Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
ең маңызды қайнар көзі болып табылады. Мектеп іс-әрекетінің нәтижесіне баға беру үшін
тестердің, емтихандардың, бақылау жұмыстарының, шығармалардың, эсселердің,
жобалардың, суреттердің және т.б.ерекшелігін зерттеудің маңызы зор. Бұл зерттеушіге
мектептің іс жүзіндегі іс-әрекетінің шынайылығын анықтауға, себеп-салдарлық
байланыстарды, оқушы жеке тұлғасының дамуына әсер ететін факторларды айқындауға
мүмкіндік береді.
Теориялық деңгей әдістері. Ғылыми танымның екінші деңгейі – теориялық деңгей. Ол
зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық
тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қортындыларға көшу
барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі. Теориялық деңгей
әдістері:
1. Әдебиет көздерін оқып білу зерттеу зерттеудің құрамдас және бөлінбейтін бөлігі
болып табылады. Бұл кез-келген ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеуші ғылымның
осы саласында оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің
бұрыңғы мен қазіргі жай-күйін және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап
алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы қажет.
2. Талдау мен жинақтау. Талдау келесі түрлерге бөлінеді; эмпирикалық материалды
механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасы формаларын
анықтау; білім құрылымын ашып көрсету, зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын
айқындау және т.б..
3. Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп
бөлу. Талдап қорыту – көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей
белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін
зерттеушіге қажетті бір қасиетін немесе сапасын бөліп алу процесі.
4. Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері; бұл әдістің көмегімен
эмпирикалық деректер қортындыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан
жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады.
5. Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін
қолданылады.
6. Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі.
Модельдеу – зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен
алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші объект түпнұсқа болады да екінші объект оның
моделі болады. Зерттеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заңы
бойынша түпнұсқаға көшіреді. Модель және модельдеу әдісі түпнұсқаны зерттеу қиын
немесе мүмкін емес болғанда немесе түпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап
еткен жағдайда қолданылады. Модель мен түпнұсқа арасында белгілі бір ұқсастық болу
керек. Мұндай ұқсастық зерттеушінің модельді зерттеу кезінде алған ақпараттарын
түпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұқсастықтың, талдау мен жинақтау әр
түрлі формалары қолданылады. Модельдеу логикалық, физикалық, математикалық, заттық,
белгілік болады. Модельдің түрін таңдау таным зерттеу объектісінің күрделілігіне
байланысты.
7. Болжау әдісі зерттеушінің қатысуынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру
жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесінде алынған нақты
ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, кестелерге, графиктерге, сызбаларға,
диаграммаларға, формулаларға, ұғымдарға мен заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау
абстракциясының жоғары деңгейі мен дәрежесі қажет. Осының бәріне бүгінде болашақтағы
білім беру жүйесінің даму заңдылыќтары мен тенденцияларын түсіну үшін теориялық
жағынан терең ойланудағы талпындыруды.
8. Математикалық және статистикалық әдістер педагогикалық құбылыстар мен
олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті айқындау үшін қолданылады.
|