3 сессия жауаптары Механизмдер мен машиналарды жобалау


Берілістердегі негізгі кинематикалық және күштік параметрлері



бет13/54
Дата02.01.2022
өлшемі1.98 Mb.
#454287
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   54
3 сессия жауаптары механизмдер мен машиналарды жобалау

Берілістердегі негізгі кинематикалық және күштік параметрлері

1. Шеңберлік (сызықтық) жылдамдық, v = ω·d/2, м/с. (1)

2. Бұрыштық жылдамдық, ω= π·п/30, рад/с. (2)

3. Шеңберлік күш Ft = 2·T/d, H. (3)

4. Айналдыру моменті Т = Р/ω, Нм. (4)

5. Қуат Р = Ft· v, кВт. (5)

6. ПӘК η = Р2 1, %. (6)

7. Жетектің ПӘК-ті ηжетек = ηη2· …· ηn , n – сатылардың саны. (7)

8. Беріліс қатынасы (саны)

и (i) = ω1 / ω2 = n1 / n2 = d2 / d1 = z2 / z1= T2 / (T1· η). (8)

Тегершіктің және дөңгелектің шеңберлік күштері бір-біріне тең егер олардың арасында сырғанау болмаса v 1 = v 2.




  1. ,

  2. ,

  3. ,

  4. ,

  5. Тісті берілістер. Тістердің істен шығу түрлері

Берілістер деп қуат пен қозғалысты белгілі бір қашықтыққа беру үшін қолданылатын жабдықтарды айтамыз. Олар көбінесе машиналардың қозғалтқышы мен жұмыс атқарушы тетіктерінің аралығында қолданылады.

Тісті беріліс – қозғалысты, қозғалыс моментін біліктер арасында беру үшін және қозғалыстың бір түрін екінші түрге өзгертетін тісті ілінісуді айтады.

Тісті беріліс - үш тізбекті механизм. Оның екі тісті дөңгелегі (немесе тісті дөңгелек пен рейка, червяк) және механизмнің корпусы қосылып айналмалы немесе әрілі-берілі қозғалысты жұп құрайды. Цилиндрлі, конусты,

гипоидты, т.б. болады. Өндірңсте бір айналмалы қозғалысты басқа айналмалы қозғалысқа түрлендіру үшін қозғалмайтын осьті тісті берілістер (цилиндрлік, конустық, гипоидты доңғалақты), планетарлық, қозғалмалы осьті дифференциал берілістер, сонымен қатар, иілгіш тісті доңғалақты толқынды беріліс қолданылады. Айналмалы қозғалысты қашықтыққа беру үшін белдікті, шынжырлы, арқанды, тасбалы, тросты берілістерді қолданады.

Бірқалыпты жұмыс істеу және айналу энергиясын тісті беріліс арқылы тиімді беру үшін тістердің ерекше пішіні болуы керек. Тістердің эвольвентті деп аталатын бұл түрі қазіргі уақытта барлық дерлік тісті доңғалақтарда қолданылады. (Эвольвент – қозғалмайтын дөңгелек цилиндрден шешілген керілген жіптің ұшында қарындашпен сызылған қисық).

Тісті дөңгелектер күш түсу әсерінен жұмыс істеген кезде мынадай бүліну түрлері пайда болады:

1) Бәсеңді үгітілу-мол майлану кезінде жұмыс істеуші жабық берілісті тісті дөңгелектері тозуының негізгі түрлері.

2) Тістердің тозуы – ашық берілісті тісті дөңгелектерге тән сипат.

3) Тістердің сынуы.

4) Біртекті материалдың шыңдалмаған үстіңгі беттеріне тән болған тістердің қажалуы.

Тістің сынуы өте қауіпті, себебі тіс сынғанда оның сынған бөлшектері ілінісу аралығына және подшипниктерге еніп оларды тез істен шығарады.

Абразивтік тозуы ілініске қатты басқа кішкене бөлшектер түсіп, одан тістердің қажалып тозуын айтады. Бұл ластанған жерде жұмыс істейтін ашық және жабық тісті берілістердің істен шығуына себепші болады. Көбінесе кен-тау, құрылыс, ауыл шаруашылығы саласында пайдаланылатын механизмдерде кездеседі.

Жұмыс істеу кезінде қисықтық радиусының өзгеруі тозуды бірқалыпқа келтіреді. Тозған тістер үшкірленіп, динамикалық күштерді және пайдасыз дыбыстарды көбейтеді. Бұл тісті әлсіретіп, оның сынуына әкеліп соғады.

Тістесу. Тістерге көп күш түскенде, өте жоғары жылдамдықпен айналғанда, олар шынықтырылмағанда тістесу жиі кездеседі. Бірақ жоғары температурада әр түрлі материалдан жасалған және шынықтырылған дөңгелектердіңде тістесуі мүмкін.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет