіргі зерттеулдер бойынша теңіздің тартылуына байланысты Арал мен құрылықтың арасы қосылып, зиянды жәндіктер жағаға шығып, үлкен эпидемиялық апат туғызуы мүмкін.

1992 жылғы 11 сәуірдегі Ресей Федерациясы Президентінің жарлығымен «Возраждение» полигоны жабылды. Қазіргі кезеңде бұл мекен Өзбекстан мен Қазақстанға қарайды. «Сібір жарасы» қалбарларының осы аралдың асылында көмілгені айтарлықтай қауіп төндіріп отыр. Арал өңірінің экологиялық зардабы туралы Ионаннесбургте өткен жаһандануға арналған дүниежүзілік саммитте Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаев дүниежүзілік экологиялық түзілім жасау керек және соның ең басында Арал проблемасы тұру керек деп қадап айтқан болатын.

Қазақстан Респпубликасының Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев өзінің «Беласу» атты еңбегінде «Бактереологиялық қаруға тыйым салу жөніндегі конвенцияның бақылау жасау тетіктерін әзірлеу төңірегіндегі қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білдіреміз. Өйткені осы қару түрлерінің террористер үшін үлкен қызығушылық туғызатыны құпия емес» - деп жазды[55].

Химиялық қаруды өндіруді тоқтату және оны жою жөніндегі конвенцияға 1993 жылғы 13 қаңтарда Парижде 100-ге жуық елдер қол қойып, ол 1999 жылы маусымда бекітілді. Қ.Тоқаев: «Химиялық қаруды жою туралы конвенцияға қатысты жағдай көңілге қуаныш ұялатады, қолда бар қорларды жою жүзеге асырылуда» деп жазды аталмыш еңбегінде[56].

Қазақстан аумағында ірі ядролық қару арсеналы шоғырландырылған болатын, оның құрамына уран өнеркәсібі, уранды өңдеу және түрлі ядролық қондырғылар үшін отын дайындау кәсіпорындары эксперименттік және өндірістік реакторлар қуатты ғылыми-техникалық әлеует жататын Қазақстандағы ядролық қару жиынтығы тұрақты қоныс тепкен. 104 СС – 18 ракеталарынан тұратын, оның үстіне химиялық және биологиялық қару өндірісіне қатысты елеулі әлеует болды. Мұндай жағдай ел басшылығынан қысқа мерзімде ядролық саладағы мемлекеттік саясатты талдап жасауды талап етті.

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев өзінің «Әлемнің кіндік қазығы» деген кітабында біздің еліміздің аумағында ядролық қаруды сақтауды негіздеп, оған өз пікірлерін таңғысы келген кейбір адамдардың дәлелдері туралы әңгімелейді. Жеке меншік ядролық шатырдың болуын олар еліміздің қауіпсіздігінің кепілі ықтимал жаудың арамы ниетке жол бермеудің кепілі ретінде түсіндіреді. Осындай сипаттағы аргумент авторларының пікірі бойынша ядролық күшті сақтау сол кезде Қазақстанда болған әдептегі қару түрлерінің сандық және сапалық әлсіз туындарын толықтыру тиіс болды. Болатын дәлелдердің ішінде ядролық қару Қазақстанда аймақтық астам держава мәртебесін береді деген тезис те айтылды.

Атом кешенін сақтауды жақтаушылар оның ғылыми – техникалық әлеуетті іргелі және қолданбалы ғылымды дамыту үшін маңыздылығы туралы да пікір білдірді. Ядролық қаруды иемдену Қазақстанға қарсы қатал санкциялар қолдануға әкелетіні талас тудырмайтын Н.Ә.Назарбаевтың шешімі жалпы адамзатқа тән ізгілік принциптеріне және халықаралық қауіпсіздік саласындағы осы заманғы жағдайды жан-жақты талқылауға негізделді. Дегенмен, ядролық қаруды сақтауды жақтаушылардың ұстанымы дұрыс емес болатын. Қазақстанның атом арсеналын сақтауды ондаған жылдар бойы қалыптасып келе жатқан ядролық қаруды таратпау жүйесіне үлкен соққы болуымен қатар республика үшін ерекше терең саяси салдарлар туғызатын. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай әскери әлеуетті еселеу қазір мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді. Қайта тұрақсыздандырушы фактор болып табылады. Сондықтан ядролық қаруды сақтау біз үшін Қазақстан азаматтарын оның тұтқынына айналдырумен бірдей болатынын, ядролық қарудан бас тарту туралы шешімді қабылдаған кезде біз ең алдымен жоғарыда айтылған пайымдауларды басшылыққа алдық[57].

Осындай жолмен Қазақстан халықаралық қауіпсіздікті нығайту жөнінде әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне белсенді түрде қосылды және өзінше ядролық қаруды таратпау туралы ұстанымын ашық түрде жариялады.

1990 жылдың басында ядролық арсеналға қатысты Қазақстан позициясына ықпал ету ниетімен АҚШ айрықша белсенділік танытты.

1991 жылғы келіссөздерде қол жеткізілген өзара түсіністіктен кейін құрама штаттар мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың оң сипатта дамуына зор ықпал етті. АҚШ мемлекетітк хатшысы мен Қазақстан президентінің жабық жағдайдағы кездесуі кезінде қозғалған бастапқы мәселелер біздің республикамыздың жаңа геосаяси жағдайларда болашақта әлемдік қоғамдастықпен өзара іс-қимылының мәселелері болды. 1992 жылғы 17-23 мамырда Президент Н.А.Назарбаев АҚШ-қа тұңғыш рет ресми сапар жасады. Вашингтондағы келіссөздердің басты тақырыптарының бірі КСРО мен АҚШ арасында стратегиялық шабуыл жасау қару-жарағын қысқарту меш шектеу туралы қол қойылған шарттың құқықтық мәртебесі болды.

1992 жылғы 23 мамырда Лиссабонда Қазақстанның Белорустың, Украинның, Ресейдің және АҚШ-тың өкілдері бес жақты хаттамаға қол қойды. Хаттама төрт республиканың аумағында орналасқан стратегиялық ядролық күштерге қатысты СНВ туралы шарттың ережелерін іске асыруда аталған мемлекеттердің жауапкершілік саясатын нақтылады. Лиссабон хаттамасында сондай-ақ ядролық қаруы жоқ елдер сипатында Белорустың, Украинаның және Қазақстанның ядролық қарулы таратпау туралы шартқа қосылу міндеттемелері мазмұндалды.

1992 жылы 2 шілдеде Қазақстан СНВ туралы шартты және шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Лиссабон хаттамасын бекітті.

1993 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының жоғары кеңесі ядролық қаруды таратпау туралы шартты бекітті. Осы шартқа қосылу біздің еліміздің сыртқы саясатындағы ең ірісі оқиғалардың бірі болды[58].

1993 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан үкіметі мен атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЕ) арасындағы кепілдіктер туралы келісімге қол қойылды. Келісім президент жарлығымен бекітілгеннен кейін 1993 жылы күшіне енді.

1993 жылдың бірінші жартысында Қазақстанға АҚШ мемлекетінің хатшысының орынбасары С.Тэлботт келді. Ол қауіпсіздену саласындағы өзара міндеттемелерді орындау мәселесіне ерекше назар аударды.

Тараптар өзара уағдаластық бойынша шахталық ұшыру қондырғыларын жоюға қатысты негізгі келісімді әзірлеуге кірісті. 1993 жылғы 23-24 қазанда АҚШ мемлекеттік хатшысы У.Кристофермен болған келіссөздерде осы тақырыпқа арналды. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан осы келісімдеп пакетіне өте маңызды деп қарайды, сондықтан қол қою деңгейі көзқарасынан болсын, сондай-ақ Қазақстан позициясын тиісінше бағалау көзқарасы тұрғысынан болсын, АҚШ әкімшілігі тарапынан бара-бар қарым-қатынас күтетінін американдық өкілге мәлімдеді.

Қазақстандық басшының осы мәлімдемесіне жауап қату тәртібімен 13 желтоқсанда Алматыға АҚШ вицепрезиденті А-Гор келді. Қазақстан республикасы мен АҚШ қорғаныс министрліктерінің арасында бес келісімге қол қойыфлды. Олар:

1. Құрылық аралық баллистикалық зымырандардың шахталық ұшыру қондырғыларын және оған байланысты құрал-жабдықтармен құрамдас бөліктерді жоюға байланысты Қазақстанға материалдық-техникалық құралдарды беруге қызмет көрсетуге, және оқытылуға қатысты келісім.

2. Жаппай қырып жоятын қаруды болдырмау мақсатында Қазақстанға материалдық-техникалық құралдарды беруге және қызмет көрсетуге қатысты келісім.

3. Үкіметаралық байланыс желісін орнату мақсатында Қазақстанға мматериалдық-техникалық құралдарды беруге және қызмет көрсетуге қатысты келісім.

4. Ядролық оқтұмсықтардың Қазақстаннан шығарылуына байланысты апатты жағдайлардың салдарын жою үшін Қазақстанға жабдықтар беру және осыған байланысты оқыту туралы келісім.

5. Ядролық қаруды таратпауды болдырмауға жәрдемдесу мақсатында ядролық материалдарды бақылауға алу, есебін жүргізу және физикалық қорғауға қатысты келісім.

2000 жылы желтоқсанда тораптар шахталық ұшыру қондырғыларын жоюға қатысты келісімнің қолданысын келесі жеті жылдық кезеңге (2007 жылға дейін) ұзартуға келісті[59].

Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа шолу жсау және ұзарту жөніндегі конференцияны өткізу ғаламдық ауқымдағы оқиға болды. (Нью-Йорк 1993 жылғы, сәуір, мамыр).

Конференцияда Қазақстан үзілді кесілді түрде шартты шектеусіз мерзімге әрі сөзсіз ұзартуды жақтап пікір білдірді. Келесі жылы ядролық қаруды таратпау саласында ерекше маңызды оқиға болды. БҰҰ-ның бас Ассамблеясының 51 сессиясы кезінде ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт қол қою үшін ашылды. Н.Ә.Назарбаев арнайы мәлімдеме жасап, ол бас ассамблеяның ресми құжаты ретінде таратылды. Қазақстан шартқа барар жолда көптеген мемлекеттер жүзеге асырған орасан зор жұмысты тиісінше бағалайды және қазіргі келісімдердің ірі келісімдерінің бірін әзірлеуге біздің еліміз өз үлесін қосқанын қанағаттандықпен атап өтеді. Осы оқиғадан бес жыл бұрын Қазақстан өзінің таңдауын жасады. Сөйтіп өз аумағында азамат тарихындағы ең бір қауіпті қарудың жалғасып келе жатқанын сынақтарына тиым салды. Қазақстан басшылық мәлімдемесінде өз жерінде 459 ядролық сынақ жарылысы және 23 бейбіт ядролық жер асты жарылысы өткізілген біздің еліміздің кез*келген ядролық сынаққа, оның ішінде бейбіт мақсатта деп аталатын сынаққа да тиым салуды жақтайтындығы айтылды. Біздің еліміз ядролық сынақтарға тыйым салу туралы шарт ережелерінің сақталуына бақылау жасаудың тиімділігін арттыруға қатысуға іс жүзінде дайын. Біздің аумағымызда мыңдаған километр қашықтықта болып жатқан жер асты құбылыстарын тіркеуге қабілетті осы заманғы үш сейсмикалық станциялар орналасқан. Қазақстан осы станцияларды мониторингтің ғаламдық жүйесіне қосуды ұсынды. Мұндай және ядролық сынақтардың өткізілуіне бақылау жасаудың тиімді құралы болады.

Халықтың ерік-жігерін білдіріп, оның қолдауына ие бола отырып, Қазақстан аумағында ядролық қару сынақтарын мәңгілікке тыю шешімін қабылдаудың, ал содан кейін елдің ядролық қарусыз мәртебесін жариялады. Ядролық қарусыз мәртебесін таңдау бұл Қазақстанның 90-жылдардың басында қауіпсіздіктің дүниежүзілік жүйесіндегі баланс бұзылуының қатері салдарының түсінуі нәтижесі. Ядролық қарудан бас тарту Қазақстанның өз тәуелсіздігінің алғашқы түнінен бастап бейбітшіл сыртқы саяси бағытты таңдап алуымен де байланысты[60].

Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында қызмет жасай отырып, Қазақстан НАТО-мен ынтымақтастыққа айтарлықтай мән береді. Ол бейбітшілік жолындағы әріптестік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуыда Қазақстан оған 1994 жылы қосылды. Әріптестіктің жеке бағдарламасы шеңберінде Қазақстан әскерлерінің бірлескен әскери және командалық штабтың жаттығуларға қатысуы өрістеп келеді. Альянспен ынтымақтастық 2002 жылғы Прага Саммитінде қабылданған лаңкесшілдікпен күрес саласындағы іс қимыл жоспары аясында кеңи түсетін болады.

2004 жылғы 19 қазанда НАТО-ның бас хатшысы Я.Схеерфер елімізге сапары барысында Альянспен ықпалдастық деңгейін арттыру жөнінде тиянақты келіссөз жүргізілді.

Қазақстанның НАТО-ға толық құқықты мүше болу ниеті жоқ. Бірақ өзінің сыртқы саясатының принциптерін негізге ала отырып, Қазақстан Батыс және Шығыс Еуропа елдерінің , сондай-ақ Кеңестен кейінгі республикалардың әскери-саяси ынтымақтастығын жандандыру бүкіл Еуразия кеңістігінде сенім білдіру ахуалын нығайту үшін пайдалы болады деп есептейді. Сонымен қатар, НАТО-мен бірте бірлескен жобаларға қатыса отырып, Қазақстан ең алдымен жеке қарулы күштерінің әзірлік деңгейін көтеруді мақсат етіп отыр.

Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйыммен байланыстары беки түсуде. Ол Қазақстан Республикасының дипломатиясында маңызды орын алады. ЕҚЫҰ-ның халықаралық және өңірлік ұйымдасдың ынтымақтастығын арттыру арқылы лаңкестілікпен күресу қажеттілігін басты бағыт ретінде қарастыруы маңызды.

Ұйым 2002-2003 жылдары Лаңкесшілдікпен күрес хартиясын және ХХІ ғасырда байыптылыққа және қауіпсіздікке төнетін қатерлермен күрес туралы келісім қабылдады. Қазақстан сондай-ақ халықаралық лаңкестікке қарсы коалицияның жұмысына жәрдемдесуде. Әскери-техникалық ықпалдастық коалицияның әскери ұшақтарының ұшып өтуіне әуе кеңістігін және Алматы халықаралық әуе жайын әуе ұшақтарының шұғыл жағдайларда қонуы үшін беру арқылы көрінді. Қазақстан Республикасы халықаралық коалицияға қатысушы елдермен әскери-саяси байланыстарға лаңкесшілдікпен күресте бірлескен іс-шаралар жүргізуге айрықша мән беріп отыр.

Халықаралық лаңкестікке қарсы коалиция туралы айтқанда тағы бір проблема ауыр тауқымет тартқан ауған халқының қалыпты өмір жолына түсуі туралы айтпай кетуге болмайды. Қазақстан Ауғанстанның қайта көтерілуіне ең алдымен Токио мен Женева конфедерациясында нәрлендіруші елдер мәлімдеген экономикалық бағдарламаға еліміздің қатысуына байыпты мән береді. Қазақстан Республикасы Ауғанстандағы аса өткір әлеуметтік және экономикалық мәселелер шешілмейінше және тұрақты мәселе орналаспайынша Орталық азия өңіріне Ауғанстан төндіретін қатер азаймайды деп санауға болады.

Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының сыртқы істер ісінің министрі Қ.Тоқаев БҰҰ бас Ассамблеясының 2004 жылы қыркүйек айында болып өткен 59 сессиясында айтып, Ауғанстанда орасан көлемде өндірілетін есітркінің заңсыз саудасымен күресте халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін біріктіру қажеттігін атап көрсетті[61].

Тағы бір проблема – Ирактағы жағдай Қазақстандық дипломатияның күн тәртібінде тұр. Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке өзінің адалдығын таныта отырып, Қазақстан Иракқа бітігершілік бөлімшесін жіберу жөнінде шешім қабылдады. Еліміздің әскери контингенті төтенше күрделі жағдайларда жұмыс істеп, үш миллионнан астамжарылғыш заттарды залалсыздандырды. Бұл шын мәнінде Қазақстанның ауыр кезеңді басынан кешіріп отырған осы елде бейбітшілікті қалпына келтіруге қосқан үлесі.

Қазақстан лаңкестікке қарсы күрес ұйымдарына белсенді жұмыс істеуде. Біздің әскери бөлімшелеріміз ТМД-ның лаңкесшілдікке қарсы күрес аясында өткен «Батыс-Антитеррорс-2004» бірлескен жаттығуына қатысты, қазақстандық мамандар «үлкен сегіздікке», НАТО-ға, Еуропаодаққа, ТМД және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арнайы қызметтері жетекшілерінің халықаралық кеңестеріне қатысып отырады. Қазақстан ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) 2004-2005 жылдарға арналған қызметінің басым бағыттары туралы келісіміне қосылды.

ТМД кеңістігінде лаңкесшілдікпен күрестің ұжымдық жүйесін ұйымдастыру үстіміздегі жылғы қыркүйекте Астана қаласында өткен Достастық саммитінің басты шарттарының бірі болды. Мемлекет басшылары лаңкесшілдікпен, есірткі тасымалымен, жасырын көші-қон саласында бірқатар маңызды құжаттар қабылдады.

Саммиттің басты нәтижелерінің бірі деп халықаралық лаңкесшілдіктің өрши түсу жағдайында ТМД-ны түбірлі реформалау жөніндегі Президент Н.Назарбаевтың ұсынысын айтуға болады. Біздің мемлекетіміздің басшысы құрамында сыртқы істер, қорғаныс министрлері, шекара қызметі, құқық қорғау органдары жетекшілері болатын ТМД қауіпсіздік кеңесін ұсынды. Президент сондай-ақ ТМД атқарушы басқару құралдарының санын олардың аппаратын ұстауға кететін шығындарды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік беретіндей етіп 50 пайызға қысқару жөнінде ұсыныс айтты.

2004 жылғы 2 желтоқсанда БҰҰ бас Ассамблеясы ұйымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымына бас ассамблея жанындағы бақылаушы мәртебесін беру туралы қарар қабылдады. Шартқа сәйкес оған мүше мемлекеттер ұжымдық негізде өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз етеді. Мәселен, шарттың 2 бабында атап көрсетілген: бір немесе бірнеше мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне аумақтың тұтастығына және егемендігіне болмаса халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төнген жағдайда өздерінің ұстанымдарын үйлестіру және пайда болған қатерді жою үшін шаралар қабылдау мақсатында жедел түрде бірлескен консультациялар тетігін іске қосады. Сонымен бірге 4 бапта: «мүше мемлекеттердің кез-келгенінен қарсы басқыншылық әрекеттері жасалған жағдайда қалған барлық мүше мемлекеттердің БҰҰ жарғысының 51 бабына сәйкес оған қажетті, оның ішінде әскери де көмекті көрсете алатындығы, сондай-ақ ұжымдық қорғаныс құқығын жүзеге асыру тұрғысында өз қарамағында бар құралдармен қолдау көрсететіндігі» де қарастырылған[62].

Азаматтық бейбіт өміріне қауіп төндіруші құбылыс ретінде лаңкестік қауіпі ХХІ ғасырда тіптен күшейе түсті.

2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында атап көрсетілгендей халықаралық терроризм діни экстремизмге және үнемі өсу үстіндегі наркотрафилікке байланысты терроризмді ауыздықтауға Қазақстан да мүдделі , себебі терроризмде шекара болмайды. Оның соққысына әлемнің әрбір мемлекеті ұшырауы мүмкін. Мұндай қауіп-қатерден Қазақстан да тыс қалып тұрған жоқ. Соңғы жылдары террористік әрекеттерге қатысы бар діни экстремистік идеологияны басшылыққа алатын халықаралық діни ұйымдардың біздің елімізде қызметтері тым белсенді болып түсті. Ола Қазақстан тәуелсіздігіне конституция мен заңдық актілерін аяққа басып таптағысы келеді. Діни ұйымдардың діни идеологиясына, іс-әрекеттеріне баға бере келе Республиканың жоғары соты халықаралық ұйымға террористік деп баға беріп, олардың ендігі қызметтеріне тиым салды. Бұл ұйымдар «Асбат Аль Ансар», «Мұсылман бауырлар», «Талибан» «Орталық азия Моджехедтерінің жамааты», «Лашкар и Тайба», «Әлеуеттік реформалар қоғамы» Истлах [63]. Аталған ұйымдардың миссиолнерлері бұрын Оңтүстік Қазақстанда қызмет етсе, , енді олар Батыс Қазақстанда да белсенді әрекеттерге көше бастаған еді. «Хизбут Тахрир» діни ұйымының қызметінде заңсыз деп жариялау ұсынылуда. Бұл ұйымның 13 мыңнан астма кітапшалары мен үнпарақтары тәркіленген. Осылармен бірге «Шығыс Түркістанның ислам партиясы», «Таза ислам сияқты» террористік ұйымдардың мүшелерінің ел аумағында қызметтері байқалуда. Діни экстремистік ұйымдардың мақсаты Қазақстанды тәуелсіздік даму жолынан тайдыру. Елдің шикізат қорларын әлемдік жаңа мұсылмандық халифат құру мақсатында жұмсау әлемдік ислам мен христиан дінінің күрес плацдарымына айналдыру. Қазақстан ХХІ ғасыр басында әлемдік қауіптердің қыспағынан шығу мәселесін шешу міндеті тұрғаны шындық екеніне күман келтіруге болмайды. Қауіпсіздік пен бейбітшілік жолындағы күреске әлемдік діндердің күш-жігерін жұмылдыру, түрлі конференциялар арасында жүйелі диалогты жолға қою мақсатында өткен жылдың қыркүейе айында Қазақстан елордасында президент Н.Назарбаевтың баяндамасымен әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің бірінші съезі өтті. Оған Еуропаның, Азияның, Таяу Шығыстың және Американың 17 елінен ірі діни бірлестіктердің басшылары қатысты қабылданған декларацияда съезге қатысушылар діни айырмашылықтарды жек көрушілік пен күресушілікті тұтындыру үшін пайдалануға жол бермеуге, адамзатты діндер мен мәдениеттер қақтығысынан сақтандыруға, адамдардың діни сезімдерін халықаралық лаңкестік ұйымдарының пайдалануына қарсы тұруға дайын екендіктерін білдірді.

1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет