Берілістер. Берілістер туралы жалпы үғымдар
Беріліс - қозғалысты (әдетте айналмалы қозғалысты) жетекші элементтен (мысалы, автомобиль қозғалтқышы) жетектелуші элементке (мысалы, автомобиль доңғалағы) жеткізуге арналған механизм. Беріліс арқылы: әр түрлі жетектерде жылдамдықтарды арттыруға (немесе азайтуға); жылдамдықтарды сатылы немесе сатысыз реттеуге; қозғалыс бағыттарын өзгертуге; бір қозғалтқышпен бірнеше механизмдерді қозғалысқа келтіруге; күш пен айналдыру моментін өзгертуге; қозғалыс түрлерін өзара түрлендіруге болады. Берілістің негізгі сипаттамалары: берілетін күштер мен бұраушы моменттер, бұрыштық жылдамдық, жетектелуші буын (қозғалыстағы) мен жетектегі буынның жылдамдықтарының қатынасы (беріліс саны), пайдалы әсер коэфициенті.
A.
Шынжырлы беріліс.
Беріліс механикалық, гидравликалық, пневматикалық және электрлік болып ажыратылады. Механикалық беріліс іліністі (тісті беріліс, шынжырлы беріліс, бұралаңды беріліс т.б.) және үйкелісті (белбеулі беріліс, фрикциялы беріліс, т.б.) пайдалануға негізделген. Олар беріліс қатынасы тұрақты немесе өзгермелі, қуаты шағын және орташа жетектерде, сондай-ақ, станоктардың, автомобильдердің, тракторлардың, беріліс қораптары мен вариаторларында қолданылады. Гидравликалық беріліс пен электрлік беріліс үлкен қуатты жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай берілістер техниканың әр түрлі саласында, әсіресе, ауыр көлік машиналарының жетектерінде қолданылады. Пневматикалық беріліс шығар жердегі буынның айналу жиілігі үлкен болған жағдайда (мысалы, ішкі бетті ажарлауыш станоктарда 30000 айн./мин-қа дейін жетеді) пайдаланылады. Техника мен өндірісте, көбінесе, электромеханикалық, гидропневматикалық сияқты аралас беріліс қолданылады.
1. Машина двигательдерінің айналу жылдамдығы өте жоғары, ал іс жүзінде машина қызметі әр түрлі жылдамдықты қозғалыспен байланысты. Егер двигательдердің айналу жылдамдығын төмендетсек, олардың габариттік мөлшері ұлғайып, бағасы қымбаттайды.
2. Берілістер арқылы жылдамдық төмендейді, ал күш моментінің шамасы жоғарылайды. Энергия сақтау заңы бойынша берілістердің пайдалы әсер коэффициентін ескермесек, жылдамдықты қанша рет кемітсек, күш моментін сонша рет жоғарылатамыз. Ал бұл жағдай іс жүзінде барлық машиналар үшін керек.
3. Берілістер айналмалы қозғалысты түзу сызықты қозғалысқа айналдыру үшін және машинаның жұмыс істейтін тетіктерінің жылдамдығын өзгерту үшін қажет. Сондай-ақ олар бір двигательден бірнеше механизмдерге қозғалыс беру үшін қолданылады. Берілістер механикалық, пневматикалық және гидравликалық болып бөлінеді.
Машина бөлшектері курсында тек қана айналмалы қозғалысты беретін механикалық берілістер қарастырылады және оларды бұдан былай жай берілістер деп атаймыз. Гидравликалық, пневматикалық және тағы басқа берілістер жайында арнаулы оқулықтарда жазылған.
Біз қарастыратын берілістер жұмыс істеу негізіне байланысты, қозғалыс пен қуат айналмалы денелердің өзара тікелей жанасуы арқылы және оларды жалғастыратын үшінші иілгіш бөлшектің көмегімен берілетін болып екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа фрикциялық, тісті және червякті берілістер, ал екіншісіне – ременді, шынжырлы берілістер жатады. Осы аты аталған берілістердің негізгі көрсеткіштермен танысып кеткен жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |