37 орта мектеп бағдарлама «Математикалық логика»



жүктеу 112.79 Kb.
Дата17.06.2016
өлшемі112.79 Kb.
37 орта мектеп

БАҒДАРЛАМА

«Математикалық логика»

10-сынып


Құрастырған: Ұ.Жантолина –

математика пәнінің мұғалімі

Ақтөбе-2006
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР




Мазмұны

Сағат саны




І. Логика

5



Кіріспе. Математикалық логиканың пайда болуы.

1



Логика тарихынан қысқаша мәлімет.

1



Ойлау – шындықтың санада бейнеленуі. Ойлау мен тілдің бірлігі.

1



Логикалық форма және логикалық заң туралы ұғым. Ойдың ақиқаттығы мен дұрыстығының бірлігі.

1



Логиканың теориялық және практикалық маңызы.

1




ІІ. Логикалық ойлаудың негізгі заңдары.

3



Логикалық заң туралы түсінік. Тепе-теңдік заңы.

1



Қайшылық заңы. Үшіншісі жоқ заң.

1



Жеткілікті негіз заңы.

1




ІІІ. Ұғым.

3



Ұғымның мәні. Ұғым құрудың логикалық тәсілдері. (Салыстыру, анализ және синтез, абстракциялау және жалпылау).

1



Ұғымды анықтау және оның мәні.

1



Ұғымды бөлу, классификациялау.

1




ІV. Пікір.

8



Пікірдің логикалық мәні. Пікір және сөйлем.

1



Пікірдің түрлері.

1



Пікірдің сан және сапа жағынан біріктіріп бөлгендегі түрлері. Пікірлерді модальдығына қарай бөлу.

1



Пікірдегі бастауыш пен баяндауыш түсініктерінің таратылуы.

1



Пікірлердің арасындағы логикалық қатынастар.

1



Күрделі пікірлер.

1



Пікір және оның ақиқаттық мәндері.

1



Сынақ (Зачет).

1




V. Пікірлерді түрлендіру.

3



Пікірлердің логикалық мәнін айқындау. Айналдыру. Ауыстыру.

1



Ой қорытынды.

1



Индукциялық ойқорытындысы. Индукцияның мәні, түрлері. Дедукция мен индукцияның бірлігі.

1




VI. Дәлелдеу және терістеу.

2



Логикалық дәлелдеудің мәні.

1



Дәлелдеудің логикалық құрылысы, түрлері. Терістеу.

1




VII. Пікірлердің қалыпты түрде есептелуі.

6



Дәлелдеулердің құрылымы.

1



Дедукциялар теоремасының қолданылуы.

2



Қорытынды ережелердің туындысы.

1



Аксиомалар жүйесінің тәуелсіздігі.

2




VIII. Логикалық жаттығулар.

4

29.

Тақырыптық қайталау.

2

30.

Сынақ (Зачет).

1

31.

Бақылау-тест.

1




Барлығы:

34

10-сынып

(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

1. Логика (5 сағат).

Кіріспе. Математикалық логиканың пайда болуы. Логика тарихынан қысқаша мәлімет. Ойлау – шындықтың санада бейнеленуі. Ойлау мен тілдің бірлігі. Логикалық форма және логикалық заң туралы ұғым. Ойдың ақиқаттығы мен дұрыстығының бірлігі. Логиканың теориялық және практикалық маңызы.



Білім және білікке қойылатын талаптар: оқушылар математикалық логика туралы қысқаша мәліметтер алуы тиіс. Оқушыларда логикалық форма және логикалық заң туралы ұғым қалыптасуы қажет және логиканың теориялық, практикалық маңызын білуі тиіс.

2. Логикалық ойлаудың негізгі заңдары (3 сағат).

Логикалық заң туралы түсінік. Тепе-теңдік заңы. Қайшылық заңы. Үшіншісі жоқ заң. Жеткілікті негіз заңы.



Білім және білікке қойылатын талаптар: логикалық заң туралы түсінік беру, тепе-теңдік, қайшылық, үшіншісі жоқ заң және жеткілікті негіз заңдарымен таныстыру.

3. Ұғым (3 сағат).

Ұғымның мәні. Ұғым құрудың логикалық тәсілдері. (Салыстыру, анализ және синтез, абстракциялау және жалпылау). Ұғымды анықтау және оның мәні. Ұғымды бөлу, классификациялау.



Білім және білікке қойылатын талаптар: ұғым туралы түсінік беру, ұғым құрудың логикалық тәсілдерімен таныстыру, ұғымдарды бөлу, классификациялай білу.

4. Пікір (8 сағат).

Пікірдің логикалық мәні. Пікір және сөйлем. Пікірдің түрлері. Пікірдің сан және сапа жағынан біріктіріп бөлгендегі түрлері. Пікірлерді модальдығына қарай бөлу. Пікірдегі бастауыш пен баяндауыш түсініктерінің таратылуы. Пікірлердің арасындағы логикалық қатынастар. Күрделі пікірлер. Пікір және оның ақиқаттық мәндері. Сынақ (Зачет).



Білім және білікке қойылатын талаптар: Пікірдің түрлерін ажырата білуде пікірлердің арасындағы логикалық қатынастар туралы білу. Пікір және оның ақиқат мәндерін анықтай білуі тиіс.

5. Пікірлерді түрлендіру (3 сағат).

Пікірлердің логикалық мәнін айқындау. Айналдыру. Ауыстыру. Ой қорытынды. Индукциялық ойқорытындысы. Индукцияның мәні, түрлері. Дедукция мен индукцияның бірлігі.



Білім және білікке қойылатын талаптар: Пікірлердің логикалық мәндерін айқындай отырып, ойқорытындыларын жасай білу. Индукция және дедукция туралы түсінік қалыптастыру.

6. Дәлелдеу және терістеу (2 сағат).

Логикалық дәлелдеудің мәні. Дәлелдеудің логикалық құрылысы, түрлері. Терістеу.



Білім және білікке қойылатын талаптар: логикалық дәлелдеудің мәнін түсіне білу, дәлелдеудің логикалық құрылысымен таныса отырып, түрге ажырату.

7. Пікірлердің қалыпты түрде есептелуі (6 сағат).

Дәлелдеулердің құрылымы. Дедукциялар теоремасының қолданылуы. Қорытынды ережелердің туындысы. Аксиомалар жүйесінің тәуелсіздігі.



Білім және білікке қойылатын талаптар: оқушылар дәлелдеулердің құрылымы, дедукциялар теоремасының қолданылуы, қорытынды ережелерінің туындысы, аксиомалар жүйесінің тәуелсіздігі туралы түсінік алуы тиіс.

8. Логикалық жаттығулар (4 сағат).

Тақырыптық қайталау. Бақылау-тест. Сынақ (Зачет).



Білім және білікке қойылатын талаптар: өтілген материалдар бойынша алған білімдерін жинақтау, қорытындылау және бағалау.

П І К І Р

Бүгінгі таңда білім беру жүйесін жаңалауды іске асырудың қажеттігі күн санап арта түсуде. Бұл мақсатты іске асырудағы өзекті мәселелердің бірі – оқушылардың ой-өрісін дамыту мәселесі болып табылады. Оқушылардың ойлау қабілетін тереңдету, пәнге қызығушылығын арттыру бағытында математиканы жаңа технологиялар негізінде оқытумен қатар, пәндер бағдарламасында жоқ мәліметтерді пайдаланудың, логикалық есептеп құру және оларды шешудің жолдарын үйретудің де пайдасы бар.

Логикалық есептер сан жағынан бай бола отырып, ойлау және ақыл жүгіртуді көп талап етеді. Түрлі типтегі есептер оқушыларды жалықтырмайды. Викториналық есептер сияқты, таласып шығаруға ұмтылады. Сонымен бірге, оқушылар өздері де есептер құрастыруға қызығады.

Осы мақсаттарды ескере отырып құрастырылған Жантолина Ұлмекеннің 10 сыныпқа арналған «Математикалық логика» курсы бойынша бағдарламасы төмендегідей тараулардан тұрады:

І. Логика

ІІ. Логикалық ойлаудың негізгі заңдары

ІІІ. Ұғым

ІV. Пікір

V. Пікірлерді түрлендіру

VІ. Дәлелдеу және терістеу

VІІ. Пікірлердің есептелуі

VІІІ. Логикалық жаттығулар

Бағдарлама орынды құрастырылған, өзіне тән ерекшеліктері бар.

Алдағы уақытта орта мектептің 10 класс оқушылары мен математика пәнінің мұғалімдері үшін осы бағдарлама қажетті деп ойлаймын.



Пікір жазған: Л.С.Серғалиева - № 37 орта мектебінің

математика пәнінің мұғалімі
Курстың мақсаты: Қазіргі кезде қоғам талабына жауап беретін жеке тұлғаны қалыптастыру, өсіп келе жатқан ұрпақта белсенді өмірлік ұстаным тәрбиелеу қажеттігіне байланысты дидактиканың басты мәселесі – оқыту үрдісінде мүғалім мен оқушының өзара әрекеттесуі болып табылады. Оқушыға танымдық әрекет субьектісінің ұстанымын қамтамасыз ету міндеті, мұғалімнің басшылығымен оқушы белсенді әрекеттен өзін-өзі басқару негізіндегі әрекетке көшу мен жағдайлар жасау міндеті тұрады.

Бұл міндеттің шешімі оқыту үрдісін жалпы қайта құру есебінен табылады, былайша айтқанда, оқушылардың таным кезеңінің барлығында дербестік әрекетін ұйымдастыру арқылы табылады.

Математиканы оқытуда алға қойған негізгі бағыттардың бірі-оқушылардың таным белсенділігін арттыру. Оқушылардың ой-өрісінің, белсенділігінің, ізденімпаздығының арта түсуі, олардың өздігінен ізденуін, ойлануын, өз бетімен қорытындылар жасай білу қасиеттерін дамытады. Оқушылардың оқудағы танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігін қалыптастыру проблемаларын іс жүзінде шешудің әр түрлі жолдары бар:


  • оқып үйренуге және оқып игеруге деген оқушы қызығушылығын тудыру;

  • білімді дайын күйінде бермей, оқушының өзі білімді қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындау арқылы жетуін ұйымдастыру;

  • жаңа білімнің мазмұнын жоспарлағанда оқушыға берілетін тапсырма оқушы қабілетін ұштайтындай, ойын, қиялын дамытатындай етіп әзірлеу;

  • оқушылардың білім алу нәтижелерін жүйелі талдап, бағалап отыру;

Курсты оқытудың мақсаты міндетті нәтижелерге жету ғана емес, оқушылардың математикаға деген қызығушылықтарын, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, әр оқушының мүмкіндігі мен қабілетін жетілдіру үшін жағдайлар жасау.

Курстың міндеті: Қазіргі кезде баланың білім алу арқылы тұлға ретінде дамуын бірінші қатарға қойып, ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үрдісін ұйымдастырудың түрлі амалдары анықталып, жүзеге асырылуда. Бұл орайдағы мектептің мақсаты – баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдайлар жасау. Оқушы тұлғасының дамуына ықпал жасауды дәстүрлі мектеп базасында іске асыруда әрбір мұғалім танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыра білуі керек.

  • оқушының ойын дамыту;

  • кеңес бере отырып, бағыттап оқыту;

  • ізденушілік, зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру.

Оқушылардың дайындықтарының деңгейін бақылау, өз бетінше шешім қабылдауға ұмтылдыратын деңгейде өтілген материалдарды тексеруге, алған білімнің мәнін түсіндіруге, оның функционалдығына, практикадағы қолданылымына бағытталуы тиіс.

Т Ү С І Н І К Х А Т

Орта мектептің 10 класына математика пәні бойынша арналып құрастырылған бағдарлама төмендегідей бөлімдерден тұрады:



  1. Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы.

  2. Оқу материалын тақырыптық жоспарлау.

  3. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

«Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымыі» бөлімінде 10 класта оқытылатын курс материалдарының тізімі мен көлемі ұсынылады.

Оқыту мазмұны курстың мазмұндық желісіне сәйкес бөлінген.

Оқушыларға логика; математикалық логика және оның пайда болуы; логикалық ойлаудың негізгі заңдары; ұғым; пікір; пікірлерді түрлендіру; дәлелдеу және терістеу; пікірлердің қалыпты түрде есептелуі жөнінде түсініктер беріледі.

«Оқу материалын тақырыптық жоспарлау» бөлімі бөлінген курс материалдарының тізбегінен тұрады және оларды оқытуға жұмсалатын сағат сандары көрсетілген.



«Оқушылардың дайындықтарының деңгейіне қойылатын талаптар» бөлімінде оқушылардың курс материалдарын оқып – үйренуді ары қарай жалғастыруларына, олардың сыбайлас пәндерді оқып – үйренуге және практикалық есептерді шығарып үйренулеріне қажетті біліктері мен дағдыларына бағдарланған дайындықтың міндетті деңгейі сипатталады.
Қосымша оқытылатын материалдар:


  1. Гжегорчик А. Популярная логика: Пер. С польск. – М., 1972.-112 с.

  2. Депман И.Я. Первое знакомство с математической логикой. – Л., 1965.-56 с

  3. Кольман З., Зих О. Занимательная логика: Пер.с чешск.-М., 1966.-127 с.

  4. Кутасов А.Д. Элементы математической логики. – М., 1977.-63с

  5. Градштейн И.С. Прямая и обратная теоремы. – М., 1965.-128с.

  6. Яглом И.М Необыкновенная алгебра. – М., 1968. – 72с.

  7. Бизам Д., Герцег Я. Игра и логика (85 логических задач): Пер. с венг.- М., 1975.- 358с.

  8. Бизам Д., Герцег Я. Многоцветная логика (175 логических задач): Пер. с венг. – М., 1978.-435 с.

  9. Новиков П.С. Элементы математической логики. – М., 1973.-400с

  10. Калужнин Л.А. Что такое математическая логика.- Минск, 1964. – 152с



Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. «Формирование математической логики», Стяжкин Н.Н. Изд. «Наука», М., - 1967.

  2. Задачник практикум по математической логике, Игошин В.И. Просвещение, М., - 1986.

  3. Логическое введение в математику, Столяр А.А Минск, 1971.

  4. Злементы теории множеств и математической логики в школьном курсе математики, Калужнин Л.А М., 1964.

  5. Математическая логика, Пер. с англ. Клинин С, М., 1973.

  6. Математическая логика, Ершов Ю.Л., Палютин Е.А., М., 1979.

  7. Математическая логика, Пер. с англ. Шенфилд Дж.– М., 1975.

  8. Введение математическую логику, Пер. с англ., Чёрч А. – М., 1960.

  9. Доказуемое и недоказуемое. Манин Ю.И, М., 1979.

  10. Математическая логика, Пер. с англ. Гудстейн Р.Л. , М., 1961.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет