3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 1-бөлім «Ғаламтор және әлеуметтік желілер. Морфология»


-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



бет2/7
Дата19.02.2024
өлшемі286.26 Kb.
#492382
1   2   3   4   5   6   7
бжб.1 7-8сын

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
1-бөлім «Ғаламтор және әлеуметтік желілер. Морфология»
2-НҰСҚА



Оқу мақсаты:

7.2.1.1 -мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау.
7.3.6.1 -мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау.

Бағалау критерийі:

Білім алушы
Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялайды.
Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізеді, редакциялайды.



Ойлау дағдыларының деңгейі:
Орындау уақыты:

қолдану деңгей
15-20 минут

1-тапсырма. Суретте берілген ақпаратты "ПОПС формуласымен" түсіндіріңіз.



2-тапсырма. Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеріңіз, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізген сөйлемдеріңізді жазып шығыңыз.
Ғаламторды дұрыс пайдаланып жүрміз бе?
Ғалымдар қазір адамдар арасында ғаламторға тәуелділік синдромы пайда болғанын айтып дабыл қағуда. Ғаламтор қолданушылардың бірқатары оны тағам мен судай өмірлік маңызы бар дүние деп есептейді. Оңтүстік Корея, Қытай және Тайваньда ғаламторға бодандық ұлттық деңгейдегі әлеуметтік мәселе ретінде қарастырады. Десе де, ғаламтордың зұлымдығы мұнымен шектелмейді. Компьютердің алдында ұзақ уақыт отырудың салдарынан көздің көру қабілеті нашарлайды. Компьютер алдында қате отырудың әсерінен тірек-қимыл жүйесіне де зиян келеді. Ал жастайынан омыртқа ауруына шалдыққан баланың ағзасы көп уақыт емделуді қажет етеді. Сонымен қатар, медицина мамандары компьютерді ұзақ уақыт пайдалану бас ауруы, жүйкенің жұқаруы, ұйқының нашарлауы, шаштың түсуі, терінің қызаруы, аллергиялық іш ауруы секілді дерттің пайда болуына әкеліп соғатынын айтады. Ақпараттық технология ғасырында ғаламторсыз өмірімізді елестету қиын. Десек те, интернетке, компьютерге тәуелділік синдромына шалдықпау үшін оны шектеп пайдалануды әдетке айналдырыңыз. Күнделік бастап әлемторға қанша уақытыңызды арнайтыныңызды жұмыс кестеңізге жазып қойыңыз. Тек қажеттілік туғанда ғана ғаламдық желіге жүгініңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет