3 І.Қарақұйрықтың кәсіптік маңыздылығы


Марал шарушылығының кәсіптік маңызы



бет2/3
Дата17.06.2016
өлшемі401 Kb.
#142337
1   2   3

1.2 Марал шарушылығының кәсіптік маңызы.

МАРАЛ — аша тұяқтылар отрядына жататын сүт қоректі жануар. Дене тұрқы 250—265 см, биіктігі (шоқтығынан) 135—155 см, салмалмағы 300—340 кг. Ересек бұңасының тармақталған, сүйекті, бітеу мүйізі болады. Ұрғашысында мүйіз болмайды, құйрығы қысқа. Мекендейді Баттыс Европада, Солтүстік Африка (Алжир, Тунис, Марокко), Иран, Ауғанстан, Монғолия, Оңтүстік-Шығығыс Қытай, Тибетте, Солтүстік Американың қоңыржай аймағында таралған. СССР-де Белоруссия, Карпат, Воронеж, Кавказ, Алтай, Шығ. Сібір, Қиыр Шығыс, Тянь-Шань т. б. Жерлерде кездесетін 7 түр тармағы бар. Бұның бірі Қазақстанда Алтай, Саур, Тарбағатайда, Ортлық Тянь-Шаньда, Жоңғар, Күнгей, Теріскей,Іле Алатауында, Кетпентауда, Нарын-қол ауднда кездеседі. Іле, Жоңғар Алатауында, Орт. Тянь-Шаньда, Шығыс Қазақстанда мал өсіретін совхоздар ұйымдастырылған. Мүйізінен панты алады. Марал тоғайлы, тайғалы орман, субалпілік, қоңыржай аймақтарды мекендейді. Марал— шөп қоректі жануар. Үйірімен топтанып жүреді, полигамды.Жыныстық жағынан 3 жылда жетіледі, август—сентябрьде қашып, май —июньде туады. Маралдың жыл сайын қыстың ортасында ескі мүйізі түсіп, жаңа мүйіз шығады. Маралдың сүйектенбеген жас мүйізінен — пан-

ты алынып, одан пантокрин дәрісі жасалады.

1.3 Бал арасының кәсіптік маңыздылығы және халақ щаашылығына тигізер әсері.

Бал арасы — ұзындығы 1—1,5 сантиметр, ұяластарымен топтанып ұшатын қауымшыл насеком. Әр ұяны аралардың бір семьясы мекендейді. Семьяда бір аналық ара, бірнеше жүздеген еңбек ететін аталық ара — трутеньдер және бірнеше ондаған мың (100 мың және одан да көп) «жұмысшы» ара болады. Мұнда олар белгілі тәртіппен, ережелермен әрекет етеді. Әрбір ара өзінің орнын біледі және өзіне жүктелгенді бұлжытпай орындайды. Ұядағы соншама үйірлі аралардың анасы— ұрғашы ара болып саналады. Ұрғашы ара күн сайын арнаулы ұяға бір-екі мың ұрық салады. Насекомдардың ішінде ана арасы ең көп жыл өмір сүретін жәндік. Ол —бес-алты, ал кейде сегіз жылға дейін тіршілік етеді. Бірақ жыныстық қабілеті жасына байланысты бәсеңдейді. Сондықтан екі-үш жылдан соң оларды жас арамен алмастырып отырады. Ал ана араға қарағанда «жұмысшы» аралар өте қысқа өмір сүреді. Олар 30—35 күн тіршілік етеді, осы қысқа мерзімді тынымсыз тіршілікпен өткізеді.

Еркек ара шірне иемесе тозақ жинамайды, ұя тазаламайды, тек ашық күндері ұшып ойнайды. Оның аяғында гүл шірнесін жинайтын «кәрзеңкесі» болмайды. Жыныс қабілеті үш-төрт аптада жетіледі. Ұрғашы анаға жанасқан соң ол бірден өледі. Ұрғашы ара секілді еркек ара да тек омарташының балымен қоректенеді. Еркек ара не бары үш айға жуық өмір сүреді. «Жұмысшы»( ара жыныс қабілеті жетілмегендіктен шағылыс-пайды, сондықтан бір ай ғана емір сүреді.

Бұлар үш-төрт күндігінен бастап-ақ личинкаларды қоректендіреді, ұрғашы араны күтеді. Сондай-ақ алысқа ұшып «барлаушылық» қызметін атқарады, гүл шірнесін жинайды, балауыз шығарып, ұя салады. Сол ұяны тазартады да, ұя қабырғасының сақлауларын ара желімімен бітейді, сөйтіп ұяны қорғайды. Жұмысшы аралар ұяға жинайтын гүл тозаңын аяғының артқы жағында орналасқан «кәрзеңкесімен» тасиды.

Ара семьясының тіршілігі өте қызық. Аралардың биологиялық ерекшеліктері, бет алысы және олардың жан-жақты «жұмыстары» әр уақытта адамды таң қалдырып келген. :

Бал арасы дәнді дақылдарды, жеміс-жидек және бақша дақылдарын, майлы және азықтық есімдіктерді тозаңдандыруда үлкен роль атқарады. Мысалы, қазіргі кезде біздің елімізде 20 миллион гектардан астам 150-ге жуық ауыл шаруашылық дақылдарын негізінен аралар тозаңдандырады. Осының нәтижесінде қарақұмықтың, күнбағыстың, жоңышқаның, алма ағашы жемісінің және қарбыз-қауынның, асқабақтың өнімі екі-үш есе артады. Сондықтан да «бақша мен ол марта жақсы көршілер» деп халық бекер айтпаған. Бал аралары гүл шірнесін жинай жүріп, бір гүлдің тозаңын екінші бір гүлге әкеліп, сол арқылы өсімдіктердің тозаңдануына мүмкіндік береді. Қазіргі кезде мамандардың есебіне қарағанда, біздің елде аралардың көптеген ауыл шаруашылық дақылдарын тозаңдату қызметінің арқасында жыл сайын екі миллиард сом табыс түседі екен. Сөйтіп, кәптеген ауыл шаруашылық дақылдарының пщғымдылығын арттыру жөнінен аралар адамның қанатты досы және көмекшісі. Халық араны адамның кішкене досы деп дұрыс атаған.[12]

Сондай-ақ бал арасы — табиғи дәрі-дәрмектердің қайнар кезі. Одан алынатын бал, ара уы, перга, аналық, сүтше, балауыз және ара желімі сияқты өнімдер қазір гі медицинада және техникада кең қолданылады. Бал өте қоректі, организмге жақсы сіңетін шипалы тағам. Балдың құрамында 60—70-ке жуық зат бар. Оның ішінде көптеген минералды тұздар, органикалық қышқылдар, витаминдер, химиялық заттардың алмасуын күшейтетін ферменттер және белок бар. Бал арасы — өте еңбекқор жәндік. Ол бір килограмм бал үшін миллионға жуық гүлден шірне жинайды. Егер гүлді алқап ұясынан 1,5 километр қашықтықта болса, ол бір килограмм бал үшін 300—400 мың километр жер ұшады Ара сағатына 65 километр жылдамдықпен ұшады.

Араның шірнені қай өсімдіктен жинағанына қарай және түсіне, иісіне, дәміне қарай бал бірнеше түрге бөлінеді. Бал арасының тек табиғи өсімдіктерден жинайтын балының 60-тан аса түрі белгілі. Егер ара шірнені қазанақ, радодендрон, азалея сияқты улы өсімдіктерден жинаса, ондай балдан адам уланады. Бірақ бұл өте сирек кездесетін оқиға. Сондықтан бал омарталарын улы өсімдіктердің көп жерінде ұйымдастыруға бол-майды.

Қазір Қазақстанда өсімдіктің бес мыңнан аса түрі кездесетін болса, соның ішінде 250-дей түрі балды өсімдіктерге жатады. Гүл шірнесі мол әрі оны бал арасы оңай алатын 50-дей (20 процент) түрінің ғана омарта шаруашылығында зор маңызы бар. Қолдан өсіретін жеміс-жидек, ақ қараған, жоңышқа, мақта сияқты балды өсімдіктер республиканың оңтүстігінде көп өседі. Егісті алқаптарда өсетін емен, қайың, ақ қараған, шегіршін, қара ағаштың тозаңдарынан бал арасы жазғытұрым көп бал шырынын жинайды. Шабындықта өсетін өсімдіктердің ішінен әсіресе бұршақ тұқымдастарына жататын өсімдіктер, қазтамақ, кекіре, шалфей сияқты шөптесін есімдіктер де балды мол береді. Жөке, үйеңкі, тал караған мен жабайы жеміс ағаштарының, сондай-ақ қарақұмық, күнбағыс, балдырған, беде, жоңышқа, эспарцет сияқты өсімдіктердің де омарта шаруашылығы үшін маңызы бар. Мәселен, республикамыздың солтүстік облыстарында жаз айларында қарақұмық өсетін жерден бал арасының бір ұясынан 20—40 килограмм бал жинауға болады. Ал республика бойынша қарақұмықтың жалпы егіс көлемі 180—250 мың гектардай.

Әсіресе орман өсімдіктерінің арасында таулы өңірлерде мекендейтін бал аралары гүл тозаңын кәбірек жинайды. Сол себепті де орман өсімдіктері балды мол береді. Мәселен, таулы, орманды алқаптарда үшкір жапырақ үйеңкі өсетін бір гектардан 500 килограмға, ал дала үйеңкісі және татар үйеқкісі өсетін бір гектардан 1000 килограмға дейін бал жинауға болатыны анықталып отыр. Ерте көктемде алмұрт, алма, шие сияқты жеміс ағаштары көктейді. Бұл ағаштар әр гектарынан 30 килограмға дейін бал шірнесін береді. Сондай-ақ мұндай алқаптарда өсетін ақ қарағанның бір гектарынан 500 килограмға, ал жеке ағашының осындай мөлшерінен 1000 килограмға дейін бал тозаңын береді. Сондықтан омартаны балды есімдіктердің гүл тозаңы молырақ жерлеріне орналастырған ете тиімді келетіні мәлім.

Қазақстанның бірсыпыра облыстарында ара шірнесін негізінен жоңышқа, әр түрлі шөп, күнбағыс, қарақұмық сияқты өсімдіктерден жинайды. Ара бал сауытына өз салмағының жартысындай шірне жинауы мүмкін. Олар жинаған шірнесін ұядағы жас араға қалдырып, қайтадан далаға ұшып кетеді.

Жас аралар шірнені тор көзшелерге құяды. Содан соң олар ұяны желдетіп, артық ылғалды жояды. Араның сілекей безі шірнедегі қант құрамын өзгертіп, оны балға айналдырады. Көзшелер балға толғаннан кейін, ара оны балауыз қақпақшамен желімдейді. Мұнда бал ұзақ сақталады. Араның бал жинауы ара ұяласының күйіне, ауа райына, өсімдіктердің ерекшелігіне және оның омартаға алыс-жақындығына, шірненің бөліну дәрежесіне байланысты. Араның бал жинауы өсімдіктің жаппай гүлдеуіне сәйкес келеді, ол үш кезеңге бөлінеді: көктемде, жазда және күзде жинау. Әсіресе кек-темде жиналған балдың сапасы өте жоғары болады. Республика бойынша әр ұядан орта есеппен жыл сайын 7—20 килограмм бал және 0,4—0,7 кг балауыз жиналады. Алдыңғы қатарлы омарта шаруашылығында әр ұядан орта есеппен жылына 15—30 килограмм бал алынады. Ал РСФСР-да әр ұядан орта есеппен 70—80 килограмм бал жиналады екен. Араның балы — табиғаттың бізге сыйға тартқан аса бағалы қазынасының бірі. Балдың адам организмі үшін зор маңызы бар екені мәлім. Сондықтан да бал арасы сияқты пайдалы насекомдарды омартада көптеп өсірудің халық шаруашылығында ролі ете зор. Омарта — дәрі-дәрмектердің жанды фабрикасы немесе ол — табиғи емхана.

Адам баласы балдың шипалық қасиетін ерте заманнан-ақ білген және емдік дәрі-дәрмек ретінде қолданып та келген. Бал — дертке дауа. Қазіргі кезде оны асқазан, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе және жүйке тамыр ауруларына, суық тигенде, сондай-ақ басқа да толып жатқан дерттерге қарсы ойдағыдай қолданып келеді. Қант диабетімен ауыратын адамдар мен семіз адамдарға бал жеулеріне болмайды. Емделіп журген ересек адамдар күніне 100 г бал жеуіне ғана болады. Соның өзінде де балдың емдік жалпы мөлшері күніне 100—200 грамнан аспауы қажет. Бұл дозаны тамаққа дейін бір-екі сағат бұрын бөліп-бөліп жеуге болады.

Араның уы (апитоксин) — оның улы безінен бөлінетін түссіз, мөлдір ерітінді. Бір араның у сақтағыш бездерінде орта есеппен 0,2—0,4 миллиграмм у болады. Араның уы бал иісіндей хош иісті, ащы дәмді келеді. Ара уының құрғақ түрін жоғарғы температурада (100 градусқа дейін) қыздырғанда оның уландырғыш қасиеті тері өзгермейді. Ара уының бұл маңызды қасиеті оның құрамында биологиялық әрекетті айрықша белоктің болуына байланысты.

Ал енді араның уын қалай алуға болады, араларды өз мекенінде бал берумен қатар у да беруге қалай бейімдеуге болады дегенге келсек, бұл мәселені бірінші болып шешкен Эстония ғалымдары. Эстония ауыл ша-руашылығы академиясының доценті Паул Аллес бастаған республиканың омарташы мамандары ара уын жинайтын шағын аспап ойлап тапқан. Бұл аспаппен бір мезгілде 10—15 ара ұясынан у жинауға болады және әрбір операцияға жарты сағаттан артық уақыт кетпейді.

Ара өз денесінен уды тосын қауіп төнгенде немесе бірдеңеге ызаланғанда бөледі екен. Олай болса, сан мыңдаған еңбеккер семьясының қалыпты тіршілік тынысын бұзбай-ақ бұл бағалы өнімді қалай алуға бола-ды? Енді осыған келейік.

Бұл жердегі көмекші электр тогы болады екен. Тізбекке жіберілген тұрақты электр тогының импульсі араның бойында әлсіз болса да ток соғуын тудыратын көрінеді. Осы кезде токпен жалғанып, ара уясының ішіне қойылған шыны пластинкаларда фармацевтік кәсіпорындар үшін бағалы шикізат — ара уының түйіршіктері қалады.

Эстонияда, Украинада және басқа республикаларда жүргізілген тәжірибелер аралардың қалыпты «жұмыс» жағдайына бұл әрекет ешқандай зиян келтірмейтінін,қайта олардың гүл шырынын бұрынғыдан да құлшына жинайтынын көрсетті.

Қазір бұл аспаптарды Москваның, Киевтің және басқа да қалалардың ауыл шаруашылығы институттары алып, оның құрылысын студенттерге үйрете бастауда. Болашақ омарташы мамандар бұл аспапты өздерінің практикалық ісінде қолданатын болады.

Фармацевтика өндірісінде ара уынан венапиолин, токсапин, апизартрон және вирапин сияқты препараттар шығарады. Бұл дәрі-дәрмектер көптеген ауруларға ем. Олар негізінде ревматизмді, радикулитті, перифе-риялық (шеттік) нерв жуйесін, демікпелі бронхитты, бас сақинасын (мигрень), гипертонияны және басқа да ауруларды емдеуге қолданылады. Ара уын апитоксинді адамға әр турлі жолмен қолданады: кейде араны дене-ге қондырады да шақтырады, кейде ара уынан жасалған дәріні (май түрінде немесе егу үшін суйық ерітінді күйінде) береді.

Әр турлі гүлдерден тасып әкелген тозаңды уяларына жинап, үстіне бал құйып қорек ретінде пайдаланатын азықты перга дейді. Осы перга белок пен витаминдерге ете бай келетіндіктен, оны медицинада биологиялық, әрекетті зат ретінде пайдаланады.

«Жұмысшы» араның жұтқыншақ безінен белінетін ерекше өте дәмді заттың бірі — аналық сүтше. Оның аналық сүтшесі пергадан дайындалады. Осы аналық сүтшеден апилак деген препарат жасалынады. Ол — ор-ганизмді қуаттандыратын, әрі сауықтандыратын өте бағалы дәрі-дәрмек.

Сондай-ақ, арадан балауыз алынады. Балауыз — ара қурсағының ішкі жағында орналасқан балауыз безінен белінетін зат. Балауыз пластырь (жабысқақ қою зат) және май дәрі түрінде пайдаланылады. Бұл — әсіресе өндірісте өте құнды өнім. Оны металлургия, авиация, радиотехника, былғары және қағаз өнеркәсібінде қолданады. Балауыз медицинада көбінесе тері ауруларын емдеуге қолданылатын дәрі-дәрмектер жасауға қажет. Бір маусымда әр ара ұясынан 2—3 килограмға дейін балауыз алынады. Бұл — ұзақ жылдар қасиетін сақтайтын тамаша зат.[13]

Ара желімі сүртпе май және пластырь түрінде кей-бір тері ауруларын емдеуге қолданылады. Ара желімі оның ұясына жиналған әр турлі өсімдіктерден пайда болады. Әр маусымда бір араның ұясынан 100—150 г ара желімін жинауға болады.

Ара өсіру — ауыл шаруашылығының бір саласы. Бал арасын өсіруге Совет үкіметі орнаған жылы-ақ көңіл бөлінді.

«Ара шаруашылығын қорғау» туралы қаулыға В. И. Ленин 1919 жылы қол қойды.

1971 жылы Москвада ара өсірушілердің халықаралық XXIII конгресі болды. Мұнда, халықаралық ара өсіретін қоғамның соңғы мәліметі бойынша, дүние жүзінде 42 миллион араның ұясы бар екендігі айтылды. Тек 1969 жылы ғана жер жүзіндегі барлық омартадан не бары 390 мың тонна бал жиналып алынған. Америкада жылына 40 миллион долларды бал арасының балы мен балауызынан алады екен.

Совет Одағында ара ұясының, омартасының саны шамамен 10 миллион, оның 50 проценті колхоздар мен совхоздарда, қалғаны жеке шаруашылықтарда. Совет Одағы ара ұясының саны жағынан және бал жинаудан жер жүзінде бірінші орын алады. Одақ бойынша ара семьясының саны жағынан Қазақстан төртінші орында келеді.

Қазіргі кезде Қазақстанда 300 мыңға жуық ара ұясы бар, оның 44 проценті совхоздарда, 18 проценті колхоздарда, 5 проценті әр түрлі мемлекеттік шаруашылықтарда орналасқан болса, ал 33 проценті ара өсіруші әуесқойлардың үлесіне тиеді. Ара ұясы әсіресе шығыс және оңтүстік облыстарда көбірек орналасқан. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында 114 мың ара ұясы бар. Мұнда төрт омарта шаруашылығы орналасқан. Әр осындай шаруашылықта 60 мың ара ұясы өсіріледі. Сонымен бірге Талдықорған облысында 42 мың ара ұясы болса, ал Алматы, Семей облыстарының әрқайсысында 25 мың ара ұясы бар. Сондай-ақ Жамбыл, Шымкент, Қызылорда облыстарында не бары 45 мың, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар және Целиноград облыстарында — 47 мың, ал басқа облыстарда — 2 мың бал арасының ұясы ұсталады. Қазақстанда омарта шаруашылығы көбіне таулы өңірлерде жақсы дамыған.

ІІ.Қазақстандағы мал шаруашылығы.

2.1Қазақстандағы кәсіптік маңызы бар мал шаруашылығы.

Мал шаруашылығы -ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-тү-лікпен (сүт, май, ет, т.б.) жеңіл және тамақ өнеркәсіп-терін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары, т.б.) ауыл ш. өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе, т.б.) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары (майы алынған сүт, ет-сүйек және сүйек ұндары, тығыз оаиланыста жүрді. Мыңдаған жылдық тарихы бар Мал шаруашылығының Қазақстанның эконмикалық, әлеуметтік және мәдени дамуындағы орны ерекше болды. 20 ғасырдың басына дейін адамдардың әл-ауқаты мен тұрмыс тіршілік деңгейі түгелге жуық Мал шаруашылығының өркендеу деңгейімен анықталды. Қазақстан жерінде Мал шаруашылығы ежелден жайылым ауыстырып отыруды талап ететін көшпелі жүйе бойынша дамығандықтан негізінен қой, ешкі, жылқы және түйе өсірілді. Салыстырмалы түрде күтімді және құнарлы азықтарды көп қажет ететін сиыр-т.б.), дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді (активті) заттар (емдік сарысулар, гормонды қосылыстар, т.б.) алынады. Мал шаруашылық салаларына сиыр, қой; ешкі, жылқы және түйе шаруашылықттары жатады.Мал шаруащылығының тарихы осыдан 10 мың жылдай бұрын жабайы жануарларды қолға үйрету кезеңінен бастау алады. Алғашқыда Мал шаруашылығы табиғи сипатта дамығандықтан малдардың өнімділік бағыттары мен тұқымдары санын ұлғайтуға жеткілікті жағдайлар болмады. Мал тұқымдарын шығарудың қарқын алуы Мал шаруашылық өнімдерін өндіру тауарлары сипат алған капиталистік қатынастардың өркендеуімен дың кеңінен таралуы, сондай-ақ, қазақ халқы төрт түлік мал санатына қоспайтын шошқа өсірудің қолға алынуы 19 — 20 ғ-ларда Ресейден орыс шаруаларының қоныс аударып келе бастауымен тығыз байланысты. Сол кездерде Орталық Қазақстан аймағындағы Мал шаруашылық ерекше-ліктерін анықгау мақсатында жүргізілген зерттеулер нәтижесі мал түрлері үлес салмағының төмендегідей болғандығын көрсетті (1-кесте).



Қазақстанда 19 ғ-дың соңына дейін негізінен қой, ешкі, түйе және жылқы түліктері өсірілуінің бірнеше басты себептері бар: Жер аумағының 70%-ға жуығын (182 млн. га) осы малдарды өсіру арқылы тиімді пайдалануға болатын жайылым алқаптары алып жатты; айтылған малдар жергілікті табиғат жағдайларына барынша бейімделді, жыл бойына дерлік жайылым азығын пайдаланып өсіп-өнді, сонымен бірге, жергілікті халық олардың өзіндік құны төмен және зор сұранысқа ие өнім түрлерін өндіру мен оларды өңдеудің тиімді технологияларын (ет, май, сүттен, тағам, жүн теріден киім-кешек, көшпелі баспана — киіз үй жасау) жақсы меңгерді. Әр түрлі аймақтардағы Мал шаруашылығының дамуы мен түлік түрлерінің үлес салмағының нақты мағына нақты аудандардың жер, су, ауа-райы ерекшеліктері үлкен әсерін тигізеді. Сиыр өсіру әуелден-ақ топырағы құнарлы, шалғынды аймақтарда нәтижелі жүргі-зілсе, шөл және шөлейіт жерлерде малдың негізгі бөлігін (80%-дан аса) уақ малдар (қой, ешкі) құрады (2-кесте).





Қазақстанда 1916 ж. 18,4 млн. бас қой мен ешкі, 4,3 млн. жылқы, 733 мың түйе, 5,0 млн. бас сиыр өсірілді. 1918 — 21 ж. Азамат соғысы мен бірнеше рет қайталанған жүт нәтижесінде мал саны 1916 жылмен салыстырғанда 3 еседен аса төмендеді. 1923 — 29 ж. аралығында ауыл шарашылығын игеруге бағытталған жан-жақты шаралар барысында мал саны кайтадан 1916 жыл-ғы деңгейге жеткізілді. Алайда, 1930 — 33 ж. Ауыл шарушылығын жаппай ұжымдастыру науқанында жіберілген өрескел қателіктер салдарынан мал басы 10 еседен аса қысқарды. Республика Мал шаруашылығые қалпына келтіруде 1932 ж. Орталық комитетінің қабылдаған Қазақстан мал шаруашылығы туралы" шешімінің маңызы зор болды. Әрбір отбасыға 100-ге дейін қой-ешкі, 8 — 10 сиыр, 3 — 5 түйе мен 8 — 10 жылқы ұстауға рұқсат берілді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы мен өндірісті жоспарлы түрде дамыту, жаңа жерлерді игеру және отырықшылық өмір салтының берік орнығуы Мал шаруашылығынның жаңа бағыттары — сүтті және етті ірі қара шаруашылығын, биязы және биязылау жүнді қой шаруашылықтарын, қаракөл қойы шарушылығын өркендетуге кең жол ашты. 1934 — 90 ж. аралығында ұжымдық және кеңестік шаруашылықтар жұмысының жүйелі ұйымдастырылуы Мал шаруашылығының барлық салаларын айтарлықтай жоғары қарқында дамытуға мүмкіндік берді. 1990 — 92 ж. Қазақстанда малдың 51, оның ішінде 18 қой, 11 мүйізді ірі қара, 13 жылқы, 3 түйе тұқымдары мен тұқымдық топтары өсірілді. Олардың жартысына жуығы 12 қой, 4 сиыр және 3 жылқы тұқымы Қазақстан ғалымдары мен Мал шаруашылығының саласы мамандарының бірлескен жемісті еңбегі нәтижесінде шығарылды. Осы мал тұқымдарының гендік қорын тиімді пайдалану, зоотехник. талаптарға сай азықтандыру мен бағуға негізделген технологиялардың кеңінен қолданылуы жыл сайын 1,5 млн. т ет (сойыс салмағымен), 5,5 млн. т сүт, 100 мың т (табиғи) жүн және 1700 мың данаға жуық қаракөл елтірісін өндіруді камтамасыз етіп келді. 1990 - 2000 ж. ауыл шаруашылығын реформалауда жіберілген кемшіліктер салдарынан мал саны күрт кеміді, оның ішінде сиыр 2,4, қой мен ешкі 3,7, жылқы 1,7, түйе 1,5 есе-ге азайды. Нәтижесінде негізгі Мал шаруашылдық өнімдерін өндіру көл. 2,5 — 3,0 есеге дейін қысқарды. Бұл ауыл халқының әлеуметтік жағдайының күрт нашарлауына алып келді, республика бойынша жан басына шаққанда ет және ет өнімдерін тұтыну мөлшерінің 73 кг-нан 40 кг-ға, сүт және сүт өнімдерінің 311 кг-нан 208 кг-ға дейін төмендеуіне әкеліп соқты (ғылыми негізделген мөлшерден 2 еседей аз). Ел экономикасының тұрақталуына байланысты, 2000 жылдан бастап Мал шаруашылығында оңды өзгерістер орын ала бастады. 1999 — 2000 жылдармен салыстырғанда 2004 ж. сиыр 24,0 — 22,7%-ға, оның ішінде аналық сиыр-лар 16,0 — 15,4%-ға, қой мен ешкі 16,0 — 15,4%-ға, жылқы 5,4 - 7,2%-ға, түйе 18,0 — 17,6%-ға көбейді. Бұл ретте ірі қарамен (сиыр, жылқы, түйе) салыстырған-а, уақ малдар саны (қой, ешкі) 20 ғ-дың 90-жылдарының басында тез кеміген болса, ал қазір қарқындырақ артып отырғандығы байкалады. Бірінші жағдай реформаның алғашқы жылдарында уақ малдың баспа-бас есеп айыру құралы ретінде қолдануға тиімді болғандығымен, ал екінші жағдай олардың өсімталдық қасиеттерінің жоғарылығымен түсіндіріледі.

Қазіргі уақытта барлық сиыр дың 87,3%-ы жеке меншік те, 6,2%-ы шаруа қожалық тарында, 6,5%-ы мемлекеттік ауыл шаруашылық мекемелерінде жинақталған Бұл көрсеткіштер қой меі ешкі түліктері бойынша 80,2 12,3 және 7,5%-ға, жылқы түлігі бойынша 83,8; 10,( және 5,6%-ға, түйе түлігі бо-йынша 75,7; 11,3 және 13,0%-ға сәйкес келеді. Ауыл шаруашылық мекемелерінің шаруа қожалықтарына (ӨК, АҚ, т.б.) бөлінуінің артықшылығы ретінде 2000 жылдан бастап жеке және шаруа қожалықтарында орынсыз мал шығынына жол берілмеуі нәтижесінде соңғы 3 — 4 жылда түлік түрлері бойынша мал санының орташа өсімі 3 — 10%-ға, ет, сүт өнімдерін өндіру 3 -6,5%-ға тұрақты артып келеді.[14]

Құйрықты қой тұқымдарынан түсетін өнімдердің халық мұқтажына пайдалануда маңызы ерекше зор екені барлық деректерде толық келтірілген. Әсіресе, құйрықты қойдан алынатын ет өнімі, оның сапасы, қой-
дың бордақылау немесе жайылымда семірту кезіндегі биологиялық ерекшеліктері жайлы П. Н. Кулешов (1888), А. Доромыслов (1895), С. Н. Боголюбский (1929), М. Ф. Иванов (1936), М. А. Ермеков, А. В. Голоднов (1977), Қ. Ү. Медеубеков, А. Г. Племянников, т. б. (1977) еңбектерінен жан-жақты мағлұматтар алуға болады. ,

Осы тұрғыдан келгенде мал шаруашылығьшьщ негізгі саласының бірі етті-майлы бағыттағы құйрықты қой тұқымдарын жақсарту бағытында жүргізілетін селекциялық жұмыстарды жан-жақты талдап, осы тұқымнан түсетін өнімдердің әрқайсысына жеке-жеке селекциялық варианттар қолдана отырып, олардың санын көбейтуге, алынатын өнімдердің сапасын көтеруге болады.

Мал шаруашылығы мамандарының, селекционерлердің, ғалымдардың алдына қойылып отырған күрделі мәселелердің бірі — қой шаруашылығынан түсетін өнімдердің сапасын арттыра отырып, өнімнің өзіндік құнын төмендету. Бұл бір ғана азық қорын молайта отырып қойдан түсетін өнім мөлшерін көбейтумен ғана шешілмейді, сондай-ақ генетиканың негізіне сай алға қойған мақсатқа орай селекция жұмыстарын жүргізу арқылы шешіледі. Дәлірек айтқанда, етті-майлы бағыттағы құйрықты қой тұқымдарын белгілі бір бағытқа, халық сұранысына орай өнім алынатын мақсатқа лайықты тұқым асылдандыру жұмыстарын жүргізе отырып, жеке популяция алу. Бұл үшін селекцияның негізгі зерттелген тәсілдерінің бірі — сұрыптау мен жүп таңдау мәселесін кеңінен қолдануымыз керек.

Сұрыптау дегеніміз адамның өзіне қажет малдың жақсысын жеке бөліп алып, қалғанын етке, болмаса шаруашылықтың басқа да мұқтажына жұмсап тазартып отыруы. Сұрыптаудың маңызы малдың тұқым қуа-лаушылық және өзгергіштік құбылыстарына, адамның еткен әсерінен белгілі бағытқа қарай организмдерінің икемделушілік қасиеттеріне негізделген.

Сұрыптаудың теориялық маңызына аса зор мән берген ғалым, жалпы биологияның негізін салған Ч. Дарвин. Ол органикалық дүниенің эволюциялық дамуында сұрыптаудың ерекше маңызын, сол эволюцияны қозғаушы негізгі күш екенін толық дәлелдеді. Сондай-ақ ол сұрыптау мен организмдердің тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттерінің араларындағы байланысты тапты. Өзгергіштіктің әсері әр ұрпақта онша көзге түсе бермейтін көптеген жаңа нәсілдік қасиеттер туғызады. Ал сұрыптаудың негізгі құндылығы — осы онша көзге көрінбейтін, бірақ өте пайдалы жаңа нәсілдік қаситтерді топтастыруында, жинақтауында. Сұрыптау — табиғи сұрыптау және қолдан сұрыптау болып екіге бөлінеді. Табиғи сұрыптау деп жан-жануардың өз тіршілігінің ерекшеліктерін жалғастыру үшін ұрпақ қалдыруын айтамыз. Бұл процесс негізінен табиғи түрде өтеді.

Ал, қолдан сұрыптау деп адамның өзіне ұнаған, талапқа сай келетін малды жеке бөліп алып өсіруін айтамыз.

Сұрыптаудың бұл екі түрі бір-бірімен тығыз байлалыста болады. Табиғи сұрыптаудың негізі табиғи түрде жүздеген немесе мыңдаған жылдар бойы ұдайы бір географиялық ортаның әсері арқылы сол ортаға төзімді жаңа түр шығаруда жатса, қолдан сұрыптаудың негізі — адамның өз талабына сай бір немесе бірнеше өнімділік белгілерін күшейте отырып, сол түрдің ішінен жеке тұқым шығаруда жатыр. Мұның бірнеше оңдаған жылдарға созылуы мүмкін.

Қой шаруашылығында селекциялық жұмыстар жүргізетін мамандар табиғи сұрыптау мен қолдан сұрыптаудың ерекшеліктерін қатар пайдаланып, бір-бірімен байланыстырып отырулары керек. Демек, құйрықты қой тұқымдарын асылдандыру үшін осы малдың өскей табиғи географиялық ортасының ерекшеліктерін жете білуі, содан соң селекционерлердің құйрықты қойдың қандай өнімділік белгілерін күшейткісі келсе, соған кі-рісулері керек. Себебі сыртқы ортаның қой шаруашылығындағы селекциялық жұмыстарға тигізетін әсері зор. Әрбір организм белгілерінің, оның мүшелері қызметінің үйлесімділігін, оның тіршілікке бейімділігін тек табиғи сұрыптау ғана анықтайды. Осындай табиғи сұрыптау мен қолдан сұрыптаудан шыққан құйрықты қой тұқымдарының бірі — қазақтың құйрықты қойы. М. А. Ермеков, А. В. Голодновтардың (1977) деректе-терінде, СССР Ғылым академиясы, Орта Азия университеті мен Москва зоотехникалық институты (1927— 1930 жылдары) экспедициясының материалдарында Қазақстанда құйрықты қойлардың географиялық 22 ва-рианты бар екендігі көрсетілген. Осы варианттардың бір бұтағы Жезқазған облысының шаруашылықтарында шоғырландырылған. Бұл қойлар шөлді және шөлейтті жерлерге ете шыдамды. Дене бітімі ерекше кезге түседі. Табиғаттың қатал жағдайына төзімді.

Жері жазық, кейде құмды төбелер кездеседі және шөлейтті аймаққа жатады. Қысы қатты, жазы ыстық, климаты қатаң болып келеді. Ылғалы аз, суы тапшылау, жаз айларында мал тек құдықтардан ғана суарылады. Осындай табиғаты қатал, жемшөп қоры тапшы, малы қысы-жазы жайлымда ғана жайылатын жерде тек құйрықты, қылшықты жүнді қойлар ғана шыдайтыны көрініп тұр. Бұл совхозда 70 мыңға жуық жергілікті қылшық жүнді құйрықты қой өседі. Олар соңғы кезде Орал облысынан әкелінген еділбай қойының қошқарларымен будандастырылған. Қойдың жалпы дене бітімі шымыр, тұрқы еділбай қойына қарағанда қысқалау, сирақтары да қысқа, бірақ ұзақ жүріске шыдамды, құйрықтарының көлемі және сыртқы формасы әр түрлі болып келеді. Жергілікті жердің құйрықты қойларының тірілей салмағы мен дене өлшемдерінің шамасын білу үшін «Сарысу» асыл тұқымды қой заводында өсірілетін еділбай қойының көрсеткіштерімен салыстыруды дұрыс көрдік. «Сарысу» асыл тұқымды қой заводының деректерін А. В. Голоднов, С. М. Макбузов, А. Алыпқариндердің еңбектерінен пайдаландық. «Жеңіс» совхозында өсірілетін қой елшемдері үшін өзіміздің тікелей жүргізген зерттеу жұмыстарымыздың нәтижесінде алынған өлшемдердің орта шамасын беріп отырмыз. 1-таблицада орта есеппен 357 сақа қошқардың тірілей массасы (5 жылғы ізденістен шыққан қағидалар), 10 мың сақа саулықтың әр жылғы өлшенген деректерінің орташа массасы берілген.«Жеңіс» совхозындағы қойлардың тірілей массасы әр түрлі. Мәселен, өң шағыны 89 кг, ең ірісі—125 кг тартады. Саулықтары 52,5—80,0 кг шығады. Салмақ айырмашылығы осынша алшақ жерде сұрыптау жұмысын кеңінен жүргізуге болатындығы селекционерлерге әбден түсінікті болуға тиіс. «Жеңіс» совхозында өсірілетін койларға жан-жақты терең зерттеулер жүргізілді. Әсіресе, шаруашылыққа пайдалы қасиеттерін, атап айтқанда, тіршілікке бейімділігі, жылдам жетілгіштігі, шыдамдылығы, еттілігі, құйрығының сыртқы формасы, олардың басқа қасиеттерімен байланысы, жүндестігі, оның түсі, сорты, сапасы, тағы басқалары қатты ескерілді. Осы келтірілген көрсеткіштер бойынша сұрыптау жұмысын терең де ұқыпты жүргізе отырып, қазіргі тоқыма өнеркәсібінің құйрықты қылшық жүнді қой өсіретін шаруашылықтардың алдына қоятын күрделі мәселерінің бірі — мүмкіндігінше ақ түсті қылшық жүнді мол тапсыру. Себебі халықтың ақ түсті қылшық жүнге деген сұранысы өсіп отырса, екіншіден мұндай жүн фабрикаға да өте пайдалы, сондай-ақ түрлі-түсті бұйымдар шығаруда болсын, ақ туырлық басу үшін де басқа түсті жүндерге қарағанда ете қажет. Мұндай жүнді қой республикамызда болғанымен шамалы. Олардан көбінесе жартылай қылшықты, ұяң жүн түсе-ді де, тікелей қылшықты ақ жун аз кездеседі. Осы мәселені шешуде генетиканы негізге ала отырып, селекциялық жұмыстар жүргізудің маңызы аса зор. Ақ түсті қылшықты жүнді қой өсіру үшін оған тек селекция жолымен ғана жетуге болады. Біздің негізгі мақсатымыз осындай тұқымды қой өсіру, соған қалай сатылап жетудің кейбір деректерін көрсету.

Малдың еттілік қасиеттерінің белгілеріне дене бітімі, жылдам жетілгіштігі, ірілігі, таза ет түсімі, сұрпы етінің шығымы, етінің химиялық, биохимиялық құрылымы т. б. жатады және оған бірнеше факторлар әсер етеді де бірнеше факторларға тікелей байланысты бо-лады.

Қылшық жүнді құйрықты қойлардың өзіне тән биологиялық ерекшеліктерін сақтай отырып, басқа да өнімдерін өзгертуде алға қойған мақсатқа жету үшін әрбір организмде өтетін құбылыстардың негізін жете білу селекционерлерге өте қажет. Барлық жан-жануарлар денесінің морфологиялық құбылыс пен физиологиялық функциядан тұратыны белгілі. Демек малдың әр түрлі өнімдері, оның өсіп-жетілген кезеңдерінде болатын табиғи заңдылық. Мал тіршілігінің алғашқы күнінен бастап, соңғы күніне дейінгі өткен жолы онтогенез деп аталады. Онтогенез немесе жеке организмнің өсіп-жетілу жолы, өсуі және жетілуі сияқты негізгі екі процестен тұрады.

Қазіргі кезде өсу денедегі тканьдердің, клеткалардың сан жағынан көбеюі, сол арқылы бүкіл организмнін өсіп, ұлғаюын айтады. Өсу процесі сатылап жетілу шыңдалу процесіне ауысады. Өсудің негізгі элементі олардың жылдам, аз уақыттың ішінде тез жетілуінде, бұл организмдердегі тканьдердің, клеткалардың тез бөлініп көбеюіне байланысты. Сөйтіп, дене массасы ауырлайды. Бұл организмнің тұқым қуалағыштық қасиетіне және сыртқы ортаның әсеріне тығыз қатысты құ-былыс.

Ал бір тұқым малының өз арасындағы өсіп-өну жылдамдығына келетін болсақ көптеген ғалымдардың деректерін келтіруге болады. Д. X. Эммонд (1937) бірнеше қой тұқымы төлдерінің өсу жылдамдығын зерттегенде, еркек қозылардың ұрғашы қозыларға қарағанда салмақты болып туатындығын және жылдам өсетіндігін байқаған. Ол сондай-ақ еркек қозының туғандағы тірілей салмағы ұрғашы қозының тірі салмағымең салыстырғанда орта есеппен 103—116% артатындығын дәлелдеген.

Тәжірибеге қойылған малға ерекше күтім жасалған жоқ, жалпы совхоз малына қандай азық берсе, оларға да сондай азық берілді. Тәжірибе июнь, июль, август айларында жүргізілді. Бұл, әрине, бір тұқымның қойында әр түрлі факторларға байланысты төмендеп қалып, кейін ыңғайлы жағдай туғанда генетикалық ерекшеліктеріне байланысты өз шамаластарын салмағы жөнінен қуып жетуі мүмкін. Біз 7—8 жылдық тәжірибемізде қойдың тірілей салмағы оның жүнінің түсіне байланысты-байланыссыз жағына ерекше зер салғанымызда, қойдың тірілей салмағы жүнінің түсіне байланысты емес екені дәлелденді



Әр түсті жүнді қозылардың еттілік қасиеттерінің арасында бәлендей көзге түсерлік айырмашылық болған жоқ. Тек бурыл түсті қозының ет шығымы мен құйрық майының шығымында басқа қозылармен салыстырғанда аздаған ғана артықшылық бар сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет