206
ласындағы білімін тәжірибеде қолданады. Ал шешу
нәтижесі өзгеріссіз қалады, бәлкім құра-
стырылған есептердің шарттары өзгереді.
Мектеп бағдарламасында геометрия пәнінен есептер аз қамтылғандықтан, оқушыларға қо-
сымша есептерді зерттеуді тапсырған абзал. Себебі қосымша зерттеудің нәтижесінде мектеп
оқушылары өтілген бағдарламаға байланысты жаңа фактілерді үйреніп, есепті шешу үшін оның
шарты мен қорытындысын ұқыпты түрде талдауды да үйренеді.
Геометрияның мектептегі курсы оқушыларды математикалық тұжырымдарды тәжірибе
жүзінде пайдалана білу дағдысын үйретеді. Бұл мектеп оқушысының теориялық тұрғыда ойла-
уына, нақты шешімдер қабылдауы мен есте сақтау қабілетіне елеулі әсер етеді. Оқу үрдісін-
де шәкірттер берілген оқу материалына сәйкестендірмелер мен салыстыруларды, арнаулы
жаттығуларды шығаруды үйренеді. Яғни, мұғалімнің бағыт беруімен өз бетінше математикалық
нысандарды, қатыстар мен амалдарды талдау арқылы, бір құбылыспен қатар оған ұқсас құ-
былысты салыстыруды іске асырады. Кез -келген есепті, не теореманы қарастыру кезінде дәлел-
деулерді ұсынған абзал. Сонымен қатар қарастырылған есептің өзге дербес жағдайларын табу
және оны планеметрия немесе стереометрия бағыттарындағы есептерге қолдана білу оқушының
танымдық қасиеттерін арттырады. Есептерді талдау мен шешуге негізделіп алынған мәліметтер
бойынша берілгендерге керісінше есептер құрастыру барысында оқушының логикалық ойлау
қабілеті маңызды рөл атқарады. Осылайша геометриялық есептер
окушы білімін тереңдетіп,
жеке тұлға ретінде қалыптасуға өз үлесін қосады.
Орта білім беру жүйесіндегі математика пәні мұғалімдерінің алдында тұрған мақсаттарының
бірі – әр оқушыны тұлға ретінде интелектуалдығын, шығармашылық қабілетін, жаңа тақыры-
пқа бейімділігін және қабілетін ескеріп, олардың математикалық мәдениетін, геометрия тура-
лы түсініктерін қалыптастыруға, оның қазіргі заманғы рөлі мен орнын көрсетуге бағытталған
осы заманның талаптарына сай мектеп геометрия курсын оқыту болып табылады. Қазіргі және
осыған дейінгі геометрия оқулықтары қарыштап дамыған компютерлік техника талабына то-
лықтай жауап бере алмайды, сол себепті мектеп геометрия курсын оқыту бір-бірімен тығыз бай-
ланысты болатын үш бағытта топтастыруды және дамытуды қажет етеді:
а) логикалық ойлау қабілеттерін дамыту бағыты,
ә) кеңістікте елестете білу қабілеттерін дамыту бағыты
б) нақты білімдерін өмірде қолдана білу қабілеттерін дамыту бағыты.
Атлған бағыттар
кесіндінің көмегімен әр түрлі геометриялық фигуралар жасау оларға тең кесінділер, кесін-
ділердің параллельдігі, перпендикулярлығы туралы түсініктерін анықтамасыз көз алдарында
елестету арқылы қалыптастыруға мүмкіндік береді. Еңбек сабағын геометрия пәнімен байла-
ныстыра өткізу бала түсінігінде геометрия ұғымының берік орнауына себепші болар еді. 5-ші
сыныпта математикада орын алған симметрия ұғымын халықтық педагогикамен
байланыстыру
оқушының пәнге қызығушылығын оятары сөзсіз. Қазақтар «құрақ» деп атайтын өнерге оқушы-
ның да қосар жаңалығы болуы мүмкін. Осы тақырыпты оқушылар 7-ші сыныпта геометриядан
үшбұрыштар ұғымымен танысу барысында жалғасын табады. Ал үшбұрыштардың тең бүйірлі
болуы қайтадан жазықтықтағы фигураны алуға мүмкіндік бермейтінін сызбалармен жұмыс істеу
барысында көз жеткізсе оқушының кеңістікте елестету қабілеттерін дамытуға мүмкіндік туады.
«Құрақ» - сынды фигураларды жасау бастамасы конструктивті геометрия элементтерін мек-
тепте тереңірек қарастыруды қажет етеді. Конструктивті геометрияның негізгі түсінігі геометри-
ялық фигураларды салу. Бұл конструктивтік геометрияның негізгі аксиомалары (мектепте аз қа-
растырылады) яғни салу есептері арқылы іске асырылады. Салу есептері 7-ші сыныпта шеңбер
ұғымын берумен қатар үш сағаттық салу есептерін шешумен шектеледі. Егер оқушыларға осы
сыныпта жұмыстарын жеке немесе топтық жұмыс арқылы қорғауға мҥмкіндік туғызып, бағыт
берсе олар еріксіз бүкіл 7- сынып материалдарын тәжірибелік тұрғыда өмірмен байланыстыру
арқылы ұғынар еді.
Осындай шығармашылық жұмыс барысында оқушы болашақ сызбасын жоспарлап, оның
нұсқасын жасау барысында кесінді, шеңбер, фигуралар теңдігі, үшбұрыштың қасиеттері ұғымда-
рының барлығын тәжірибелік салу жұмыстарында қолданады. Өзі ізденіп қол жеткізген білімінің
геометрияны нақты пән ретінде қабылдауына, оның өмірмен тығыз байланысты бірден-бір пән
екенін ұғынуына жол ашары сөзсіз.
207
Математиканың негізгі тарауларының бірі геометрия екендігі мектеп оқушыларынан
бастап әр адамға аян. Геометрия – өте ерте кездерде пайда болып, әрі дамыған пәндердің бірі
екенін оқушы 7 – ші сыныптың «Геометрия» оқулығынан, ол толығырақ «Математика тарихы»
туралы әдебиеттерден мәлімет ала алады. Аталмыш кітаптарда геометрияның адамзат баласы-
ның күнделікті өмірде, демек тәжірибелік жұмыстарда қолданылуы туралы да айтылған.
Сонымен, геометриялық есеп - берілгендерге белгілі бір амалдарды қолданып, шешімін табу-
ды қажет ететін жаттығу. Сондықтан, геометриялық есепті шешуді - «ой гимнастикасын» орын-
дау деуге де болады. Геометриялық есептерді мынадай қасиеттеріне лайықтап пайдалануға бола-
ды: 1. есепті шығару әдістері бойынша; 2. Балаларды дамытушы әсері бойынша.
Бұлардың әрқайсысына арналған жұмыс түрлері баршылық. Геометриялық есептерді
жүйелі түрде шешу оқушылардың геометриялық түсініктерін қалыптастыруына, әртүрлі геоме-
триялық фигуралардың элементтерінің арасындағы қатыстарын
анықтауға септігін тигізері
хақ. Қазіргі ғылым және оның қолданылуы геометриясыз, графтар теориясы мен дифференциал-
дық геометрия, алгебралық және компьютерлік геометриясыз т.б. мүмкін емес. Информациялық
технологиялардың пайда болуы геометрияның рөлін арттыра түсері анық, өйткені бұл жағдайда
материалдың (тапсырманың) графикалық тҥсініктемесі кеңейіп, компьютерлік модельдеу жүзеге
асады, осыған байланысты геометрияның болашағы зор демекпіз.
Мұғалімнің басты мақсаты-оқушыға қажетті білім берумен шектелмей алған білімін ке-
рек уақытында қолдана білуге үйрету. Осы мақсатта оқушыға дайын ақпаратты бермей, оны
өз бетімен жұмыс істеуге, ізденуге үйрету қажет. Ол үшін әр ұстаз оқытуда білім берудің озық
тәсілдерін қолдануы керек. Осы орайда геометрия пәнін оқытуда жаңа әдіс - тәсілдерді қолда-
ну қарастырылуда. Білім беру жүйесінде мұғалімдердің біліктілігін арттыруда енгізілген Кем-
бридж университетінің әдістерін еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұғалімдер оқып, жаңа әдістерді
өз тәжірибелеріне енгізу ұстінде.
Кембридж модульдері арқылы геометрия пәнін оқыту нәтижесінде оқушыларға қалай оқу
керектігін үйреніп, ынтасы жоғары, өзіне сенімді, сыни көзқарастары жүйелі дамыған, ақпа-
раттық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуына көмектеседі.
Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы дегеніміз – оқушының
туа біткен ақыл - ой қа-
білетінің жеке дамуының жан - жақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Математика
пәнінің мұғалімінің мақсаты – сабақ барысында оқушылардың білімге құштарлығын арттыру,
өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, жауапкершілік сезімін қалыптастыру, өздігінен шығар-
машылықпен жұмыс істеуге баулу. Геометрия сабақтарында деңгейлеп - саралап оқыту техно-
логиясының әдіс - тәсілдерін жиі пайдаланып, әр өткен жаңа тақырыпты оқушыларға шығар-
машылық ізденіс үстінде меңгертуге баулу әр ұстаздың міндеті. Сондықтан мұндай сабақтарда
оқушының ынтасын, белсенділігін арттыру үшін оларға үнемі проблемалық сұрақтар қойып
отырған абзал. Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту
идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Өйткені ол оқушының ойлауын, елестетуі мен есте
сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.
Нәтижесінде
оқушылардың табиғи жеке қабілеттеріне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне және дарындық қа-
сиеттерінің ашылуына толық жағдай жасалады. Оқушылардың даму деңгейін өзгелермен емес,
оқушының өзімен - өзін салыстыру арқылы анықтаған абзал. Бұл жаңдай мұғалімнің оқушыға
деген ізгілік қатынасты көрсетеді. Ал сабақтан тыс уақытта оқушылармен жеке жұмысты ұй-
ымдастыру үшін үлгерімі төмен оқушының білім сапасын көтеруге мүмкіндік туады. Деңгейлеп
оқыту игерілетін ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әр түр-
лілігі арқылы жүзеге асырылады. Бұл технология оқушының ой - өрісінің дамуына, пәнге деген
қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір тарау бойынша деңгейлік тапсырмалар да-
мыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету
мен есте сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын қамтамасыз етеді. Дең-
гейлік тапсырмалар оқушылардың әр түрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады. Деңгейлік тапсы-
рмаларды қолдануда оқушылардың ақыл - ой еңбегін жетілдіру талабы қойылады. Оқушыларға
деңгейлік тапсырмалар оны орындау әдістемелік кешенімен ұсынылады.
Геометриялық есептерді шешу барысында оның шартын өзгерту арқылы әртүрлі зерттеу жұ-
мысын жүргізуге болады. Есеп шартында қолданылмаған ақпаратты зерттеп, ойымызды дамыта-
208
тын басқа да есептер құрастыруға болады. Мұндай зерттеуге келтірілетін есептер жазықтықтағы
салу және кеңістіктегі салулар болып табылады. Жазықтықтағы
салулар белгілі аспаптардың
көмегімен салынатын болса, кеңістікте мұндай салу аспаптары жоқ, тек аксиомалардың көме-
гімен салу, түрлендіру, есептері күрделі қатынастарды есептеуге берілген есептер зерттеудің қай-
нар көзі.
Оқушылардың математикаға деген танымын, ынтасын арттыру жолдарының бірі – сабақ
барысында оның тәжірибелік және қолданбалы рөлін ашып көрсету. Сондықтан жаңа тақы-
рып өткенде, теореманы дәлелдеу кезінде немесе есеп шығару барысында әрқашанда өмірмен
байланыстырып отырған жөн. Өтіп жатқан жаңа тақырыпты оқушыларға мұндай жолдармен та-
ныстыру олардың теориялық материалдың мағынасын терең түсініп, танымдылық өрісін кеңей-
туге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: