3 І тарау. Оқу процесінде қарым-қатынас жасау әдістемесі


ІІІ тарау. Оқушы іс-әрекетін бақылау әдістемесі



бет3/3
Дата05.07.2016
өлшемі307 Kb.
#179041
1   2   3

ІІІ тарау. Оқушы іс-әрекетін бақылау әдістемесі

3.1 Оқу процесінде оқушы еңбегін бақылау тәсілдері
Оқыту, мұғалімнің еркеше бағдарлы мақсат көздейтін қызметі ретінде, оқушыларды біліммен іскерлікпен, дағдымен және оларды танымдық және шығармашылық қабілеттілікпен қаруландыратын кең мағынасындағы тәрбиенің біртұтас маңызды бөлігі болып табылды.

Оқытуды тиімді ұйымдастыру мәселелерімен педагогиканың дидактика деп аталатын арнаулы саласы. Дидактика бұл білім мен оқытушының теориясын жасап шығаратын педагогика саласы. Дидактиканың негізгі мәселелері: оқыту процесінің заңдылығын ашу, білімінің мазмұнын анықтау, оқытудың барынша тиімді әдістері мен ұйымдастыру түрлерін жасап шығару болып табылады. Оқытушы – жеке адамның қалыптасуының және бірінші кезекте, ақыл-ойымен жалпы білімін дамытудың маңызды құралы. Білім мен ақыл-ойдың дамуы көптеген жылдармен және әр қилы түрде, өздігінен білім алуға дейін жүзеге асырылады, алайда оқытудан тыс білім алу көбіне-көп тұрақты емес, жүйесіз түрде жүреді.

Оқытудың, білім маңызды қалған барлық басқа түрлерінен және өздігінше білім алудан мынадай айырмашылығы бар. Ол белгілі бір жүйеде және жоспар бойынша, мұғалімнің басшылығымен өтіп жатқан бағдарлы мақсатқа бағытталған процесс болып табылады.

Әрбір пәнді оқыған кезде оқушылар білімінің кейбір жиынтығын меңгереді және сол саламен байланысты белгілі іскерлік пен дағдыға ие болады.

Білімге белгілі заңдылықты көрсететін, сондай-ақ барлық осы терминдермен байланысты теориялық қорытындылар, өзара байланысты нақты фактілер, ұғым жүйелері заңдар ережелер жатады. Іскерлік дегенді іс жүзіндегі қимыл, шәкірт алған білімінің негізінде жүзеге асыра алатын және жаңа білім алуға алдағы уақытта ықпал жасай алатын әрекет деп түсінуге болады.

Мысалы, оқушы өзіне түсіндіргеннен кейін білімді меңгеріп алады, осындан соң географиялық картаны оқып, көрсете біледі; географиялық жаңа білім алуынан кейін табады, сөйтіп, ол осыларға қалай жету керектігін біліп алады. Дағдыға автоматтандырылған әрекеттерді жатқызып жүр. Мысалы, әрбір әріптің таңбасын ойланумен дұрыс келтіріп жаза білуден біртіндеп жазу дағдысына келеді, адам жеке әріптерді қалай жазу керек және оларды сөз етіп қалай құрастыру керектігін ойланып отырластырып жазатын болады. Қазіргі уақытта "іскерлік" пен "дағды" деген түсінік мәселесі кейбір таластыруды туғызып жүр: дәстурлі аңықтаулар қайта қарауға жатқызылып келеді. Мысалы, кейбір психологтар іскерлікті әрекетті меңгерудің жоғарырақ формасы деп санау керек дегенді ұсынды, ол қалыптасқан дағдына үйлесімді болып келеді.

