3. Жарыс ережесін білу, төрешілік ету дағдыларын игеру


Қақпашы ойынының техникасы



бет6/9
Дата26.05.2022
өлшемі37.57 Kb.
#458677
1   2   3   4   5   6   7   8   9
3. Жарыс ережесін білу, т решілік ету да дыларын игеру

Қақпашы ойынының техникасы Қақпашы ойынының техникасы тұрыстан, қозғалудан және құлаудан тұрады. Қақпашы допты тоса алады немесе қолымен қағып жібере алады, оны аяғымен қайтара алады. Қақпашының допты ойынға лақтырып қосуы шабуылдың бастамасы, допты ойынға лақтырып қосу техникасы оның әрекеттеріне кіреді. Қақпашының ойын техникасы шешім қабылдауға, ойынның тактикасына байланысты. Әр түрлі орыннан доп лақтыру кезінде орын және қашықтық таңдау, ойыншыға қарсы шығу, айып добын лақтыру кезіндегі ойын және еркін лақтыруды ойнату кезіндегі ойын, қарсы шабуылды ұйымдастыру қақпашы әрекеттерінің кешенін құрайды. Орын таңдау. Қақпашының орын таңдауы лақтыратын ойыншының орналасқан қашықтығымен және қақпаны ататын бұрышпен анықталады. Қазіргі кезде қақпашылар орын таңдауды алға шығумен алмастырады. Алға шығу доптың түсу секторын азайтады. Қақпашының ең қиын міндеті – жеті метрлік айып добын лақтыруды қайтару. Әрекеттің тиімділігі қақапашының реакциясына, оның лақтырудың бағытын табуына, қақпашының алған орнына байланысты. Ережеге байланысты қақпашыға қақпаның алдына, 7 метрлік айып добын орындайтын ойыншыға 3 метрден артық жақындамай орналасуына болады. 2-2,5 метрде қақпаның алдына орналасқан қақпашылар жоғарғы кӛрсеткіштер кӛрсетеді. 9 метрден еркін лақтыруды орындаған кезде қақпашы 2-3 ойыншыдан «қабырға» ұйымдастырады, ал ӛзі қақпаның қорғаусыз қалған бұрышын жабады. Шеттен лақтырған кезде «қабырға» қоюда 1-2 ойыншы қатысады. Қақпашы алға шығуды қарсыласы жылдам қарсы шабуылдағанда оның шабуылын үзіп жіберу үшін қолданады. Алға шығу қақпашыдан үнемі зейін бӛлуді, ойын жағдайын бағалауды және уақытылы әрекеттенуді талап етеді. Қақпашының тұрысы қолдың жағдайына қарай бӛлінеді. Шынтақта бүгілген қол, иықтан жоғары, иықтың бойында және тӛмен орналасуы мүмкін. Алақандары алға қараған. Тізеде бүгілген иықтың ұзындығында қойылған бүгулі аяқтардың есебінен нық қалыпты ұстайды. Аяқтың орналасуы қақпашының қозғалуын қамтамасыз етуі керек, кез келген бағытта үлкен жылдамдықпен секіруге және құлауға мүмкіндік береді.
Қозғалу (жылжу) қақпаның сызығының бойында қысқа қапталымен 61
қадымдап немесе қақпа бұрыштарына жылдам ұмтылумен орындалады. Қақпашы алға, артқа, жанына қозғалу үшін және тиімді орын алу үшін үнемі аяғымен алаңда шектесіп тұруға тырысады. Допты қолмен қайтару. Қақпаның жоғарғы немесе ортаңғы бӛліміне бағытталған доптарды қолымен қайтарады. Допты тосып алу сенімдірек, бірақ қатты лақтыруларды қақпашы алаңға қарай басады немесе ұрып қайтарады. Допты тосу кезінде қол алға шығарылады, алақан доптың формасын қабылдайды, саусақтар бос аралары ашық. Допты саусақтар қарсы алады, одан кейін алақан ұстайды. Қолды шынтақты бүгіп, қимылмен лақтырудың күшін басады (ӛшіреді). Допты ӛшіру алақанның қысқа қимылымен орындалады. Ол допты ӛз алдына еденге бағыттайды. Допты ұрып жіберуді ұшып келе жатқан допқа қарап жылдам қолдың қимылымен орындайды. Әдетте қақпаның жоғарғы бұрышына бағытталған допты ұрып қайтарады. Допты аяқпен қайтару. Қақпаның тӛменгі бұрыштарына бағытталған немесе алаңнан секіртіп лақтырған допты аяқпен ұстайды немесе аяқпен ұрып қайтарады. Ол үшін жартылай ұмтылу немесе ұмтылуды орындайды. Допты аяқпен қайтарғанда допты аяқтың ішкі жағы күтетіндей етіп қою керек. Қолмен допты сақтандырып тұру керек, қол аяқ созылған жаққа созылу керек. Қақпаның бұрыштарына бағытталған доптарға қақпашы секіріп допты қайтарады. Құлағанда алаңға алғашқыда аяқ тиеді, одан кейін дененің басқа бӛлімдері жерге түседі. Допты ойынға лақтырып қосу. Қақпашы допқа ие болғаннан кейін команданың шабуыл әрекетін допты ойынға лақтырып қосумен ұйымдастырады. Допты дәл беру мен бағытынан шабуылдың дамуы байланысты. Қақпашы ортада немесе шетте жақын тұрған ойыншыға береді немесе жылдам алға шығуды ұйымдастыру үшін ұзын қашықтыққа допты береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет