3 І. Қазақстанның сыртқы саясатының стратегиялық мақсаттары мен міндеттері


Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның орны мен ролі



бет4/5
Дата13.06.2016
өлшемі449.5 Kb.
#133803
1   2   3   4   5

2.2. Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның орны мен ролі.

Ғасыр бойы Азияда аймақтық проблемаларды тиімді шешу үшін ортақ тұғырнаманың қалыптастырудың көптеген әрекеттері қолға алынды. Азияда ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру туралы КСРО-ның ұсынысын еске алсақ та жеткілікті. 1970 жылдардың басында Л. Брежнев осындай бастама көтерді, мұны және Үндістан белсенді түрде қолдаймыз деді. Бірақ Үндістанда басқа Азиялық мемлекеттерде ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру туралы кеңестік ұсынысты қолдаған жоқ. Азия елдерінің КСРО-ның жоспарларына дәстүрлі түрде күдікпен қарауы, Сондай-ақ Пекиннің жанталаса қарсылық білдіруі өзінің теріс ролін ойнады. Оның үстіне аймақтағы көптеген елдердің арасында күрделі қарама-қайшылықтарлдың болуына байланысты Азия құрлығында қауіпсіздікпен ынтымақтастықтың арнайы институтын құру идея күйінде қалды. Еуропадағы 1975 жылғы Хельсинки актісіне ұқсас ынтымақтастықтың базалық принциптерінде қалыптастыру мүмкін болмады. Жоғарыда атап өткеніміздей 1990 жылдардың басында жағдай өзгерді. Бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолында Азиялық елдердің күш жігерін біріктіру үшін нақты алғы шарттар пайда болды. Екі асқан державаның ғаламдық теккетіресу дәуірі аяқталды. Азиядағы теккетірес бәлкім елеулі дәрежеде әлсіремеген болар. Бірақ аймақтық шиеленісті ұшықтыруға жәрдемдескен көптеген факторлар бірте-бірте өзінің күшін жоғалта бастады. Сондықтан Азияда мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тетіктерді жасауға ұмтылыс жанданды. Бағдарлар алмасты. Тікетірес экономикалық кооперация, коммуникацияны дамыту, қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын пайдалану, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты салалардағы өзара іс-қимылға орын берді. Аймақ ұғымы Шығыс Азия мен Оңтүстік Шығыс Азияның жаңа экономикалық архитектурасын қалыптастыратын ірге тасқа айналды.

Азиялық елдер дамуының ортақ векторы белгіленді, оны Азиялық қоғамдардың либералдық демократия мен нарықтық экономика жағынан бейімделу ретінде сипаттауға болады. Осындай бейімделу аймақтағы көптеген мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясатының мазмұнын айқындаушы факторға айналды. Олардың жаңа геосаяси жағдайға бейімделуі аймақтық қауіпсіздік саласында Азиялық елдердің ынтымақтастығын бірте-бірте өрістетуге әкелді.

Осы тұрғыдан алғанда 1992 жылғы 20 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Президент Н.Назарбаевтың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) өткізу туралы ұсынысын Азия құрлығындағы халықаралық қатынастарда болып жатқан сапалы өзгерістердің заңды көрінісі ретінде қарауға болады. Азияда қауіпсіздік құрылымын құру үшін жауапкершілік ауыртпалығын халықаралық құқықтың субъектісі ретінде таяуда ғана танылған тәуелсіз мемлекет өзіне алды. Қазақстан Республикасы халықаралық қауіпсіздік және қарусыздандыру мәселелері жөніндегі өзінің барлық практикалық істерінде екі принципті негізге алады. Біріншісі: қазіргі бар геосаяси және геоэкономикалық тенденцияларды бара-бар қабылдау қажет, халықаралық қауіпсіздіктің жаңа құрылымдарын және тетіктерінің құрылысымен бірте-бірте айналысу керек. Екіншісі: аймақтық қауіпсіздік жүйесін құры отырып, ғаламдық қауіпсіздікті нығайтудың тиімді жолдарын іздестіру сияқты міндетті де ұмытпаған жөн[69].

Стратегиялық тұрақтылық тетігінің өзіне тән ерекшелігі оның көп тарапты сипаты, яғни тиісті елдердің келісілген іс-қимылы болып табылады. Басқаша сөзбен айтқанда бұл ынтымақтастық өзара іс-қимыл жасамай, өзара түсіністік таппай және оларға келуге дайын болмай қауіпсіздік сияқты шетін салада елеуші табысқа қол жеткізу туралы айту мүмкін емес.

Қазақстандық дипломатияның алдында Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылық проблемаларын шешуге қызмет ететін АӨСШК идеясын өмірге енгізу сияқты күрделі міндет қойылды. Беделді мамандардың пікірінше бүгінгі күні аймақ елдерінің алдында міндеттердің тұтас кешені тұр. Олардың ішінде неғұрлым басымдық берілетіндері мыналар болып табылады:



  • аумақтық дауларды шешу;

  • қарусыздану және қару-жараққа бақылау жасау саласында нақты процеске қол жеткізу;

  • есірткілердің және әдеттегі қару-жарақтың заңсыз айналымына, терроризмге және халықаралық қылмысқа қарсы күрестегі шараларды келісу;

  • экономикалық мәселелерді бірлесіп шешу;

  • Азиялық елдердегі экономикалық өсімді қамтамасыз ету.

Реттелмеген аумақтық мәселелер проблемасы аймақтың көптеген елдерінің өзара қарым-қатынасындағы негізгі талас болып табылады. Бұл, сөз жоқ, Азиядағы сенім білдіру мен ынтымақтастық ахуалын нығайтуға жәрдемдеспейді. Құрлықта аумақтық талаптар қою нәтижесінде туындаған «ыстық нүктелер» толып жатыр. Оны үстіне әлеуметтік-мәдени тұрғыда Азиялық елдер Еуропа мемлекеттеріне қарағанда әлдеқайда біртекті емес. Азиядағы өзара сенімсіздік әлеуеті Еуропалық құрлықпен салыстырғанда әлдеқайда көп[70].

«Шанхай бестігіне» қатысушыларға тән оң сипаттағы іс-қимыл жаңа деңгейдегі қарым-қатынастардың символына айналды. Бестікке қатысушылар аумақтық мәселелерді шешу туралы уағдаластыққа қол жеткізеді және шекара ауданындағы сенім білдіру шараларын келісіп, қауіпсіздік саласында алға қарай үлкен қадам жасады.

1996 жылғы сәуірде және 1997 жылы тиісінше Шанхай мен Мәскеуде шекара ауданында сенім білдіру шараларын нығайту және қарулы күштерді қысқарту туралы келісімдерге қол қойылды. Қазақстанның пікірі бойынша, бес елдің (ҚХР, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан) қол жеткізілген уағдаластығы әлемдік дипломатиялық практикада бірегей болып табылады және АӨСШК – нің болашақ құрылғысының маңызды элементі ретінде жемісті түрде пайдаланылуы мүмкін.

Реттелмеген жан-жалдардың болуы қарусыздану және қару-жараққа бақылау жасау саласында проблема туындатады. Сенім білдірудің жарты кештігі жаппай қырып-жоятын қаруды қоса алғанда қару-жарақтың жинақталуына әкеледі. Тізбекті реакция қисынына сәйкес жанталаса қарулану оған қатысушыларды әскери тікетіреске итермелейді. Сөйтіп тұйық шеңбер пайда болады, ол тікелей жанжалға тартылған елдер үшін де, сондай-ақ әскери қақтығыстың салдарын болжап білуге болмайтындығына байланысты бүкіл аймақ үшін де аса қауіпті. Үндістан мен Пәкістан арасындағы жанталаса қарулану осыған көрнекі мысал бола алады, ол қазір жаңа, анағұрлым қауіпті кезеңге ядролық текетіреске ұлғаюда.

Азиялық елдердің басым көпшілігі әлі күнге дейін қарусыздану және қару-жараққа бақылау жасау саласындағы негізгі халықаралық келісімдерге қосылған жоқ. Әңгіме, ең алдымен, ядролық қаруды таратпау туралы шарт (ДНЯО), ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт (ДВЗЯИ), химиялық қаруға тыйым салу туралы конвенция туралы болып отыр. Себептері жоғарыда айтып өткеніміздей көршілес мемлекеттерде сенімнің болмауы, осы шарттарды тиімді қолданудың мүмкіндігіне сенбеу. Делидің пікірі бойынша ДВЗЯИ кемсітушілік сипаты бар шарт болып табылады және ғаламдық та, аймақтық та қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жәрдемдеспейді, өйткені онда нақты уақыт мерзімдерінде жаппай қырып жоятын қарудың бүкіл арсеналын толық жою туралы ереже жоқ.

Осы күрделі жағдайдан шығу мүмкіндігі бар. Ол қарусыздану және қару-жараққа бақылау жасау саласында бастапқы қадамдар туралы уағдаластыққа қол жеткізу болып табылады. Сондай-ақ сенім білдіру шаралары жөніндегі келісімге қол жеткізу де айрықша маңызды. Азияның көптеген мемлекеттері осындай қадам жасау қажеттігін мойындайтыны жақсы үмітке бастайды. Сондықтан Азиялық құрлықтағы жағдайлардың оң өзгерістеріне қарай осындай уағдаластықтарға қол жеткізу үшін қосымша мүмкіндіктер ашылады. Басқаша айтсақ, Азия елдерінің көпшілігі қарусыздану келісімдеріне қосылатын еді.

Есірткіні, атыс қаруының заңсыз айналымына, сондай-ақ террорлық ұйымдарға және халықаралық қылмысты синдикаттарға қарсы бірлескен күреске қатысты айтсақ, осы проблемаларды шешудегі негізгі ролді Орталық Азия елдерінің өздері қолға алуы тиіс. БҰҰ мен ЕҚЫҰ-да осылай деп санайды. Аймақтағы қауіпсіздікке нақты қатер туғызатын экологиялық проблемалар Азия үшін айрықша көкейкесті болып табылады. Қуаңшылық пен шөлейтке айналуға қарсы іс-қимыл жасау, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын ұтымды пайдалану, зиянды тастандылардың ауаға шығарудың деңгейін азайту сияқты салаларда ынтымақтастық қажеттілігі уақыт озған сайын айқын бола түсуде. Аймақ мемлекеттері осындай проблемаларды шешудің ортақ үлгісін жасауы тиіс, ол бәлкім мемлекеттердің экология саласындағы базалық принциптері мазмұндалатын жеке құжат түрінде ресімделетін болар. Аймақ елдерінің экономикалық дамуының да өткір мәселелері көп. Бүгінгі күні инфрақұрылымды, коммуникацияны дамыту, минералдық ресурстарды бірлесіп өндіру және өңдеу арқылы Азиядағы экономикалық өсімді ынталадыруға бағытталған бірқатар халықаралық жобалар бар. Алайда осындай сипаттағы хабарларға іс жүзіндегі қызығушылық әзірге мәз емес. Бұл Азиялық елдерінің өзара іс қимыл деңгейлерінің жеткіліксіздігіне байланысты. Бұрынғысынша текетірес тұрғысында пайымдаудың және өзара сенімсіздіктің стереотиптері күшті. Сонымен бірге Азияда ортақ мүдделер жолында толыққанды ынтымақтастықты жолға қоюдың мүмкіндігі мол. Бұл білікті және арзан жұмысшы күші, үлкен табиғи байлықтар және орасан зор өткізу рыногы. Азия елдерінің өзара жақындасуға саяси ерік-жігері болған жағдайда осы факторлардың ынтымақтастықты жолға қою процесінде ғана емес, сонымен бірге ұлттық экономиканы дамытуда шешуші ықпалы болуы мүмкін[71].

Жоғарыда айтылған пайымдаулар мен себептерді Азия елдері Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңесті шығару туралы қазақстандық басшының бастамасын қолдау туралы шешім қабылдаған кезде тиісті түрде ескерді.

Осы күрделі жағдайдан шығу мүмкіндігі бар. Ол қарусыздану және қару жараққа бақылау жасау саласында бастапқы қадамдар туралы уағдаластыққа қол жеткізу болып табылады. Сондай-ақ сенім білдіру шаралары жөніндегі келісімге қол жеткізу де айрықша маңызды. Азияның көптеген мемлекеттері осындай қадамдар жасау қажеттігін мой ындайтын жақсы үмітке бастайды. Сондықтан Азиялық құрлықтағы жағдайлардың оң өзгерістеріне қарай осындай уағдаластықтарға қол жеткізу үшін қосымша мүмкіндіктер ашылады. Басқаша айтсақ, Азия елдерінің көпшілігі қарусыздану келісімдеріне қосылатын болады.

Есіткінің, ату қаруының заңсыз айналымына, сондай-ақ террорлық ұйымдарға және халықаралық қылмысты синдикаторға қарсы бірлескен күреске қатысты айтсақ, осы проблемаларды шешудегі негізгі рольді Орталяқ Азия елдерінің өздері қолға алуға тиіс.

БҰҰ мен ЕҚЫҰ-да осылай деп санайды. Аймақтағы қауіпсіздікке нақты қатер туғызатын экологиялық проблемалар азия үшін айрықша көкейкесті болып табылады. Қуаңшылық пен шөлейтке айналуға қарсы іс-қимыл жасау, траншекаралық өзендердің су ресурстарын ұтымды пайдалану, зиянды тастандыларды ауаға шығарудың деңгейін азайту сияқты салаларда ынтымақтастықтың қажеттіліг уақыт озған сацйын айқын бола түсуде. Аймақ мемлекеттері осындац проблемаларды шешудің ортақ АОСШК идеясын іске асыру мүмкін болды. Өйткені біріншіден, бастама жаңа тарихи жағдайларда ұсынылды, екіншіден, Н.Назарбаев сияқты белсенді саяси тұлғаның аузынан шықты, үшіншіден бастама халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосқан мемлекетпен байланыстырылады.

Жоғарыда санамаланған факторлар Азия елдері АОСШК идеясын қолдану туралы шешім қабылдану процесінде негізгі рольге айналды.

Кеңесті әзірлеу және шақыру процесі бірнеше кезеңдер арқылы өтті.

Бірінші, кезең барысында (1992 жылғы қазан, 1995 жылғы наурыз) қазақстанның күш-жігері осы ұсынысқа қатысты. Халықаралық қолдау алуға бағытталды. Осы процесті одан әрі іргелетуге нақты мүдделі Азиялық елдердің басты тобын айқындау төтенше маңызды болатын. Құрлықтағы қауіпсіздік мәселелеріне ортақ көзқарасты әзірлеуге арналған Азиялық елдер сарапшыларының үш кездесуі өткізілді. (1993 жылғы сәуір және тамыз, 1994 жылғы қазан). Ресейді, Қыфтайды, Үндістанды, Иранды, Пакітстанды және БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИКҰ, ЛАГЫ сияқты халықаралық ұйымдарды қоса алғанда бастаманы Азияның он бес мемлекеті қолдады. Аймақта бар келіспеушіліктер қатысушы мемлекеттердің қауіпсізждік пен ынтымақтастық проблемаларды ортақ көзқарасты әзірлеуі үшін кедергі бола алмайтындығы туралы уағдаластық бірінші кезеңнің бірінші жетістігі болды.

Екінші кезеңде (1995 жылғы наурыз, 1999 жылғы қыркүйек) жұмыстың негізгі мазмұны АОСШК-ге мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуін әзірлеу болды. Осы кезең ішінде АЖТ-ның сегізінші мәжіллісі, сыртқы саяси ведмостволар басшылары орындасарларының екі кездесуі (1996 жылғы ақпан, 1997 жылғы желтоқсан) АОСШК-нің шақырутұрғысындағы Азиялық қауіпсіздік атты халықаралық коллоквиум (1998 жылғы қазан), сондай-ақ бірқатар мүше мемлекеттердің астаналарында екі жақты консультациялары (1999 жылғы қаңтар-ақпан) өткізілді. Кездесулер барысында: «АОСШК рәсімдерінің ережесі», «АОСШК принциптерінің декларациясы», «АОСШК құрылымы мен институттары» атты базалық құжаттардың жобалары қаралды.

1996 жылғы 7-8 ақпанда Алматыда сыртқы саяси ведмостволар басшылары орынбасарларының кеңесі өткізілді, онда 23 Азиялық елдердің барлық қатысушылардың бірлескен күш-жігерін талап ететіндігі туралы ортақ түсіністікке қол жеткізді. Пікір талас барысы көрсеткеніндей аймақ мемлекеттері ынтымақтастықтың негізгі бағытын айқындайтын базалық құжаттарда әзірлеу жөніндегі үлкен жұмысқа дайын болып шықты. Кездесудің қорытынды хаттамасында сыртқы істер министрлері кеңесін өткізудің оңтайлды мерзімдері белгіленді.

Кездесудің нәтижелері бойынша Азиялық елдердің джипломаттары мынадай қорытындыларға келді:


  • Қазақстандық бастаманы Азиялық мемлекеттердің айтарлықтай саны, сондай-ақ беделді халықаралық ұйымдар қолдады және ол аймақтың саясаттың маңызды факторына айналды;

  • АОСШК процесі тұрақты сипат алды;

  • АОСШК – ны әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының қызметі қауіпсіздік проблемасына қатысты мүдделі мемлекеттердің позициясын жақындастыруға себепші болды және Азиялық елдердің оң сипаттағы бағасын алды;

  • Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және тетікті құру кезінде Азиялық құрлықтағы мемлекетаралық қатынастардың ерекшелігін есеру қажеттігі туралы түсінікке қол жеткізілді;

  • Басқа да аймақтық құрылымдардың тәжірибесін пайдаланудың орындылығы танылды.

1997 жылғы 3 желтоқсанда АОСШК-ге мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері орынбасарларының екінші кездесуі өтті. Оған 27 мемлекет пен ұйымдардың өкілдері қатысты. Кездесуде Қазақстандық бастаманы одан әрі дамытудың барысы көрініс тапқан қорытынды мәлімдеме қабылданды. Кеңеске қатысушылар АОСШК – ның ресми құжаттарына төмендегідей принциптерді енгізуді жақтап пікір білдірді:

-аумақтық тұтастықтың кепілі;

- процеске қатысушы барлық елдердің егемендігін құримет тұту;

- ішкі істеріне араласпау;

- келіссөз процесі шиеленсіті және дағдарыс жағдайын шешудің бірден бір негізі.

АӨСШК-нің қызметінде, АОСШК-ні шақыру тұрғысындағы азиялық қауіпсіздік атты халықаралық коллоквиумның өткізілуінің зор маңызы болды. (Алматы, 1998 жылғы 21-22 қазан). Оның жұмысына Азмяның, Еуропаның 10 елінің және АҚШ-тың жетекші ғылыми зерттеу институттары мен орталықтарының басшылары қатысты. Осы іс-шараның басты мақсаты аймақтың қауіпсіздік жүйесін құру көзқарасы тұрғысынан азиялық қауіпсіздіктің бүкіл спектрі бойынша пікір алмасу болатын. Қатысушылар аймақтық жан-жалдар, жаппай қарап-жоятын қаруды таратпау, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, адам құқығы, терроризм және экстремизм, есірткі транзиті, экономикалық даму, сенім білдіру шаралары сияқты құрлықтың аса маңызды проблемаларына қатысты мүше мемлекеттердің пікірін жақындастыру мақсатында бастапқы кезеңде қол жетерліктей, шеше алатындай мәселелермен жұмыс істеу керек деп Қазақстан пікірімен келісті.

Сонымен бірге коллоквиумға қатысушылар Еуропада орныққан және кінәлілерді жазалауға дейін баратын, мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынасты қатаң реттеуді көздейтін құқықтық жүйені құруға қарсы пікір білдірді. Сарапшылар мұндай практика Азияға келмейтінін алға тартты. Қазақстан мұндай көзқарасты заңды деп есептейді. Қазақстанның дипломатиясының күш-жігері табысты түрде жалғасын тапты.

1999 жылғы 14 қыркүйекте Алматыда сыртқы істер министрлерінің кеңесі болды. Сыртқы саяси ведмостволардың басшылары шын мәнінде Азиялық қауіпсіздік жүйенің құқықтық базасы болған АОСШК принциптерінің декларациясына қол қойды. Кездесуге АӨСШК-ге мүше 15 мемлекеттің сыртқы саяси ведмостволарының басшылары Индонезия, Оңтүстік Корея, Малйазия, АҚШ, Украина, Жапония сияқты бірқатар байқаушы елдердің, сондай-ақ БҰҰ-ның, ЕҚЫҰ-ның ОАЭЫ-ның мемлекет аралық кеңесінің, ТМД-ның атқарушы хатшысының өкілдері қатысты. Сыртқы істер министрлері аймақтың форум ретінде АӨСШК процесін одақ әрі дамытуды өздерінше қолдайтындықтарын білдірді.

Шындығында ХХІ ғасырда Азия құрылығы әлемдік саяси процестердің орталығына айнала бастады. Аймақтағы үлкен мемлекеттердің үлкен мерзімді даму стратегиясы бірінде жаһандық және аймақтық сипаттағы сынақтарға қатысты әрекет танытуда, олардың күш-жігерін біріктіруде. Бұған көп ретте әлемжік саясаттағы аймақтандыру секілді объективті құбылыс жағдай жасайды. Бұл әсіресе Азияда аймақты көрініс беруде. Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесіне қатысушы мемлекет басшылары мен өкілдерінің 2002 жылғы 3-4 маусым аралығында Алматыда өткен бірінші саммитті құрылықтағы мемлекетаралық ауқымды жобалардың бірі ретінде танылуға толық негіз бар. Саммит Азиядағы қауіпсіздік саласындағы ықпалдасудың ұжымдық тетігін жасау жөніндегі Қазақстанның ұйытқылық пен көп жылдық атқарған қызметінің түйінді кезеңі және маңызды халықаралық оқиға болды. Бұл құрылымды ұйымдастыру жөніндегі бастама Қазақстан Республикасының өткен он жылдағы сыртқы саяси қызметінің негізі, оның әлемдік аренаға бастайтынын таныту құжаты болып табылады[66].

Азияның барлық елдері осынау жаңа құрылымның өзіндік бір өзегін қалыптастыру мен аяқталған табанды да , серпінді әзірлік жұмыстарына белсене қатысты.

Қаіргі уақытқа дейін оның жұмысына Азия құрылығының жетекші елдерін қоса алғанда 16 мемлекет өзінің бекем қатысу ниетін қуаттады. Кеңес шақыруда дүние жүзі халқының 3 миллиардқа жуығын қамтитын бүкіл Азия аумағының 90 пайызын алып жатқан мемлекеттер қолдағанын атап өткен жөн.

Қазақстан Республикасының президенті кеңестің бірінші саммитін ашу кезіндегі сөзінде: «Осы кеңес жұмысына қатысып отырған мемлекеттердің экономикасы да жедел қарқынмен дамып келеді. Азия мемлекеттерінің жиынтық экономикалық әлеуеті таңданарлық және жаһандық экономиканың жүйелі факторы болып табылады. Азия елдерінің жалпы ішкі өнімі долларлық баламада 13 триллионға жуықтайды. Бір ғана Қытай реформа жылдарында 50 миллиард долардан астам шетел инвестициясын тартса, Ресей және Үнді рыноктары аймақтары басқа мемлекеттермен жақсы инвестициялық мүмкіндіктерін байқатуда Қазақстанның да жағдайы жаман емес. Сондықтан да бұл форум өзекті саяси проблемаларды талқылау тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар, біздің еліміздің тұрақты экономикасының дамуын қамтамасыз етудің қажетті кепілдіктері тұрғысынан да, төтенше маңызда болып табылады.» - деп атап көрсетті[67].

Азияның аса ірі мемлекеттерінің басшыларының кездесуін табысты өткізудің өзі төтенше маңызды еді. Планетададағы ең ірі қақтығыстары көп аймақ Азия құрылығы екендігі құпия болмаса керек. Азия құрлығының төрінде ең ыстық нүктелері орын алып келеді. Олар біріншіден аймақта ғана емес, жалпы әлемдік тұрғыда тұрақтылыққа қатер төндіретін Үндістан және Пәкістанның ядролық текетіресі, Таяу Шығыстағы басылмай отырған қақтығыста аймақтағы бірқатар мемлекеттердің қатынасына, шиеленіс туғызып отыр. Қарулы жанжалдар жалғасып жатқан Ауғанстандағы ахуал антитеррорлық операцияның болашағына қатысты сауалды ашық түрде қалдырды. Тіпті халықаралық терроризмді түп тамырымен жою үшін бүкіл әлемдік қауымдастықтың барлық әскери ақпараттық, қаржылық ғылыми интеллектуалдық рухани-мәдени күш жігері түгелімен дерлік Азияға бағытталуда. Ендігі жерде соғыс қауіпі Еуропадан емес, Азияда басаталуы мүмкін. Бұдан былай әлемдік оқиғалар кіндігі Еуропадан Азияға Атлантикадан Тынық мұхитқа ауысуда. Осы өзекті де, қиын мәселелерге байланысты Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Алматыда өткізілген алғашқы самитінде жанжақты талқыланып Алматы актісі және АӨСШК-ның терроризмді аластау және өркениеттер арасындағы үн қатысудағы жәрдемдесу туралы декларация сияқты халықаралық маңызы бар құжат қабылданды. Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры Е.Казминнің мәліметіне назар аударатын болсақ соңғы уақытта посткеңістікте мемлкеттер терроризмге және діни эктремизмге қарсы күрес саласында іс-шараларын жандандырып келеді.

Терроризмге қарсы іс-әрекеттің құқықтық шегін белгілейтін көптеген маңызды құжаттар қабылдауға талпыныс жасауды террорлық белсенділік ошақтарын жою жөніндегі арнаулы бөлімшелер құрылуда сондай-ақ әртүрлі елдердің мемлекеттер арасында халықаралық терроризмге және басқа да эктремизм түрлеріне қарсы бірлесе күрес жүргізу шараларын белгілеу бойынша ақыл кеңес алмасу ісі жолға қойылып келеді. Бір сөзбен айтқанда қай деңгейде болмасын ынтымақтастың ілгере басу бар. [73].

Соңғы жылдардағы қайғылы оқиғалардың кезінде 2004 жылғы мәскеуде кепілге адам алу және кепілге алынған адамдардың өлуі бірнеше адам өлімінің қиылуы тағы бір одақ құрудың ендігі жерде мемлекет пен қоғам одағын құрудың маңыздығы мен қажеттілігіне барша жұрттың көзі анық жетіп отыр.

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурызындағы Қазақстан халқына жолдауындағы 6-шы басымдықтың 2-ші тармағы діни эктремизмге қарсы іс қимылға және халықаралық ланкестікпен есірткі саудасына қарсы күреске бағытталған саяси сипатқа арналған. Мұнда Елбасы мынандай жағдайды атап көрсетті «ланкестікке ұйымдасқан қылмысқа, заңсыз қару жарақ таратуға, есірткі саудасы мен басқа да осындай қатерлерге қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту.

Қазақстанның тиесілі халықарылық шарттар мен келісімдерді әзірлеуге және нақты іске асыруға белсене қатысуын қарастырады. Біз қазіргі заманның осындай қыр көрсетулеріне қарыс тұру үшін ҰҚШҰ және ШЫҰ-мы шеңберінде бірлескен оқу жаттығуларға сондай-ақ ланкестікке қарсы НАТО мен бірлескен бастамалармен операцияларға қатысу арқылы Орталық Азия өңірімен бекеттерінің ынтымақтастығын нығайтуға тиіспіз. [74].


ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан өзінің тәуелсіздік алған күннен бастап өзара ықпалдасу мен сан қырлы ынтымақтастықтың авторы ретінде прогресті жолдардан өтті. Соның арқасында Қазақстан, АҚШ-пен, Қытаймен, Ресеймен тұрақты және достық өзара қатынастарды одан әрі кеңейте отырып, олармен үнемі мүддесі ортақ үндесу жүргізіп отыр. Орталық Азия елдерімен интеграциялық ықпалдастық бағыты да жоспарлы түрде дамуда. Еліміз күллі мұсылман елдері мен мұсылман әлемімен жан-жақты қатынас орнықтырып келеді. Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңсе мақсатын іске асыру жұмысындағы қол жеткізілген табыстиарды одан әрі орнықтыра отырып, Қазақстан өңіріндегі қауіпсіздіктің сенімді факторына айналды.

Алғашқы алмағайып кезеңде Қазақстан ядролық қару жағынан өз еркімен бас тартып, енді қайтып жүрміз. Ал сол кезде Қазақстан ядролық қару-жарақтан ерікті түрде бас тарта отырып, оның орнына әскери арсенамызды нығайту, қарулы күштерімізді реформалау, армияны кәсібилендіру, оның материалдық-техникалық базасын жақсарту жұмыстарын басты міндет етіп қоя білді. Бұл де көреген саясаттың кепілі еді. Осылайша біз қаруды жою, қысқарту арқылы қарсылас пен ықтимал бәсекелестерді бірден азайтып, Қазақстанның егемендігіне қол сұқпаушылық пен шекарамыздың мызғымастығына алып державалар тарапынан кепілдік алдық.

Бүгінгі күні терроризм мен күрес аймақтың қауіпсіздікті қамтамасыз ету төтенше жағдайларды болдырмау үшін олардың болдырмау үшін олардың алдын-алу қауіпсіздік мәселесін шешу барысында үнемі ұлттық мүддені ұстану – еліміздің сыртқы саясатының басты бағыттары болып табылады.

Тәуелсіз еліміз бүгінге дейін жаңа ғасырдың қауіп қатеріне қарсы тұруға қабілетті әрі ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған үйлесімді сыртқы саясатты орнықтырды. Әлемде дәстүрлі емес қатерлелер мен талаптардың қара бұлты төне бастаған қазіргі тұста мемлекеттің дипломатиялық қызметінің күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерді талқылап отырудың маңызды екендігі белгілі. Уақыт өткен сайын ланкестік пен эктремизмнің қатерлі күресі Дүниежүзінде етек ала түсуде. Ланкестік топтар қызметінің күшеюі халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіруіне Дүниежүзі Мемлекеттерінің арасындағы экономикалық әлеуметтік даму күштерінің алшақтығы айқын байқалып кедейшілік пен ауру кеселдер кең тарала бастады. Қоршаған орта жағдайының құлдырауы өркениеттер мен діндер арасындағы араздықтар халықаралық проблемаларды шешуде күш көрсету тәсілдеріне қолданудың көбеюі әлемдік тарихта экстремистік бағыттың тамыр жаюйына әкеліп соғу үстінде . Бүгінгі әлемнің 40 елінде қарулы қақтығыстар жалғасуда 25 миллион босқын ресми тіркелген. Жыл сайын жер шарында 14 млн адам оның ішінде 6 миллион сәби аштықтан көз жұмды.

Жаһандық қарусыздану және жаппай қырып жоятын қаруларды таратпау процесіндегі дағдарысқа байланысты халықаралық ахуал ушығ түсті. Ядролық қаруды таратпау туралы шартта көрсетілген мемлекеттердің жүзеге асырылуы салдарынан осы қару түрінің таралу жолдарына тосқауыл қойылмай келеді.

Таяула НьЮ-Йоркте өткен қаруды таратпау жөніндегі шарттың шолу конференциясында қорытынды құжаттардың қабылданбауы осыны айқындайды. Жаппай қырып жоятын қарудың ланкестер қолына түсу қаупі күшейді.

Қазақстанның шекаралық аймағындағы ахуал мен тұрақсыздық үлкен алаңдаушылық туғызуда. Ауғанстанда әлі тұрақтылық толық орнатылмай отыр. Орталық Азиядағы жағдай да тыныш емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет