Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өңдеу үшін, байланыс пен ықпал ету көрсеткіштерін есепке алу
үшін, өз ара тәуелділікті айқындау үшін, әр түрлілік көрсеткіштерін бөлу деңгейін анықтау
үшін, орташа арифметикалық қате мен оның мөлшерін айқындап, осы мөлшерді бөлу
дәрежесін (дисперсия), орташа квадраттық ауытқуларды, әр түрлілік коэффициенттерін
есептеу үшін қолданылады.
9.Тіркеу әдісі педагогикалық зерттеулер ішіндегі кең тараған әдіс, ол зерттеушінің
объектісінің белгілі бір қасиеттерін айқындап, есептеу үшін қолданылады. Тіркеу әдетте
белгілі бір белгісі бар не жоқ бір құбылысты өлшеу үшін қолданылады. Бұл белгісі бар
объектіні анықтап алып, оны бұл белгісі жоқ басқа бір объектіден ажырата алу қажет.
Сондай-ақ, шартты критерилер қажет, мысалы қандай оқушыны тәртіпті, ал қандайын
тәртіпсіз деп, өзімшіл немесе көпшіл деп, үлгерімі жаќсы немесе үлгерімі нашар деп айтуға
болады.
10. Ранжирлеу әдісі деректердің, құбылыстардың, сапалардың, белгілердің өсуі
немесе төмендеуін анықтау үшін қолданылады. Өлшеудің бұл әдісі ретке келтіру әрекетіне
негізделген, яғни зерттеу объетілері немесе құбылыстары нақтыланған бір белгісінің
мөлшерінің ұлғаюы немесе төмендеуі тәртібі бойынша орналастырылады. Сандық
(интегративті) тізім әдісі сандық көрсеткіштерге сапалық талдау жасауға мүмкіндік береді.
Орташа мөлшерді анықтау әдісі орташа сандық көрсеткіштерге, бағаларға талдау жасап,
нәтижелері мен оларды дәрежесі бойынша орналастыру, өзара үйлесімдік коэффициенттерді
есептеу үшін қолданылады, бұл зерттеушінің математикалық статистика және мүмкіндік
теориясы саласында арнайы дайындығын талап етеді.
Ғылым әр уақытта жаңа дәйектермен толықтырылып отырғанда ғана дамиды. Ғылыми
деректер жинақталып қалған кезде оларды ғылыми-зерттеу әдістері арқылы талдау және
теориялық ұстанымдарға негіздеп зерделеу ғылымда әдіснама деп аталады. «Әдіснама» –
ғылыми-танымдық іс-әрекеттерді құрудың ұстанымдары, формалары мен амалдары туралы
ілім.
Э.Г.Юдин әдіснамалық білімдер құрылымын төрт деңгейге бөледі: философиялық,
жалпы ғылыми, нақты ғылыми, технологиялық. Біріншісі, философиялық әдіснаманың
деңгейлік мазмұны, таным ұстанымы мен ғылымның категориялық апаратын құраса,
сонымен бірге философиялық білім жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады. Екінші деңгейде,
жалпы ғылыми-әдіснама теориялық тұжырымдаманы құрып, көптеген ғылыми пәндерге
бағыт-бағдар береді. Үшінші деңгей – нақты ғылыми әдіснама, бұл арнайы ғылыми пәннің
әдістерін айқындап, зерттеудің ұстанымдары мен ұйымдастыру жолдарын белгілейді.
Төртінші деңгей – технологиялық әдіснама, зерттеудің, әдістемесі мен техникасын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |