YESSENOV SCIENCE JOURNAL №2 (43)-2022 /// YESSENOV SCIENCE JOURNAL 2022, Vol.43 (2)
39
Демек, тербелмелі қозғалысқа периодтылық тән.
Қозғалыстың периодтылығы
белгілі бір уақыт өткен соң дене орнының, яғни оның координатасының дәл немесе
шамамен дәл қайталанып отыратынын білдіреді.
Сонымен, механикада тербелістер деп дененің бірдей уақыт аралығындағы дәлме-
дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады [7].
Дене қозғалысының сипаты бастапқы шарттар мен әрекеттер етуші күшке тәуелді
болады [8]. Тербелмелі қозғалыс жасауы үшін денеге әрекет етуші күштер
қандай
шарттарды қанағаттандыруы керек екенін қарастырайық. Тұрғы қысқышына болат
серіппенің бір ұшын бекітіп, оның екінші ұшына жүк ілеміз. Жүкке
әрекет ететін Fa
ауырлық күші мен Fc серпімділік күші модульдері жағынан тең, ал бағыттары жағынан
қарама-қарсы болған жағдайда, жүк тыныштық күйде болады:
F = Fa + Fc = 0
Дененің оған әрекет етуші күштер векторларының қосындысы нолге тең болған
кездегі күйін тепе-теңдік күй деп атайды [9].
Cурет 4 -
Серіппе
Жүкті тепе-теңдік күйден шығарып төмен ығыстырғанда, серіппе деформациясының
ұлғаюы салдарынан Fс серпімділік күші артады, ал Fa ауырлық күші өзгеріссіз қалады.
Бұл күштерге тең әрекетті F күші тепе-теңдік күйге қарай жоғары бағытталған (5-суретке
сәйкес)
Егер жүкті тепе-теңдік күйден жоғары көтеріп сонан соң жібере салса, онда ол төмен
қарай бағытталған F тең әрекетті күшінің әрекетінен тепе-теңдік күйге дейін үдей
қозғалады. Тепе-теңдік күйден өткеннен кейін F тең әрекетті күш жоғары бағытталады да
жүкті тежейді, а үдеу векторы бағытын қарама-қарсы жаққа өзгертеді. Ең төменгі нүктеде
жүк тоқтайды да, жоғары қарай үдеумен қозғалып тепе-теңдік күйіне жетеді. Содан соң
одан өтіп, үдеумен төмен қарай қозғала бастайды. Осылайша процесс периодты түрде
қайталанады. Мұндағы тең әрекетті күш жүкті траекторияның кез келген нүктесінде тепе-
теңдік күйге бағыттап отырады. Сөйтіп, серіппеге ілінген жүкті бастапқы тепе-теңдік
күйіне қайтарушы F күші сығылған немесе созылған серіппенің серпімділік күші болып
табылады. Ол дененің тепе-теңдік күйден ауытқу шамасына тәуелді болады [10].
Достарыңызбен бөлісу: