Шоқан ғылым дүниесінде өзін замандас оқымыстыларына шын ғалым ретінде танытты. Императорлық Географияның қоғам басып шығарған Ш.Уəлихановтың шығармаларына жазған бас мақаласында академик Н.И.Веселовск
Шоқан ғылым дүниесінде өзін замандас оқымыстыларына шын ғалым ретінде танытты. Императорлық Географияның қоғам басып шығарған Ш.Уəлихановтың шығармаларына жазған бас мақаласында академик Н.И.Веселовский:
«Шоқан Уəлиханов Шығытану əлемінде құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың Шығыстану ғылымының жолындағы ғалымдар оны үздік күш деп түгел мойындап, түркi халықтарының тағдыры туралы одан маңызы зор ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді, бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздердің бұл үмітімізді үзіп кетті»-деп жазады. Шоқанның тарих, этнография, география бойынша бағалы ғылыми еңбектерімен қатар, оның əдебиет мəселелерін тікелей қарастырған еңбектері де аз емес. Оның əдебиет туралы еңбектерін екі салаға бөліп қарауға болады.