3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе



Pdf көрінісі
бет22/45
Дата01.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#497168
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45
daris

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
1) дамудың бар деңгейі (бар, көкейкесті) мен аса жоғары қажеттіліктерге қол 
жеткізуге бағдарланған жаңа деңгейі арасындағы (мұны қысқаша «істей аламын» мен 
«істеймін» арасындағы қарама*қайшылық деп анықтауға болады);
2) ортаның адамға қоятын талаптары мен оның осы талаптарды қанағаттандыру 
мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылықтар (қысқаша «керек» пен «істемін» арасындағы 
қарама-қайшылық)
Тәрбиенің мазмұны оқушылардың қойылған мақсат пен міндеттерге сәйкес білім, 
білік және дағды жүйесі, тұлғаның сапасы-қасиеттері, тұрақты мінез-құлық дағдылары.
Тәрбиенің түрлері әр алуан негіздер бойынша тәрбие түрлері жүйеленеді. Білім беру 
мекемелеріндегі алуан түрлі тәрбие жұмыстарына байланысты оларды азаматтық, саяси, 
интернационалдық, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, физикалық, құқықтық, экологиялық, 
экономикалық тәрбиелер. Институционалды белгісіне қарай отбасы, мектептік, мектептен 
тыс, конфессионалды (діни), тұрғылықты жер бойынша тәрбие (американдық 
педагогикадағы қауымдық), балалар, жасөспірімдік ұйымдардағы тәрбие, арнайы білім беру 
мекемелеріндегі тәрбие. Тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы қарым-қатынас стилі 
бойынша авторитарлық, демократиялық, либералды, еркін тәрбие; сол және басқа 
философиялық тұжырымдарға байланысты прагматикалық, аксиологиялық, ұжымдық, 
жекелік және басқа да тәрбие түрлері.
Тәрбие әдістері – тәрбие міндеттерін шешудің және тәрбиелік әрекеттестікті жүзеге 
асырудың жалпы тәсілдерінің жиынтығы. А.С.Макаренко тәрбие әдістерін «тұлғаға ықпал 
ету құралы» деп атаған.
Әдістерді жіктеу – бұл белгілі бір сипаттамалары бойынша әдістер жүйесінің 
құрылуы. Жіктеу көбірек жалпы және өзіндік, кездейсоқтық, теориялық және практикалық
тиімді қолданылатын әдістерді, сол арқылы саналы түрде талдауды қамтамасыз етеді. 
Жүйеге сүйене отырып, педагог әдістер жүйесі туралы айқын біліп қана қоймайды, әр түрлі 
әдістердің белгісін, тән сипаттамасын және олардың модификациясын түсінеді.
Әдістер жүйесінің көпшілігінде жіктеудің логикалық негізі айқын көрсетілген. Бұл 
практикалық маңызды жіктеуде әдістердің бірнеше маңызды және жалпы жақтарының 
негізге алынатынымен түсіндіріледі.
Тәрбие әдістері тәрбие сипаттамасы бойынша сенімге, жаттығуға, мадақтау мен 
жазалауға бөлінеді. Бұл жағдайда «әдіс сипаты» өзіне бағыттылықты, қолданылысты, 
ерекшелікті және әдістің басқа да жақтарын енгізеді. Бұл жіктемеге әдіс сипаттамасы 
жалпыланып қорытындыланған, тәрбие әдістерінің басқа да жүйесі жанасады. Ол өзіне 
сенім әдістерін, іс-әрекетті ұйымдастыруды, оқушылардың мінез-құлқын ынталандыруды 
енгізеді. Бұл жіктемеде де тәрбие әдістерінің мынадай, түсіндірмелі-репродуктивті, 
проблемалы-жағдаятты, үйрету мен жаттығу әдістері, ынталандыру, тоқтату, басқару, өзін-
өзі тәрбиелеу ретінде топтарын енгізеді.
Тәрбиеленушіге ықпал ету әдістерінің нәтижелері бойынша екі топқа бөлуге болады:
1. Адамгершілік ұстаным, мотивтерді, қарым-қатынасты құруға, түсінік, ұғымдар, 
идеяларды қалыптастыруға әсер ететін әдістер.
2. Мінез-құлықтың сол және басқа да типтерін анықтайтын, дағдыларды құруға әсер 
етеді.
Қазіргі уақытта бағытына байланысты тәрбие әдістерінің обьективті және ыңғайлы 
жіктемесі тәрбие әдістерінің мақсаттылық, мазмұндық және әрекеттік жақтарының бірлігін 
енгізетін интегративті сипатын ұсынады. Осы сипаттамасына сай тәрбие әдістері үш топқа 
бөліп көрсетіледі:
1. Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері (әңгіме, түсіндіру, әңгімелесу, дәріс, 
эстетикалық пікірлесу, иландыру, сендіру, пікірталас, баяндама, үлгі-өнеге).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет