3. Шоқан Уəлиханов өмірі, ғылыми-ағартушылық қызметі (1835-1865)



бет3/25
Дата03.01.2022
өлшемі345.9 Kb.
#451844
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
ӘДЕБИЕТ ТАРИХ 3 КУРС ҚЫСҚАСЫ, 3 ТАҚЫРЫП

Шоқан балалық шағында,өзінің туып өскен жері Көкшетау, Сырымбетте өзінің ата-анасының қолында тəрбиеленеді. Мұсылманша оқып хат танып, кітап оқи алатын халге жетеді. Бірақ мұның білім болып жарытпайтындығына көзі жеткен əкесі Шыңғыс Сотников деген бір оқымысты адамның кеңесі бойынша, Шоқанды 1847 ж. Омбыдағы Кадет корпусына оқуға береді.

Шоқанмен бірге оқыған оның жолдастары «Шоқан Кадет корпусына кірген кезде орыс тілін білмейтін еді, бірақ əкесі зерек еді, əсіресе, оның ерекше көзге түсетін өнері сурет салғыштығы еді» деп жазады. Алайда, ол алғашқыда орысша білмесе де, өзінің зеректімен орыс тілін тез үйреніп, өзі шамалас оқушыларынан анағұрлым озып отырады. Өткір, алғыр, ізденгіш, талапты зерек Шоқан сабақты жақсы үлгеріп, өз бетімен əр түрлі кітаптарды көп оқып, өз класында озық қатарда саналады. Ол оқушы кезінде-ақ Пушкин, Гоголь, Лермонтов т.б. орыс классиктерін жəне батыс əдебиетінен Диккенс, Теккерей т.б. үзбей оқиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет