3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы «Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



бет2/5
Дата02.01.2022
өлшемі22.5 Kb.
#453383
1   2   3   4   5
7 сын қазақ тілі 3 тоқсан ТЖБ

Ә мәтіні


Арал теңізінде туып өссем де дәл... осы Жарма бойындағы нар қамыстай қамысты көрген емеспін. Жапониядағы Бамбук орманын көрген жоқпыз. Ал, Фенимор Купер романдарындағы кітап бетінен кісі үрейі ұшып отыратын ну қамыстар ғана осындай болар-ау деп ойлайсың. Жармадан жүзіп өткен сайын, тап бірі ертеректерде ұшырасатын хикаялы дүниенің құпия сырына кіріп бара жатқандай боласың. Қалың қамыстың әрқайсысы кісі білегіндей және көкке шаншылған қамыс басына көзің жетпейді. Осындай ну қамысты бір қайық сыйғандай каналмен қақ жарып келе жатасың. Нар қамыстың арасына қалыңдап кірген сайын саған өзің де, қайығың да, қасыңдағы кісілер де қораштанып кішірейіп баратады. Мынау ертегі дүниелердегі жалғыз көзді дәудің мекені емес екенін білесің. Адам жейтін алып жыртқыштың бір қалтарыста болмаса бір қалтарыста қалыңды тосып андып тұрмағанын білесің де, бір ғажабы, қашан Сырдарияға жеткенше ну қамыстың көз жетпей қарауытып түксиіп тұрған арасына үрейлене қарап, жазатайым болмашы бірдеңе сытырласа да шошып кетесің. Сол кезде сен көзін алдына қадап тігіп алған қайықшының мына ну қамыс арасынан жаңылыспай жол тауып, жарық дүниеге алып шығатынына да күмәнданасың. Жо-жоқ, мына Жарма бар ма, Арал табиғатының оқшау біткен бір ғажап дүниесі!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет