Шынжырлы берілістерді жинау. Жұлдызшаларды біліктерге орнату және оларды шынжырлы берілістерде кілтек немесе оймакілтектің көмегімен бекіту тісті дөңгелектердегідей жүргізіледі. Шынжыр тістерді дұрыс айналу үшін жұлдызшалар осьтері қатаң түрде параллель, ал олардың қасбеттері бір жазықтықта жатуы тиіс. Жұлдызшалардың рұқсат етілген ығысуы 1...2 мм-ден аспауы керек. Оны реттеу тығырықтың немесе тоқтатқыштың көмегімен іске асырылады. Жұлдызшалардың соққысын қосымша аспап центрінде және призмаларда индикатор немесе рейсмустың көмегімен тексереді. Ұзын өлшемді шынжырды алу үшін олардың ұштарын ауыспалы буындармен жалғайды. Втулкалы-аунақшалы шынжырда (6.4 а-сурет) жалғастыру буыны табақшалармен бекітілген екі аунақшадан тұрады. Шынжыр ұштарын біріктіру үшін бір табақшаны шешіп алады, осьтерді соңғы буындар втулкасының тесігіне қояды, сонан соң шешілген табақшаны орнықтырады және осьтерді гайкамен немесе бұрамасұқпамен бекітеді. Мұндай буынмен жұп санды буынды шынжырларды біріктіруге болады. Тақ санды буынды шынжырларды біріктіру үшін 6.4 ә-суретте көрсетілгендей ауыспалы буын қолданылады. Осы тәртіппен табақшалы тісті шынжырларды да жинайды. Шынжырлар тартпасының құрылғысы 6.4 б және в-суреттерде көрсетілген. Шынжырлы берілістерді жинау барысында шынжырлардың шамалы бос болуын қамтамасыз ету қажет, себебі ол шынжырдың жұлдызша тістеріне дұрыс отыруына көмектеседі де, шынжырдың тозуын азайтуға септігін тигізеді.
Біліктер мен осьтер. Жалпы түсінік
Біліктер мен осьтер
Тісті дөңгелектер мен шкифтерді отырғызуға және пайдалы айналдырушы момент беруге арналған цилиндрлі, жұмыр немесе иінді бөлшекті біліктер дейміз. Машиналарда біліктердің атқаратын қызметі зор. Олардың түзу, иінді, иілгіш және эксцентрикті түрлері болады.
« Машина бөлшектері » курсында тек түзу біліктердің консирукциясы мен олардың есептеу жолы қарастырылады. Ал ось деп, айналып тұратын бөлшектерді ұстап тұруға және өзі арқылы пайдалы айналдырушы момент бермейтін жұмыр бөлшектерді айтамыз. Осьтер түзу етіп айталады.
Көптеген жағдайда күштер біліктің ұзындығына біркелкі әсер етпейді. Осыған орай біліктердің бірқалыпты берік болуы үшін, олардың диаметрлерін өз ұзындығына байланысты әр түрлі және отырғызылатын бөлшктердің ішкі диаметріне сәйкес жасайды. Біліктер мен осьтердің тірекке тірелетін бөлігін цапфа деп, ортадағы цапфаларды мойынша деп, ал тірелетін шеткі бөліктерін шип деп атайды.
1.1 Біліктердің материалдары және оларды өңдеу
Түзу біліктерді көбінесе легирленген және көміртекті болаттардан жасайды. Себебі легирленген болаттар біліктің салмағы мен габаритін азайтады және шлицті берілістердің тозуға төзімділігін күшейтеді.
Алдын ала есептеу. Біліктердің алдын ала есептеу тек қана айналу моменті арқылы жүргізіледі. Біліктер айналу моментіне жұмыс істейді деп жорамалдаймыз, бірақ ию моментін де ескеруіміз қажет, сондықтан мүмкіндік кернеу шамасын аз аламыз [τ] = 10...40 (МПа)
τ =
Біліктерді жобалап есептеу. Біліктерді жобалап есептеу айналу және иілу моменттері арқылы жүргізіледі. Біліктердің айналуына байланысты олардың қимасында ию моментінен пайда болатын қалыпты кернеу шама жағынан өзгеріп отырады, бірақ жобалап есептеуде бұл есепке алынбайды. Сонымен біліктер статиканың заңына байланысты иіледі деп есептеп, оларды материалдар кедергісі курсында қабылданған жолдармен беріктіккке есептейміз.
Біліктерді иілдіретін және бұралдыратын және осьтік күштердің әсерінен пайда болатын қосымша кернеулер мынадай тәртіппен есептеледі.
Тік және көлбеу жазықтықтарға түсетін күштердің әсерінен пайда болмайтын біліктердің тірелетін бөлігінің реакциялары анықталады.
Біліктерге әсер етуші күштердің иілдіретін моменттері есептеледі. Осьтік ҒА күшінен пайда болған момент.
МА = ҒА
Айналу моментінің шамасы: Т = Ғt . Радиус бойымен әсер ететін күш пен шеңберлік Ғt күшінен пайда болатын иілу моменттері:
M t = Ғt
M r = Ғr
Ал муфта айналдырғанда пайда болатын күш Ғм = ( 0,2...0,5) Ғt
3. Тең әсер етуші реакция күштердің және қосынды моменттердің мөлшері анықталады.
M и =
4. Біліктердің қауіпті қималарының диаметрлері суарылмаған болаттар үшін беріктіктің энергиетикалық теориясын келтірілген момент теориясын пайдалану арқылы анықталады.
Біліктерді тексеріп есептеу. Біліктердің істен шығу негізгі себебі олардың тозуы. Айналған кезде біліктердегі иілу кернеулері симетриялық циклмен, ал бұралу кернеулері пульсирлі циклмен өзгереді. Иілдіретін және айналдыратын моменттердің эпюрлері арқылы біліктердің қауіпті қималары анықталады. Бұл екі момент бірігіп әсер еткен жағдайда біліктің беріктік қоры мына формуламен анықталады:
n =
n =
1.2 Біліктерді қатаңдыққа есептеу
Біліктердің қатаңдығы көлденең иілу қатаңдығы және бұралу қатаңдығы болып бөлінеді. Біліктің иілу деформациясы оған отырғызылған бөлшектердің жұмыс істеу қабілеттілігіне әсер етеді.
Біліктердің қатаңдығы аз болған жағдайда:
А) күштер тістердің өн бойымен біркелкі әсер етпей, күш шоғырлануы пайда болады.
Б) біліктердің иілуінен подшипниктер қисайып қысылып қалу қаупі пайда болады. Сондықтан тіректердің қисаю бұрышы шектеледі.
[β]=0,001 рад – сырғанау подшипниктері үшін
[β]=0,01 рад – радиалды подшипниктер үшін
В) металл жонатын станоктарда бөлшектерді өңдеудің дәлдігі мен беттерінің сапасы төмендейді.
Станок жасауда мына мөлшерден артық болмау керек:
[y]= ( 0,0002...0,0003 ) L
L – Тіректердің ара қашықтығы. Тісті берілістердің біліктері үшін [y]<(0,01...0,2) м
Легирленген болаттарды қолданғанда біліктің беріктігі өзгермейді себебі барлық болаттар үшін Е = 2.1 · 105 МПа = const. Біліктердің майысуын азайту үшін мына шараларды қолданады.
А) шкивтердің, дөңгелектер мен муфталардың салмағын азайтып, оларды тіректерге жақын орналастырады.
Б) жедел айналатын біліктерге айналып тұратын бөлшектердің салмағын теңестіреді.
2 Подшипниктер
Подшипниктер біліктер мен осьтердің тірегі ретінде қолданылады және олардың еркін айналуын қамтамасыз етеді. Подшипниктер радиалды және осьтік күштерді қабылдап, оларды машинаның рамасына, станинасына таратады. Подшипниктер үйкеліс түріне байланысты екі түрге бөлінеді:
1. Сырғанау подшипниктері. Бұл подшипниктердің ішкі беті біліктер немесе осьтер бетімен жанасады және олардың арасында өзара сырғанау пайда болады.
2. Домалау подшипниктері. Бұл подшипниктерде білік пен тіректер арасында шариктер немесе роликтер орналастырылады. Сондықтан оларда домалау үйкелісі пайда болады.
2.1 Сырғанау подшипниктері
Қазіргі кезде сырғанау подшипниктердің машина жасау өндірісінде кеңінен пайдалануына байланысты олар тек төменде көрсетілген жағдайларда ғана қолданылады.
1)егер біліктердің салмағы ауыр болып, мұндай біліктердің подшипниктеріне өте көп күш түсетін болады.
2)егер біліктерге үлкен соққы немесе айнымалы күштер әсер ететін болса;
3)құрастыру жағдайына, алынып – салынуына байланысты.
4)біліктер бірімен – бірі жақын орналасқан жағдайларда;
5)конструкцияның қарапайымдылығына және тез алынып – салынуына байланысты.
Подшипниктер корпустан және астардан тұрады. Подшипниктердің астарларын антифрикциялық материалдардан және олардың тозуына байланысты астарлар ауыстырмалы болуы қажет. Астарлардың берік болуы үшін олар болаттан, шойыннан немесе қола мен антифрикциялық материялдардың құймасынан жасалады. Астар қалыңдығы біркелкі және мынаған тең болуы тиіс: δ=( 0,035...0,05) d+2.5 (мм) δ – подшипник астарларының құйылатын қалыңдығы; d – біліктің диаметрі; мм; - оптималдық қатынас.
Астарлардың бетін табу үшін түрлі материалдар қолданылады. өте жоғары жылдамдықпен айналатын және өте жоғары қысымда жұмыс істейтін бөлшектерде қалайы қосылған баббиттер, қорғасын қосылған қола және кейбір алюминий мен темір қосылған қола қолданылады.
жоғарыда көрсетілген материалдар басқа подшипник астарын жасауға антифрикциялық шойындар қолданылады. Антифрикциялық шойыннан жасалған астарлар мен біліктердің арасында саңылау болуы тиіс. Бұл саңылау қоладан жасалған астарлар мен біліктер арасындағы саңылаудан 30 – 50 % - тей артық болуы тиіс, себебі шойынның жылу өткізгіш қабілеттілігі қолаға қарағанда төмен.
Текстолиттен басқа, подшипник материал ретінде полиамид пластмассалары қолданылады. Бұлардың жылу өткізгіш коефиценті өте төмен. Кейбір жағдайларда сырғанау подшипниктер металды – керамикадан жасалады және олар мына жағдайларда қолданылады: 1 егер сырғанау жылдамдығы баяу немесе айнымалы болса; 2 подшипниктер шала майланатын жерлерде.
,
,
,
,
Достарыңызбен бөлісу: |