300. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты


-тарау. Қаржылық есептілік аудиті процесінің негізгі құрылымдық элементтері



бет14/33
Дата08.03.2023
өлшемі110.22 Kb.
#470514
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33
! $ 07

5-тарау. Қаржылық есептілік аудиті процесінің негізгі құрылымдық элементтері

1-параграф. Қаржылық есептілік аудитін жоспарлау

33. Аудит нысанын және аудит бағдарламасын қоса алғанда, аудиторлық іс-шараларды жоспарлаудың жалпы тәртібі Есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 17-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларымен (бұдан әрі - Қағидалар) айқындалған. Осы стандартта қаржылық есептілік аудитіне тән айрықша ерекшеліктер көрсетілген.


34. Қаржылық есептілік аудитіне қатысты аудитті жоспарлау аудиторлық рәсімдердің күтілетін сипатына, жүргізу мерзіміне және көлеміне егжей-тегжейлі тәсілді қолдануды көздейтін аудит жүргізудің тәптіштелген бағдарламасын әзірлеуді білдіреді. Тиісті жоспарлау деңгейі аудиттің маңызды салаларына қажетті назар аударуға, әлеуетті проблемаларды уақтылы анықтау мен шешуге, сондай-ақ жұмысты оңтайлы шығындармен сапалы және уақтылы орындауға ықпал етеді. Жоспарлау жұмысты аудит тобы мүшелері мен аудиторлық тексеруге қатысатын сарапшылар арасында тиімді бөлуге, сондай-ақ мұндай жұмысты үйлестіру мен бақылауға мүмкіндік береді.
35. Аудит жүргізудің тәптіштелген бағдарламасы мынадай компоненттерді:
- аудиттің заңнамалық базасының тізбесін;
- қызметтің, бағдарламаның немесе аудит объектісі болып табылатын мекеменің қысқаша сипаттамасын;
- аудит жүргізудің негіздемесін;
- қарастырылатын мәселелердің маңыздылығын айқындайтын факторларды қоса алғанда, аудитке әсер ететін факторларды;
- аудиттің мақсаты мен ауқымын;
- аудит тәсілін;
- жинақталуы тиіс аудит деректерінің және аудиторлық дәлелдемелер жинау мен талдауға қажетті рәсімдердің сипаттамасын;
- қажетті ресурстарды;
- аудит жүргізу кестесін;
- аудиторлық есептің нысанын, мазмұны мен пайдаланушыларын қамтиды.
36. Аудит тобының басшысы аудиттің тәптіштелген бағдарламасын әзірлейді және аудиторлық тапсырманың басшысымен келіседі, бұл мынадай мәселелердің сипаттамасын қамтиды:
а) рәсімдік стандарттың 5.6-бөліміне сәйкес жүргізілетін тәуекелдерді бағалау бойынша жоспарланатын рәсімдердің сипаты, мерзімі мен көлемі;
б) рәсімдік стандарттың 5.11-бөліміне сәйкес жүргізілетін аудиторлық рәсімдердің пікірлер деңгейіндегі сипаты, мерзімі мен көлемі;
в) аудит жүргізу барысында рәсімдік стандарттың талаптарын сақтауға қажетті жоспарланған басқа да аудиторлық рәсімдер.
37. Бастапқы аудит кезінде аудит тобының басшысы алдыңғы мемлекеттік аудитордың аудиторлық құжаттамасымен танысуы керек, сондай-ақ аудиторлық тапсырманың басшысымен жоспарлау бойынша жұмыс көлемін ұлғайтып, аудит жоспары мен бағдарламасын әзірлеу кезінде қосымша мәселелер қарастыруы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет