3 қосымша Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөз процесінің барысы туралы



Дата25.02.2016
өлшемі34.24 Kb.
#21543
3 қосымша
Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөз процесінің барысы туралы

АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру процесі 1996 жылдың 26 қаңтарында Қазақстанның ДСҰ Хатшылығына ДСҰ-ға кіру туралы ресми өтінішін беруінен басталды. 

1996 жылдың ақпан айында Қазақстанға ДСҰ-дағы бақылаушы ел статусы берілді.


Мұнымен бір уақытта Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі Жұмыс тобы құрылды, оның құрамына қазіргі кезде ДСҰ-ның 40 мүше елдері кіреді.  

Жұмыс тобының төрағасы болып БҰҰ-дағы және Женевадағы басқа халықаралық ұйымдардағы Финляндия елшісі Веса Химанен болып табылады. 

Қазақстан Республикасының Үкіметі негізгі төрт бағыттар бойынша көп жақты және екі жақты деңгейлерде келіссөздер жүргізеді:


1. Жүйелік мәселелер жөніндегі келіссөздер.
2. Ауылшаруашылық мәселелері жөніндегі келіссөздер.
3. Тауарлар рыногына қол жетімділік жөніндегі келіссөздер.
4. Қызмет көрсетулер рыногына қол жетімділік жөніндегі келіссөздер.
I. Жүйелік мәселелер жөніндегі келіссөздер Жұмыс тобы отырыстарының шеңберінде ДСҰ-ның барлық мүдделі мүше елдерінің қатысуымен, Қазақстан сыртқы сауда режимінің және сыртқы сауда заңнамасын олардың ДСҰ-ның көп жақты саудалық келісімдерге сәйкестігі мәнін қарастыру, сондай-ақ ұлттық заңнаманы ДСҰ-ның нормалары мен ережелеріне үндестіру үшін қажет шараларды белгілеу мақсатында жүргізіледі.  

Көп жақты келіссөздер барысында елдің экономикалық және сауда саясатының саласындағы баға жасау нормалары және реттеу практикасы, мемлекеттік меншік және жекешелендіру, салық салу жүйесі және импортталатын тауарларға салықты қолдану, жекелеген экономикалық секторларға, атап айтқанда ауылшаруашылығына жәрдем ақшалар, шетелдік инвестициялар режимі, валюта айырбастау және төлемдер жүйесі, импорттық кедендік тариф, кез келген қолда бар тарифтік артықшылықтарды қоса алғанда, кедендік жинаулар, қорғаныс шаралары және ұлттық өндірушілерді қорғаудың басқа да шаралары (демпингке қарсы және өтем шаралары), импорттық лизензиялау, экспортты реттеу, импорттық тауарларды стандарттау және сертификаттау жүйелері, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, зияткерілік меншік құқығын қорғау жүйесі және т.с. мәселелер жүргізіледі.  



Бұдан басқа, тауарлар және қызметтер саудасына ықпал жасайтын әзірлеу тетігі және саясатын жүзеге асыру жөніндегі мәселелер келісіледі.

Қазіргі уақытта Жұмыс тобының баяндамасы – Қазақстанның сыртқы саудасының Жұмыс тобын қарастырудың және Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігінің нақты шарттары бар қорытынды құжаты көп жақты келіссөздер үшін негіз болып табылады.


Бүгінгі күні Қазақстан Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) Жұмыс тобының 10 отырысын өткізді. 

II. Ауылшаруашылығы мәселелері жөніндегі келіссөздер ауылшаруашылығына экспорттық жәрдем ақшалар мөлшері мен ішкі қолдау шаралары жөніндегі арнайы көп жақты келіссөздер шеңберінде жүргізіледі. 

III. Тауарлар рыногына қол жетімділік жөніндегі келіссөздер ДСҰ-ға мүше елдермен импорттық кедендік баж салықтарын байланыстырудың ең көп деңгейін анықтауды және келісуді қосады, ол бойынша Қазақстан ДСҰ-ға қосылғаннан кейін оларды пайдалану құқығына ие болады. 

IV. Қызмет көрсетулер рыногына қол жетімділік жөніндегі келіссөздер Қазақстан рыногына шетелдік жеткізушілердің қол жетімділік шарттарын келісу мақсатында жүргізіледі.

Бүгінгі күні Қазақстан Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) Жұмыс тобының 10 отырысын өткізді:

• 19-20 наурыз 1997 жыл
• 9 қазан 1997 жыл
• 9 қазан 1998 жыл
• 12-13 шілде 2001 жыл
• 13 желтоқсан 2002 жыл
• 4 наурыз 2004 жыл
• 3 қараша 2004 жыл
• 7 маусым2005 жыл

• 1 қараша 2006 жыл


• 17 шілде 2008 жыл

Бүгінгі таңда Қазақстан ДСҰ-ға кіру аясында ДСҰ-ның 22 мүше елдерімен қазақстандық тауарлар мен қызметтер нарығына қол жетімділік жөніндегі екі жақты келіссөздерді аяқтау туралы хаттамаларға қол қойды: 



• Қырғызстан Республикасымен (25 желтоқсан 2003 жыл);
• Грузиямен (11 қараша 2004 жыл);
• Пәкістан Ислам Республикасымен (5 маусым 2005 жыл);
• Түркиямен (15 тамыз 2005 жыл);
• Қытай Халық Республикасымен (31 тамыз 2005 жыл);
• Корея Республикасымен (14 қазан 2005 жыл);
• Оман Сұлтандығымен (20 қазан 2005 жыл);
• Жапонямен (23 қараша 2005 жыл);
• Кубамен (13 желтоқсан 2005 жыл);
• Америка Құрама Штаттарымен (15 желтоқсан 2005 жыл);
• Норвегиямен (25 сәуір 2006 жыл);
• Гондурас Республикасымен (28 шілде 2006 жыл);
• Доминикан Республикасымен (4 қазан 2006 жыл);
• Болгариямен (6 қазан 2006 жыл).
• Швейцариямен (2 қараша 2006 жыл);
• Египетпен (7 қараша 2006 жыл);
• Израиль мемлекетімен (27 ақпан 2007 жыл);
• Бразилия Федеративтік Республикасымен (23 сәуір 2007 жыл);
• Малайзиямен (21 желтоқсан 2007 жыл);
• Канадамен (13 ақпан 2008 жыл);
• Австралиямен (11 желтоқсан 2008 жыл);
• Индиямен (24 қаңтар 2009 жыл).

Ресей, Беларусь және Қазақстан ДСҰ-ға бірыңғай кедендік одақ болып кіреді

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына Бірыңғай кедендік одақ құрамында кіретін болады. ДСҰ-ға бірыңғай кедендік аумақ ретінде қосылу туралы шешім Ресей, Беларусь және Қазақстанның Үкімет басшылары келіссөздерінің қорытындылары бойынша қабылданды. Бұл үш елдің өздеріне ДСҰ-ға кірудің бірыңғай шарттарды қорғайтындықты білдіреді.



Егер қызуғышылық таңытсаңыз мынау телефон/факс: 8 (7132) 55 – 15 – 26, мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Киселев 1 «Б» көшесі, E-mail: aktobe_kazinst@mail.ru хабарласуын сұраймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет