3 семестрлік жұмыс Пән: «Философия»



бет4/7
Дата18.05.2022
өлшемі89.13 Kb.
#456930
1   2   3   4   5   6   7
филочофия срс 3

1) музыкалық практика
2) музыка теориясы
музыкалық практиканың міндеті- табиғи немесе жасанды аспаптардан шығатын, құлақ арқылы қабылданатын әуендердің түрлерін іздестіру.
Табиғи аспаптар- бұл тамақ, кішкене тіл және тамақтағы басқа мүшелер,Содан соң-мұрын, жасанды аспаптар- мысалы , сыбызғы, лютня, және басқалары.
Музыкант- практик әуендерді, олардың тондарын және әдетте,музыкалық аспаптардан шығатын барлық үндерді біледі.
Музыка теориясы интеллекцияның пайымдау обьектісі ретінде музыка саласынан білім береді , әуендердің неден құралатындығы себептерінің
бәрі келтіріледі. Музыка теориясы бұларды қандай аспап арқылы немесе қандай дене арқылы жүзеге асырылса да, жалпылама түрде қабылдайды.
Музыканың үлкен кітабы- формасы жағынан ерекше, логикалық бірізділікпен жазылған, бас-аяғы жинақы, мазмұны терең энциклопедиялық еңбек. Бұл еңбек тек Шығыста ғана емес, әлемдік деңгейде құнды еңбек болып саналады. Бұл шығарманы негізге ала отырып, көптеген ғұламалар, мысалы, Ибн Сина (980-1037) және оның замандастары мен кейінгі кезеңдегі авторлар-Дервиш Али Бухари, Сафиуддин Джурджани секілді ғалымдар өзінің музыкалық еңбектерін жазды. Ибн Синаның негізгі музыкалық еңбегі –Музыкалық ғылымдар жинағы Музыканың үлкен кітабының негізінде жазылған. Фарабидің еңбегіне ірі музыка теоретиктері Сафиуддин Урмави, Абдулкадир Мараги, Әбдірахман Жәми, ал XIX ғасырда Уаджид Алихан да Матла ал-улум уа маджма ал –фунун деген шығармасын жазуда сүйенеді.
Фарабидің Ғылымдар классификациясын XI ғасырдың өзінде монах Гульдисал латын тіліне аударып, оны барлық Еуропа елдеріне танымал етті. Әбу-Насырдың музыкалық теориялық еңбегіне деген үлкен қызығушылық танытқан үлкен толқын XIX ғасырда басталды десе болады. Оның музыка саласына арнап жазған шығармаларына көптеген шығыстанушы- ғалымдар үлкен мән берді. Мысалы, Вилоттоның Араб музыкасы (1826) Косегартен, Ланд, Кизеветтер, Сальвадор-Даниэль секілді ғалымдардың еңбектерінен Фарабиге жасаған сілтемелерді көруге болады.
1974 жылы Лейденде Ланд Араб музыкасы деген атпен Музыканың улкен кітабының тарауларынан аударылған аударманы жарыққа шығарды. Сондай-ақ, Фараби музыкасы Ресейде де Танымал болған . П.П. Сокальский музыка теориясының жалпы эволюциясына тоқталып өткен.
XX ғ. Еуропада Фарабидің музыкалық еңбектерін қарастыру үшін арнайы зерттеулер жүргізіледі.
1930 жылы Музыканың улкен кітабын бірінші рет толық түрде Рудольф д Эрландже француз тіліне аударып, жарыққа шығарады
Фарабидің музыкалық мұрасын Кеңес Одағы ғалымдары ішінен В.М. Беляев, И.Раджабова, Т. Вызго, Д. Рашидова, А.Джумаев секілді ғаламдар зерттеген болатын. Ғұламаның музыкалық-теориялық көзқарасы ғылымның философия және математика салаларында еңбек етушілердің, атап айтсақ, А.К. Көбесов, О. Матякубов, А.Х. Қасымжановтың еңбектерінде орын тапқан.
Жоғарыда айтылған көптеген зерттеулерге қарамастан, Фарабидің музыкалық мұрасын түсінуде көптеген мәселелер әлі де болса қала бермек. Ең маңыздыларын атап айтсақ, Фарабидің музыкалық –теориялық шығармасының дұрыс интерпретациясын, аудармасын жасау үшін әр түрлі салаларда: теория және музыкалық эстетикасын; музыка ырғағын, жанрларын, формаларын, музыка органологиясын толық түсіну үшін арнайы зерттеулер жүргізу керек екенін айтып кетсек артық болмас.
Бүгінгі таңда рухани мәдени дүниетанымды қалыптастыратын нақтылы да терең философиялық маңызы бар міндет.Рухани дүние мен мәдени таным негіздерінің байланысы адам баласының жан дүние байлығының терең де сергек ,сезімтал болып қалыптасуына көмектеседі. Рухани мәдени қалыпты өмірге алып келуде халықтың рухани мұра үлгілері бірден-бір қажетті құрал ретінде қолданылады. Күй өнері және оның мәдениеттанулық ерекшеліктерін «күй», «қоңыр», «саз-сарын», «ырғақ» ұғымдары шеңберінде жан-жақты талдау арқылы қарастырғанда ғана анықтай аламыз. Осы аталған ұғымдардың ішінде әсіресе «саз-сарын», «ырғақ» арақатынастарының негізінде мәдени таным түсінігі қалыптасып, мәдениеттанулық өлшемдер анықталады. Күй өнерін мәдени-философиялық тұрғыдан талдай отырып қажетті таным-түсініктер мен ой-пікірлерді зерделей пайдаланғанда, қажетті түйін-тұжырымдар жасап белгілі нәтижеге қол жеткізуге болады. Күй өнерін мәдениеттанулық тұрғыдан зерттеудің бағыт-бағдарының маңызын есте ұстай отырып, оны халықтың рухани құндылық дүниесі ретінде құрастыру көзделінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет