http://bilim-all.kz/jospar/2512-Internettin-paidasy-men-ziyany (өңделген)
2- мәтін
ГМО (гендік модификацияланған организмдер) – гендік инженерияның табысты жемісіне айналып отыр. Нақтырақ айтсақ ГМО – бір ағзаның геніне бөтен ағзаның генін енгізу арқылы пайда болады. ГМО-ның араласпаған жері жоқ. Биологиялық және медициналық зерттеулерде, фармацевтикада, ауыл шаруашылығында, тамақ өндірісінде кеңінен қолданылып келеді.
ГМО әдіс қалай жүргізіледі?
Әрбір өсімдіктің және әрбір жануардың ағзасында өзіндік белгілері болады. Және оның әрқайсысына белгілі бір ген жауап береді. Егер, қандай да бір белгіге жауап беретін генді алып тастасақ, белгі біржолата жойылады. Ал, оған жаңа бір генді енгізсек, өсімдікте немесе жануарда жаңа қасиет пайда болады. Мысалы, картопқа сарышаянның генін қосады. Нәтижесінде ешқандай құрт түспейтін картоп алады. Сондай-ақ, қызанақ өндіру үшін полярлық түйетабан (камбала) балығының генін пайдаланады. Есесіне бұл өнім суыққа төзімді келеді. ГМ-қызанақтың жаңа түрін тіпті солтүстіктің қақаған аязында да өндіруге болады. Гендік модификацияланған тәтті картоп ақуыз және тағы да басқа қоректік заттармен байытылғандықтан А дәруменінің жетіспеушілігінен емдеуге болады. Гендік инженерия көкеністер мен жемістерді былай қойып, жануарлар дүниесіне қол сала бастады. Мәселен, бұлшық етті сиырлар, сирағы денесінен үлкен тауық еттері, жасанды жолмен алынған тауық жұмыртқалары. (166сөз)
http://akikat.kazgazeta.kz/ (өңделген)
[10]
Достарыңызбен бөлісу: |