Мәселен, шетел тілін, үйреніп білген кезде сөйлеу дағдысының қалыптасатыны жақсы мәлім, мұның мағынасы тез грамматикалық формалары мен айту ережелерін ойланып тұрмастан игергенін және жаттап алғанын айтып береді, сөйлеу үлгісінің үлкен практикасын көрсетеді. Алайда олардың талап етілетін сәйкестігін жасап, белгілі сөйлеу немесе әңгіме жүргізу үшін сөз қорларымен толтыру, оларды сөйлеген сөзде дұрыс қолдану сөйлемді дұрыс келтіруден немесе онда сөзді грамматикалық дұрыс біріктіруден көрі мүлде ерекше білуді талап етеді. Алайда, бұл мәселе ақырғы теориялық шешілімін әлі де тапқан жоқ.

Білімнің, іскерлік пен дағдының өзара салмағы әр түрлі оқу пәндерінде бірдей емес. Мысалы, тарихты оқығанда мынадай білімдерді игерудің рөлі үлкен: оқушыға көптеген нақты фактілерді даталарды, аттарды есте сақтау қажет, оған қоғам дамуының жалпы заңдарын меңгеріп, қандай да болсын тарихи оқиғалардың болу заңдылығын түсіну, сол білгенін қазіргі оқиғалармен байланыстыра білу қажет. Әрине, оқушы кейбір арнаулы білімдерді меңгеруі қажет-тарихи картамен жұмыс істеп үйренуі, хронологиялық таблицаны және т.б. пайдалана білуі керек. Математикада біліммен қатар оларды есеп шығаруға практикада қолдана білу үлкен роль атқарады. Онда ең аз болғанда әрекетті автоматтандыру қажет. Өйткені есепті шығарған кезде әрқашаи да ойланып-толғану талдау жасау керек.

Әрине, мұнда да кейбір автоматизм бар: шәкірттер көбейту таблицасын негізінен автоматты түрде келтіреді, кейде тіпті оқушылар алгоритммен пайдаланған болса, онда белгілі бір топтың немесе типтік есепті шығару дағдысы да, таза түрдегі дағды емес.

Шетел тілдерін үйрену кезінде білімдерді меңгерудің де, олардың негізінде автоматтандырылған дағды дәрежесіне жеткізілетін, оларды жасай білудің де маңызы зор, демек, дағдысыз іс жүзінде сөзді пайдалану мүмкін емес. Дәл сол сияқты, орфографиялық дұрыс жазуға, еңбекке үйреткенде және т.б. дағдының зор маңызы бар. Әрбір нақты затты меңгеру үшін білімнің, іскерлік пен дағдының маңызына, сондай-ақ ондағы бар айырмашылыққа қарамастан іскерліктің да дағдының да пайда болу негізгі білім болып табылады, сондықтан да оқыту процесі білімді меңгеруден бастауға тиіс.

Педагогтар мен психологтар оқыту жүйесінде білімді жетекші буын деп есептейді, демек тек білім ғана іскерлік пен дағдыны санаға пайдалануга ықпал жасайды, оларды берік те орнықты етіп шығарады. Оқыту процесі әрқашан да мұғалімнің басшылығымен өтеді. Бірақ сомымен бірге білім алу, іскерлік және дағдылану процестері бұл оқушының өзінің қызметі. Оны оқу деп атайды. Хабарлама теориясы тарапынан алып қарағанда оқу дегенді хабарды қайта өндеу процесі деп түсінуге болады, оның жаңа хабарды табуға мүмкіндік беретін әрекеттер жасау үшін пайдаланылуы мүмкін. Ал оқыту ұғымы оқушыларды біліммен, іскерлік және дағдымен қаруландыру, олардың мәнін және шығармашылық қабілеттерін дамыту жөніндегі мұғалімнің қызметіне жатады.

Бұл дәстүрлі терминдік шектеу сәтті болып табылмайды. Өйткені, орыс тілі тарапынан келетін болса, мынадай сәйкестікке жол беріледі: оқытатын және оқытылатын, оқитын және оқушы. Іс жүзінде "оқыту" термин сабақ беру терминімен жиі ауыстырылады. Бұл мұғалімнің атқаратын қызметімен жақсы үйлесіп тұрады. Оқу мен оқыту (сабақ беру) процестерінің өзі қызметтің екі ерекше түрін жатады және оқыту процесінің қосалқылық сипатын көрсетеді. Дидактика мен бүкіл педагогиканың ең маңызды саласы болып табылатын оқыту процесін ғылыми теориясы өзін оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыратын әдістер мен тәсілдерді жасап шығаруды еңгізіді, ал олар оқушылардың білімді тиімді меңгеруін, іскерлік пен дағдыны жасап алуын және қабілеттіліктерін қалыптастыруын қамтамасыз етеді.

Мұғалімнің жұмыс жүйесі оқудың ішкі механизмдерін білуіне, оқу процесінің барысында өздері қабылдап алған барлық білім, түсініктерін оқушылардың сана-сезімдеріне қандай әрекет-әсер ететінін түсінуіне негізделген кезде ғана тиімді болуы мумкін. Бұл сала әзірге мүлде жеткіліксіз зерттелген және педагогика мен психологияда да тіпті аз игерілген. Алай да оқу процесінің теориясы үдемелі қарқынмен дамауда.
3.2 Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің нәтижесін бақылау және бақылау.

Оқыту процесінің маңызды компоненттерінің бірі – бақылау, баға қою. Бұл ұғымдардың әрқайсысының өзінше мәні және ерекшелігі бар. Олар оқу тәрбие процесін мұғалімнің дұрыс ұйымдастыру басшылығына байланысты.

Бақылау - бұл педагогикалық басшылықтың және оқушылардың танымдық іс-әрекетін меңгерудің функциясы. Бақылаусыз жеке адамның дамуы мен қалыптасуын басқаруға балмайды. Бақылаудың психологиялык педагогикалық мәні оқушыларға дср кезінде кәмек көрсету. Олардың шыгармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушыларды оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру. Бақылау процесінде мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп, құрмет сезімін білдіруі тиіс. Егер кейбір оқушы тапсырманы орындауда қате жіберсе, оған дөрекі, өрескел сөздер айтып ескерту жасауға болмайды.

Сабақтың барлық кезеңдерінде бақылаудың мазмұны оқушыларды іс-әрекетіне ынталандыру және олардың белсенділігін дамыту тиіс. Бақылау процесінде оқушылардың алған білімді игеруі және баянды етуі бойынша оқу жұмысының сапасы туралы толық хабар алу өте қажет. Осыған байланысты бақылаудың бірнеше түрлерін атауға болады. Олар тақырыптық бақылау, тараулар бойынша оқтын-оқтын бақылау, қорытынды бакылау.

Тақырыптық бақылау оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге, мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушылардың есіне салады.

Тараулар бойынша оқтын-оқтын бақылау әрбір тоқсанның аяғында оқу бағдарламасының белгілі тарауын оқып болғаннан кейін өткізіледі. Бақылаудың мақсаты оқу бағдарламасы негізінде бақылау жұмыстары және түрлі техникалық құралдар (оқыту машинасы, компьютер, электронды-есептеуіш машинасы т.б.) арқылы әрбір тоқсанның аяғында пәндер бойынша оқушылардың алған білімінің көлемін және сапасын, іскерлігін, дағдысын анықтау.

Қорытынды бақылау - барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және практикалық білімдері анықталады. Сондықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестін шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етіледі. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалап бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдарламалап бақылау әдістеріне бөлінеді.

Машинасыз бағдарламалап бақылау әдістері бойынша перфо-карталар және бақылау карталарын қолданып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін анықтайды. Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны бөлімі бойынша 20-25 сұрақтар дайындап, әрбір сұраққа 4 вариантты жауаптың мазмұнын жазады. Олардың ішінен бір сұраққа ғана дұрыс жауап беріледі. Қалған сұрақтар варианттары: дәл емес, толық емес немесе басқа тектес ұғымдарға сәйкес келеді.

Егер оқушының дайындығы жеткілікті болса, ол дұрыс жауап беріп, оны мына бақылау картасы арқылы табуы керек.

Код нөмірлері

Сұрақтар рим цифрымен

I

II

III

IV

V

1

2

3



4

5

6



7

8

9



10

11


3

3

2



1

4

2



3

1

2



4

3


2

3

4



4

4

4



1

2

3



2

4


1

1

3



4

2

1



3

1

4



2

1


I

4

2



2

3

1



4

2

3



2

2


4

2

1



3

4

3



2

1

4



1

4

Бірінші графада код нөмірлері араб цифрларымен (II), бірінші— бесінші графаларда сұрақтар рим цифрларымеи белгіленген, ал, клеткалардың ішіндегі сұрақтардың варианттары арап сандық белгілерімен көрсетілген.

Сұрақ №1. Оқыту процесі дегеніміз не, оны дәлелдеп, толық жауап берініз?

Жауаптың варианттары:

1.Оқыту міндеттерін шешуге бағытталған танымдық әрекеттердің жүйесі.

2.Мұғалім мен оқушылардың оқыту процесін жүзеге асыруға бағытталған бір ізділік әрекеттерінің жиынтығы.

3. Білімді, іскерлікті және дағдыны игеруге және жеке адамның тәрбиесі мен дамуына бағытталған мұғалім мен оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеті.

4. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, оларды білім, іскерлік және дағдымен қаруландыру.

Егер оқушы осы сұрақтардың ішінен бақылау картасы бойынша бірінші сұрақ графикасындағы бірінші код қатарындағы үшінші вариантты таңдаса, онда ол сұраққа толық жауап берген болады.

Сонымен, мұғалім бақылау карталарын пайдалана білсе, сөзсіз оқушылардың білімін аз уақыттың ішінде анықтай алады.

Машинаны бағдарламалап бақылау әдістері қазіргі кезде мектептерде, арнайы орта және жоғары оқу орындарында қолданыла бастады.

Барлық оқу орындарында техникалық құралдардың көптеген түрлері қолданылады. Олар:

1. Автоматтандырылған сыныптар «АК».

2. МикроЭВМ «Атат» және «ДВК».

3. Электронды емтихан алушы «АИСИ»-3 т.б.

Мұндай техникалық құралдар оқушылардың білімін тексеру, бақылау және өзін-өзі бақылау мен тексеру жүйесінде қолданылады. Мысалы, электронды емтихан алушы «АИСИ»-3 бір сағатта 40 бағадан емтихан алуға қабілетті.

Бақылаудың тиімділігі оны оқыту процесінде дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Оқыту процесінде бақылаудың жаппай топтық және дербес формаларын еске алған жөн.

Жаппай бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындаудың барысында оқушылардың арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады.

Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарлама материалы мен игерген іскерлігі мен дағдысының беріктігі ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.

Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақта тапсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауру т.б.) қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.

Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялды оқыту барысында жақсы нәтиже береді. Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бір ізділігі, олар өз пікірлерін қалай байымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса көңіл аудару керек.

Сонымен, оқушыларды өзін-өзі бақылау тәсілдеріне үйрету, олардың жауапкершілігін, өз күштеріне сенушілігін арттырады.

Оқушылардың үлгерімін бақылау нәтижесі бағалау арқылы көрсетіледі. Бағалау деп жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін білімнің, іскерліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады. Үлгерімді бағалаудың білім беру және тәрбиелік маңызы бар. Білім берудің мағынасы оқушылар объективті білім алады, ой-өрісі кеңиді, ғылыми көзқарасы қалыптасады, іскерлікті, дағдыны игереді. Тәрбиелік мағынасы жағынан объективті бағалау жеке адамның қасиеттерін (еңбеккерлік, қайырымдылық, дербестік, ұжымшылдық т.б.) қалыптасудың құралы. Білімді, іскерлікті және дағдыны тексеру және бағалау танымдық іс-әрекет кезендерінің бірі болады. Бұл жерде негізгі мақсат - оқушылардың оқу жұмысын бақылау, олардың үлгерімін және кері байланысын есепке алу.

Мұғалім оқушылардын білімді, іскерлікті дағдыны игеру сапасын тексеріп қана қоймайды, ол оларды ойлау тәсілдеріне, практикалық жұмысқа үйретеді және біліміндегі кемшілікті жоюдың жолдарын іздестіреді.

Оқушылардың білімін бағалау үшін мынадай жағдайларды ескеру қажет:

а) оқушы білімінің жақсы жақтарын және кемшіліктерін дәлелдеу;

ә) баға әділетті болуы қажет, оқушының бағасын әдейі төмендетуге, оған өте жеңіл-желпі қарауға және ымырашылыққа салынуға болмайды;

б) әрбір баға — бұл тек қана білімді есепке алу емес, ол шын тәрбиелік құрал. Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрайлылыққа салынуға болмайды;

в) оқушылардың кейбір теріс қылықтары үшін бағаны жазалау құралы есебінде қарастыруға болмайды;

г) оқушылар білімін тексеруді және бағалауды сабақтың әрбір кезеңінде іске асыру керек.

Үлгерімді бағалау «балл» есебіндс көрсетіледі. Біздің мектептерде үлгерімді бағалау жүйесі бес балды болып қабылданған:

«5» бағасы — оқу материалын толық, дәл логикалық бір ізділікпен айтылған жауапқа қойылады;

«4» бағасы - материалды толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады;

«3» бағасы — жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады;

«2» бағасы - оқушы жауабында қателіктер, білімінде елеулі кемшіліктер бар;

«1» бағасы — тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ, толып жатқан өрескел қателері үшін қойылады.

Оқушылардың білімін тексеру процесінде, оларға тек қана баға қоюмен шектелуге болмайды. Мұғалім оқушы оқу материалын қалай ұқты, білімі қаншалықты берік, терең, дәл, анық, міне, осы жағына баса көңіл аударуы керек. Оқытушы тексерудің барысында оқушылардың үлгерім динамикасын, білімдерін тексеруде олардың ынтасын зерттейді, тексерудің үнемі жүйелі түрде болып отыруын қамтамасыз етеді.

Оқушылардың үлгерімін сандық белгімен көрсетудің әр түрлі жүйелері «балл» түрінде басқа елдерде де қолданылады.

Венгрия, Югославия және Чехославакия елдерінде «бес» баллды жүйе қолданылады. Венгрия меы Югославияда «бес» жоғары, «бір» төмен баға, ал Чехославакияда «бір» жоғары, «бес» төмен баға болып қойылады.

Румыния, Голландия және Ауғаныстан мектептерінде оқушыларға 1-ден 10-ға дейін баға қойылады. 10-өте жақсы, 1 өте жаман, ал сыныптан сыныпқа көшіру 5, 6 сандық белгілермен бағаланады.

Францияның бастауыш мектептерінде оқушыларға 10 баллдық жүйе бойынша,, ал лицейде 20 баллдық шкала арқылы баға қойылады.

Америка Құрама Штаттарында оқушыларға баға қоюда әріп жүйесі қолданылады: А, В, С жақсы, Д, Е жаман баға. Көптеген оқу орындарында бір жастағы әр түрлі дарынды оқушылар топтарға бөлінеді: А – дарынды, В — қарапайым, С – қабілетсіз. Оқушылардың топқа жататынын анықтау үшін оны әр түрлі сыннан өткізеді, соның нәтижесінде оған ақыл-ой қабілетінің коэффидиенті атағын береді. «Дарынды» оқушыларды дамыту үшін ерекше жағдай жасайды, «қарапайым» оқушылар тек қана «практикалық» білім және пайдалы дағдылардың минимумын алады.

Жапонияда оқушылардың білімін есепке алу және бағалаудың басқа формалары қолданылады, оны мадақтау деп айтады. Мұғалім оқушының жауабын тындап болған соң оған: «Бүгін сенің жауабың өткенге қарағанда әлдеқайда жақсы және тыңғылықты, мадақтауға тұрарлық. Жарайсың!» дейді. Бірақ, оқушыларға баға қойылмайды. Өйткені, материалды игеруді есепке алу үшін логикалық есептер жүйесін және әр түрлі тестер қолданылады, оларды мұғалім жасайды. Тестер бойынша оқушылардың жауабын 10-нан 100-ұпайға дейін бағалайды. Оқу жылының аяғында оқушыларға мінездеме жазылады. Онда әрбір оқушының алған ұпай саны алынады.

Куба мектептерінде емтихан және баға қою жойылған. Толық мінездеме беру жүйесі енгізілген, оған оқушылардың оқу бағдарламасын игеру және мінез-құлқы жөнінде барлық мәліметтер енгізіледі.

Есепке алу – бұл оқытудың белгілі кезеңінде оқушылар мен мұғалімнің жұмысын жинақтан қорыту.

Үлгерімді есепке алуда мынадай мәселелерді еске алған жөн:

— оқу бағдарламасы бойынша тақырыпты және тарауды оқып-үйрену процесінде оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдысын жан-жақты бақылау керек;

— әрбір аяқталған тақырып бойынша оқушылардың жұмысы туралы жеткілікті толық қорытынды шығарып отыру;

— оқушылардың үлгерімін орта арифметикалық мәліметтерге сүйеніп бағалауға болмайды;

— оқушыларға байыңды толық мінездеме беру үшін олардың бірнеше оқу жылындағы статистикалық үлгерім мәліметтеріне талдау жасау қажет.

Сонымен, әрбір мұғалім оқу жұмысын есепке алудың әдісін және техникасын жақсы білумен бірге оқу жұмысы жөнінде объективті мәліметтердің болуы тиіс. Осы мәліметтерге сүйеніп, мектеп басшысы әрбір мұғалім жұмысының нәтижесін және ережесін анықтайды.



ҚОРЫТЫНДЫ

Оқушылардың ойлауын үнемі дамытып отыру, оларда шеберлік пен дағдыны қалыптастыру сабақты оқыту мақсаттырының және білімдерді меңгерудің қажетті алғы шарттарының бірі болып табылады.

Білімдерді меңгеру процесінде оқушылардың ойлануы, шеберлігін және дағдыларын дамыту мәселелері көптеген психолог, педагогтардың және әдіскер мұғалімдердің назарын аударуда.

Психолого-педагогикалық әдебиетте оқу процесінідегі шеберліктер мен дағдылар деп нені түсінуге болады және олардың арақатынасы қандай деген мәселеге тоқталғың келеді. Дағды оқу ісінің әдістерін автоматты түрде меңгеру, ал іскерлік білімді меңгеру процесінде туатын міндеттерді шешу әдістері. Мектепте оқылатын пән есебінде тарихтың өзіндік ерекшелігін ескере отырып, біз тарихшы оқытуда қалыпта айтылатын шеберліктерді шартты түрде төмендегідей топқа бөлеміз:



  1. тарихи білімдер деректерін талдай білу, тарихи оқиғалар мен құбылыстардағы ең басты мен елеуліні, олардың елеулі белгілері мен байланыстарын айыра білу, тарихи ұғымдардың анықтамаларын құрастыра білу;

  2. материалды ауызша және жазбаша баяндай білу;

  3. хабарлар, баяндамалар, рефераттар, саяси хабарлар дайындау және жасау: шағын ғылыми-кемшілік және тарихи-көркем әдебиеттерді реценциялау.

Білім мен шеберлік арасында өзара байланыстар мен тәуелділік болады. Адамдардың ақыл-ой қызметінің санасы, сипаты, оларда қалыптасқан білімдер жүйесімен белгілі болады. Білім әр уақытта да шеберліктермен дағдылардың тиісті жүйесіне сүйенеді де, өз тарапынан жаңа шеберліктер мен дағдылардың қалыптасуының базасы болып табылады. Оқытудың әрбір сатысында білімдердін шеберліктердің және дағдылардың арақатынасының ойының кешелденуін анықтайды.

Танымдық тапсырманы шешерде сол "тапсырманың өзін, сонымен бірге оқытылатын материалдың мазмұнын түсініп алмай шеберлікті пайдалану мүмкін емес. Бір сыныптағы, тіпті бір жастағы оқушыларды да шеберліктің даму дәрежесінің әр түрлі болатынын ескеру аса маңызды деп ойлаймын. Мүның озі оқушылардың ақыл-ойының жалпы дамуына да сондай-ақ алдын ала белгілі бағытпен жүргізілген дайындық пен жаттыгуға да байланысты. Қалыптасқан шеберлік оқушылардың тапсырманың өздеріне таныс түрін жаңа жағдайларға, жаңа оқу материалына өз бетімон қолдана білу қабілетін, ягни өздерінің шеберліктерін оқу тапсырмаларын орындауда инициатива көрсете отырып, мәселені шешудің жаңа тәсілдерін табуын, қолдана білуін көрсетеді.

Шеберлікті қалыптастырудың негізгі ой қызметінің белгілі тәсілдерін игеру болып табылады. Белгілі шеберлікті, мәселен құбылыстарды дайындауды оқушыларда қалыптастыру үшін, мұғалім осы логикалық жұмыстың мақсаты мен мәнін нақты тарихи материалға қолдана отырып түсіндіреді. Дағдымен саластырғанда шеберлік саналылық дәрежесінің басымдығымен көзге түседі. Оқушылардың салыстыра білу шеберлік дегенім олардың салыстыруға тиісті өлеулі бағьптарды өз бетімен белгілей білуі және бұл жұмысты өздері оқып отырған құбылыстар мен процестерге лайық қолдана білуі.

Оқушылардың ойлану және сөйлеу қабілетінің дамуы, шеберліктері мен дағдыларыинң қалыптасуы білімдерді игеру, оларды сүйену процесінде жүргізу. Бұл бірыңғай оқыту процесінің екі жағы.



Қорыта келгенде, оқушылардың іскерлігі дағдысы мен шеберліктерін қалыптастыруды мұғалім көбірек жұмыс істеу қажет екенін айта кеткім келеді. Жалпы мұғалім оқушылардың ойлау қызметін дамытып және шеберлік пен дағдыларды қалыптастырудың маңызы мен міндеттерін білу керек. Ол оқушылардың ойының дамуына және оларда білімді өз бетімен меңгеру шеберлігін қалыптастыруға көмектеседі.

Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Қоянбаев Ж.Б. Подагогика. Алматы, 1998ж

  2. Сағындықұлы Е., Подагогика . Алматы, 1999ж

  3. Савин П.В. Педагогика. Алмты, 1988ж

  4. Ильина А. Педагогика. Алматы "Мектеп баспасы", 1977ж

  5. //Қазақстан мұғалімі. 1999 жыл 28 сәуір

  6. //Қазақстан жоғары мектебі 1999 жыл № 257-600 бет

  7. // Биология, география, химия 1999 жыл № 1

  8. Тарих сабақтарында оқушылардың танымдық қызметін дамыту. Т.Тұрлығұл // Қазақ тарихы 1995ж №1

  9. Кенеш Ә. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі //Қазақстан жоғары мектебі. 2004 ж №1.

  10. Байсерке Л., Аңламасова Г. Оқушылар бойындағы жағымсыз көріністегі әлеуметтік жағдайларын себептері. Алматы, 2004ж

  11. Әбдікәрімова Б., Соколова М. Оқыту техлогиясының білім сапасын көтерудегі ықпалы. Алматы, 2004ж.

  12. Шыныбеков Ә. Сапалы альтернативті оқулықтар және оқу-әдістемелік кешен қалыптастыру мәселелері жөнінде //Қазақстан жоғары мектебі, 2004ж №2.

  13. Жапбаров А. Оқушының тілін дамыта оқытудың мазмұны. Шымкент, 2003ж.

  14. Жақыпбекова Г. Бейімдеп оқьпу арқылы ілімді толық игеру әдістемесі. Түркістан - 2004ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет