3 Тақырып: Зорлауды тергеу әдістемесі



жүктеу 65.32 Kb.
Дата28.06.2016
өлшемі65.32 Kb.
3 Тақырып: Зорлауды тергеу әдістемесі.
1. зорлаудың криминалистикалық әдістемесі, сипаттамасы, анықтауға жататын жағдайлар.

2. Қылмыстық іс – қозғау ерекшеліктері. Тергеудің алғашқы кезеңіндегі және тергеуші қимылдарындағы кәдімгі жағдайлар.

3. Алғашқы тергеу әрекеттері, тактиканың ерекшеліктері.

4. Жедел іздестіру шараларын қолдану.


1. Зорлау дегеніміз – күш көрсету немесе ол күшті көрсетемін деп қорқыту, сондай – ақ дәрменсіз жағдайды пайдалану арқылы жәбірленуші және басқа да тұлғаларды жыныстық қатынасқа тарту. Зорлау кезіндегі қылмыстық қастандықтың тікелей затына нақты әйелдің жыныстық дербестігі жатады. Бұл жеоде жәбірленушінің дене мүшелеоіне, ар – ожданына, сондай – ақ кейде материалдық, яғни, мүлкіне зиян келтіріледі. Зорлау көбіне пәтерлерде жасалады.: зорлау орындары ретінде сонымен қатар шатыр, подвал, ал ауылдық жерлерде қора, шаруашылық қосымша құрылыстар, орман іштері жүреді. Аталмыш қылмыстық әрекет көбінесе кешқұрым немесе мейрам күндерінде іске асырылады. Зорлау кезінде материалдық іздер көп мөлшерде қаладағы – жәдірленушінің денесінде, киімінде, қылмыс жасалған жерде, сонымен қатар зорлаушының денесі мен киімінде. Егер зорлау елсіз жерде, қараңғы түскенде және қылмыскер күтпеген жерден шабуыл жасап жансыздандырған жағдайларда болса, ол қылмысты тергеп – ашу кезінде бірқатар қиындықтарға әкеп соқтырады. Қылмыскердің бұрын жәбірленуші адамммен аз да болса таныс болғагдығы тәжірибеде жиі кездеседі, бөтен адамдар тарапынан зорлау мақсатында әйелдерге шабуылдауы сирек көзге түседі. әдетте зорлаушылар бұзақылыққа бейім, мінез – құлықтарында арсыздық , шіміркпеушілік байқалатын және қоғамды сыйламайтын тұлғалар ретінде көрінеді. Жәбірленуші ретінде көбіне мінез – құлықтарындағы ұшқалақтық, бейбастық элементтері, жыныстық қатынақа бірден түседі деген ой туғызатын қыздар немесе әйелдер жүреді. өздерінің аңқаулығымен зорлаушылар құрбаны болатын тәжірибесіз жас қыздар – жәбірленушілердің басқа санатына жатады. Зорлау туралы істер бойынша анықтауға жататын жағдайлар:

1. Жыныстық қатынас дерегі орын алды ма, егер алса – қашан немесе қай жерде.

2. Жыныстық қатынас кезінде күш жұмсалып , зорлық көрсетілді ме, ол қандай нысанда іске асырылды.

3. Жәбірленуші кім, дене бітімі немесе психика жағынан ауру, сондай – ақ жасы кәмелетке толмаған емес пе.

4. Зорлауды жасаған тұлға кім, ол бұрында осындай қылмыс жасаған ба, өте қауіпті рецидивист қатарына жата ма, егер зорлау топпен жасал са - әрбір тұлғаның кінәсі мен өз арам ойын іске асыру деңгейі қандай.

5. Зорлаудан кемен зардап қандай, дәрежесі бойынша өте ауыр болып санала ма.

6. Зорлау нәтижесінде жәбірленушіге келтірімен материалдық зиян мөлшері қандай.

7. Қылмыстың жасалуына қандай жағдайлар себеп болды.

2. Ауырлататын жағдайлар болмаған кезде зорлау туралы қылмыстық істер тек жәбірленушінің арызы бойынша ғана қозғалады. Зорлау оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғау кезінде төмендегідей бірқатар мәселелерге назар аударған жөн. Біріншіден, жәбірленуші өзіне қатысты зорлау әрекеті орын алды деп қандай да бір тұлғаны қылмыстық жауапқа тарту жайлы арыз беріп, кейіннен қандай да бір себептермен өз ниеттерін өзгертуі мүмкін. Сондықтан зорлау туралы арыз алған кезде қозғалған қылмыстық іс жәбірленушінің ықыласына қарамастан кейіннен қысқартылмайтындығы жайлы шағым берушілерге ескертілуі тиіс. Екігшіден, жәбірленушілер кейде қылмыстың құрамы жоқ әрекеттерді зорлау деп санап қателеседі. Аталмыш тексеріс мақсатында – жәбірленуші берген арыөдағы зорлау оқиғасын дәлелдейтін деректерді жинау. Қылмыстық іс қозғауға негіздерді анықтаудың тағы бір қажеттілігі – зорлау туралы істер бойынша тәжірибедде біреуге жала жабу оқиғалары аз емес. Зорлау туралы істер бойынша тергеудің алдын - ала кезеңінде пайда болатын екі типтік ситуацияны ажыратуға болады:

1. Арыз беруші зорлаған адамды атап тұрғанда немесе сезіктіні айқындау қиын болмаған жағдайлар. Осындай жағдайда тән алғашқы тергеу әрекеттерінің шеңбері мен оларды іске асыру реті: жәбірленушіден жауап алу, оған қатысты куәландыру әрекетін өткізу, киімдерін қарау және алу, оқиға болған жерді қарау, жәбірленушіге қатысты сот – медициналық сараптаматағайындау; сезіктіәні ұстау, жеке басын тінту, куәландыру, киім – кешегін қарау, куәлардан дауап алу. Тергеудің алғашқы кезеңінде сезіктінің тұрғылықты жерінде де тінту әрекеті жүргізіледі.

2. қылмыс жәбірленушіге бейтаныс тұлғамен жасалып, оған іздеу салу кезінде бірқатар қиындықтар пац\йда ь\боллған жағдай. Аталмыш тергеу әрекеттерінің мақсаты – қылмыскерге іздеу салу үшін қажетті және зорлаған адам анықтала қойған жағдайда, оны әшкерлеуге көмек көрсететін мәліметтерді көбірек табу. Тергеу әрекеттерімен қатар жоғарыда аталған екінші жағдайға тән із кесуші ит көмегімен қолдану, бұрын зорлау үшін сотталған немесе осындай жағымсыз әрекеттер жасауға дайын тұратын, тұллғаларды зерттеу, іздеу барысында жәбірленуші көмегімен пайдалану, зорлау жасайды – ау деген жерлерге торуылдар құру, ішкі істер органдарындағы әйел қызметкерлер жәрдемін қылмыскерді анықтауда пайдалану, жұртшылық көмегіне сүйену тәрізді іздеу салудың белсенді әрекеттері жүргізіледі.
3. Зорлау туралы істер бойынша жәбірленушіден жауап алу кезінде оның ашыналық өміріне қатысты жағдайлар тілге тиек етілетіндіктен, криминалистикалық әдебиеттерде мұндай тергеу әрекетін әйел тергеушіге немесе жәбірленушіден жасы едәуір үлкен тәжірибелі тергеушіге жүктелу керек деген нұсқау орын алған. Жауап алу кезінде анықталатын жағдайлар: зорлау қашан жасалған; қай жерде және жәбірленуші ол жерге қалай тап болған; зорлауды кім жасады; қылмыстық жағдайлардың барлық жағдайлары жыныстық қатыфнасқа түсу әрекеті болды ма; жәбірленуші қарсылық көрсетті ме; көрсеткен жағадайда зорлаушының үстінде және киімінде қандай қарсылық көрсету іздері қалуы мүмкін; жәбірленуші зорлаған адаммен бұрын таныстығы болса, ондай таныстықтың барлық жағдайлары мұқият анықталуы керек; зорлау туралық арыз бірден берілмегенде – мұндай бөгелудің себебі сондай - ақ жәбірленушіге қандай да бір ықпал жасау әрекеттері орын алды ма; жәбірленуші бұл оқиға туралы басқа біреуге айтты ма; айтса кімге және тағы кім іске қатысты мән – жайларды хабардар ете алады; жәбірленушінің зорлауға дейін жыныстық қатынасы болды ма; егер болса ақырғы рет қашан; зорлаудан кемен зардап қандай және тағы да басқа жағдайлар. Зорлаудан кейін көп уақыт өткен, жәбірленуші куәландырып, оның киімдері қараудан өткізіледі. Куәландыру әйел тергеушімен ал басқа жағдайда дәрігермен жүргізіледі. Куәландыру барысында жәбірленуші денесіндегі жарақаттарға сәйкес келуі, қан мен басқа да бөлінділердің іздері, денеге жабысып қалған шаш, жер қыртысының бөлшектері және тағы басқа әр түрлі былғанулар анықталады және бекітіледі. Үстінде іздер орналасқан киімдер ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің тиісті бабына сәйкес (231 – бап) алынады және іс бойынша шешім қабылданғанға дейін сақталады.

Оқиға болған жерді қарау. Қарау барысында жәбірленуші мен оқиға болған жерде болуы, олардың арасындағы алпарыс іздері, сондай – ақ тікелей зорлау іздері. Қарау әрекетіне сот – медицина қызметкері мен маман – криминалист, сонымен бірге іздерді табуға көмек көрсете алатын жәбірленушінің өзі қатыстырылады. Жәбірленушіге құатысты, сот – медициналық сараптама тағайындағанда төмендегідей мәселелер шешіледі:



  • жәбірленушінің жыныс пердесі жыныс қатынасқа түспей бұзылуы мүмкін бе;

  • жәбірленуші бұрын жыныстық қатынаста болған ба, егер болса қашан;

  • қынап ішінде немесе жәбірленушінің басқа да дене мүшелерінің үстінде ұрық сұйығының іздері бар ма, егер бар болса ол қай топқа жатады;

  • жәбірленушіге қандай зақым түрлері, келтірілген, олардың сипаты және орналасуы;

  • зақымдар күш көрсету арқылы жыныстық қатынасқа түскенді сипаттайды ма;

  • жәбірленушіге шеру – пуруы жұқтырылған ба, егер жұқтырылса қандай мерзім;

  • жәбірленушіде жүктілік белгілері бар ма, бар болса оның мерзімі қандай.

Жеке басын тінту барысында кейде сезіктіден жәбірленушіні қорқыту үшін қолданылған қару, жәбірленушімен қандай да бір қарым – қатынаста болғандығын көрсететін заттарды, қылмыскердің осындай қылмыс жасауға бейім тұратындығын байқататын нәрселерді табуға болады. Сезіктіден жауап алу әрекеті, ол ұсталғаннан кейін бірден жүргізіледі. Жауап алуды сезікті мен жәбірленуші арасындағы қарым – қатынастар сипатын анықтаудан бастаған жөн, танысы – қашаннан бері, араларында жыныстық қатынас болды ма, болса қанша мерзім өтті, ақырғы кездесулері қашан болды. Жауап алудың кейінгі бағыты сезікті көрсетулеріне байланысты болады. Егер де ол зоролау фактісін мойындаса, онда оған болған істің мән – жайы бойынша толық көрсетулер беру ұсынылады. Тергеудің алғашқы кезеңінде күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында зорлау кезінде үстінде болған киім, жәбірленушімен қарым – қатынасын көрсететін хат алмасулар мен басқа да заттар, сезіктінің әдепсіз қылықтарға бейімдігі мен бұрын жасалған осындай қылмсытарын айғақтайтын деректер табылуы мүмкін.. куәлардан жауап алу. Тергеу үшін маңызды көрсетулерді оқиға болған жердің маңайын мекен ететін және жәбірленушіге көмекке кемен немесе сезіктіні ұстауда ат салысқан тұлғалар бере алады. Куәгерлерден жауап алу барысында анықталатын жағдайлар:

  • қандай себеппен куәгерлер оқиға болған жерде болды;

  • куәгерленр не көрді, жәбірленушінің мінех – құлқы қанай байқалды;

  • егер де куә сезіктіні ұстауда көмек көрсеткен болсса, онда оның сол мезеттен мінез – құлқы, ұстау кезінде қарсылық көрсетті ме, не айтты;

  • зорланған адам бой тасалап кеткен болса, қандай бағытты, оның бет - әлпеті, қалай киінген, куә оны тани алама және т.б мәселелер.

Трасологиялық сараптаманы тағайындау арқылы мынандай сұрақтар шешіледі: оқиға болған жердегі сезікті немесе жәбірленуші аяқ киіммен кескіндеген бе; денедег і тістің іздері оқиғаға қатысушылардың біреуімен келтірілген бе; әр түрлі объектілер үстіндегі саусақ іздері нақта тұлғамен қалдырылған ба. Материалдарды тану сараптамасына сезікті киімінде жәбірленуші киімінің талшықтары немесе керісінше жәбірленуші киімінде сезікті киімінің талшықтары орналасқан ба және сезіктінің киімі жәбірденушінің киімімен қатынасқа түсті ме деген сауалдар қойылады. Аталмыш мәселелерді шешу барысында сезіктінің жәбірленшімен қатынасқан жоқпын деген тұжырымын жоққа шығарғандықтан оның дәлелдемелік маңызы өте зор.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет