3-нұсқа Қазақстан тарихы



жүктеу 38.8 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі38.8 Kb.
3-нұсқа

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
1. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің Солтүстік-батыстағы аса ірі орталығы:

A) Орал облысы.

B) *Торғай облысы.

C) Жетісу облысы.

D) Қарағанды облысы.

E) Семей облысы.

2. Шығыс Қазақстан, Жетісудың таулы аймақтарында сақтардың мал шаруашылығының қай түрі дамыды?

A)* Жартылай көшпелі.

B) Көшпелі.

C) Мал шаруашылығы болған жоқ.

D) Түйе өсіру.

E) Отырықшы.

3. Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры:

A) Нұркен Абдіров.

B) Қасым Аманжолов.

C) Талғат Бигелдинов.

D) Қасым Қайсенов.

E) *Рақымжан Қошқарбаев.

4. Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық қарым-қатынас тілі:

A) Ағылшын.

B) Қазақ.

C) *Орыс.

D) Неміс.

E) Жапон.

5. Егін салу үшін жер жыртуға пайдаланатын еңбек құралы:

A) *Соқа.

B) Шалғы.

C) Қайлы.

D) Орақ.

E) Балта.

6. Орта ғасырлық Қазақстан территориясында салынған кесенелер қандай діннің ықпалымен салынған:

A) Зороастра.

B) Иудей.

C)*Мұсылман.

D) Христиан.

E) Будда.

7. Орыс жылнамаларында қыпшақтарды қалай атады?

A) Хазарлар.

B) Булгарлар.

C) Кумандар.

D)*Половецтер.

E) Ойраттар.

8. Патша үкіметінің арнайы ұйымдастыруымен қазақ территориясында қай жылы тұңғыш жәрмеңке ашылды?

A) *1822 ж.

B) 1821 ж.

C) 1819 ж.

D) 1823 ж.

E) 1820 ж.

9. Кімдер Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан “князь”атағын алып, алым-салық төлеп тұрды?

A) Болгар княздары.

B)* Орыс княздықтары.

C) Еділ болгарлары.

D) Қыпшақ хандығы.

E) Мәуереннахр мемлекеті.

10. Қазақ қоғамында қай әлеуметтік топ ешқандай тайпаға жатқан жоқ?

A) Әмірлер.

B) Қарасүйектер.

C)* Ақсүйектер.

D) Дінбасылары.

E) Билер.

11. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы.

A) Ахмет Байтұрсынұлы.

B) Шәкәрім Құдайбердіұлы.

C) *Абай Құнанбайұлы.

D) Ахмет Яссауи.

E) Жамбыл Жабаев.

12. ІІ Александр "Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын уақытша басқару ережесі" туралы құжатты қашан бекітті?

A) 1868 жылы 21 тамызда.

B)* 1868 жылы 21 қазанда.

C) 1868 жылы 21 қарашада.

D) 1868 жылы 21 желтоқсанда.

E) 1868 жылы 21 қыркүйекте.

13. Көшпелі мал шаруашылығының дамуына байланысты қай малдың саны көбейді?

A) Ешкі.


B) *Қой мен жылқы.

C) Шошқа.

D) Түйе.

E) Сиыр.


14. Темір шапқыншылығына қарсы Моғолстан одақ жасасқан мемлекет:

A) Иран.


B) Ноғай Ордасы.

C) Киев Русі.

D) Алтын Орда.

E) *Ақ Орда.

15. Байшонас кәсіпшілігінде оператор мамандығын меңгерген әйел:

A) Бүкірова Р.

B) Ангелина П.

C) Оңғарбаева С.

D) *Досбаева Б.

E) Рогозина М.Д.

16. Археологтар сармат қабірінен ...

A) Араб тектес заттарды жиі кездестіреді.

B) Монғолиядан әкелінген заттарды жиі кездестіреді.

C) Қытайдан әкелінген заттарды жиі кездестіреді.

D) Түркі тектес заттарды жиі кездестіреді.

E) *Грециядан әкелінген заттарды жиі кездестіреді.

17. XX ғ. басында Қазақстандағы қоныстану қоры немен айналысты?

A) Салық жинаумен.

B) Зерттеу жұмысымен.

C) Патша реформасын жүзеге асырумен.

D)* Қазақтардың жерін тартып алумен.

E) Патшаның сауда саясатын жүзеге асырумен.

18. Күйші Дәулеткерейдің көзқарасының қалыптасуына әсер еткен азаттық күрес.

A) 1870 ж. Маңғыстау көтерілісі.

B) 1856-57 жж. Жанқожа батыр көтерілісі.

C) *1836-38 жж. Бөкей ордасындағы көтеріліс.

D) 1837-1847 жж. Ұлт-азаттық көтеріліс.

E) 1783-1797 жж. Сырым Датұлы көтерілісі.

19. Республика жазушылары арасында тұңғыш рет Социалистік Еңбек Ері атағын алған қаламгер:

A) Ә. Нұрпейісов.

B) І. Есенберлин.

C) Ғ. Мұстафин.

D) Ә. Тәжібаев.

E) *Ғ. Мүсірепов.

20. ХХғ. басындағы қазақ халқының рухани өміріндегі ерекше орын алған басылым:

A) «Түркістан уалаятының газеті».

B) *«Қазақ» газеті.

C) «Серке» газеті.



D) «Дала уалаятының газеті».

E) «Айқап» журналы.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет