3(2) тақырып Инновациялық менеджменттің ұйымдастыру-басқарушылық деңгейлері


Инновацияларды бағалаудағы абсолютті тиімділік белгілері (критерийлері)



бет4/4
Дата06.10.2022
өлшемі29.28 Kb.
#462109
1   2   3   4
23. Инновацияларды бағалаудағы абсолютті тиімділік белгілері (критерийлері).
Инновацияның тиімділігін бағалау проблемасы бойынша жұмыстардың саны аз. Көбінде жұмыстардың біразы, инвестиция және инновациялардың ықтимал жобаларының тиімділігін бағалау жайлы. Отандық ғылым жүйесінде дәстүрге сай өндіріс тиімділігінің теориясы кеңінен қолданылады. Осы теоряға сәйкес тиімділік жұмсалған ресурстар жүйесінің нәтижесіне сүйенеді. Ал жұмыс бойынша абсолютті немесе жалпы инновациялардың экономикалық тиімділігі (Еа) өндірілетін өнімнің көлемімен, жиынтық шығындарын қоғамдық еңбекте іске асыру нұсқасымен ҒТП және де тиімді нәтиже көрсеткіштерімен қатынаста болады:
Еа ˭ Q ̸ C
мұндағы: Q - өнімнің саны, C - өндірілген өнімнің бағасы.
Яғни, шын мәнісінде тиімді нәтижелердің көрсеткіштері өндірілетін өнімнің көлеміне (тіпті, ол іске аспаған болса да, осыған орай сұранысқа ие болмайды) қарай жинақталады.
Қоғамдық еңбектің жиынтық шығындары тиімді нәтижеге қол жеткізуді көздейді. Ол құннан және еңбек шығындарынан құралады.
Абсолютті экономикалық тиімділігінің көрсеткіштерін анықтау барысы жаңадан құрылған қосымша шығындар негізінде немесе ресурстар негізінде.
Халық шаруашылығы деңгейінде - бұл қатынаста ұлттық табыстың жылдық өсімі (жалпы шаруашылық деңгей бойынша) немесе таза өнімнің өсімі (салалық деңгейде) және шығындармен немесе ресурстар негізінде пайда болатын өсім.
Ал кәсіпорын деңгейінде-бұл қатынаста пайданың өсімі бір жыл ішінде қосымша шығындар негізінде пайда болатын өсім, не жылдық таза өнімнің жылдық өсімінің тиісті шығындарға (көбінесе, біржолғы күрделі салымдар және т.б.) қатынасы бойынша сипатталды.
Шын мәнісінде, осы көрсеткіштер арқылы жаңа өзгерістердің тиімділігін тұрғысынан, ресурстарды үнемділік тәсілдерімен түрлендіру бойынша өндірістің нәтижесін сипаттауға болады.
Осыған орай, жаңа енгізілген тиімділікпен, алдағы уақытта күтілетін тиімділік мөлшерлерінің іске асыуы мынадай:
a) өнім негізінде (тауарлардың ассортимент түрлерін жетілдіру және өнім сапасын жақсарту)
b) технологиялық негізінде (еңбек өндірісін ұлғайту және жұмыс жасауға жағдайлардың жасалуы)
c) функционалдық негізінде (тиімді басқару жұмыстарын атқару)
d) әлеуметтік негізінде (өмір сүру сапасын арттыру)
Бүгінгі таңда, инновацияны бағалауда экономикалық тиімділік әдістері экономикалық жүйенің көрсеткіштері негізінде жасалған, оны төмендегі кестеден байқай аламыз.

Экономикалық тиімділікті бағалау көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Статистикалық

Динамикалық



Абсолютті

Жиынтық пайда, орташа жылдық пайда

Таза дисконтталған пайда



Салыстыр
малы

Инвестициялар рентабельділігі

Пайда индексі, ішкі рентабельділік



Уақытша

Өтімділік кезеңіне салынған инвестициялар

Тәжірбие жүзінде мына экономикалық көрсеткіштерге тоқталайық:
*жиынтық немесе орташа жылдық пайда жүзеге асқан жобалардың нәтижесінде алынуы;
* инвестициялар рентабельділігі (пайданың қарапайым нормасы);
* өтімділік кезеңіне салынған инвестициялар (қайтарылу мерзімі)
Инновациялар тиімділігін көрсеткіштерін классификациялау мына белгілері бойынша жүзеге асуда:
1.Жалпы көрсеткіштердің негізінде инновациялардың экономикалық тиімділігінің критерийлері бойынша:
*Абсолютті, яғни, жобаны іске асыруға байланысты жалпылама көрсеткіштер арасындағы айырма ретінде тұратын бағаларымен, нәтижелерімен және шығындарымен байланысты
*Салыстырмалы, мұнда жалпылама көрсеткіштері арқылы жобаның жалпы құнын, нәтижелерін шығындармен салыстыру негізінде анықталады.
* Уақытша, өтімділік кезеңіне салынған инвестициялардың шығынын анықтау
2. ақша шығындары мен пайдасын төмендегі белгілері бойынша салыстыру:
*Статистикалық, ондағы әртүрлі уақытта пайда болған ақша ағындары, басқаларымен тең болып келеді.
*Динамикалық, жобаның жүзеге асуынан пайда болған ақша ағындарын эквиваленттеу бойынша дисконттауы, әртүрлі уақыттағы ақша ағындарымен салыстыруды қамтамасыз ету
Инновацияларды бағалау критерийлері:
*Ғылыми-техникалық критерий ескереді:
Өндірістік критерийлері бойынша: өндіріс материалды-техникамен, еңбек ресурстарымен және қажетті жабдықтарымен қаматамасыз етілуі; технология саласында жаңашылдыққа бет бұруы; өндіріс саласын квалификациясы бар мамандармен жұмылдыру; экологиялық талаптардың орындалуын қарастыру.
*Нарықтық критерийлері мыналарды қарастырады: нарықтағы сұранысқа ие қажеттіліктер мен қамтамсыз етуде жобалардың өзектілігі; жобаның коммерциялық
жетістігі, нарыққа енетін жаңа тауар бойынша жарнаманың денгейі; бағасы және сапасы жөнінде тауарлардың бәсекеге сай болуы, ескіліктен қорғау.
*Экономикалық критерийлер мыналардан тұрады: жылдық табысқа ие болу мақсатында жобалардың жүзеге асуы үшін қажетті көлемде оларды қаржыландыру және жобаларды сатып алу мерзімін ескеруі; жобаның жалпы құнына меншікті қаражаттар үлесін анықтау.
*Әлеуметтік және экологиялық критерийлер бойынша:халық жұмыспен қамтылған деңгейіне байланысты жобалардың әсері; жобалардың жүзеге асуы негізінде өндірістегі қалдықтарының төгілуі кезінде қоршаған ортаға әсерін ескеру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет