Шоқан Петербургта көптеген ірі оқымыстылармен, жазушылармен танысып пікір алысады. Өз кезінің озат пікірлі, ірі адамдарымен достық қарым-қатынас жасауы Шоқанға көп нəрселерді аңғартады. 1861 ж. ескі өкпе ауруы қайта қозғандықтан, Шоқан елiне оралады, бірақ елге келгеннен кейін де Петербургтағы пікірлес достарымен хат арқылы хабарласып отырады.