2-БӨЛІМ
6. Т. Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңіндегі
О, шіркін, менің сағынышымдай көлемі шексіз болса аудан,
Ондағы жандар көз ашпас еді ау, сағыну менен шаршаудан.
Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық беу, дүние,
Тұратын түгел сағыну менен аңсаудан, - деген өлең жолдардағы ақынның бейнесін талдап жазыңыз. (5-6 сөйлем)
7. Поэмадағы ақынның ауыр жан күйзелісін, терең тебіренісін талдап жазыңыз. (5-6 сөйлем).
Құлагер, қолда өсірген құлыным – ай!
Ішінде омыртқамның жұлыным – ай!
Жын ба екен, сайтан ба екен қаза болғыр,
Қанды қол қастықпенен ұруын – ай!
Осылай Ақан зарлап жылап жатты,
Қайтсін ол, жыламасқа, жанға батты.
Күйінді ол, күңіреніп Құлагерге,
Айырылды ол, аттан – жақсы, достан – тәтті.
Жарлының жалғызы өлсе жанын ұрар,
Дәл сондай жақсы атына Ақан жылар.
Жел жылап, көл күрсініп жатқаны не
Таудағы «Ой, бауырым»дар неге сулар?
8. «Шұғаның белгісі» повесінде жазушы қандай әлеуметтік мәселені көтерген? Ойыңызды талдап жазыңыз. (3-4 сөйлем)
_______________________________________________________________________________________
9. Өлеңдегі ақын сезімін қара сөзбен сипаттап жазыңдар.
Өмірдің өткелдерінен
қиындық көп көргеніммен,
өртеніп от басқаныммен,
өзіңмен қоштаспадым мен.
Күлкімді, жайлы күнімді,
азапты, қайғы-мұңымды
өзіммен бөліскенің үшін,
қатем мен жеңістерім үшін
менің мынау қиындау тағдырым болып
о баста көріскенің үшін
Өлең, мен сені аялап өтем!
_______________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |