3 I әлемдегі бақ-ның дамуы



бет5/6
Дата02.07.2023
өлшемі73.83 Kb.
#475494
түріКодекс
1   2   3   4   5   6
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ (копия)

Қортынды
Кез- келген қоғам өмiрiндегi ақпарат жүйесiндегi қызметiнің ролi зор. Бүгiнгi дамыған өркениеттi қоғамдағы бiлiм мен ақпарат билiгi қаражат пен мемлекеттiк күштеудi екiншi кезекке ысырып тастап, оны басқаруда шешушi ықпал ете алар саяси күшке айналып отыр. Бұқаралық ақпарат құралдары коммуникативтiк ақпарат таратушылық, танымдық, қоғамдық пiкiр туғызу арқылы саяси билiкке ықпал етушiлiк, қадағалаушылық функцияларының маңызына қарай «төртiншi билiк” аталады Қазақстандағы экономикалық дамуына ықпал ете әртүрлi экономикалық мәселелер ақпарат кеңiстiгiнен кеңiнен көрiнiс табуда. Экономикалық әлеуметтік мәдени мәселелерi ақпарат кеңiстiгiнде терең ашық жарияланады. Ашық демократиялық ақпарат кеңiстiгi жаңа қалыптаса бастаған мемлекетте жаңа құндылықтардың қалыптасуы жариялық принциптерi тұрғысынан кең көрiнiс тапты.
Бүгiнде қоғамымыз нарықтық экономикалық саяси әлеуметтiк күрделi өзгерiстерге түсiп, жаңа жағдайға рухани психологиялық бейiмделу кезеңiн бастан кешiруде. Екiншi жағынан мемлекет идеологиясы жаңа азаматтық қоғам өркениеттi құқықтық құрылымға ұлттық бiрлiк пен теңдiк принциптерi арқылы гүлдену идеясын қолға алып отыр. Кез-келген мемлекеттiң iшкi сыртқы мiндеттерi мен мақсаттарын жүзеге асыру үшiн өзiнiң ақпараттық саясатың орны маңызды. Мемлекет пен БАҚ арасындағы қатынасты айқындайтын негiзгi факторлардың қалыптасуы көрінеді. Олар:
• Қоғамның жалпы экономикалық саяси әлеуметтiк жағдайы
• Демократиялық ақпарат кеңiстiгiнiң қалыптасуы
• БАҚ өзiн-өзi қадағалау мүмкiншiлiгiнiң қолданылуы
Батыстық алпауыт ақпарат корпорацияларыҚазақстанға мәдени- ақпараттық экспанция жасау мүмкiндiктерi бүгiнде артып отыр.
Олар ақпарат таратудың бостандығын желеу етiп жас мемлекеттердiң әлеуметтiк экономикалық даму деңгейiне сай келмейтiн сұраныстар мен құндылықтарды қалыптастыру сөйтiп елдiң тұрақтылығын нұқсан келтіруде. Халықтарға мәдени ерекшелiктерiне нұқсан келтіре және жас тәуелсiз мемлекетiң жалпы ұлттық құндылықтары мен басым бағыттарын айқындауына үлкен кедергiлер тудырады
Демек белгiлi бiр аймақта белгiлi- бiр тақырыпта әртүрлi қарама қайшылықта ақпараттар ағыны тоғысып жатса ол өңiрде бiрнеше мемлекеттердiң саяси экономикалық мүдделерi тоқайласып қалғанын бiлдiредi. Тап қәзiр Қазақстан әлемдiк аренада тек экономикалық мүдделер нүктесi ғана емес, стратегиялық саяси әлеуметтiк жағынан назар аудартып отыр. Түптеп келгенде мемлекеттiң ақпарат қауiпсiздiгiнiң саяси мәнi зор үлкен тармақтарының бiрi саналады. Сондықтан да бүгiнгi таңда өмiрiмiздiң барлық саласында дендеп енiп келе жатқан ақпараттық дәуiр түрлi идеялар мен iлiм бiлiм сан алуан өркениет пен құндылықтарды дұрыс саралап, адамдардың ой санасын кеңейтуге қандай бiр өздерiне жақын идеялар төңiргiнде тереңiрек түсiнiп бiлуіне ықпал етедi. Қоғамның жай күйiн бейнелейтiн обьективтi әлеуметтiк ақпараттың болмауы әдетте адамдардың қате көзқарас туғызып өмiршең емес заңдылықтарына бағыт алғызады. әрi қоғамның прогрессивтi дамуына оны реформалауда үлкен қателiктерге әкелуі мүмкiн.
Бiз қоғамда өмiр сүре отырып БАҚ сол қоғамдағы тыс қала алмайтын ескерсек олардың жұмысындағы жетiстiк кемшiлiктерi де қоғамдағы саяси -экономикалық реформалар мен мәдени- рухани дамудың деңгейiне байланысты. Экономикалық қатынастары ақпараттык қамтамасыз ету бағалау және олардың өздерiнiң көзқарастарын бiлдiрудiң әркелкiлiгi секiлдi оны қоғамның қабылдау мен түсiнiп танып бiлу мүмкiндiгi де бүгiнгiдей өтпелi қоғамның экономикалық әлеуметтiк салаларындағы тұрақсыздық жайсыздықтардан сақтап қалуға қабiлеттi анық байқалып отыр. Ал ол қабiлеттiң жүзеге асуы мен нәтижелi болуы қоғамның басқа да саяси институтарымен бiрге БАҚ алдында айрықша жауапкершiлiктер мен мүмкiндiктер көкжиегiне айналды. БАҚ қоғамдағыролі ерекше сондықтан да қазіргі кезеңде осы салада көптеген зерттеулер мен демократиялық дамыту жолдары жан жақты қарастырылуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет