30 мектеп-гимназиясы Жамбыл Жабаев: өмірі мен шығармашылығы Мұғалім: Садвакасова С. Н



Дата25.02.2016
өлшемі428.5 Kb.
#19089
Білім басқармасы Астана қаласы

30 мектеп-гимназиясы




Жамбыл Жабаев:
өмірі мен шығармашылығы

Мұғалім: Садвакасова С.Н.


Астана қаласы

Қазақ әдебиеті сабағының тақырыбы:

Жамбыл Жабаев: өмірі мен шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты:

  • оқушылардың ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыру, қабілеттерін, танымдық тіл шеберлігін ұштау.

Сабақтың түрі:

  • жаңа материалды меңгеру

Білімділік:

  • ақынның өмірбаяны, ерекшеліктерімен таныстыру.

  • ойларына талдау жасау

  • әңгімелеу арқылы тілдерін қалыптастыру.

Дамытушылық:

  • тілдерін жетілдіру

  • сөздік қорын көбейту

  • актерлік шеберлігін дамыту

Тәрбиелік:

  • Оқушыларды әділдікке үйрету

  • Өлең арқылы дұрыс шешім қабылдауға баулу

  • Оқушылардың патриоттық сезімін ояту

  • Елін, жерін қорғауға дағдыландыру

Көрнекілік:

  • Ж. Жабаев портреті

  • Мультимедиялық проектор

  • Кітаптар көрмесі

  • Нақыл сөздер

  • Карточкалар

  • Хронологиялық кесте


Сабақтың барысы
Мұғалім: сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар. Біз қазақ әдебиеті сабағында ұлы тұлғалармен танысамыз. Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, биыл Ұлы Отан соғысының неше жылдығын тойлаймыз? Осы соғыста халықты жігерлендіретін, қайрат беретін, патриоттық өлең сыйлаған кім деп ойлайсыңдар? Ж. Жабаев. Ендеше бүгін сабақта Жамбылдың өмірі және шығармашылығымен танысамыз.
Тақтаға қараңдаршы: Мен бір биік бәйтерек

Жамбыл Жабаев портреті Көкке бойым бойлаған

Бәйтерекпін дегенім

Жасым жүзді қармаған
Бүгінгі сабақта біз осыған көз жеткізіп көрейік.

I. Мұғалім: өмірбаянға тоқталу. Ж. Жабаев 1846 жылы 28 ақпанда Жамбыл тауының етегінде (Алматыдан 300 км) дүниеге келген. Сондықтан әкесі Жапа Жамбыл деп ат қойған, ақын, айтыс ақыны. Әкесі Жапа кедей болған, байлардың жылқысын баққан, бірақ әділ шешім айтатын кісі болған. Анасы Ұлдан байсалды, әдемі дауысты әнші болған. Жамбылдың ұлы – Алғадай. Домбыра тартуды 12 жасында әкесінің інісінен үйренеді. Жамбыл 10-11 жасында «Шағым» деген алғаш өлеңдер жинағын шығарды. Жамбыл өлеңдері: «Өмір жыры», «Тарас», «Отанды сүю», «Ленинградтық өренім», «Әкеме». Поэмалары: «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр». Халық үшін, адам бақыты үшін жанын берген батырлар туралы айтылады. Жамбыл мен Айкүміс айтысы. Жамбыл мен Құлмамбет айтысы. Фильмдері: «Жамбыл» 1955 ж. «Жамбылдың балалық шағы» Ұстазы: Сүйінбай Аронұлы.1943 жылы майданда Жамбылдың ұлы Алғадай қаза тапты. 1945 жылы 9 мамырда ең соңғы өлеңінде біздің халқымыздың неміс фашистерін жеңгендігі туралы айтылады. 1945 жылы 22 маусымда Жамбыл дүние салды.



Сырттай саяхат (заочная экскурсия)
II. Балалар, сендер үйден дайындап келген презентациядан маған екі

жұмыс ұнады, соны көрейік.

Ал қазір біз сендермен сырттай саяхат жасаймыз. (музыка ойнайды).
Аня:

а) мұнда Жамбыл Жабаевтың портреті бейнеленген.

б) Ж. Жабаев атындағы театр.

в) Ж. Жабаев атындағы мұражай.

г) Ж. Жабаев достарымен бірге.

д) Ж. Жабаевтың соңғы күндеріндегі тұрған үйі


Настя:

а) бұл Астана қаласындағы Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия

б) Ж. Жабаевтың 150-жылдығына арнап шығарылған монета

в) мынау Астана қаласындағы Ж. Жабаев ескерткіші. Ескерткішті Алматы облысы сыйлаған.


Қане, осы презентация бойынша сұрақтарың бар ма?

1. Ескерткіш қай жылы салынды?

2. Астана қаласында Ж. Жабаев көшесі бар ма?

3. Ж Жабаев неше жыл өмір сүрді?

4. Жамбылдың үйі қай қалада?
III. Енді дәптерлеріңді ашып, түсінгендеріңді қысқаша жазыңдар.

Музыка ойнайды



Карточкамен жұмыс
79-бет оқулық.

1. Жамбыл қай жерде дүниеге келді?

2. Жамбылға бата берген кім?

3. Ақынның ерлікті жырлайтын өлеңдері қандай?

4. Жамбыл қай жылы қайтыс болды?
42-бет хрестоматия.
1. Жамбыл неше жасында домбыра тартты?

2. Жамбылдың әкесі кім?

3. Жамбыл неше жыл өмір сүрді?

4. Жамбылдың анасының аты кім?





Тапсырмалар

дұрыс

бұрыс

Астанада Ж. Жабаевтың үйі бар







Жамбылдың әкесінің аты – Сүйінбай







Астанада Ж. Жабаев атындағы көше жоқ







Алматыда Ж. Жабаев атындағы мұражай бар







«Жамбылдың балалық шағы» фильмі түсірілді







Жамбыл XV ғасырда өмір сүрген







Жамбыл соңғы өлеңін 1945 жылы жазды








Театрландырылған көрініс
Қазір сіздерге Жамбылдың балалық кезінен көрініс ұсынамыз
Тургут:_Неге__Саттыбай'>Тургут: Балам, сен барып молдадан білім ал.

Саттыбай: Жоқ, әке, бара алмаймын.

Тургут: Неге?

Саттыбай: Не оқытарын білмейтін молдадан құтқарыңыз. Мені қинамаңыз.
Батаңды маған бер, әке,

Тіліме менің ер, әке.

Жапаның ұлы ақын боп,

Жақсы істепті дер, әке.

Домбыра алып сөйлеймін

Күнде жасап мереке.

Мерекелі болған соң

Елде болар береке.


Тургут: Жоқ, онымен келісе алмаймын.
Балалар, Жамбылға батаны кім берген?

Мен толықтыра кетейін: Жамбылға батаны Сүйінбай Аронұлы берген. Ол Жамбылдың ұстазы болған.



Бала Жамбылға бата

О, Жамбыл, бата дедің, - бердім саған,

Бақытты, өмірлі боп, жүргін аман.

Батасын ат орнына берді ғой деп,

Қоймағын былай шығып кінә маған.
Соңынан Сүйінбайдың орнын басып,

Тіліңнен балың тамсын сорғалаған.

Жапаға риза болсын айта барғын,

Осымен өкпелемей жүрсін маған.


Сараптама: Жамбылдың портретін құрастыру
Балалар, осы көріністен кейін Жамбылды қалай суреттейсіңдер, қандай мінездеме бересіңдер?


  • Алғыр – хваткий

  • Тілге шебер – оратор

  • Тапқыр – находчивый

  • Өжет-өткір – смелый

  • Әділ – справедливый

  • Ақын - поэт

  • Айтыскер - импровизатор

  • Зерделі – разумный, сознательный.

Сөздерді сөздік дәптерлеріңе жазындар


Бейнесұрақ

Қазір балалар, сіздерге бейнесұрақ ұсынамыз. Біздің мектептің мұғалімдері сіздерге сұрақ қояды.
1. Жамбыл қай ғасырда өмір сүрген?

2. Жамбыл тауы қай жерде орналасқан?

3. Жамбыл ең соңғы өлеңін қай жылы жазды?

4. Жамбыл туралы қандай фильмдер түсірілді?


Мұғалім: енді бәріміз тақтаға қарайық. Мына өлең сөздерімен келісеміз бе? Расында Жамбылды бәйтерекпен теңеуге бола ма?

Тренинг: көздеріңді жұмып, ойларыңды түйіңдер.

Мұғалім: олай болса сабақтың қалай өткені туралы осы бәйтерекке (тополь) қолдарыңдағы жапырақты бекітулеріңді сұраймын.

Жасыл жапырақ сабақ ұнады, бәрі түсінікті.

Сары жапырақ – сабақты түсінбедім деген ойды білдіреді.
Үй тапсырмасы:күнделіктеріңе жазыңдар. «Ленинградтық өренім» өлеңін орыс тілінде оқып, ойларыңды түйіп келіңдер, сыныпта қазақша нұсқасын талдаймыз, оқулық бойынша жаңа сөздерді жаттау.

Бағалау

Сабақ аяқталды, сау болыңдар!








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет