3 сессия жауаптары Механизмдер мен машиналарды жобалау


Қатты қорытпалар. Болаттарды кыздырып өндеу



бет43/54
Дата02.01.2022
өлшемі1.98 Mb.
#454287
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54
3 сессия жауаптары механизмдер мен машиналарды жобалау

Қатты қорытпалар. Болаттарды кыздырып өндеу

Қатты қорытпалар - жоғары температураға дейін қыздырғанда қаттылықтарын, беріктіліктерін, кескіш және басқа қасиеттерін жоғалтпайтын метал материалы. Кескіш, қалып және өлшеуіш құралдарды жасау үшін қолданылады.

Қатты қорытпалар металды-керамикалық және минерал-керамикалық болып бөлінеді;олар әртүрлі тілік түрінде жасалады да,аспаптың кесу жүзін қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Метал-керамикалық қатты қортпалардын қаттылығы жоғары

HRB87…92 немесе жоғары температурада төзуге бекемдігі 900…10000C-тан жоғары болады.

Метал-керамикалық катты қортпалар былайша бөлінеді:


  1. Біркарбитті (вольфрамды) қорытпалар вольфрам карбидінің түйірінен (WC) және оларды біріктіретін кобальттан (CO) тұрады

(ВК2, ВКЗМ, ВК4,ВК6, ВК6М, ВК8, ВК8М); 2)екікарбидті (титанвольфрамды) катты қорытпалар (WC) вольфрам және титан карбидтері (ТіС)және байланытырылған кобальттен тұрады(T15K10, T14K8, T15K6, T30K4, T15K12B);

3)үшкарбидті (титантанталвольфрамды) қорытпалар титан (TiC) тантал (TaC) мен вольфрам (WC) карбидтері және байланыстыра-

тын кобальттан тұрады.

Мысалы, TT7K12-4%,TiC,3%,TaC,12%,Co,қалғаны WC(81%),T15K10-15% Tic 10% Co және қалғаны WC (75%),BK2-2% Co,қалғаны (98%)WC.Вольфрамды қорытпалар түсті және жеңіл металл қорытпалардан жасалған дайындамаларды өңдеуге қолданылады.

Шынықтырылмаған көміртекті және қоспалы болаттардан жасалған дайындамаларды өңдеуге титанвольфрамды қатты қорытпалар қолданылады.

TT7K12 қатты қорытпалы болаттарды қалың жаңқалы және дүмпулі алғашқы өңдеуде,мысалы,сүргілеуде,бұрғылауда және фрезерлеуде қолданылады.

Минералды-керамикалық қатты қорытпалар деп корунтд түйірлерінің диаметрі d=2 мкм майда түйіршіктерінен тұратын поликристалды денелерді (AI2O3) айтады.

Минералды-керамика өзінше арнайы термиалық өңдеуден өткен және пластина пішінді,ақ түсті,әртүрлі профильді және мөлшерлі алюминий тотығы(AI2O3).Мысалы,ЦМ332 маркалы минералды керамиканың қаттылығы HRA89…95,жылуға бекемдігі 12000C,балқу температурасы 20000C,өңдеу жылдамдығы V=3700 м/мин(шойынды өндеуде),июдегі беріктік шегі 300…500 МПа.

Минералды-керамикалық тіліктері бар кескіштер тазалап өңдеу оператцияларында,былайша айтқанда,жоғарғы кесу жылдамдықтарында (200м/мин жоғары ) болат( беріс шамасы S=0,15…0,6мм/айн) шойынды өңдегенде (S=0,3…0,8мм/айн) қолданылады.

Металдар мен металл қорытпаларының физика химиялық қасиеттерін өзгерту үшін оларды термиялық әдіспен өңдейді. Термиялық өңдеудің кез келгені қыздыру, белгілі бір температурада ұстап тұру, суыту сияқты үш кезеңнен тұрады.

Термиялық өңдеудің барлық түрі бес топқа бөлінеді:

1. Бірінші күйдіру. 2. Екінші күйдіру. 3. Шынықтыру. 4. Жұмсарту. 5. Химия – термиялық өңдеу.

Болат халық шаруашылығының түрлі саласында конструкциялық материал ретінде, басқа материалдарға қарағанда, жиі қолданылады. Болаттың тамаша ерекшеліктерінің бірі – оның структурасының температураға байланысты өзгеруі.

Болаттың қыздырған кездегі өзгерістерін қарастырып көрелік. Құрамында 0.83% көміртегі бар эвтектоидтық болатың бастапқы структурасы перлиттен ( феррит пен екінші реттік цементиттің қоспасы ) тұрады. Осы болатты Ас ( 723º С ) температураға дейін қыздырсақ, ол перлиттен аустенитке айналады: қыздыру температурасы неғұрлым жоғарлаған сайын перлиттің аустенитке айналу жылдамдығы арта түседі. Ас температурадан жоғары температурада α-Fe темір торына ауысу және көміртегінің темір торында еру ( цементит түзілу) процестері жүреді.

Изотермиялық өзгеріс диаграммасы тұрақты температурада аустениттің перлитке айналу уақытының суыну температурасына байланысты екендігін көрсетеді. Диаграмма температура және уақыт координаталары бойынша сызылып, өзгеріс уақыты ( ыдырау ) секундтан сағатқа дейін созылатындықтан, уақыт логарифмдік шкала бойынша салынады. Аустениттің изотермиялық өзгерістерінің нәтижесінде ( өзгерістің барлық температураларында ) феррит-цементитті қоспа түзіледі. Өзгеріс температурасына байланысты бұл қоспаның дисперсиясы ( түйіршіктерінің мөлшері ) әр түрлі болғандықтан, оның механикалық қасиеттері де әр түрлі болады. Изотермиялық өзгеріс температурасы төмендеген сайын перлиттің дисперсиясы жоғарылайды.


  1. ,

  2. ,

  3. ,

  4. ,

  5. ,

  6. ,

  7. ,

  8. ,



  9. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет